Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

34. Таңдайдың туа біткен жырығын емдеу прициптері мен операцияларының нәтижелері. Туа пайда болған таңдай жырықтарын хирургиялық емдеу принциптері.

Кірісудің мерзімі және сипаты жырықтың сызықтық көлеміне және таңдай жұтқыншақ затворының декомпенсация дәрежесіне байланысты болады.

М.М. Соловьева бойынша таңдайжұтқыншақ затворының декомпенсация дәрежесі.

Продолді және көлденен бағыттағы декомпенсация дәрежесі тыныштық жағадайда және «А» дыбысын шығарғанда немесе шпателмен тілдің түбіріне басу арқылы жұтынуды шақырту кезінде бағаланады.

1 дәрежелі . Көлденен бағытта жырық ені жұмсақ және қатты таңдай шекарасында 5мм аспайды, фонация кезінде оң және сол жақтары бір біріне тиеді. Продольді бағытта: фонация кезінде таңдайдың артқы қыры жұтқыншақтың артқы қабырғасымен тиеді,ал тыныштық жағдайда оның арасындағы ара қашықтық 5мм аспайды.

2 дәрежелі. Көлденен бағытта жырық ені жұмсақ және қатты таңдай шекарасында 5мм ден 10мм дейін, фонация кезінде оң және сол жақтары бір біріне тимейді. Продольді бағытта: жұмсақ таңдай жиегі және жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасындағы саңылау тыныштық жағдайда 5-10мм құрайды, ал фонация кезінде ол кішірееді, бірақ жойылмайды.

3 дәрежелі. Көлденен бағытта жырық ені жұмсақ және қатты таңдай шекарасында 10мм асады, фонация кезінде жұмсақ таңдайдың оң және сол жақ арасы 5 мм асады. Продольді бағытта: жұмсақ таңдай жиегі және жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасындағы саңылау тыныштық жағдайда 10мм асады, ал фонация және жұтыну кезінде – 5мм тең.

35.Ауыз қуысында созылмалы кандидоздың симптомдары байқалады. Дәрігер стоматолог қандай жергілікті ем шараларын жүргізеді. Сілтілі ертінділер қолданылады:

      • бураның натрий тетробораты 2-4% ертіндісі; сода бор қышқылының 2% ертінділері ауызды күніне 2-3 рет шаю үшін, немесе емшектегі баланың ауызын, алмалы-салмалы протездерді өңдеу үшін қолданылады.

      • бураның глицериндегі немесе өсімдік майларындағы 10-15% сүзбесін жарақат ошағын өңдеу үшін;

    • Анилинді бояулар:

  • а) 1-2% метилен көгінің судағы ерітіндісі, бриллиант жасылы, фукорцин, генцианвиолет ерітінділерін жарақат ошағын өңдеуге пайдаланады.

  • б) иод құрамды дәрілер:

  • иодинолдың 0,1% ерітіндісін, Люголь ертіндісін кандидоздық ауыздықтар пайда болған аймақтарды өңдеу үшін (күніне 3-4 рет) пайдаланады.

    • Саңырауқұлақтарға қарсы жақпамайлар: нистатин (1%), леворин (5%), декамин (1%), канестен (клотримазол-1%), ламизил (1%), тербизил, миконаз, т.б., жақпаларды жарақат ошағына бастырма ретінде қолданады немесе жағып сіңіреді.

36. Жасөспірім 16 жаста. Созылмалы жайылмалы пародонт қабынуының орташа дәрежесі деген нақтама қойылды. Жергілікті емнің жоспарын құрыңыз. (Жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, тіс шөгінділерін алу, пародонт қалталарының кюретажы, антибактериальды, қабынуға қарсы заттарды қолдану, қозғалғыш тістерді шендеу). жергілікті емдеу шаралары:

  • Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйрету (тістерді қойыртпақпен тіс мәсуегімен, арнаулы жібек жіптермен-флостармен дұрыс тазалауды үйрету).

  • Тісжегі және оның асқынуларын емдеу, дұрыс қойылмаған пломбыларды ауыстыру, қажет жағдайда ортопротез қоюға дайындау.

  • Ауыз ішін және пародонтальдық қалталарды антисептиктер ертінділерімен жуып-тазалай отырып, тіс шөгінділерін алу.

  • Тістерді таңдап егер-тегістеу арқылы жарақаттаушы тістемді жою және қозғалмалы тістерді уақытша шендеу. Қажет болса ортодонтиялық емдеу жүргізуге дайындау (ортодонтиялық емдеу әдісі мен тиімді протез қою пародонт қабынуының жергілікті емдеу курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі).

  • Пародонт тіндеріндегі қабыну үрдісінің ерекшелігі, ауырлығы, организмнің жалпы жағдайы ескеріле отырып, қабынуға қарсы жергілікті емдеу шаралары жүргізіледі. Ол үшін антисептиктер, антибиотиктер, стероидты емес қабынуға қарсы, склероздаушы дәрілер, ферменттер, витаминдер, гормоналдық және өсімдіктерден алынған препараттар пайдаланылады. Оларды ауызды жуып-шаю, пародонтальдық қалталарға енгізу,қызыл иекке бастырма, емдік таңба қою үшін, ауызды булау үшін қолданады.

  • Физиотерапиялық емдеу шараларын (дәрілермен электрофорездеу, дарсонвализациялау, фонофорездеу, гидромассаждау, вибромассаждау, ультракүлгін және лазер сәулелерін) қолдану.

  • Дәстүрлі емес емдеу шараларын (фитотерапия, апитерапия, криотерапия және б.) қолдану.

Пародонт қабынуларын жергілікті емдеу үшін пайдаланылатын дәрілер тізбегін келтірейік.

Антисептиктерден жиі қолдануға болатындары; иодинолдың 1% судағы ертіндісі, 0,02-0,1% калий перманганатының, 0,02%-0,05% фурацилиннің, 0,02% этакридин лактатының (риванол), 0,5-1% этонийдің, 0,02-0,06% глоргексидин биглюконатының, 1% диоксидин, 0,5% декамин ертінділері.

