Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

28. Балалардағы ауыз қуысының сілемейлі қабығының аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері.

29. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында шұғыл түрде дамитын аллергиялық ауруларға жүргізілетін емдік шаралар. Қайсы ауруына именно???

30.Балаларда жоғарғы жақ сынықтарын емдеу прициптері. Уақытша иммобилизация. Жоғарғы жақ сүйегі сынықтарында уақытша иммобилизация жабдығы иек-төбелік таңба, Померанцкв-Урбанскийдің эластикалық таңбасы, қатты иектік сақпаннан және қалпақтан тұратын стандартты транспорттық таңба. Тасымалданған уақытта жоғарғы жақ сынықтарын жылжытпай ұстап тұратын биологиялық шендеуіштің қызметін төменгі жақ атқарады. Темір қасық, ағаш таяқшаларын аспаптарды транспорттық шендеуіш ретінде қолданған дұрыс емес, себебі олар сынық бөліктерін артқа ығыстырып асфиксияға әкелуі мүмкін.

Жоғарғы жақ сүйегі сынған науқастарды емдегенде сынған сүйек бөліктерін орнына салып қалыпты жайында бекіту керек.

Тұрақты иммобилизация. Жоғарғы жақ сынықтарына консервативті (ортопедиялық) және оперативтік иммобилизация тәсілдерін қолданады.

Емдік (тұрақты) иммобилизацияны мүмкіндігіше аз мерзім ішінде жсау қажет. Бұл сынықтың тез бітуін және оның асқынуларының (соның ішінде бас қаңқасының ішіндегі) алдын алуын қамтамасыз етеді.

Консервативті тәсілдер. Төменгі, ортаңғы, және жоғарғы типтер бойынша сынық бөліктері қозғалмалы және оңай салатынын сынықтарда екі жақтың ілмегі бар шеңдеуіш қолданылады. Ілмектерге резинадан тартпа салар алдында үлкен азу тістердің аумағында резина түтігімен төсем салған жөн болады. Бүл тәсілмен иммобилизация жасағанда қосымша төменгі жақты сақішн тәріздес таңбамен бекіту керек.

Збарж аппараты. Бұл ауыз қуыстың тұйықталмаған, қосақталған доға тәріздес болат шеңдеуішінен тұрады. Оны жоғарғы жақ тістеріне таңдай және вестибулярлық бетінен сыммен байлап бекітеді. Доғадан ауыз сыртына шығып тұратын белдеулер (стержень) болады, 4 дәнекер белдеу және 8 қыспалы қамыт арқылы бас қалпағына бекітіледі. Осы принцип бойынша Аржанцев, Орлов, Гельман аппараты бекітіледі. Бұл тәсіл көбінесе ортаңғы және жоғарғы сынықтарда қолданылады. Аппаратты бекіту алдын да сынық бөліктері қалыпты жайына келтірілуі қажет, сынықтар дұрыс алынбаған жағдайда беттің ортаңғы бөлігі қысқаруы мүмкін.

Бұл аппараттар арқылы жоғарғы жақтың төмен түсіп кеткен бөліктерін көтеру мүмкін емес.

Бас қаңқасының төбесі сынғанда немесе маңдай, төбе және желкенің жұмсақ тіндері зақымданса бұл аппараттарды қолдану қиындық тудырады немесе тіпті қолдануға болмайды.

Оперативтік тәсілдер. Фальтин-Адамс тәсілі және оның модификациялары. Бұл тәсіл бойынша сынған жоғарғы жақ сүйегі коа ұясының төменгі қырына (төменгі тип), бет сүйегінің доғасына (төменгі және ортаңғы тип), маңдай сүйегінің бет өсіндісіне (жоғарғы тип) бекітіледі. Тіс доғасына төмен қараған екі ілмегі бар шеңдеуіш бекітіледі. Көз ұясының төменгі қыры немесе жоғарғы сыртқы бұрышының жүмсақ тіндері тілініп ашылады да сүйекте бормен тесік жасалып полиамидті жіп өткізіледі, сонан соң қаи қүятын инемен жіпті жүмсақ тіндер арасымен 2-ші кіші азу немесе 1-ші үлкен азу тістерінің деңгейінен ауыз қуысына шығарады. Сынықтарды өз орнына орналастырған соң ауыз қуысындағы жіптердің ұшын шеңдеуіштің ілмектеріне байлайды, терідегі жаралар тігіледі. Бет сүйегінің доғасына бекітілгенде инені еркін өткізу үшін қандауырмен бет сүйегінің маңдай және самай өсінділерінен құралған бұрыштың терісін тессе жеткілікті.

