Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
детСтом эталончик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
376.32 Кб
Скачать

Ауруды жалпылай емдеу.

Егер науқас адамның дене қызуы жоғары болса, оны төмендететін дәрілер (аспирин, парацетомол, пирамидон және соңғы кезде әртүрлі фирмалар ұсынып жүрген әртүрлі ауырусыздандырушы және дене қызуын төмендетуші дәрілер қоспалары), антибактериалдық дәрілер (трихопол, флагил, бисептол), қажет болса анэоробтарға қарсы антибиотиктер тағайындайды. Трихополды 10 күн қатарынан қабылдау керек: алғашқы төрт күнде 0,25 г. 3 рет, қалған 6 күнде 0,25 г. күніне екі рет қабылдау қажет. Организмнің уыттануы мен сенсибилизациялануына да қарсы әрекет жасау керек. Ол үшін антигистаминдік дәрілер, гипосенсибилизациялаушы препараттар – кальций глюконатын, натрий тиосульфатын тағайындайды. Организмнің уыттануын азайту үшін жылы минералды суды, таңқурай тоспасы (варенье) қосылған шайды көбірек ішу керек.

Жергілікті иммунитетті көтеру үшін көпвалентті антигенді кешен – «Имудон» тағайындау қажет. Имудон сілекейдің фагоцитоздау белсенділігін күшейтіп, ондағы лизоцимнің мөлшерін жоғарылатады, күніне бір таблеткадан 8 рет ауызға салып сорады. Организмнің жалпы иммунитетін көтеру үшін витамин-минералды кешендер, иммунал тағайындаған тиімді болады.

  • Физиотерапиялық емдеу шараларын (лазер, ультракүлгін сәулелерін, ультражоғары жиіліктегі айнымалы ток - УВЧ) алғашқы күннен бастап тағайындауға болады.

  • Мүмкіндігінше тағамды жиі қабылдау керек; тағам көбіне быламық, сорпа, жас көкөністерден жасалған салат түрінде болғаны дұрыс және ас қабылдар алдында ауызға анестетиктер ертіндісін ұрттап алып, 5-7 минөт ұстап тұру арқылы қызылиекті уақытша жансыздандырып алған жөн.

  • Қабыну үрдісі толық басылғаннан кейін ауыз ішін сауықтырып, сырқатынан сауыққан адамға ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйретіп, ақыл-кеңес беру керек.

Ескерту: қызылиектің өліеттене – жаралана қабынуының жайылған және ауыр түрімен сырқат адам аурухана жағдайында емделгені нәтижелі болады және әртүрлі асқынулар (іріңді лимфоаденит, абсцесс, флегмона) туындамайды.

7.Жедел ұшықты стоматитті емдеудің жалпы әдістері . Жалпылай емдеу:

  • Вирусқа қарсы дәрілерді (таңдай білу керек) алғашқы күндері тағайындайды: бонафтон 0,1г 3-4 рет 5 күн қабылдаған соң 1-2 күн үзіліс жасап, қайта қабылдайды (емдеу ұзақтығы 2-3 курс); ацикловир (зовиракс, виролекс) 0,2 г күніне 5 рет 5-10 күн қабылдайды. Балаларға дәрінің жарты мөлшерін береді. Неовир – бұлшық етке әрбір 48 сағаттан кейін енгізеді. Емдеу курсы 7-10 иньекциядан тұрады. Циклоферон-арнулы схемамен бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 10 иньекциядан тұрады. Неовир мен циклоферонды 12 жастан кейін қолдануға болады. ДНК (дезоксирибонуклеиназа) 10-25 мг натрий хлоридінің изотониялық ертіндісіне ерітіп күнара бұлшық етке енгізеді, емдеу курсы 6-10 иньекциядан тұрады.

  • Ауыру сезімін азайтып, ыстықты басатын дәрілер: парацетамол, панадол, амидопирин, аспирин, ибупрофен (науқастың жасына сәйкес) тағайындайды.

  • Гистаминге қарсы дәрілер: супрастин, фенкарол, тавегил, антигистамин, алсет, ломилан, траксил, диазолин, димедрол, зиртек тағайындаған тиімді.