Жергілікті емдеу үшін антибиотиктер, сульфаниламидтер, бактерияға қарсы дәрілер жақпалар немесе ертінділер түрінде қолданылады. Олар: тетрациклин, эритромицин, гентомицин, линкомицин жақпалары, 5% стрептоцид және синтомицин линименттері, «Дермазин» жақпасы, салазопиридазиннің 5% суспензиясы, норсульфазол-натрийдің 5-10%, натрий-сульфацилдің 20-30% ертінділері.

Қатты қабынуға және домбығуға қарсы құрамында глюкокортикоидтар бар жақпалар жақсы әсер етеді (1% гидрокортизон, 0,5% преднизолон, 0,025% синафлан жақпалары).

Өте тиімді әсер ететін және бірнеше дәрілер қоспасынан тұратын официоналды препараттарды: «Оксизон», «Гиоксизон», «Дермазолон», «Оксикорт», «Фторокорт», «Синалар-Н» жақпаларын және «Префузин» гелін (құрамында антибиотиктер мен кортикостероидтар бар) қолдануға болады.

«Левосин» жақпасының құрамында левомицетин, сульфадиметоксин, метилурацил және тримекаин, ал «Левомикольдың» құрамында левомицетин және метилурацил бар. «Фастин» жақпасының құрамында фурацилин, синтомицин, анестезин, стеарин («Фастин-I») немесе спермацет бар («Фастин-IІ»).

Қабынуға қарсы әсер ететін стероидты емес препараттардан мефенамин қышқылының натрий тұзының 0,2-1% ертіндісі, 5% бутадион, 3% аспирин жақпалары пайдаланылады. Олар қабынудың белсенді медиаторы болып саналатын простогландиндердің құрылуын тежейді (Лемецкая Т.И., 1989). Простогландиндердің күшті ингибиторы (тежеушісі) индометацин болып саналады. Оны 3% жақпа түрінде немесе димексидтің 10% ертіндісіндегі 1% сүзбе түрінде (взвесь) қолдануға болады.

Пародонттағы қабыну үрдісі кезінде клеткалардан протеаза, гидролаза және басқа лизосомальды ферменттердің бөлінуін тежеу үшін пантрипин, контрикал, трасилол, ингитрилді ертінді түрінде (10 000 ЕД-ы хлорлы натрийдің изотониялық ертіндісінде ерітеді), жақпалардың құрамында (контрикалдың 10 000 ЕД немесе пантрипиннің 30ЕД 2мл физиологиялық ертінді, 50 мг лизоцим зәйтүн майына араластырылады) қолдануға болады.

Протеаза ингибиторларын қызылиекке аппликат қою, емдік таңбалардың, жабыстырылатын арнаулы жарғақтардың құрамына қосып немесе электрофорездеу тәсілімен сіңіруге болады.

Пародонтальдық қалталарды өңдеу үшін сальвиннің, сангивиритриннің, новоиманиннің 0,1-0,2% спиртті ертінділері (қолданар алдында 1:10 қатнасында дистилденген су қосады), 20-30% резорцин, 25% цинк хлоридінің, 0,01% мирамистин ертінділері қолданылады. Олар кератолиздеуші және фибринолиздеуші әсер етеді. Бұл препараттармен суланған мақта біліктер 5-10 минөтке қалталарға енгізіледі.

Егерде пародонтальдық қалталардан іріңді жалқық бөлінетін болса «Ируксол» жақпасын (құрамында левомицетин, протеолиздеуші фермент клостридиопептидаза «А» бар), 1% лизоамидаза, 0,5-1% диоксидин, 1% трихомоноцид ертінділерін, ваготильді пайдалануға болады. Ертінділер пародонтальдық қалталарға біліктердің көмегімен 10 минөтке енгізіледі және біліктер осы уақыт ішінде 3-4 рет ауыстырылуы қажет.

Пародонтальдық қалталарда грануляциялық тіннің өсуін тежеу үшін натрий мефенаминатының 0,5-1%, резорциннің 20% ертінділерін, мараславинді, бефунгинді, мыс сульфатының 5% ертіндісін қолдануға болады.

Пародонт тіндеріндегі зат алмасу және қайта құрылу үрдістерін жақсарту үшін 5-10% метилурацил, 5% ацемин, 3% апилак, «Пропоцеум», солкосерил жақпаларын, алой шырынын немесе линиментін, каланхой шырынын қолдану тиімді.

Пародонт тіндерінің оттегі жетіспеушілігіне төзімділігін арттыру үшін антиоксиданттар тобындағы препараттарды да пайдалануға болады. Бұл топқа токоферолдар, стероидты гормондар, К және Р витаминдері, метацил, галаскорбин дибунол жатады.

Дибунол цитостатиктер қатарына да жатады және 10% линимент түрінде қолданылады.

Жергілікті иммунитетті көтеру үшін (иммунокорректорлар) қолданар алдында дайындалған 2-5 % натрий нуклеинатының, 0,1-0,5% левамизол ертінділерін, имудон (күніне 6-8 таблеткасын сорады) қолданған да тиімді.

Пародонт тіндеріндегі қылтамырларда қан айналымын жақсарту үшін 2%-3% троксевазин гелін, лингезин, ал жабынды эпителийде мүйізгектену үрдісін қалпына келтіру үшін А витаминінің 3,44%, «Е» витаминінің 30% майлы ертінділерін немесе «Аекольді», каротолин, итмұрын, шырғанақ майларын пайдалануға болады.

Қазіргі кезде бактерияларға қарсы және қайта құрылу үрдістерін жылдамдата әсер ететін жақпа «Метрагил -Д», «Камистад» гель сияқты дәрілер түрлері де қолданыс табуда.

Жоғарыда аталған дәрілердің пародонттағы қабыну үрдісін тежеуге көп көмегі тигенімен, пайда болған пародонтальдық қалталарды жоя алмайды. Сондықтан пародонтальдық қалталарды жоятын бірден-бір тиімді емдеу әдісі – хирургиялық әдіс, ал қалталарды дәрілермен өңдеу хирургиялық әдіс жүргізер алдындағы алғашқы дайындық деп те санауға болады.