Федершпиль-Дингман тәсілі. Жоғарғы жақ сүйегінің тістеріне шеңдеуіш салып оған жіңішке болат сымды бекітіп, оның ұшын ұрттың және еріннің жұмсақ тіндері арқылы ауыз қуысынан сыртқа шығарып (өткізгіш ретінде жуан ине қолданады) гипстелген бас таңбасының ілмектеріне бекітеді.

Егер де жоғарғы жақ сынығы тығыз қозғалмалы болып оны қолмен салу мүмкін болмаса ауыз қуысынан шығарған сым гипстелген бас таңбасына резинадан жасалған тартпа арқылы бекітіледі, бұл жақ сүйегін біртіндеп тартып бас сүйектеріне тығыз бекітеді және төменгі жақ сүйегі қосыла сынғанда оны жоғарғы жақ тесіктеріне бекітеді. Бұл тесік өте қарапайым, бірақ кей жағдайларда гипстелген қалпақ кигізу керек болғандықтан қолдануға болмайды.

Жоғарғы жақ сүйегі жоғарғы тип бойынша сынғанда бет сүйегі арқылы бір үшы жұмсақ тіннен шығып тұратын темір сымды көлденең өткізіп бекітуге болады (трансфасциалды бекіту). Сымды гипстелген бас таңбасына мықтап бекітеді.

АОЧ апаратымен М. А Макиенко бойынша Киршнер сымдарымен жасалатын остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда сымды екі жақтан бет сүйегі арқылы алдыңғы мұрын қырына алға және төмен бағытта өткізеді. Ортаңғы тип бойынша сынса сым бір бет сүйегінен екінші бет сүйегіне көлденең бағытта өткізіледі, ал жоғарғы тип бойынша сынғанда иммобилизацияны екі параллелді орналасқан сымдармен жасайды. Бірін бет сүйегінің доғасымен сынық сызығының артынан бүкіл жоғарғы жақ сүйегін тесіп шығып, қарама-қарсы жақтың бет сүйегінің доғасы арқылы өткізеді. Екіншісін қарама-қарсы жағынан бірінші сымға параллель өткізеді. Сымдарды еңкіш бағытта бір жақ бет сүйегінің алдыңғы бөлігінен қарама-қарсы жағының бет сүйегіне өткізуге болады. Сымдар жоғарғы жақ қуысы және мүрын қуысы арқылы өтеді.

Billet-Vigneul бойынша бас қаңқа-жоғарғы жақтық бекіту. Жоғарғы жақ және маңдай сүйектері сынған науқастарға қолдануға болады.

Бұл жарақат көп жағдайда мида гематома дамуымен қосарлана жүреді. Маңдай және төбе сүйектері аймақтарындағы нейрохирургпен жасалған диагностикалық фрезалық тесіктерді жоғарғы жақ сүйеқтерін бекітуге пайдалануға болады. Лигатуралық сымды сол тесіктер арқылы, өткізгіш иненің көмегімен самай етінің, бет сүйек доғасының астынан өтпелі қатпарымен ауыз қуысына өткізіп тістік шеңдеуішке бекітеді. Фрезалық тесіктер арнайы, жоғарғы жақ сүйегінің сынығын бекіту үшін жасалуы мүмкін. Бас қаңқасы езіліп ішке кіріп сынғанда трепанация жасалынады. Бүл жағдайда бас сүйегінің ақау қырын лигатураны бекітуге пайдалануға болады.

Сыммен тігілетін остеосинтез. Төменгі тип бойынша сынғанда лигатуралық тігіс альвеолды қыр және алмұрт тәріздес тесік аймағында салынады, ортаңғы тип бойынша сынса көз ұясының төменгі қыры және бет-альвеолды қырларының, жоғарғы типте бет сүйегінің доғасы және көз ұясының жоғарғы сыртқы қырынан тігіледі. Сынықты мықтап бекіту үшін жоқ дегенде екі жерден сыммен тігу керек.

