- •3.Пародонт ауруларының этиологиясы және патогенезі. Жергілікті факторлар:
- •II. Жұқпалы аурулар:
- •III. Аллергиялық аурулар:
- •IV. Экзогендік уыттану кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер.
- •Пародонтальдық индекс (пи)
- •3 Жасқа дейінгі балаларда жгс пайда болу себептері.
- •35.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарының төменгі және жоғарғы жақтарда таралу ерекшеліктерін айтыңыз
- •36.Балаларда жоғары еріннің туа біткен жырығының туындауына әсер ететін экзогенді және эндогенді факторларды атаңыз. А. Эндогенді себептер:
- •37.Балаларда таңдайдың туа біткен жырығының туындауына әсер ететін экзогенді және эндогенді факторларды атаңыз а. Эндогенді себептер:
- •39.Балалардағы пародонтиттерінің этиологиясы мен патогенезін атаңыз. Жергілікті факторлар:
- •41.Балаларда жедел одонтогенді остеомелит кезіндегі негізгі тексеру әдістерін атаңыз. Шағым-анамнез-қарап тексеру
- •44.Балаларда кездесетін идиопатиялық аурулардың этиологиясы мен жіктелуін жазыңыз
- •45.Балаларда тістердің жарақаттарының жіктелуі мен себепші факторларын айтыңыз
- •9.Созылмалы атрофиялық кандидоздың клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
- •19.Тіл ауруларының диагностикасын және диф.Диагностикасын ажыратыңыз.
- •20. Көптүрлі экссудативті эритема кезіндегі пайда болатын морфологиялық элементтерге сипаттама беріңіз.
- •30.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарының диагностика және ажырату диагностикасын ажыратыңыз.
- •35.Балалар мен жасөспірімдерде стжб ауруларының клиникалық көрінісі және диагностикалық әдістерін атаңыз.
- •36.Балаларда жоғарғы жақ сынуы кезіндегі клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз.
- •39. Ауыз қуысында созылмалы кандидоздың симптомдары байқалады. Дәрігер стоматолог қандай ем шараларын жүргізеді. Жалпы емдеу:
- •44.Тетж бар балаларды сатылы реабилитациялау принциптері.
- •Ауруды жалпылай емдеу.
- •17. Стивенс-Джонсон синдромының емдеу ерекшеліктері
- •20. Ауыз қуысында жедел псевдомембранозды кандидоздың симптомдары байқалады. Сіз қандай ем шараларын жүргізесіз. Кандидозды емдеу
- •21. Ауыз қуысында қайталамалы ұшықты стоматит симптомдары байқалады. Сіз қандай ем шараларын жүргізесіз.
- •23. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында шұғыл түрде дамитын аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері
- •24. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында баяу түрде дамитын аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері.
- •25. Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарын емдеу ерекшеліктері. Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары
- •28. Балалардағы ауыз қуысының сілемейлі қабығының аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері.
- •29. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында шұғыл түрде дамитын аллергиялық ауруларға жүргізілетін емдік шаралар. Қайсы ауруына именно???
- •34. Таңдайдың туа біткен жырығын емдеу прициптері мен операцияларының нәтижелері. Туа пайда болған таңдай жырықтарын хирургиялық емдеу принциптері.
44.Тетж бар балаларды сатылы реабилитациялау принциптері.
45.Балаларда ауыз қуысының және беттің жұмсақ тіндерінің ісіктері этиологиясы мен жіктелуін айтып беріңіз. Бет қаңқасы сүйегінің ісіктері және ісік тәрізді түзілістерінің жіктемесі.
Бет қаңқасы сүйегінің қатерсіз ісіктері:
Фиброма
Миксома
Хондрома
Остеобластокластома
Бет қаңқасы сүйегінің ісік тәрізді түзілістері:
Фиброзды дисплазия
Херувизм
Эозинофильді гранулема
Олбрайт синдромы
Ісіктер этиологиясы.