37. 14 жастағы баланы қарап тексергенде балалардың жылдам дамитын агрессивті пародонт қабынуы деген нақтама қойылды. Қандай әдістің көмегімен патологиялық үрдістің ауырлық дәрежесін анықтауға болады.Жүргізілетін сынаманы айтып беріңіз (Шиллер-Писарев сынамасы) Қызылиектегі қабыну үрдісінің қарқындылығын гликогеннің жиналу деңгейін анықтау арқылы немесе Шиллер-Писарев сынамасының көмегімен анықтауға болады. Ол үшін жоғарыда келтірілген сұйыққа суланған мақта анжымен қызылиекті сүртеді. Қалыпты жағдайда қызылиек боялмайды, ал қабыну кезінде гликогеннің жиналу деңгейіне байланысты сары түске (жеңіл дәрежелі қабыну) ашық-қоңыр түске (орта дәрежелі қабыну), қоңыр немесе қара-қоңыр түске (ауыр дәрежелі қабыну) дейін боялады. Бұл сынаманы қабынуға қарсы жүргізілген жергілікті емдеу шараларының нәтижелілігін бағалау үшін де қолдануға болады.

38. Бала 7 жаста. Қарап тексергенде: қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабатында қызыл түсті дақтар, пішіні дұрыс емес - энантемалар, ұртында жіңішке ашық-қызыл түсті сызықпен шектелген, тампонмен алынбайтын – Филатов–Коплик дақтары анықталды.Диагноз қойып,ем жоспарын тағайындаңыз.(Қызылша) Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз. Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетомол (аспирин) беру қажет.Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.Егер баланың іші өтсе, регидрационды су беріңіз.

39. Бала 2 жаста. Ас қабылдағанда пайда болатын ауру сезіміне шағымданды. Бала боз, тынымсыз, дене қызуы 38,50С. Қарап тексеру барысында, еріннің шырышты қабатында, тілде гиперемия және көптеген жұқа жаралар байқалады, жедел катаральды гингивит көрінісі. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімі бар. Нақтама қойыңыз,ем жоспарын тағайындаңыз. (Жедел герпестік стоматит) ЖАЛПЫ ЕМІ: Вирусқа қарсы дәрілерді (таңдай білу керек) алғашқы күндері тағайындайды: бонафтон 0,1г 3-4 рет 5 күн қабылдаған соң 1-2 күн үзіліс жасап, қайта қабылдайды (емдеу ұзақтығы 2-3 курс); ацикловир (зовиракс, виролекс) 0,2 г күніне 5 рет 5-10 күн қабылдайды. Балаларға дәрінің жарты мөлшерін береді. Неовир – бұлшық етке әрбір 48 сағаттан кейін енгізеді. Емдеу курсы 7-10 иньекциядан тұрады. Циклоферон-арнулы схемамен бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 10 иньекциядан тұрады. Неовир мен циклоферонды 12 жастан кейін қолдануға болады. ДНК (дезоксирибонуклеиназа) 10-25 мг натрий хлоридінің изотониялық ертіндісіне ерітіп күнара бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 6-10 иньекциядан тұрады.

Ауыру сезімін азайтып, ыстықты басатын дәрілер: парацетамол, панадол, амидопирин, аспирин, ибупрофен (науқастың жасына сәйкес) тағайындайды.

Гистаминге қарсы дәрілер: супрастин, фенкарол, тавегил, антигистамин, алсет, ломилан, траксил, диазолин, димедрол, зиртек тағайындаған тиімді.

Витаминдерді жекелей немесе жиынтық түрінде: аскорутин 0,05г- күніне 3-4 рет, аскорбин қышқылы 0,05г күніне 2-3 рет; поливит, дуовит, триовит, олиговит, джунгли, альфавит, альфагин, супрадин және б., тағайындайды. Организмнің реактивтілігін көтеру үшін – 150 мг тәулігіне 2-3 рет 7-9 күн лизоцим, фузобактериялармен асқыну қаупі болған жағдайда метронидазол тағайындайды. Сілтілі минералды суды, шайды көбірек ішіп, жаралы ошақтарды аса тітіркендірмейтін жұмсақ тағамдар қабылдау туралы ақыл-кеңес беріледі. Жергілікті емдеу.

        • Ауыру сезімін басу – анестетиктер ерітінділерін (1% тирмекаин, 1-2% пиромекаин, 1-2% лидокаин ертінділері) жарақат ошағына бастырма қою немесе аэрозольдық препараттарды («10%Лидокаин»-эорозоль, «Лидестин» және «Xylostesin» аэрозольдарын) қолданып уақытша жансыздандыру.

        • Антисептиктер және ферменттермен өңдеу (өңдеуді әрбір 3-4 сағат сайын жүргізген жөн). Антисептиктерден 0,25-0,5% сутегінің асқын тотығын, 0,25% хлорамин, 0,5% этоний, 0,1% госсипол, хлоргексидиннің 0,06% ертінділерін, ферменттерден дезоксирибонуклеазаның 0,2%, лизоамидазаның 1%, трипсин, химотрипсиннің 1% ертінділерін қолданған тиімді.

        • Алғашқы күндері (3-4 күн ұдайы) тазаланған және өңделген жарақат ошақтарына вирусқа қарсы дәрілермен (ертінділермен және жақпамайлармен) аппликат қойған жақсы нәтиже береді. Олар - 1% бонафтон, 5% ацикловир, 0,5% флореналь, 3% госсипол, 2-5% алпизарин, 3% мегасин, 1-5% хелепин немесе хедилеспин, 50% интерферон жақпамайлары.

        • Қабынуға қарсы жақпамайлар мен гельдерді де (бутадион жақпамайы, мундизаль гелі, пиралвекс, гепарин, 0,025% синафлан жақпамайлары) пайдалануға болады.

        • Эрозия ошақтарының тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілік заттарды – А витаминнің майлы ерітіндісі, 0,2% тезан линименті, итмұрын және шырғанақ майлары, каротолин, актовегин және солкосерил жақпамайлары немесе гельдері, дентальды адгезивті пастаны, «Ливиан», «Спедиан», «Олазоль», «Гипозоль» сияқты аэрозольдық препараттарды қолдану5а болады.

