- •3.Пародонт ауруларының этиологиясы және патогенезі. Жергілікті факторлар:
- •II. Жұқпалы аурулар:
- •III. Аллергиялық аурулар:
- •IV. Экзогендік уыттану кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер.
- •Пародонтальдық индекс (пи)
- •3 Жасқа дейінгі балаларда жгс пайда болу себептері.
- •35.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарының төменгі және жоғарғы жақтарда таралу ерекшеліктерін айтыңыз
- •36.Балаларда жоғары еріннің туа біткен жырығының туындауына әсер ететін экзогенді және эндогенді факторларды атаңыз. А. Эндогенді себептер:
- •37.Балаларда таңдайдың туа біткен жырығының туындауына әсер ететін экзогенді және эндогенді факторларды атаңыз а. Эндогенді себептер:
- •39.Балалардағы пародонтиттерінің этиологиясы мен патогенезін атаңыз. Жергілікті факторлар:
- •41.Балаларда жедел одонтогенді остеомелит кезіндегі негізгі тексеру әдістерін атаңыз. Шағым-анамнез-қарап тексеру
- •44.Балаларда кездесетін идиопатиялық аурулардың этиологиясы мен жіктелуін жазыңыз
- •45.Балаларда тістердің жарақаттарының жіктелуі мен себепші факторларын айтыңыз
- •9.Созылмалы атрофиялық кандидоздың клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
- •19.Тіл ауруларының диагностикасын және диф.Диагностикасын ажыратыңыз.
- •20. Көптүрлі экссудативті эритема кезіндегі пайда болатын морфологиялық элементтерге сипаттама беріңіз.
- •30.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарының диагностика және ажырату диагностикасын ажыратыңыз.
- •35.Балалар мен жасөспірімдерде стжб ауруларының клиникалық көрінісі және диагностикалық әдістерін атаңыз.
- •36.Балаларда жоғарғы жақ сынуы кезіндегі клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз.
- •39. Ауыз қуысында созылмалы кандидоздың симптомдары байқалады. Дәрігер стоматолог қандай ем шараларын жүргізеді. Жалпы емдеу:
- •44.Тетж бар балаларды сатылы реабилитациялау принциптері.
- •Ауруды жалпылай емдеу.
- •17. Стивенс-Джонсон синдромының емдеу ерекшеліктері
- •20. Ауыз қуысында жедел псевдомембранозды кандидоздың симптомдары байқалады. Сіз қандай ем шараларын жүргізесіз. Кандидозды емдеу
- •21. Ауыз қуысында қайталамалы ұшықты стоматит симптомдары байқалады. Сіз қандай ем шараларын жүргізесіз.
- •23. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында шұғыл түрде дамитын аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері
- •24. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында баяу түрде дамитын аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері.
- •25. Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарын емдеу ерекшеліктері. Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары
- •28. Балалардағы ауыз қуысының сілемейлі қабығының аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері.
- •29. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында шұғыл түрде дамитын аллергиялық ауруларға жүргізілетін емдік шаралар. Қайсы ауруына именно???
- •34. Таңдайдың туа біткен жырығын емдеу прициптері мен операцияларының нәтижелері. Туа пайда болған таңдай жырықтарын хирургиялық емдеу принциптері.
20. Ауыз қуысында жедел псевдомембранозды кандидоздың симптомдары байқалады. Сіз қандай ем шараларын жүргізесіз. Кандидозды емдеу
Ауыз кандидозымен ауырған науқастарды емдеу кешенді және тиімді жүргізілуі керек. Емдеу шаралары ауру қоздырғышын жоюға, науқас бойындағы жалпы ауруларды емдеуге, организмнің қорғаныс қасиеттерін жоғарылатуға, ауыз ішін сауықтыруға, тиімді ем-дәм тағайындауға бағытталады.
Ауруды емдеу жоспары:
- бойындағы негізгі ауруларды анықтау және емдеу (басқа мамандармен – эндокринолог, гастроэнтеролог, терапевтпен -бірлесе)
- организмді қуаттандыратын дәрілер-витаминдер, макро-микроэлементтер жиынтығын тағайындау;
- көмірсулы тағамдар (тәтті, ұннан, крахмалдан жасалған) шектелген ем-дәм тағайындау.
- жергілікті иммунитетті көтеруге арналған дәрілер тағайындау;
- саңырауқұлаққа қарсы дәрілерді жалпылай және жергілікті қолданып емдеу.
Жалпы емдеу:
Полиен тобындағы антибиотиктер;
нистатин 500.000 бірлік күніне 3-4 рет (сөткелік мөлшері 1.5 00 000 – 3. 000. 000 бірлік). Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады.
леворин 500.000 бірлік күніне 2-4 рет (оны да ұртына қойып сорады)
амфотерицин В. - өте ауыр ағымды жүйелі микоздар кезінде қолданады, аса уытты дәрі, сондықтан көктамырға құяды немесе ауызбен жоғарғы тыныс жолдары кандидозы кезінде ингаляциялау тәсілімен қолданады. Ингаляциялауды күніне 1-2 рет 15-20 минуттай уақытша жүргізеді және ертіндіні 50.000 бірлік дәріні 10 мл дистилденген суға қосу арқылы дайындайды.
Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (имидазол және триазол туындылары);
кетоконазол (низорал) күніне 1-2 түймедақтан (0,2-0,4 г) екі апта бойы, одан кейін толық сауыққанға дейін күніне 1 түймедақтан бір рет қабылдайды, миконазол 0,25 г күніне 4 рет қабылдайды; конестенді (клотримазол) осы мөлшерде тағайындайды. Соңғы шығарылған дәрілер: флуконазол (дифлюкан), орунгал, ламизил саңырауқұлақтарға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді.
декамин карамель құрамында (0,15 мг), әрбір 3-5 сағатта 1-2 карамелден сору керек;
миконазол-гель - өлшемді қасық мөлшерінің ½ бөлігін күніне 4 рет қабылдайды және ауызда ұзақ ұстап тұрып жұтады;
Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол, пипольфен, тавегил 0,025 г күніне 2-3 рет, кларитин бір түймедақтан күніне 1 рет қабылдау керек.
Иодты препараттар: иодты калийдің 3% ертіндісі, ас қасықпен күніне 3-5 рет қабылдау керек, соңынан сүт немесе жылы су ішу керек (көбінесе созылмалы кандидоз кезінде қолданылады).
Жергілікті ем:
Сілтілі ертінділер қолданылады:
бураның натрий тетробораты 2-4% ертіндісі; сода бор қышқылының 2% ертінділері ауызды күніне 2-3 рет шаю үшін, немесе емшектегі баланың ауызын, алмалы-салмалы протездерді өңдеу үшін қолданылады.
бураның глицериндегі немесе өсімдік майларындағы 10-15% сүзбесін жарақат ошағын өңдеу үшін;
Анилинді бояулар:
а) 1-2% метилен көгінің судағы ерітіндісі, бриллиант жасылы, фукорцин, генцианвиолет ерітінділерін жарақат ошағын өңдеуге пайдаланады.
б) иод құрамды дәрілер:
иодинолдың 0,1% ерітіндісін, Люголь ертіндісін кандидоздық ауыздықтар пайда болған аймақтарды өңдеу үшін (күніне 3-4 рет) пайдаланады.
Саңырауқұлақтарға қарсы жақпамайлар: нистатин (1%), леворин (5%), декамин (1%), канестен (клотримазол-1%), ламизил (1%), тербизил, миконаз, т.б., жақпаларды жарақат ошағына бастырма ретінде қолданады немесе жағып сіңіреді.