Жоғарыда айтылған жоғарғы жақ сүйек сынықтарының консервативті және оперативті ем тәсілдері тек жақын арада және сынық бөлімдері қозғалмалы болса нәтиже береді. Ескірген сынықтарда қаңқалық керіп-созу қолданылады. Бұл үшін тігіске фосфат цементімен бекітілетін, болаттан жасалған шеңдеуіш каппа дайындайды. 3 болат сымнан ілмегі бар темір сымнан жасалған доғаны басқа кигізетін қалпаққа гипстеп тастайды. Бір ілмек ортаңғы сызық бойында, келесі екеуі бірінші ілмектің екі жағында 2 см қашықтықта орналасады. Керіп-созуды болат пружина немесе резина тартпалар арқылы жүргізеді, олардың бір ұшы шеңдеуішке, бір ұшы ілмекке бекітіледі. Керіп-созу үшін біртіндеп В. Я. Кавракиров бойынша күшейтеді.

Жоғарғы жақ сүйегі шаншыла сынса төсек басына орнатылған шығыр (блок) арқылы сынықты керіп-созып орнына келтіреді. Бұл жағдайда үлкен азу тіс аралығына резинкадан төсем қойылады. Керіп-созуға болат пружинасын, подшипникті шығыр, полиамидті жіп, және гарьнер қолданған жөн.

Керіп-созу мерзімін қысқарту үшін сынық сызығына өткір распатор кіргізіп ырғауға болады. Сынық бөлігін босатқан соң керіп-созуды бастауға болады. Хирургиялық және ортопедиялық ем тәсілдерін бірге қолдана отырып сынық бөліктерін 5—7 тәулік ішінде өз қалпына келтіруге болады.

31. Балаларда төменгі жақ сынықтарын емдеу прициптері. Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты (емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.

Шеңдеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді: тістік, тіс-қызыл иектік және қызыл иек үстілік.

Шендеуіштерге қойылатын талаптар: 1. Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап түруы; 2. Құрылысы қарапайым болуы; 3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы; 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.

Тістік шеңдеуіштер. Бұл шеңдеуіштердің ішінде кеңінен тараған алюминий сымынан жасалған Тигерштедтің, Васильевтіц таспалы стандарты шеңдеуіштері. Тістік шеңдеуіштер тек тістергс бекітіледі, сондықтан олар тістер жеткілікті болса ғана қолданылады. Бұл шеңдеуіштерді орыс әскерінің тіс дәрігері Тигерштедт С. С. (1915) қолдануды ұсынған. Оны дайындау үшін диаметрі 1,8—2,0 мм алюминий сымы, 0,5—0,6 мм қола-алюминий сымы және аспаптар жиынтығы (крампон қысқышы, анатомиялық пинцет, қан тоқтатқыш қысқаш, егеу) қажет. Шеңдеуішті дайындау ережелері: Шеңдеуіш тістердің мойын аумағында орналасып, әрбір тіске жанасып тіс қатарының доғасымен иіледі. Ол серпіліп қызыл иекті жарақаттамау керек. Шеңдеуішті әр тіске сыммен бір басынан бастап бекітеді, осыған байланысты тістерге түскен салмақ шеңдеуішке байланған тістерге біркелкі бөлінеді, оның күтімін жеңілдетеді. Оны крампон қысқашымен қысып ұстап саусақпен иеді. Бұл талап орындалмаса шеңдеуіштің иіліп дайын болған жері деформациялануы мүмкін. Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу

Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:

1. Тістері жоқ жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы.

2. Дұрыс бітпеген сынықтар немесе жалған буын.

3. Жұмсақ тіндер сынықтардың ортасында тістеліп қалса.

4. Қан тамыр-нерв шоғырының зақымдана сынуы.

5. Тіс қатарынан тыс сынықтың жылжуы.

6. Көптеген сынықтар.

7. Көп жарқыншақты сынықтар.

8. Жұмсақ тіндер қоса зақымданған сынықтар.

9. Тіс сауыттары конус тәрізді болса.

10. Психикалық науқастар.

11. Жоғарғы, төменгі жақтардың бірлескен сынықтары.

12. Сынық сызығы кисталық қуыспен өткен кезде.