        • Ерін жиектеріндегі, тері бетіндегі бөрткендерді 1-2% бриллиант жасылының спирттегі ер3тіндісімен, фукарцинмен, вирусқа қарсы жақпамайлармен өңдейді.

Жергілікті емдеу.

40. Қай аурға тән: таңдай және еріннің шырышты қабатында көлемі 1-2мм зақымдаушы элемент бар. Қызыарғын зақымдану ошағында көпіршіктер көп мөлшерде пайда болып, бір-бірімен қосылып эрозияны қурайды. Ауыз қуысы шырышты қабатының қосарланған зақымданулары болып, басқа ағзаларда өзгерістер байқалады. Диагнозын қойыңыз, ем жоспарын тағайындаңыз.(қайталамалы герпетикалық стоматит) Жергілікті емдеу.

        • Ауыру сезімін басу – анестетиктер ерітінділерін (1% тирмекаин, 1-2% пиромекаин, 1-2% лидокаин ертінділері) жарақат ошағына бастырма қою немесе аэрозольдық препараттарды («10%Лидокаин»-эорозоль, «Лидестин» және «Xylostesin» аэрозольдарын) қолданып уақытша жансыздандыру.

        • Антисептиктер және ферменттермен өңдеу (өңдеуді әрбір 3-4 сағат сайын жүргізген жөн). Антисептиктерден 0,25-0,5% сутегінің асқын тотығын, 0,25% хлорамин, 0,5% этоний, 0,1% госсипол, хлоргексидиннің 0,06% ертінділерін, ферменттерден дезоксирибонуклеазаның 0,2%, лизоамидазаның 1%, трипсин, химотрипсиннің 1% ертінділерін қолданған тиімді.

        • Алғашқы күндері (3-4 күн ұдайы) тазаланған және өңделген жарақат ошақтарына вирусқа қарсы дәрілермен (ертінділермен және жақпамайлармен) аппликат қойған жақсы нәтиже береді. Олар - 1% бонафтон, 5% ацикловир, 0,5% флореналь, 3% госсипол, 2-5% алпизарин, 3% мегасин, 1-5% хелепин немесе хедилеспин, 50% интерферон жақпамайлары.

        • Қабынуға қарсы жақпамайлар мен гельдерді де (бутадион жақпамайы, мундизаль гелі, пиралвекс, гепарин, 0,025% синафлан жақпамайлары) пайдалануға болады.

        • Эрозия ошақтарының тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілік заттарды – А витаминнің майлы ерітіндісі, 0,2% тезан линименті, итмұрын және шырғанақ майлары, каротолин, актовегин және солкосерил жақпамайлары немесе гельдері, дентальды адгезивті пастаны, «Ливиан», «Спедиан», «Олазоль», «Гипозоль» сияқты аэрозольдық препараттарды қолдану5а болады.

        • Ерін жиектеріндегі, тері бетіндегі бөрткендерді 1-2% бриллиант жасылының спирттегі ер3тіндісімен, фукарцинмен, вирусқа қарсы жақпамайлармен өңдейді.

Жергілікті емдеу.

        • Ауыру сезімін басу – анестетиктер ерітінділерін (1% тирмекаин, 1-2% пиромекаин, 1-2% лидокаин ертінділері) жарақат ошағына бастырма қою немесе аэрозольдық препараттарды («10%Лидокаин»-эорозоль, «Лидестин» және «Xylostesin» аэрозольдарын) қолданып уақытша жансыздандыру.

        • Антисептиктер және ферменттермен өңдеу (өңдеуді әрбір 3-4 сағат сайын жүргізген жөн). Антисептиктерден 0,25-0,5% сутегінің асқын тотығын, 0,25% хлорамин, 0,5% этоний, 0,1% госсипол, хлоргексидиннің 0,06% ертінділерін, ферменттерден дезоксирибонуклеазаның 0,2%, лизоамидазаның 1%, трипсин, химотрипсиннің 1% ертінділерін қолданған тиімді.

        • Алғашқы күндері (3-4 күн ұдайы) тазаланған және өңделген жарақат ошақтарына вирусқа қарсы дәрілермен (ертінділермен және жақпамайлармен) аппликат қойған жақсы нәтиже береді. Олар - 1% бонафтон, 5% ацикловир, 0,5% флореналь, 3% госсипол, 2-5% алпизарин, 3% мегасин, 1-5% хелепин немесе хедилеспин, 50% интерферон жақпамайлары.

        • Қабынуға қарсы жақпамайлар мен гельдерді де (бутадион жақпамайы, мундизаль гелі, пиралвекс, гепарин, 0,025% синафлан жақпамайлары) пайдалануға болады.

        • Эрозия ошақтарының тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілік заттарды – А витаминнің майлы ерітіндісі, 0,2% тезан линименті, итмұрын және шырғанақ майлары, каротолин, актовегин және солкосерил жақпамайлары немесе гельдері, дентальды адгезивті пастаны, «Ливиан», «Спедиан», «Олазоль», «Гипозоль» сияқты аэрозольдық препараттарды қолдану5а болады.

        • Ерін жиектеріндегі, тері бетіндегі бөрткендерді 1-2% бриллиант жасылының спирттегі ер3тіндісімен, фукарцинмен, вирусқа қарсы жақпамайлармен өңдейді.

41. . Бала 10 жаста. Тәбетінің төмендеуіне ұйқысының бұзылуына шағымданып келді. 3 күн бұрын ауырған. Науқас педиаторда пневмониямен емделіп жатқан, антибиотиктер қолданған. Ауыз қуысы шырышты қабығы қызарған, дондыққан, тіл емізікшелері тегістелген, бетінде ақ ірімшік тәрізді қақ анықталды. Ұрттың, еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың шырышты қабаттарында ақ түсті қақ бар. Алынған қақтың астында жаралар анықталады. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз, ем жоспарын тағайындаңыз. (Жедел псевдомембранозды кандидоз) Жалпы емдеу:

    • Полиен тобындағы антибиотиктер;

      • нистатин 500.000 бірлік күніне 3-4 рет (сөткелік мөлшері 1.5 00 000 – 3. 000. 000 бірлік). Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады.