  • Витаминдерді жекелей немесе жиынтық түрінде: аскорутин 0,05г- күніне 3-4 рет, аскорбин қышқылы 0,05г күніне 2-3 рет; поливит, дуовит, триовит, олиговит, джунгли, альфавит, альфагин, супрадин және б., тағайындайды. Организмнің реактивтілігін көтеру үшін – 150 мг тәулігіне 2-3 рет 7-9 күн лизоцим, фузобактериялармен асқыну қаупі болған жағдайда метронидазол тағайындайды. Сілтілі минералды суды, шайды көбірек ішіп, жаралы ошақтарды аса тітіркендірмейтін жұмсақ тағамдар қабылдау туралы ақыл-кеңес беріледі.

8. Жедел ұшықты стоматитті емдеудің жергілікті әдістері Ауыру сезімін басу – анестетиктер ерітінділерін (1% тирмекаин, 1-2% пиромекаин, 1-2% лидокаин ертінділері) жарақат ошағына бастырма қою немесе аэрозольдық препараттарды («10%Лидокаин»-эорозоль, «Лидестин» және «Xylostesin» аэрозольдарын) қолданып уақытша жансыздандыру.

        • Антисептиктер және ферменттермен өңдеу (өңдеуді әрбір 3-4 сағат сайын жүргізген жөн). Антисептиктерден 0,25-0,5% сутегінің асқын тотығын, 0,25% хлорамин, 0,5% этоний, 0,1% госсипол, хлоргексидиннің 0,06% ертінділерін, ферменттерден дезоксирибонуклеазаның 0,2%, лизоамидазаның 1%, трипсин, химотрипсиннің 1% ертінділерін қолданған тиімді.

        • Алғашқы күндері (3-4 күн ұдайы) тазаланған және өңделген жарақат ошақтарына вирусқа қарсы дәрілермен (ертінділермен және жақпамайлармен) аппликат қойған жақсы нәтиже береді. Олар - 1% бонафтон, 5% ацикловир, 0,5% флореналь, 3% госсипол, 2-5% алпизарин, 3% мегасин, 1-5% хелепин немесе хедилеспин, 50% интерферон жақпамайлары.

        • Қабынуға қарсы жақпамайлар мен гельдерді де (бутадион жақпамайы, мундизаль гелі, пиралвекс, гепарин, 0,025% синафлан жақпамайлары) пайдалануға болады.

        • Эрозия ошақтарының тез жазылуын қамтамасыз ететін дәрілік заттарды – А витаминнің майлы ерітіндісі, 0,2% тезан линименті, итмұрын және шырғанақ майлары, каротолин, актовегин және солкосерил жақпамайлары немесе гельдері, дентальды адгезивті пастаны, «Ливиан», «Спедиан», «Олазоль», «Гипозоль» сияқты аэрозольдық препараттарды қолдану5а болады.

        • Ерін жиектеріндегі, тері бетіндегі бөрткендерді 1-2% бриллиант жасылының спирттегі ер3тіндісімен, фукарцинмен, вирусқа қарсы жақпамайлармен өңдейді.

Аурудың диагнозы дер кезінде анықталып, емдеу шаралары дұрыс жүргізілсе, науқас аурудың ауырлығына қарай 2-3 аптанық ішінде сауығып кетеді. Ал емі дұрыс жүргізілмеген жағдайда ауру созылмалы қайталамалы түрге ауысады. Ескерте кететін жай, ауыздың жедел герпестік қабынуымен сырқаттанған мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар толық сауыққанға дейін ұжымнан оқшауландырылады және төрт аптаға дейін организмге жүктеме түсіретін шаралардан босатылуы тиіс.

    • 9.Жедел псевдомембранозды кандидоз емдеудің жалпы әдістері. Полиен тобындағы антибиотиктер;

      • нистатин 500.000 бірлік күніне 3-4 рет (сөткелік мөлшері 1.5 00 000 – 3. 000. 000 бірлік). Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады.