Балаларда ісіктер көп жағдайда дизонтогенетикалық және эмбриональды кезеңде қалыпты дамуда немесе жеке клеткалық элементтердің дұрыс емес ұрықтануынан дамиды.
Әртүрлі факторлардың әсерінен ұрықтың эмбриональды дамуының ерте стадиясында клеткалардың жеке топтарының өсуі тоқтайды немесе олардың артық түзілуі жүреді. Бұл үрдіс ұрықты жапырақшалардың клеткалары әлі ажыратылмаған кезеңде жиі жүреді. Өзінің дамуынан қалған немесе артық түзілген клеткалар ары қарай эмбрионның тіндерінің бөлінуіне қатыспайды, яғни бөтен тіндердің құрамына орналасуы мүмкін. Баланың тууу кезеңіне қарай бұл эмбриональды құрамын сақтаған клеткалар энегиялық түрде өсуге үлкен потенциялдық қасиетке ие болып келеді. Олар ұзақ уақыт бойы латентті жағдайда немесе туа салғанда немесе бірнеше жыл өткен соң, тез өсе бастайды.
Ісіктердің дизонтогенетикалық дамуының дәлелдемесі көптеген ісіктер клиникалық түрде 5 жасқа дейін пайда болады. Ісіктер жиі басқа органдардың ақауымен жүреді; дәнекер тіндік жаңа түзілістерге ие.
Балаларда ісіктердің клиникалық ағымының ерекшеліктері.
Ісіктер балаларда дамуымен, патологиялық құрылымымен, клиникалық көріністерімен ерекшеленеді. Балаларда ісіктердің нақты түрлері жоғары эндокринді қызметке байланысты жастық кещеңдерде клиникалық түрде дамиды (ағзаның интенсивті өсуі, жыныстық жетілу). Қатерсіз ісіктер және бет-жақ сүйегінің фиброзды дисплазиялары жиі жыныстық жетілу кезеңінде дамиды 10 жастан 16 жасқа дейінгі аралық.
Кейбір ісіктердің және диспластикалық үрдістердің түрлерінде науқастар арасында жыныстық айырмашылықтар байқалады. Ерлерде остеобластокластомада, ретикулярлы саркомада, Юинг ісігінде, хондросаркомада; әйел жынысында гемангиомада, АҚШҚ-ның папилломасында, сілекей бездерінің ісіктерінде байқалады. Әсіресе әйел жынысында Олбрайт синдромында кездеседі.
Ісіктердің өсу интенсивтілігі балаларда және ересектерде бірдей емес, тіпті қатерсіз ісіктер балаларда ересектерге қарағанда тез өседі.
3-денгей
1.Балаларда пародонт ауруларын емдеу әдістері. ЖАЛПЫ+ЖЕРГІЛІКТІ ЖАУАБЫ КЕЛЕСІ 2 СҰРАҚТА!!!
2.Балаларда пародонт ауруларын жалпы емдеу әдістері Т.И.Лемецкая пародонт ауруының жалпы емдеу әдісіне:
Ағзаның реактивтiлігiн ынталандыру;
Ауруға қарсы терапия;
Десенсибилизациялаушы терапия;
Жалпы әл беретiн емдік әдіс(Общеукрепляющее)
Ағзаның реактивтiлігiн ынталандыру
Ерекше стимуляция үшiн биостимуляторларды қолданады (алоэ, биосед, ФИС , терi астына 25-55 инъекциялардың 1 мл бойынша), пиримидин және тиазолидин туындылары (метилурацил немесе метацил 2 апта iшiнде күніне 0,5 г 3 реттен ,пентоксил 2-3 апта ішінде күніне 0,2 г 3 реттен тағамнан кейiн), иммунномодулдалатын препараттар (декарис 3-3, 5 аптада үш реттен тәулігіне 100-150 мг бойынша лейкоциттер формуласын бақылап тағайындалады)
Ағзаның төзімділік факторларына продигиозан және пирогенал жағдай жасайды. Продигиозан 0, 005% ерiтiндiсімен 0, 5 мл бойынша бұлшық етке енгізіледі,емдеу курсы 3-6 инъекциядан 4-7 күн интервал аралығында.Препараттың тасымалданғыштықтары алдын ала тексеріледi. Пирогеналды (ең төменгi пироген дозасын) 5 МПДпен бұлшық етке ендiредi, жинағы 10-30 инъекциялар.