      • леворин 500.000 бірлік күніне 2-4 рет (оны да ұртына қойып сорады)

      • амфотерицин В. - өте ауыр ағымды жүйелі микоздар кезінде қолданады, аса уытты дәрі, сондықтан көктамырға құяды немесе ауызбен жоғарғы тыныс жолдары кандидозы кезінде ингаляциялау тәсілімен қолданады. Ингаляциялауды күніне 1-2 рет 15-20 минуттай уақытша жүргізеді және ертіндіні 50.000 бірлік дәріні 10 мл дистилденген суға қосу арқылы дайындайды.

    • Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (имидазол және триазол туындылары);

      • кетоконазол (низорал) күніне 1-2 түймедақтан (0,2-0,4 г) екі апта бойы, одан кейін толық сауыққанға дейін күніне 1 түймедақтан бір рет қабылдайды, миконазол 0,25 г күніне 4 рет қабылдайды; конестенді (клотримазол) осы мөлшерде тағайындайды. Соңғы шығарылған дәрілер: флуконазол (дифлюкан), орунгал, ламизил саңырауқұлақтарға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді.

      • декамин карамель құрамында (0,15 мг), әрбір 3-5 сағатта 1-2 карамелден сору керек;

      • миконазол-гель - өлшемді қасық мөлшерінің ½ бөлігін күніне 4 рет қабылдайды және ауызда ұзақ ұстап тұрып жұтады;

    • Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол, пипольфен, тавегил 0,025 г күніне 2-3 рет, кларитин бір түймедақтан күніне 1 рет қабылдау керек.

    • Иодты препараттар: иодты калийдің 3% ертіндісі, ас қасықпен күніне 3-5 рет қабылдау керек, соңынан сүт немесе жылы су ішу керек (көбінесе созылмалы кандидоз кезінде қолданылады).

  • Жергілікті ем:

    • Сілтілі ертінділер қолданылады:

      • бураның натрий тетробораты 2-4% ертіндісі; сода бор қышқылының 2% ертінділері ауызды күніне 2-3 рет шаю үшін, немесе емшектегі баланың ауызын, алмалы-салмалы протездерді өңдеу үшін қолданылады.

      • бураның глицериндегі немесе өсімдік майларындағы 10-15% сүзбесін жарақат ошағын өңдеу үшін;

    • Анилинді бояулар:

  • а) 1-2% метилен көгінің судағы ерітіндісі, бриллиант жасылы, фукорцин, генцианвиолет ерітінділерін жарақат ошағын өңдеуге пайдаланады.

  • б) иод құрамды дәрілер:

  • иодинолдың 0,1% ерітіндісін, Люголь ертіндісін кандидоздық ауыздықтар пайда болған аймақтарды өңдеу үшін (күніне 3-4 рет) пайдаланады.

    • Саңырауқұлақтарға қарсы жақпамайлар: нистатин (1%), леворин (5%), декамин (1%), канестен (клотримазол-1%), ламизил (1%), тербизил, миконаз, т.б., жақпаларды жарақат ошағына бастырма ретінде қолданады немесе жағып сіңіреді.

42. Бала 7 айлық. Анасы баласының 4 күн бұрын масасызданып тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Бала педиатрда бронхопневмания себебімен емделген, антибиотикпен емделу курсын өткен. Объективті: Ауыз қуысының шырышты қабығы қызарған, ісінген, емізікшелері тегістелген, ұрттың, еріннің шырышты қабығында ақ түсті қақ бар. Қақ кейбір аймақта оңай кейбір аймақта қиындықпен алынады. Төменгі жақ лимфа түйіндері ұлғайған. Нақтама қойыңыз, ем жоспарын тағайындаңыз. (Жедел псевдомембранозды кандидоз) Жалпы емдеу:

    • Полиен тобындағы антибиотиктер;

      • нистатин 500.000 бірлік күніне 3-4 рет (сөткелік мөлшері 1.5 00 000 – 3. 000. 000 бірлік). Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады.

      • леворин 500.000 бірлік күніне 2-4 рет (оны да ұртына қойып сорады)

      • амфотерицин В. - өте ауыр ағымды жүйелі микоздар кезінде қолданады, аса уытты дәрі, сондықтан көктамырға құяды немесе ауызбен жоғарғы тыныс жолдары кандидозы кезінде ингаляциялау тәсілімен қолданады. Ингаляциялауды күніне 1-2 рет 15-20 минуттай уақытша жүргізеді және ертіндіні 50.000 бірлік дәріні 10 мл дистилденген суға қосу арқылы дайындайды.

    • Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (имидазол және триазол туындылары);

      • кетоконазол (низорал) күніне 1-2 түймедақтан (0,2-0,4 г) екі апта бойы, одан кейін толық сауыққанға дейін күніне 1 түймедақтан бір рет қабылдайды, миконазол 0,25 г күніне 4 рет қабылдайды; конестенді (клотримазол) осы мөлшерде тағайындайды. Соңғы шығарылған дәрілер: флуконазол (дифлюкан), орунгал, ламизил саңырауқұлақтарға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді.

      • декамин карамель құрамында (0,15 мг), әрбір 3-5 сағатта 1-2 карамелден сору керек;

      • миконазол-гель - өлшемді қасық мөлшерінің ½ бөлігін күніне 4 рет қабылдайды және ауызда ұзақ ұстап тұрып жұтады;

    • Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол, пипольфен, тавегил 0,025 г күніне 2-3 рет, кларитин бір түймедақтан күніне 1 рет қабылдау керек.

    • Иодты препараттар: иодты калийдің 3% ертіндісі, ас қасықпен күніне 3-5 рет қабылдау керек, соңынан сүт немесе жылы су ішу керек (көбінесе созылмалы кандидоз кезінде қолданылады).

  • Жергілікті ем:

    • Сілтілі ертінділер қолданылады:

      • бураның натрий тетробораты 2-4% ертіндісі; сода бор қышқылының 2% ертінділері ауызды күніне 2-3 рет шаю үшін, немесе емшектегі баланың ауызын, алмалы-салмалы протездерді өңдеу үшін қолданылады.