      • леворин 500.000 бірлік күніне 2-4 рет (оны да ұртына қойып сорады)

      • амфотерицин В. - өте ауыр ағымды жүйелі микоздар кезінде қолданады, аса уытты дәрі, сондықтан көктамырға құяды немесе ауызбен жоғарғы тыныс жолдары кандидозы кезінде ингаляциялау тәсілімен қолданады. Ингаляциялауды күніне 1-2 рет 15-20 минуттай уақытша жүргізеді және ертіндіні 50.000 бірлік дәріні 10 мл дистилденген суға қосу арқылы дайындайды.

    • Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (имидазол және триазол туындылары);

      • кетоконазол (низорал) күніне 1-2 түймедақтан (0,2-0,4 г) екі апта бойы, одан кейін толық сауыққанға дейін күніне 1 түймедақтан бір рет қабылдайды, миконазол 0,25 г күніне 4 рет қабылдайды; конестенді (клотримазол) осы мөлшерде тағайындайды. Соңғы шығарылған дәрілер: флуконазол (дифлюкан), орунгал, ламизил саңырауқұлақтарға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді.

      • декамин карамель құрамында (0,15 мг), әрбір 3-5 сағатта 1-2 карамелден сору керек;

      • миконазол-гель - өлшемді қасық мөлшерінің ½ бөлігін күніне 4 рет қабылдайды және ауызда ұзақ ұстап тұрып жұтады;

    • Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол, пипольфен, тавегил 0,025 г күніне 2-3 рет, кларитин бір түймедақтан күніне 1 рет қабылдау керек.

    • Иодты препараттар: иодты калийдің 3% ертіндісі, ас қасықпен күніне 3-5 рет қабылдау керек, соңынан сүт немесе жылы су ішу керек (көбінесе созылмалы кандидоз кезінде қолданылады).

    • 10. Жедел псевдомембранозды кандидоз емдеудің жергілікті әдістері Сілтілі ертінділер қолданылады:

      • бураның натрий тетробораты 2-4% ертіндісі; сода бор қышқылының 2% ертінділері ауызды күніне 2-3 рет шаю үшін, немесе емшектегі баланың ауызын, алмалы-салмалы протездерді өңдеу үшін қолданылады.

      • бураның глицериндегі немесе өсімдік майларындағы 10-15% сүзбесін жарақат ошағын өңдеу үшін;

    • Анилинді бояулар:

  • а) 1-2% метилен көгінің судағы ерітіндісі, бриллиант жасылы, фукорцин, генцианвиолет ерітінділерін жарақат ошағын өңдеуге пайдаланады.

  • б) иод құрамды дәрілер:

  • иодинолдың 0,1% ерітіндісін, Люголь ертіндісін кандидоздық ауыздықтар пайда болған аймақтарды өңдеу үшін (күніне 3-4 рет) пайдаланады.

    • Саңырауқұлақтарға қарсы жақпамайлар: нистатин (1%), леворин (5%), декамин (1%), канестен (клотримазол-1%), ламизил (1%), тербизил, миконаз, т.б., жақпаларды жарақат ошағына бастырма ретінде қолданады немесе жағып сіңіреді.

11. Созылмалы атрофиялық кандидозды емдеу әдістері Ауыз кандидозымен ауырған науқастарды емдеу кешенді және тиімді жүргізілуі керек. Емдеу шаралары ауру қоздырғышын жоюға, науқас бойындағы жалпы ауруларды емдеуге, организмнің қорғаныс қасиеттерін жоғарылатуға, ауыз ішін сауықтыруға, тиімді ем-дәм тағайындауға бағытталады.

Ауруды емдеу жоспары:

- бойындағы негізгі ауруларды анықтау және емдеу (басқа мамандармен – эндокринолог, гастроэнтеролог, терапевтпен -бірлесе)

- организмді қуаттандыратын дәрілер-витаминдер, макро-микроэлементтер жиынтығын тағайындау;

- көмірсулы тағамдар (тәтті, ұннан, крахмалдан жасалған) шектелген ем-дәм тағайындау.

- жергілікті иммунитетті көтеруге арналған дәрілер тағайындау;

- саңырауқұлаққа қарсы дәрілерді жалпылай және жергілікті қолданып емдеу.

Жалпы емдеу:

    • Полиен тобындағы антибиотиктер;

      • нистатин 500.000 бірлік күніне 3-4 рет (сөткелік мөлшері 1.5 00 000 – 3. 000. 000 бірлік). Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады.