Ерекше стимуляторлар: анаболик стероидтары (метандростенолон, ретаболил), анаболик стероид емес құралдары - калия оротаты. Препараттар азотты баланыстарға оң ықпал етедi. Метандростенолонды күніне 0,005 г 2 реттен тағамның алдында iшiке тағайындайды,емдік курсы 3-5 апта. Ретаболил үш аптада 1 реттен 0, 25 мг бұлшық етке,емдеу курсы 5-7 инъекциядан.
Ауруға қарсы терапия
Пародонттың жұмсақ тініндегі және сүйек альвеоласының іріңді қабыну үрдісінде қолданылатын антимикробты препараттар: әсердiң кең спектрiнiң антибиотиктерi және сульфаниламидтер. Антибиотиктердi қолданылуының алдында микрофлораның сезгiштiгін анықтау керек. Антибиотиктерден жиiрек рондомецин, олететрин, линкомицин, эрициклинді қолданады. Емдеу ағымы 7күннен 14 күнге дейін белгiлi схема бойынша өткiзіледi. Ауыз қуысының кандидоздың профилактикасы үшiн саңырауқұлаққа қарсы препараттарды тағайындайды: нистатин, низорал, леворин.
3. Балаларда пародонт ауруларын жергілікті емдеу әдістері1.Баланы ауыз қуысын тазалауға үйрету;
Тіс қақтары мен тастарын инструментальді әдіспен тазалау;
Қасқа үзенгілері мен таяз ауыз кіреберісіне коррекция жасау;
Жарақаттаушы окклюзияны ликвидациялау;
Тістер қатарындағы ақауларды(тістердің шоғырлана орналасуы) ортодонттар мамандарымен кеңесе отырып ем жүргізу.
Микробты тоғаға қарсы:
Антисептиктер:
0,05 % хлоргексидин ерітіндісі
0,1 % хлоргекидин биглюконат ерітіндісі
0,5 % этокия
әртүрлі шөптер тұнбасы.
Антисептикалық ерітінділер өкілдері:
корсадил
перидекс
лизоплак
мистерин
4.Балаларда катаральді гингивитті емдеу әдістері Емдеу шаралары төмендегідей:
Ауыз гигиенасын дұрыс сақтауды үйрету. Ол үшін тіс тазалайтын қойыртпақтар мен тіс мәсуегінің тиімді түрлерін таңдауды үйретеді.
Қатты ауру сезімі болса анестетиктерді пайдалана отырып, жергілікті себепші-тітіркендіруші факторларды жояды (тістерді тіс шөгінділерінен тазарту, тістердің түйісу орнын қалпына келтіре отырып, тісжегі қуыстарын тиімді пломбылау).
Қабынуға қарсы антисептиктер мен басқа дәрілер қолдану. Антисептиктер ертіндісін ауызды, қызылиек сайларын жуып-шаю үшін қолданады. Қабынуды және домбығуды тоқтататын жақпаларды (мази) дәрілерді жапсырма (аппликат) ретінде, жаға отырып қызылиекке сіңіреді немесе қатаятын таңбалардың құрамына қосып қызылиек бетіне қояды. Емдеу мерзімі қабыну үрдісі толық басылғанға дейін жүргізіледі.