Сүйектік тігіс. Төменгі жақ денесінің, бұрышының, бұтағының, буын өсіндісі негізінің сызықты және алшақ орналасқан сынықтары кезінде сүйектік тігіс салынады. Тігіс материалы ретінде болаттың арнайы магнитті, тотықпайтын түрінен жасалған, IX 1 8М9Т, ЭП—400, ЭК-1 нихром, виталиум, тантол, титан 0,6—0,8 мм және полиамидті жіптер мен диаметрі 0,7—1,0 мм литиланловсан, хромдалған кетгут кең қолданылады. Сүйектік тігіс салу вдістерін ауызішілік және ауыздан тыс деп бөлуге болады.

Ауыз іші арқылы тігу альвеолдық өсінді аймағына салынады, ол үшін диаметрі кішкене (0,1—0,3 мм) материал қолданылады. Оперативті әдіс жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Жеткілікті мөлшерде альвеолды қырдың ұшы арқылы трапеция тәрізді тілік жүргізіледі. Шырышты-сүйек қабығы қиындысын сындырады да сынықтарды орнына қойып сүйекті тігеді. Тәжірибеде бұл операция жиі жасалынады. Бұл зақымданған аймақтың бойына ревизия жүргізуге мүмкіндік береді және репозицияны жсцілдетеді. Үлкен диаметрлі тігіс материалын (0,6—1,0 мм) салу сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Сүйекті тіккенде сынықтардың орнына қарамастан мына жағдайларды сақтауға ұмтылу ке-рек.

а) Тігіс материалын жүргізетін тесік сынық сызығынан 1 см-дей алшақ болуы керек, ол арқылы жүргізілген тігіс сынық сызып перпендикуляр, ал өзара параллель болуы тиіс.

ә) Тігіс мүмкіндігінше төменгі жақ жиегі мен альвеолды өсінді негізінің аралық ортасымен, сыннықтың саңылауын қиып өткені жақсы.

В) сүйек тігісінің тесігін төменгі жақ өзегі мен тістер түбірін қамтитындай етіп жасау керек.

Ауыз сыртынан жасалатын операция жалпы наркозбеп жүргізіледі. Сынық сызығын жалаңаштап алған соң оларды біріктіріп, дүрыс жағдайға келтіріп бормен 4 тесік (сынықта 2—2-ден) жасайды. Ол сынық сызығынан 1 —1,5 см алшақ болды. Осы тесіктер арқылы сымдар жүргізіліп ұштарын сыртқы бетінде оран тастайды

32.Ерін мен тілдің қысқа үзбелеріне жасалатын операциялардың ерекшеліктері мен көрсеткіштері Жоғарғы ерін үзбесінің пластикасына кіреді:

Френотомия,(жоғарғы ерін үзбесін кесу).

Френэктомия (жоғарғы ерін үзбесін кесіп алу).

Френулопластика ( жоғарғы ерін үзбесінің бекітілу орнын ауыстыру).

Егер рентгенограммада ортаңғы таңдай тігісінің алдыңғы бөлігінде ортаңғы күрек тістердің түбірлерінің арасында жіңішке сызықты анықтаса, онда ол сүйек тінінің жоқ екендігін түсіндіреді, ал ол диастеманы білдіреді. Мұндай жағдайларда жоғарғы еріннің үзбесін ауыстыру қажет. Осындай күрделі емес операцияны жүргізгенде үзбені көлденең кескен жеткілікті емес; оның ортаңғы таңдай тігісіне жалғанатың талшықтарын кесу қажет, әйтпесе операция нәтижесі қанағатсыз болады. Үзбенің әр жағына жергілікті инфильтрациялық жансыздандыру жүргізгеннен кейін сүйекке дейін V-тәрізді кесінді жасайды. Кейін ортаңғы таңдай тігісіне жалғанатың талшықтарды және тіс аралық емізікшенің ұшын кеседі. Кейбір жағдайларда ортодонтиялық емді жылдамдату мақсатымен бұл аймақтағы сүйек тінінің компактілі пластинкасын бұзады. Операцияны кетгутты тігісті салумен аяқтайды.

Тілдің үзбесін жартылай қысқарту операциясы (жартылай акилоглоссия) негізінен бала туғаннан кейін бірінші айлары жүргізіледі - үзбе өзі жіңішке бұлшықетсіз тяжды құрайды, оны қайшымен кеседі, ауырсынусыз және арнайы тігіс салмай жүргізеді. Жас өте келе тіл үзбесінің анатомиялық формасы өзгереді, үзбе жақсы қан тамырымен қамтамасыз етілгендіктен оған тігіс салу қажет болады.