      • леворин 500.000 бірлік күніне 2-4 рет (оны да ұртына қойып сорады)

      • амфотерицин В. - өте ауыр ағымды жүйелі микоздар кезінде қолданады, аса уытты дәрі, сондықтан көктамырға құяды немесе ауызбен жоғарғы тыныс жолдары кандидозы кезінде ингаляциялау тәсілімен қолданады. Ингаляциялауды күніне 1-2 рет 15-20 минуттай уақытша жүргізеді және ертіндіні 50.000 бірлік дәріні 10 мл дистилденген суға қосу арқылы дайындайды.

    • Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (имидазол және триазол туындылары);

      • кетоконазол (низорал) күніне 1-2 түймедақтан (0,2-0,4 г) екі апта бойы, одан кейін толық сауыққанға дейін күніне 1 түймедақтан бір рет қабылдайды, миконазол 0,25 г күніне 4 рет қабылдайды; конестенді (клотримазол) осы мөлшерде тағайындайды. Соңғы шығарылған дәрілер: флуконазол (дифлюкан), орунгал, ламизил саңырауқұлақтарға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді.

      • декамин карамель құрамында (0,15 мг), әрбір 3-5 сағатта 1-2 карамелден сору керек;

      • миконазол-гель - өлшемді қасық мөлшерінің ½ бөлігін күніне 4 рет қабылдайды және ауызда ұзақ ұстап тұрып жұтады;

    • Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол, пипольфен, тавегил 0,025 г күніне 2-3 рет, кларитин бір түймедақтан күніне 1 рет қабылдау керек.

    • Иодты препараттар: иодты калийдің 3% ертіндісі, ас қасықпен күніне 3-5 рет қабылдау керек, соңынан сүт немесе жылы су ішу керек (көбінесе созылмалы кандидоз кезінде қолданылады).

  • Жергілікті ем:

    • Сілтілі ертінділер қолданылады:

      • бураның натрий тетробораты 2-4% ертіндісі; сода бор қышқылының 2% ертінділері ауызды күніне 2-3 рет шаю үшін, немесе емшектегі баланың ауызын, алмалы-салмалы протездерді өңдеу үшін қолданылады.

      • бураның глицериндегі немесе өсімдік майларындағы 10-15% сүзбесін жарақат ошағын өңдеу үшін;

    • Анилинді бояулар:

  • а) 1-2% метилен көгінің судағы ерітіндісі, бриллиант жасылы, фукорцин, генцианвиолет ерітінділерін жарақат ошағын өңдеуге пайдаланады.

  • б) иод құрамды дәрілер:

  • иодинолдың 0,1% ерітіндісін, Люголь ертіндісін кандидоздық ауыздықтар пайда болған аймақтарды өңдеу үшін (күніне 3-4 рет) пайдаланады.

    • Саңырауқұлақтарға қарсы жақпамайлар: нистатин (1%), леворин (5%), декамин (1%), канестен (клотримазол-1%), ламизил (1%), тербизил, миконаз, т.б., жақпаларды жарақат ошағына бастырма ретінде қолданады немесе жағып сіңіреді.

12. Механикалық жарақат әсерінен ауыз қуысының шырышты қабатының өзгерістері емдеу ерекшеліктері. Жедел жарақат. Емдеу шаралары зақымдану ошағының тереңдігіне және көлеміне байланысты жүргізіледі. Жаншылу және гематома пайда болған кезде (көбіне қатар пайда болады) ауру сезімін басып, ауызды және жарақат ошағын антисептиктер ертіндісімен өңдеп, зақымданған аймаққа тыныштық жағдай тұғызады. Гематома ошағында қанның ұйымай, тез сорылып кетуі ішін гепарин жақпасын қолдануға болады. Үлкен көлемді зақымдану жарасына антисептикалық өңдеуден кейін тігіс салады, ал ұсақ эрозия мен жараның тез жазылуы үшін кератопластиктер (А және Е витаминдерінің майлы ертінділері, кароталин, итмұрын майы, 0,2% тезан линименті) мен дәнекер тіннің белсенділігін жоғарылататын жақпалар (солкосерил, апилак, актовегин, «Аропоцеум») қолданады. Оларды ауызды антисептиктер ертіндісімен өңдегеннен кейін жарақат бетіне 15-20 минутқа бастырма (аппликат) ретінде қою немесе жағып сіңіреді (оның алдында зақымдану ошағын уақытша жансыздандырып алу керек).