Қабынуды басатын дәрілер тобына стероидтарға жатпайтын дәрілік заттарды (3% аспирин, 5% бутадион, индометацин, гепарин жақпалары) жатқызуға болады. Сұйық дәрілерден сальвиннің 0,2% ертіндісін, ромазулан, хлорофиллипт, прополис тұнбасын (1:10) бастырма ретінде қызыиекке жапсырып қоюға болады. Ауызды жуып-шаятын антисептиктер ретінде 0,05-0,1% хлоргексидин, фурациллин (1:5000), марганецқышқылды калий (1:5000) ертінділерін, 0,5% сутегінің асқынтотығын, Болгария Республикасы шығаратын «Пинокадинен» препаратын қолдануға болады. Қабынудың беті қайтқаннан кейін қызылиек эпителийіндегі мүйізгектену үрдісін тезірек қалыпқа келтіру үшін А,Е витаминдерінің майлы ертінділерін, солкосерил жақпасын немесе гелін, ротокан, әртүрлі өсімдік майларын (итмұрын, шабдалы, шырғанақ, зәйтүн майлары) қолдануға болады.
Қажет болса физиотерапиялық емдеу шараларын (электрофорездеу, дарсонвализациялау, қызылиекті сумен, қолмен, вибратордың көмегімен массаждау).
Әртүрлі тістер және тістем ауытқуларын емдеу .
Ауыз ішіндегі жұмсақ тінді анатомиялық құрылымдардың әртүрлі ауытқуларын қалпына келтіру үшін (төмен-жоғары және тарта орналасқан ерін мен тіл үзбелері (тартпалары), таяз қалыптасқан ауыз кіреберісі) реконструкциялаушы операциялар жасау.
Қызылиектің катаралды қабынуы кезінде жалпылай емдеуді де ұмытпаған жөн. Ол үшін антигистаминдік препараттар (димедрол, супрастин, тавегил, фенкарол, пипольфен), витаминдер және макро-микро элементтер жиынтығын (поливит, дуовит, триовит, макровит, уникап, олиговит, витрум және б.) тағайындау керек. Қызылиектің қанағыштығын азайту үшін алғашқы күндері аскорбин қышқылының үлкен мөлшерін (300 мг. дейін) немесе аскорутин, викасол тағайындау артық болмайды.
5. Балаларда қызылиектің өсе қабынуын емдеу әдістері Жергілікті емдеу шаралары қабынудың түріне, ауырлығына байланысты жүргізіледі және қосалқы-себепті ықпалдарды да ескерген тиімді болады.
Өсе қабынудың домбыққан түрінде тіс шөгінділерін мұқият алғаннан кейін негізгі немесе қосалқы ықпалдардың әсерін (дұрыс қойылмаған пломбылар, жасанды сауыттар, протездер, ортодонтиялық конструкциялар) жоюға тырысу керек. Жүргізілетін ем нәтижелі болу үшін қызылиегі қабынған адамды ауыз гигиенасын дұрыс сақтауға машықтандыру керек. Қызылиектегі қабыну және домбығу үрдісін тежеу үшін құрамында глюкокортикоидтар, қабынуды тоқтататын дәрілер бар жақпаларды (0,025% синафлан, Гиоксизон, Лоринден-А, Лоринден-С, преднизолон, гепарин жақпалары, гепароид) пайдаланады. Қызылиек домбығуы біраз басылғаннан кейін дәнекер тінді склероздайтын дәрілер қолданады. Ол үшін глюкозаның 50-60% ертіндісін, кальций хлориді мен кальций глюканатының 10% ерітінділерін, этил спиртінің 90% ерітіндісін әрбір ұлғайған қызылиек бүртігінің ұшына 0,1-0,2 мл. енгізеді. Емдеу курсы 3-8 сеанстан тұрады және инъекция күн сайын немесе екі күнде бір рет жасалынады.