      • бураның глицериндегі немесе өсімдік майларындағы 10-15% сүзбесін жарақат ошағын өңдеу үшін;

    • Анилинді бояулар:

  • а) 1-2% метилен көгінің судағы ерітіндісі, бриллиант жасылы, фукорцин, генцианвиолет ерітінділерін жарақат ошағын өңдеуге пайдаланады.

  • б) иод құрамды дәрілер:

  • иодинолдың 0,1% ерітіндісін, Люголь ертіндісін кандидоздық ауыздықтар пайда болған аймақтарды өңдеу үшін (күніне 3-4 рет) пайдаланады.

    • Саңырауқұлақтарға қарсы жақпамайлар: нистатин (1%), леворин (5%), декамин (1%), канестен (клотримазол-1%), ламизил (1%), тербизил, миконаз, т.б., жақпаларды жарақат ошағына бастырма ретінде қолданады немесе жағып сіңіреді.

43. Бала 8 жаста. Ангина себебімен фарингосепт қабылдаған. Келесі күнде қызыл иекте, жұмсақ таңдайда көпіршікшелер, эрозиялар пайда болды. АҚШҚ гиперемияланған, ісінген, Нақтама қойыңыз,емдеуді тағайындаңыз .(Медикаментозды стоматит Препаратты тоқтату (отмена), жансыздандыру, антисептикалық өңдеу, кератопластиктермен аппликациялар, антигистаминді препараттар) Ауыздың дәріден катаральды және катаральды-геморрагиялық қабынуы (катаральный медикаментозный стоматит – stomatitis cataralis medicamentosa, катарально-геморрагический медикаментозный стоматит – stomatitis haemorragica-cataralis medicamentosa). Патологиялық үрдіс ауыз кілегей қабығын жайыла немесе шағын аймағын (тілді, ерінді, таңдайды) жарақаттауы мүмкін.

Алғашқы кезде ауыз кілегей қабығының әртүрлі аймағында аздаған ысып-күю және қышу сияқты сезімдер мазалап, кейінірек құрғау, әртүрлі тағам қабылдағанда ашып ауыру сияқты белгілер қосылады.

Ауыз ішін қарап тексергенде шағын немесе аумақты ошақта қатты қызару, домбығу (тілдің бүйір беттерінде, екі ұрттқа тістердің ісі түседі) байқалады. Кейде нүктелі (петехиялар), шағын көлемді (пурпралар) немесе көлемі үлкен қан құйылу ошақтарын (экхимоздар) байқауға болады.

Тілдің үсті қатты қызарып, жіп тәрізді бүртіктері атрофияға ұшырайды. Қызыл иек бүртіктері атрофияланған, қызарып ісінген, оңай қанағыш келеді. Катаральды қабыну дәрі қабылдағаннан кейін 2-4 күн өткен соң немесе одан да кешірек уақытта дамуы мүмкін.

Кілегей қабықтың катаральды қабынуының ағымы жеңіл, науқастың жалпы жағдайы өзгермейді. Кейде теріге де бөртпелер шығып, дене қызуы аздап көтерілуі де мүмкін.

Сараптамалы диагностикасы.Ауыздың дәріден катаральды қабынуын атрофиялаушы кандидоздан, В6, В12 витаминдер тапшылығынан, «С»витамині жетіспеушілігінен, әртүрлі инфекциялық аурулар кезіндегі өзгерістерден ажырата білу керек. Ауру анамнезінде дәрі қабылдағаны анықталса, диагнозын нақтылау қиынға соқпады.

Емі. Аллергия туындатқан дәріні қабылдауды тоқтату немесе басқа қауіпсіз дәрілермен алмастыру, антигистминдік дәрілер мен кальций препараттарын, С және Р витаминдерін тағайындайды, ауызды тамақ ішер алдында анестетиктер ертіндісімен (тримекаин мен пиромекаиннің 1-2% ертінділері), ас қабылдаған соң антисептиктер ертінділерімен (фурациллин, этакридин лактат, калий пермаганаты) булау, ащы және қатты тағамдар қабылдамау туралы кеңес береді.

44. Бала 12 жаста. Тағам жеу кезінде пайда болатын ауру сезіміне, тәбетінің нашарлануына, ішінің ауырғандығына және үлкен дәретке сирек баратындығына шағымданады. Анамнезін жинау барысында гастроэнтерологтың тіркеуінде тұрғаны анықталды. Анасының айтуынша, жарты жылда 1 рет, кейде жиі ауыз қуысы шырышты қабатының әр жерлерінде жаралардың пайда болуын және жаралар 1 апта көлемінде өздігінен жазылады. Бала әлсіз, бозғылт. Ауыз қуысында, ұрт және еріннің шырышты қабатында, айналасы қызырған, саны 5-ке дейін жететін фиброзды қабықпен жабылған сопақша пішіндімайдажаралар байқалады. Нақтама қойыңыз,ем жоспарын тағайындаңыз.(Қайталамалы афталар) Емі. Ауыздың қайталамалы афталы қабынуы бар науқастың жағдайы өте ауыр болмаса, емдеу шараларын клиникалық, иммунологиялық зерттеулермен қатар жүргізу керек. Бұл зерттеулер науқас организміндегі иммунологиялық өзгерістерді, жеке ағзалардың созылмалы ауруларын, созылмалы инфекция көзін анықтауға бағытталады. Солардың ішінде тісжегінің асқынуларын, пародонт ауруларын анықтап, тиімді емдеудің үлкен маңызы бар.

Кешенді емдеу аурудың клиникалық белгілеріне, найқастың анықталған ауруларына, зерттеулер нәтижелеріне жасына негізделе отырып жүргізіледі және оның құрамында дәрілермен, арнаулы емдәммен емдеу, иммундық жүйе қызметін реттеу, физиотерапиялық шаралар қарастырылады.

Аурудың жеңіл және орта түрлерінде емдеу емхана жағдайында, ал ауыр түрінде аурухана жағдайында жүргізіледі.

Жергілікті емдеу шаралары афталы бөрткендер аймағындағы ауру сезімін басып, ауыз микрофлорасының әсерін тежеуге, жарақат ошақтарының тез жазылуына, ас қабылдау мүмкіндігіне, ұйқының дұрысталуына жағдай туғызуға бағытталады.