Созылмалы жарақат:Ең алдымен зақымдаушы әсерді жояды, қатты ауру сезімі болса, уақытша жансыздандыру әдісін пайдаланып, ауыз ішін және жарақат ошағын антисептиктер ертінділермен өңдейді, жара бетін өлі тіндерден тазартып (механикалық жолмен немесе протеолиздеуші ферменттерді пайдаланып) қабынуға қарсы дәрілермен,кератопластиктермен және жараның жазылуын жылдамдататын дәрілермен бастырма қояды (20-30 минутке). Жараны күніне 2-3 рет өңдеген тиімді. Жалпы реактивтілігі төмендеген және жасы ұлғайған адамдарға жалпылай ем тағайындау қажет (витаминдер жиынтығын, жалпы реактивтілікті жоғарлататын дәрілер).

Жүргізілген емдеу шаралары жараның жазылуына көмегін тигізе алмаса, 7-10 күннен кейін науқасты дәрігер-онкологқа кеңес алуға жіберу керек. Жара жазылғаннан кейін ауызды сауықтыруға көңіл бөлу керек.

13. Инфекциялық ауру скарлатина кезіндегі АҚШҚ өзгерістері емдеу ерекшеліктері. Емі: Симптоматикалық. Эпителидің жоғары десквамациясымен күресу,шырышты қабықша құрғауында,қыжылдауында- антисептикалық шаю,ауырсынуды басатын,кератопластикалық заттар көрсетілген.

Ауыз қуысын гигиеналық күту,жарақаттаушы және инфицирлеуші факторлардан аулақ болу (кариозды қуыстарды дентимен жабу).

14. Инфекциялық ауру қызылша кезіндегі АҚШҚ өзгерістерді емдеу ерекшеліктері Ауру бала негізінен үй жағдайында емделеді.Стационарда арнайы бокстарда келесі балалар ем қабылдайды:2 жасқа дейінгі балалар,аурудың ауыр түрлерінде,асқынған түрлерінде,қанағаттанғысыз эпидемиологиялық жағдайларда. 1.Бала төсекте жатуы керек, сұйықты көп ішіп, құнарлы тамақ жегені жөн. Егер ол қою тамақты жей алмаса, сұйық сорпа беріңіз. Егер балаға емшек ему қиынға соқса, онда емшекті сауып, сүтті қасықпен ішкізіңіз.2. Көздің бүлінуін болдырмау үшін мүмкіндігінше А дәруменін беріңіз.3. Қызу көтерілгенде және бала тынышсызданғанда парацетамол (аспирин) беру қажет.4. Егер құлағы ауырса, антибиотиктер ішкізген жөн.5. Өкпесінің қабынғандығын, менингитті немесе құлақ пен асқазанның қатты ауырғандығын білдіретін белгілер байқалса, дәрігер шақырыңыз.6. Егербаланыңішіөтсе, регидрационды су беріңіз.