Сонымен қатар «Мараславин» және «Полиминерол» сияқты Болгар республикасында шығарылатын препараттардың да склероздаушы қасиеті бар. Қызылиектің өсе қабынуының домбыққан түрі көбінесе екіқабат әйелдерде, жас өспірімдерде (юноши) жиірек кездесетіндіктен, көпшілік жағдайда организмдегі гормональдық ауытқулар дұрысталғаннан кейін, ұлғайған қызылиек бүртіктері қайта қалпына келеді. Сондықтан өсе қабынған қызылиек дәрілердің көмегімен қалпына келмесе, белгілі уақытқа дейін (екіқабат әйел босанғанға, жас өспірім жыныстық жетілуге дейін) хирургиялық емдеу әдісін қолдануды тоқтата тұру керек.
Егер қызылиектің өсе қабынуы әртүрлі тістем ауытқуларына және тістердің ауытқи орналасуымен байланысты болса, оларды түзетуге арналған ортодонтиялық және ортопедиялық емдеу шаралары жүргізіледі. Жалпылай емдеу үшін С және Р витаминдерін және басқа да витаминдер жиынтығын тағайындау қажет.
Қызылиектің өсе қабынуының фиброзды түрін емдеу.
Қызылиек қабынуының бұл түрін дәрілермен емдеу аса жақсы нәтиже бере қоймайды. Сонда да дәрілерді тиімді пайдаланса, ұлғайған қызылиек бүртіктерінің көлемі белгілі бір дәрежеге дейін кішіреюі мүмкін.
Тіс шөгінділерін алып, қабынудың негізгі және қосалқы себептерін жойып, қызылиегі қабынған адамды ауыз гигиенасын дұрыс сақтауға үйреткеннен кейін дәрілермен жергілікті емдеу шараларын жүргізеді. Қызылиек бүртіктерінің өсуін тоқтату үшін құрамында глюкокортикоидтары бар жақпаларды қызылиекке күніне 2-3 рет сіңірген тиімді. Себебі олар қабыну ошағында жаңа грануляциялық тіннің өсуін, фибробластардың көбеюін, коллагеннің құрылуын тежейді. Ол үшін Лоринден-А, Лоринден-С, Оксикорд, Фторокорт жақпаларын пайдаланған тиімді. Қабыну ошағында қан тамырларының қысылуынан туындаған қанның іркілуі мен ұюын жою үшін гепарин жақпасын сіңірген де тиімді. Глюкокортикоидты жақпаларды 5-6 күн қолданғаннан кейін 3% апилак жақпасын қоса пайдалана бастау керек. Себебі апилак жақпасы қызылиектегі ірі және жуан коллаген талшықтарының жіңішкеріп, көлемінің кішіреюуіне үлкен әсерін тигізеді. Дәрілермен жергілікті емдеу курсын 8-10 күндей жүргізу керек. Бұл кезде жалпылай емдеу шараларын да ұмытпаған жөн. Ол үшін аскорутин, витаминдер кешенін тағайындап, никотин қышқылының 1% ертіндісін тері астына, лидаза ертіндісін бұлшық етке салған (10-15 инъекция) тиімді. Ұзақ уақыт бефунгин (чага) қабылдау керек (бір ас қасықтан күніне 3 рет).
Физиотерапиялық емдеу шараларынан қызылиектің ұлғая қабынуын емдеу үшін Дарсонваль тогын, гепаринмен электрофорездеу, фонофорездеу, сумен массаждау әдістерін қолдануға болады.
Қызылиектің ұлғая қабынуын дәрілермен емдеу бірғана курспен шектелмеу керек, емдеу шараларын 2-3 курс қайталаған жөн (әрбір 2-3 айдан кейін).
Жүргізілген дәрілік емдеу шараларының нәтижелілігі ойдағыдай болмаған кезде (қызылиек қалпына толық келмеген жағдайда) хирургиялық емдеу әдістерін (гингивэктомия, криодеструкциялау, диатермокоагуляциялау, қуатты лазермен қуыру) қолданып, қызылиектің артық бөлігін (ұлғайған бөлігін) алып, косметикалық талапты қанағаттандырады.