Емді афталарды ауырусыздандырудан және бастырмалы жансыздандыру үшін пиромекаин мен тримекаиннің 1-2% ертінділерін, «Ливиан», «Пантенол», «Гипозоль», «Олазоль» аэрозольдық дәрілерді, 5% пиромекаин жақпасын пайдаланады. Жақсы ауырусыздандырушы және қабынуға қарсы әсерді димедрол немесе супрастиннің 1 мл 1-2% ертінділерін 10 мл дистилденген сумен араластырып ауызды булау арқылы жеткізуге болады. Осындай ауырсыздандыру шараларын бөрткендерді өңдеу, ас қабылдау және ұйықтар алдында жүргізген жөн. Ауырсыздандырғаннан кейін ауыз ішін, жарақат ошақтарын антисептик ертінділерімен өңдеп, кілегей қабық бетін, қызыл иекті, тістерді жұмсақ қақтан тазартады. Афталар бетіндегі өліетті-фибринді қақты ферменттердің көмегімен (трипсин, химопсин, химотрипсин, коллагеноза) ерітіп, алып тастайды (1 мг ферментті 1 мл физиологиялық ертіндіге ерітеді). Осыдан кейін афталар бетіне кератопластиктерден немесе терең жаралардың тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілерден бастырма қояды.

Ол үшін 10% метилурацил «Пропоцеум» 3% апилак, 5% актовегин, солкосерил жақпаларын, Шостоковский бальзамын, пиромектал (құрамында пиромекаин және метилурацил бар), алой линиментін, «Камистад» гелін, «Стомафитті», А,В,С, майларын пайдалануға болады. Жақпаларды күніне 2-3 рет 15-20 минутке қоюға және афта төңірегіндегі тіндерге сылап-сипап сіңіруге болады.

Жергілікті иммунитетті көтеру үшін галаскорбин, лизоцим ертінділерін, прополистің майлы сүзбесін бастырма ретінде пайдаланады және иммудон түймедағын күніне 6-8 рет, апилак түймедағын тіл астына салып, күніне 3 рет сорады. Емдеу курсы 10-20 күн.

Егер ұсақ афталар төңірегінде қатты домбығу, қызару үрдісі ұзақ сақталып, олардың жазылу үрдісі тежелген болса, ал терең афталардың жиектері мен асты күшті инфильтраттанған болса, 3-4 күндей жарақат ошағына кортикостероидтар ертінділерін немесе жақпаларын сіңіруге болады (2-3 рет, 10-15 минуттей). Олардың тереңірек сіңуі үшін ультрадыбыспен сіңіру әдісін қолдануға да болады.

Ауыз күтімін афталар жазылғанша дұрыс сақтау керек және бұл кезде тістерді тіс қойыртпақтарымен дәке немесе мақта анжылардың көмегімен тазалап, соңында ауызды антисептик ертінділерімен шаяды. Тістерді тазалау үшін құрамында емдік шөптер экстракты бар («Азулена», «Ромашка», «Пародонтол», «Пародонтакс»), хлорофилі бар («Лесная», «Новинка», «Экстра», «Кедровый бальзам») қойыртпақтар пайдаланылады. Физиотерапиялық әдістерден лазер, ультракүлгін сәулесімен емдеу, фонофорездеу әдістері қолданылады.

Терең тыртықтанатын афталардың төңірегін айналдыра глюкокортикоидтар ертіндісін инъекциялық тәсілмен енгізуге де болады. Преднизолон ертіндісін алғашында 0,5 мл, бір-екі инъекциядан кейін 1 мл-ге көтеріп, 2-3 күнде бір рет енгізуге болады, емдеу курсы 3-5 инъекциядан тұрады. Қан қысымы өте жоғары көтерілетін науқастар болса, алдымен қан қысымын қалыпқа келтіріп немесе мүмкіндігінше төмендетіп барып енгізу керек (преднизолон қан қысымын жоғарылатады). Қатты ауырмау үшін, преднизолон енгізер алдында жарақат ошағын ауырусыздандырып алған дұрыс болады.

Жалпылай емдеу шаралары витаминдер жиынтығын, иммундық жүйенің қызметін ретке келтіруші, организмнің уыттануын тоқтататын, реактивтілігін жоғарылататын, жасушалық метаболизмді дұрыс қалыптастыратын, дәрілерді тағайындауды, созылмалы инфекция ощақтарын жоюды қарастырады.

Витаминдер жиынтығынан іштей қабылдау үшін құрамында минералды қоспалары барларын (Поливит, Джунгли, Кальцийвитрум, Альфагин, Юникап, аскорутин, аскорбин қышқылын) 0,3 г күніне 3 рет, екі аптадан кейін 0,2 г күніне 3 рет бір ай шамасында тағайындау керек. Асқазанның гипо- және анацидті қабынуы анықталған болса, В12 витаминін (500 мкг күніне бір рет бұлшық етке құяды, барлығы 10 инъекция), фолий қышқылын (0,001 г күніне 3 рет, бір ай шамасында), темір құрамды дәрілерді де ұмытпау керек. Иммунитетті реттеп, организмнің табиғи қорғаныс қасиеттерін жақсарту үшін, көрсетілімдеріне байланысты, гистаглобулинмен, лизоциммен, продигиозанмен, левомизолмен, диуцифонмен, кемантанмен, полиоксидонимен, Т-активинмен, герпестік поливакцинамен, интерферондармен емдеу курсын жүргізеді.

        • Гистаглобулинді екі күнде бір рет 1,0-2,0 мл білек терісінің астына егеді, емдеу курсы – 10 инъекция.

        • Лизоцим – спецификалық емес иммунитеті жоғарылатушы табиғи фермент. Оның дистилденген суда немесе физиологиялық ертіндіде ерітілген 100 мг-ын күніне 2 рет бұлшық етке құяды, емдеу курсы – 20 ине. Қазіргі кезде оның түймедақ түріндегі шығарылымы бар «Прадент» деп аталады. Оны күніне 2-3 рет 10-20 күндей қабылдауға болады.