Толық анкилоглоссия кезінде арнайы пластикалық операция жүргізіледі. Операция кезінде тіндерді минимальді жарақаттау , жаңа технологияны қолдану, косметикалық тігіс салу – бұлардың барлығы минимальді мерзім ішінде қалапты өмір сүруге алып келеді.

Физиотерапевтикалық әдіс.

  • Организмдегі нейрогуморальді үрдістерге реттеуші әсер ететің, физиологиялық тітіркендіргіштерге жатқызылуы мүмкін. Олар емдік және профилактикалық мақсаттарда кең сұраныс тапты.

33.Жоғарғы еріннің туа біткен жырығын емдеу прициптері мен операцияларының нәтижелері. Операцияның жастық көрсеткіштері. Типті оперативті әдістер.

1. Жоғарғы ерін жырығы (бір және екі жақтылы). Жоғарғы еріннің ерте пластикасы перзентханада немесе арнайы орталықтарда бала өмірінің бірінші сағатынд, күнінде жүргізіледі. Бала ернінің ерте пластикасының қарсы көрсеткіштеріне туа пайда болған даму ақаулары, туу кезіндегі жарақат, асфиксия, анасындаға туудан кейінгі қабыну үрдісі. Хейлопластика Фролова әдісі бойынша жүргізіледі.

Операция бала өмірінің 6айдан 12айға дейінгі мерзімдерде жүргізілуі мүмкін (оптимальді кезең). Баланың госпитализациясы арнайы стационарларда жүргізіледі. Операциялар радикальді емес болады– ақауды тек қана жабу(жара шеттерін жаңартады, теріні, ауыздың айналмалы бұлшықетін және ауыздың кіре берісіндегі шырышты қабықты түзету(препаровка), содан кейін қабаттап тігеді: еріннің шырышты қабығын, бұлшықетті және теріні) және радикальді. Радикальді операциялар кезінде жырықты жояды, жоғарғы ерінді ұзартады және мұрынның формасын түзетеді (Лимберг, Теннисон – Обухова әдісі, Миро-Обухова – Лимберг әдісі).

2. Жоғарғы ерін жырығы (бір және екі жақтылы) сүйектің жақ аралық айқындылығымен. Амбулаторлы жағдайларда Мак-Нил аппаратымен түзетіледі, содан кейін бала өмірінің 6айдан 12 айға дейінгі мерзімдерінде операция жүргізіледі. Хейлопластика әдістердің ішінен біреуімен жүргізіледі (А.А.Лимберг, Теннисон – Обухова әдісі, Хагедорн-Барского әдісі).Операция мерзімдері баланың жалпы жағдайына және ортодонтиялық емнің нәтижесіне байланысты болады. Индивидуальді жүргізіледі.

3. Жоғарғы еріннің және таңдайдың аралас жырығы. Ортодонтиялық көмекті жүргізеді (Қозғалмалы(плавающий)обтуратор дайындайды, аппарат Т.В.Шарова), содан кейін әдістердің біреуі бойынша хейлопластика жүргізеді велопластика, велофарингопластика.

4. Қалдықты (екіншілік) хейлопластикадан кейінгі жоғарғы ерін деформациясы. Әртүрлі жастық кезеңде (3-5 және үлкенірек ) косметикалық ақаудың айқындылығына және ата анасының оған қалай қарайтынына байланысты оны жоюды жүргізеді.

5. Хейлопластикадан кейінгі мұрынның қалдықты деформациясы. Әртүрлі жастық кезеңдежоюды жүргізеді (14-16-18 жаста және үлкенірек жаста). Ринопластика, ринохейлопластика (Лимберг, Новоселов, Козина бойынша), гнато-периосто-ринохейлопластика қолданылады.

Жоғарғы ерін пластикасынан кейінгі асқынулар:

-тігістің ығысып кетуі(тіндерді дұрыс препараттамаудан, тіндерді мұқият қабаттап тігудің жетіспеушілігінен жараның жиектерінің шығуы);

- Жарада қабыну үрдісінің дамуы;

- ауыз қуысы кіреберісінің терең емес тыртықтың түзілуі