6. Балаларда жаралы гингивитті емдеу әдістері Қызылиек қабынуының бұл түрінің негізгі себебі микроорганизмдер болғандықтан, жергілікті емдеу шараларының құрамында бактерияларға қарсы дәрілер қолданған жақсы нәтиже береді. Қызылиегі өліеттеніп-жаралана қабынған науқасты емдеу кезінде көзделетін мақсаттар: ауыру сезімін азайту, өліеттену үрдісін және қабынудың қызылиектен ауыздың басқа аймақтарындағы кілегей қабыққа жайылуын шектеу, жараның жазылуын жылдамдату,жергілікті және жалпылай ммунитетті көтеріп, аурудың қайталанбауын қамтамасыз ету.
Емдеу жоспары:
Ауыру сезімін басу (аппликациялық немесе аэрозольанестезияны, қажет болса инъекциялық анестезияны қолдану). Аппликациялық анестезия үшін новокаиннің 2% ертіндісі, лидокаиннің 2-10% ертінділері, тримекаиннің 2% ертіндісі және 10% лидокаин-эорозоль пайдаланылады.
Құрамынан хлор мен оттегі иондары бөлінетін және нитрофуран қатарындағы (фурагин, фурацилин, фуразолидон) антисептиктердің жылы ертінділерімен ауыз ішін, тістераралық кеңістіктерді мұқият жуып тазалайды.
Тіс беттеріндегі жұмсақ және қатты шөгінділерді алып, қызылиекті өліеттенген тіндерден тазалайды (антисептиктерге малынған мақта анжымен сүртіп, немесе экскаватормен қырып алады. Қажет болса зарарсыздандырылған кішкентай өткір қайшыларды пайдалануға болады). Толық ыдырай қоймаған өліетті тіндерді ыдырату үшін ферменттер ертіндісімен (трипсин, химотрипсин, лидаза, лизоцим, лизоамидаза) жарақат ошағына аппликат жасауға болады. Осы мақсатта Ируксол жақпасын да қолданған тиімді.
Өліеттен тазарған жара беттеріне құрамында антибиотиктер немесе антибактериальды дәрілер, кортикостероидтар бар жақпалардан аппликат қояды. Ол үшін құрамында фурацилин, синтомицин, анестезин бар «Фастин-1» және «Фастин-2», фунгицидті және фунгистатикалық әсері бар 3% октатион жақпасы, құрамында метронидазол бар «Метрагил-Дента», «Гиоксизон» жақпаларын пайдалануға болады. Жаралы ошақта саңырауқұлақтардың дамуына қолайлы жағдай туатын болғандықтан, құрамында саңырауқұлақтарға қарсы әсер ететін дәрілер бар жақпаларды да (нистатин, леворин, клотримазол, Ларинден-А жақпалары) пайдалануға болады.
Қызылиектің өліеттеніп-жаралана қабынуын емдеу үшін құрамында норсульфазол, стрептоцид, тимол, эвкалипт және жалбыз майлары, спирт, қант, глицерин, тұрақтандырушы беткейлік-белсенді заттар бар «Ингалипт-аэрозоль» қолданса, емдеу шаралары өте тиімді болады.
Ауызды жуып-шаюды, қызылиекке дәрілерден аппликат қоюды күніне 3-4 рет қайталаған жөн. Науқас 3-4 рет дәрігер-стоматологқа күніне келе алмайтын болғандықтан, мүмкіндігінше жергілікті емдеу шараларын жүргізуді өзінің үйреніп алғаны дұрыс (оларды уйінде өзі қайталау үшін).
Емдеу шаралары дұрыс жүргізілген жағдайда 2-3 күннен кейін-ақ қызылиектегі жаралы ошақ өліеттен тазарып, қабыну үрдісінің беті қайта бастайды. Бұл кезде құрамында кортикостероиды бар жақпаларды қолдануды тоқтатып, жараның жазылуын жылдамдататын жақпаларды (3% солкосерил, 5-10% метилурацил, 3% апилак жақпалары, 1-2% тезан, алой линименттері) пайдалана бастайды.