15. Инфекциялық ауру дифтерия кезіндегі АҚШҚ өзгерістерді емдеу ерекшеліктері Ауруханалардағы науқастардың емдеуі және қарқынды терапиясы: барлық науқастарға төсектік режим көрсетілген және дифтерияға қарсы сарысулар қолданылады. Ауруды емдеу шараларында 1-ші кезекте дифтериялық токсинді нейтрализациялау және ағзадан шығару, оның түзілуін тоқтату, сондай-ақ әртүрлі ағзалар және жүйелердің бұзылуын коррекциялау керек. Жұтқыншақ дифтериясының токсикалық түрінде науқастарға дифтерияға қарсы сарысуды қолдану қажет. Жұтқыншақ дифтериясының субтоксикалық түрінде 40 000 ХБ (МЕ) сарысу, I-ші дәрежесінде - 60 000 ХБ, II дәрежеде-80 000 ХБ, III дәрежеде-100 000 ХБ сарысу енгізіледі. Жарты дозаны күре тамырға, қалған мөлшерін - бұлшықет ішіне енгізу керек. Бір мезгілде сарысумен бірге күре тамырға 10 мл 10% кальций хлорид ерітіндісін де енгізуге болады. Көмей дифтериясымен ауырған науқастардың бұлшықет ішіне 90 мг преднизолонды енгізеді. Асфиксия дамыған жағдайда интубация көрсетілген. Ол мүмкін болмаса трахеостомия іске асырылады. Егер емдеу шаралары аурудың алғашқы 2-ші күні басталса, онда сарысу келесі 1 реттік дозаларда қолданылады: катаральды түрінде –10 000 ХБ, жергілікті түрінде-20 000 ХБ, таралған түрінде- 30000 ХБ, субтоксикалық түрінде - 40000 ХБ, токсикалық барысындағы I дәрежеде-60 000 ХБ, II дәрежеде-80 000 ХБ, III дәрежеде-10 000 ХБ, көмейдің дифтериясында-40 000 ХБ, таралу барысында-80 000-120 000 ХБ.

Дифтериямен ауырған науқастарға антибиотиктер енгізіледі (бензилпенициллин, эритромицин, цефалоспориндер орта терапевтикалық дозамен 5-10 күн бойы).

Көмей дифтериясында глюкокортикоидтар (преднизолон-60-120 мг тәулігіне, ішке, гидрокортизон-100 мг, тәулігіне 2-3 рет) және антигистаминді препараттар (1% димедрол ерітіндісі - 1,0 мл, тәулігіне 2 рет), спазмолитиктер, седативті препараттар қолданылады (5% седуксен ерітіндісі-2 мл, тәулігіне 3-4 рет). Жазылған науқастар, толық клиникалық сауығудан соң ғана ауруханадан шығарылады.

Болжамы. Дифтерияның катаральды және таралмаған түрлері толық жазылумен аяқталады. Жұтқыншақ дифтериясының таралған және токсикалық түрлері, сондай-ақ көмей дифтериясы кезінде өлім қауіпі жоғары болуы мүмкін. Әсіресе қосымша аурулармен (жара ауруы, гипертония ауруы, қант диабеті және т.б.) азап шегушілердің арасында бұл қауіп жиі тіркелген.

16. Көптүрлі экссудативті эритема кезіндегі АҚШҚ өзгерістерді емдеу ерекшеліктері Емі. Аурудың жедел дамуы кезеңінде науқас организмінің уыттануын азайтатын, десенсибилизациялайтын, жалпы жағдайын жақсартатын, ауыздағы жарақат ошағының жазылуын тездететін симптоматикалық ем жүргізеді.

Аурудың жеңіл дәрежесі кезінде жалпылай емдеу үшін натрий салицилатын (0,5-1,0 г тәулігіне 4 рет), антигистаминдік дәрілерден супрастин немесе фенкарол (0,025 г тәулігіне 3 рет), тавегил (0,001 г 2 рет) және басқаларын, В тобындағы витаминдер жиынтығын, аскорутин, аскорбин қышқылын тағайындайды. Аурудың бетін этакридин лактаты 0,05 г тәулігіне 3 рет (10-20 күндей), левамизол (тәулігіне 150 г, бір аптада екі күн қатарынан, 5 күндік үзіліспен 2 ай қабылдайды) оңай қайтарады.

Аурудың орта дәрежесінде жоғарыда аталған дәрілермен қатар көктамырға натрий тиосульфатының 30% ертіндісін 10 мл (күніне бір рет, барлығы 8-10 инъекция) құйған тиімді.

Ауыр дәрежесі кезінде (инфекциялы-аллергиялық түрінде) кең спектрлі антибиотиктер, преднизолон (күніне 20-30 мг) тағайындайды және 5-7 күннен кейін 2-3 күнде бір 5мг-ға азайтып отырады. Сонымен қатар антигистаминдік дәрілер, натрий тиосульфатының 30% ерітіндісін, гемодез, витаминде, саңырауқұлақтарға қарсы дәрілер тағайындайды.