        • Продигиозон – полисахаридты кешен, қабынуды және уыттануды тоқтатып, қайта құрылу үрдістерін жеделдетеді. Препаратты бұлшық етке 5 күнде бір рет егеді, аз мөлшерінен 0,3 мл (15 мкг) бастап, біртіндеп көтереді: 0,5 (25 мкг), 0,7 мл (35 мкг) және 1,0 (50 мкг). Организм реакция берген кезде (дене қызуы 37,5°С көтерілсе) мөлшерін көтеруді тоқтатады. Емдеу курсы 10-15 инеден тұрады.

        • Пирогеналды 2-3 күнде бір рет бұлшық етке егеді. Алғашқы мөлшері 25 МПД (шағын пирогендік мөлшер-микропирогенная доза), біртіндеп 25 МПД мөлшерге өсіре отырып, организм реакция берген мөлшерге тоқталады, емдеу курсы 15 инъекциядан тұрады.

        • Левамизол (декарис) инфекцияға қарсы иммунитетті жоғарылатады, 150 мг аптасына 2 рет (көбіне түнге қарай), 2-3 ай қабылдау керек және ауық-ауық қан құрамын тексертіп тұру қажет.

        • Диуцифон клеткалық иммунитетті қалыптастырады, 0,1 г күніне 2 рет 6 күн қатарынан қабылдайды. Арасында бір күн үзіліс жасап, 2-3 емдеу курсын жүргізеді.

        • Кемантан вирусқа қарсы әсері бар, иммунитетті, психиканы тұрақтандырады; оны 0,2 г күніне 3 рет 14 күн қабылдайды.

        • Т-активин клеткалық иммунитетті ретке келтіреді; түнге қарай 1 мл тері астына 5-7 күн қатарынан енгізеді.

        • Полиоксидоний киллер-клеткалардың, фагоциттердің белсенділігін жоғарылатады, антиденелер құрылуын, цитокиндер бөлінуін жеделдетеді, оны 6 мг-нан екі күнде бір қатарынан 5 рет, одан кейін жетісіне 2 реттен бұлшық етке енгізеді. Емдеу курсы 10 инъекциядан тұрады.

        • Ликопид иммунитетті реттейді, цитокиндердің құрылуына әсер етеді, лимфоциттердің белсенділігін жоғарылатады, 0,001 грамын күніне 2 рет 10 күн қатарынан іштей қабылдайды.

Иммундық жүйенің қызметін жақсарту үшін интерферондар (циклоферон, неовир, акциловир, интерферон индукторы), иммунал қолданылады. Иммуналдың бір түймедағын күніне 2 рет 15-20 күндей қабылдау қажет.

Жоғарыда аталған препарттардың біреуімен емдеу курсын 6-12 айда бір қайталап отырады (барлығы 3-4 курс).

45. 12 жасар бала клюшка соққысынан жарақат алған. 2 күннен кейін дәрігерге келген. Тексергеннен кейін диагноз қойылды: 11 тіс сауытының сынуы, ұлпа камерасы ашылған. Дәрігер тактикасы. (Ұлпа витальды ампутациясы және экстирпациясы, кейін пломбалау және тіс сауытын қалпына келтіру) ВИТАЛЬДІ АМПУТАЦИЯ ЖАСАУ:

Алдын-ала белгілі тиімді ұлпаны уақытша жансыздандыру әдісін жүргізгеннен кейін тісжегі қуысын асептика қағидаларын сақтап егеп-тазалап алады да, тісжегі қуысын антисептиктердің жылы ертіндісімен жуып алады. Тісжегі қуысын егеп-тазалауды турбиналық ұштықтың көмегімен орындауға болады. Зарарсыздандырылған шарға ұқсас бормен ұлпа мүйізшесі тұсында сауыт қуысын тесіп, күмбезін алып тастайды (бұл кезең турбиналық немесе баяу айналатын (6000-10000 айналым/мин.) ұштықтардың көмегімен орындалады). Ашылған сауыт ұлпасының жоғарғы бөлігі сауыт қуысын ашқан кезде алынып кетеді, ал қалған бөлігін аршығыштың немесе бордың көмегімен алады және өзек сағасын кеңейтеді. Осыдан кейін керіконусқа ұқсас бордың көмегімен өзек сағасында баспалдаққа ұқсас шағын кертпе қалыптастыра отырып, саға ұлпасын тереңірек алып тастайды (ұлпаны терең ампутациялау – субтотальная резекция).

Кейде өзек сағасы ұлпасын кесіп алмай-ақ, диатермокоагулятордың көмегімен (екі секөнд) қуырып тастауға болады. Қажет болса қан тоқтатып (арнаулы сорғыш, капрофер, оксицелодекс, капромин қолдану арқылы), сауыт қуысын антисептиктер ерітіндісімен жуып, кептіреді және түбір ұлпасына қысым көрсетпей емдік төсеммен жабады. Көптеген ғалымдар емдеу әдісін бір қабылдауда жүргізуді ұсынады. Егер ондай шешім қабылданған болса, емдік төсем ретінде одонтотропты қойыртпақтар қолданылып, аралық төсем төселген соң, тұрақты пломбы қойылады. Ал екі қабылдауда емдеу жүргізілетін болса, емдік төсем ретінде дәрілердің күрделі қоспалары пайдаланылып, уақытша пломбы бір аптадан 3-4 аптаға дейін қойылады. Екінші қабылдауда тіске ешқандай шағым болмаса, уақытша пломбы тұрақты пломбыға ауыстырылады және өзек сағасына одонтотропты қойыртпақтар төселеді. Көптеген гистологиялық зерттеулер нәтижесі ұлпа жартылай кесіліп алынған аймақта дентинге ұқсас қатты тіннің құрылатынын, оның астында түбір ұлпасы сақталып, тығыз дәнекер тінге ауысатынын дәлелдеген.

Өміршеңдігі сақталған түбір ұлпасы микроорганизмдерді периодонтқа жібермейтін «қорғаныс қалқан» болып қалады.

Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі балалардың сүт және тұрақты тістерінің түбірлері сорылу кезеңінде және толық қалыптасып бітпеген жағдайларда кеңірек қолданылады.