- •3.Пародонт ауруларының этиологиясы және патогенезі. Жергілікті факторлар:
- •II. Жұқпалы аурулар:
- •III. Аллергиялық аурулар:
- •IV. Экзогендік уыттану кезіндегі ауыз кілегей қабығындағы өзгерістер.
- •Пародонтальдық индекс (пи)
- •3 Жасқа дейінгі балаларда жгс пайда болу себептері.
- •35.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарының төменгі және жоғарғы жақтарда таралу ерекшеліктерін айтыңыз
- •36.Балаларда жоғары еріннің туа біткен жырығының туындауына әсер ететін экзогенді және эндогенді факторларды атаңыз. А. Эндогенді себептер:
- •37.Балаларда таңдайдың туа біткен жырығының туындауына әсер ететін экзогенді және эндогенді факторларды атаңыз а. Эндогенді себептер:
- •39.Балалардағы пародонтиттерінің этиологиясы мен патогенезін атаңыз. Жергілікті факторлар:
- •41.Балаларда жедел одонтогенді остеомелит кезіндегі негізгі тексеру әдістерін атаңыз. Шағым-анамнез-қарап тексеру
- •44.Балаларда кездесетін идиопатиялық аурулардың этиологиясы мен жіктелуін жазыңыз
- •45.Балаларда тістердің жарақаттарының жіктелуі мен себепші факторларын айтыңыз
- •9.Созылмалы атрофиялық кандидоздың клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз
- •19.Тіл ауруларының диагностикасын және диф.Диагностикасын ажыратыңыз.
- •20. Көптүрлі экссудативті эритема кезіндегі пайда болатын морфологиялық элементтерге сипаттама беріңіз.
- •30.Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарының диагностика және ажырату диагностикасын ажыратыңыз.
- •35.Балалар мен жасөспірімдерде стжб ауруларының клиникалық көрінісі және диагностикалық әдістерін атаңыз.
- •36.Балаларда жоғарғы жақ сынуы кезіндегі клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз.
- •39. Ауыз қуысында созылмалы кандидоздың симптомдары байқалады. Дәрігер стоматолог қандай ем шараларын жүргізеді. Жалпы емдеу:
- •44.Тетж бар балаларды сатылы реабилитациялау принциптері.
- •Ауруды жалпылай емдеу.
- •17. Стивенс-Джонсон синдромының емдеу ерекшеліктері
- •20. Ауыз қуысында жедел псевдомембранозды кандидоздың симптомдары байқалады. Сіз қандай ем шараларын жүргізесіз. Кандидозды емдеу
- •21. Ауыз қуысында қайталамалы ұшықты стоматит симптомдары байқалады. Сіз қандай ем шараларын жүргізесіз.
- •23. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында шұғыл түрде дамитын аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері
- •24. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында баяу түрде дамитын аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері.
- •25. Балалардағы жақсүйек-бет аймағының абсцесстері мен флегмоналарын емдеу ерекшеліктері. Жақ-бет аймағы флегмоналарын емдеудің негізгі қағидалары
- •28. Балалардағы ауыз қуысының сілемейлі қабығының аллергиялық ауруларын емдеу ерекшеліктері.
- •29. Балалардағы ауыз қуысының шырышты қабатында шұғыл түрде дамитын аллергиялық ауруларға жүргізілетін емдік шаралар. Қайсы ауруына именно???
- •34. Таңдайдың туа біткен жырығын емдеу прициптері мен операцияларының нәтижелері. Туа пайда болған таңдай жырықтарын хирургиялық емдеу принциптері.
39. Ауыз қуысында созылмалы кандидоздың симптомдары байқалады. Дәрігер стоматолог қандай ем шараларын жүргізеді. Жалпы емдеу:
Полиен тобындағы антибиотиктер;
нистатин 500.000 бірлік күніне 3-4 рет (сөткелік мөлшері 1.5 00 000 – 3. 000. 000 бірлік). Таблетканы ауызда ұстап сорады немесе шайнап жұтады.
леворин 500.000 бірлік күніне 2-4 рет (оны да ұртына қойып сорады)
амфотерицин В. - өте ауыр ағымды жүйелі микоздар кезінде қолданады, аса уытты дәрі, сондықтан көктамырға құяды немесе ауызбен жоғарғы тыныс жолдары кандидозы кезінде ингаляциялау тәсілімен қолданады. Ингаляциялауды күніне 1-2 рет 15-20 минуттай уақытша жүргізеді және ертіндіні 50.000 бірлік дәріні 10 мл дистилденген суға қосу арқылы дайындайды.
Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы дәрілер (имидазол және триазол туындылары);
кетоконазол (низорал) күніне 1-2 түймедақтан (0,2-0,4 г) екі апта бойы, одан кейін толық сауыққанға дейін күніне 1 түймедақтан бір рет қабылдайды, миконазол 0,25 г күніне 4 рет қабылдайды; конестенді (клотримазол) осы мөлшерде тағайындайды. Соңғы шығарылған дәрілер: флуконазол (дифлюкан), орунгал, ламизил саңырауқұлақтарға қарсы жоғары белсенділік көрсетеді.
декамин карамель құрамында (0,15 мг), әрбір 3-5 сағатта 1-2 карамелден сору керек;
миконазол-гель - өлшемді қасық мөлшерінің ½ бөлігін күніне 4 рет қабылдайды және ауызда ұзақ ұстап тұрып жұтады;
Антигистаминдік дәрілер – супрастин, фенкарол, пипольфен, тавегил 0,025 г күніне 2-3 рет, кларитин бір түймедақтан күніне 1 рет қабылдау керек.
Иодты препараттар: иодты калийдің 3% ертіндісі, ас қасықпен күніне 3-5 рет қабылдау керек, соңынан сүт немесе жылы су ішу керек (көбінесе созылмалы кандидоз кезінде қолданылады).
Жергілікті ем:
Сілтілі ертінділер қолданылады:
бураның натрий тетробораты 2-4% ертіндісі; сода бор қышқылының 2% ертінділері ауызды күніне 2-3 рет шаю үшін, немесе емшектегі баланың ауызын, алмалы-салмалы протездерді өңдеу үшін қолданылады.
бураның глицериндегі немесе өсімдік майларындағы 10-15% сүзбесін жарақат ошағын өңдеу үшін;
Анилинді бояулар:
а) 1-2% метилен көгінің судағы ерітіндісі, бриллиант жасылы, фукорцин, генцианвиолет ерітінділерін жарақат ошағын өңдеуге пайдаланады.
б) иод құрамды дәрілер:
иодинолдың 0,1% ерітіндісін, Люголь ертіндісін кандидоздық ауыздықтар пайда болған аймақтарды өңдеу үшін (күніне 3-4 рет) пайдаланады.
Саңырауқұлақтарға қарсы жақпамайлар: нистатин (1%), леворин (5%), декамин (1%), канестен (клотримазол-1%), ламизил (1%), тербизил, миконаз, т.б., жақпаларды жарақат ошағына бастырма ретінде қолданады немесе жағып сіңіреді.
40.Жедел ұшықты стоматитке тән белгілерді , бөртпелердің сипаты мен таралуын айтыңыз. ауыз кілегей қабығында жайылған қызару ошақтары пайда болып, ісіну, домбығу , балаларда сонымен қатар қызылиектің катаральды қабынуы байқалады, кейде қызылиек жиегі эрозияланып кетуі де мүмкін. Ересек балалармен үлкен адамдар ауыз ішінің ысып, күйіп, сыздап ауыратынына, қышуына, сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Кілегей қабақта ішінде мөлдір сұйық бар ұсақ көпіршік бөрткендер шыға бастайды және топтаса орналасқандықтан сандары да әртүрлі болады. Бірнеше сағаттан кейін бөрткендер жарылып, орнында диаметрі 1-5 мм домалақ, сопақ пішінді беті ақшыл-сұр өліетті қақпен немесе сары-сұр фибринді қақпен жабылған эрозиялар пайда болады. Көптеген көпіршіктердің бірігіп барып жарылуынан пайда болған эрозиялар белгілі пішінсіз полигональды (көпбұрышты) болып келеді (сурет-10).
Көпіршік бөрткендер көбіне таңдайда, тілдің үстінде, қызылиекте, ұртта, ерінде орналасады. Ауыр жағдайда ерін, ерін жиектері мен жақын орналасқан тері аймақтары да жарақаттанады. Бөртпелер шыға бастасымен дене қызуы төмендей бастайды, кейде олар бірнеше рет қайталана шығып отыруы мүмкін. Осыған байланысты дене қызуының көтерілуі де қайталанады және бөртпелерді әртүрлі даму сатысында байқауға болады.
Пайда болған эрозия ошақтары 5-7 күнде жазыла бастайды және емдеу шаралары дұрыс жүргізілген жғдайда жазылуы жеделдейді.
Продрамальды кезеңде дамыған аймақтық лимфаденит пен қызылиек қабынуы аурудың барлық кезеңінде, тіптен эрозиялар жазылғаннан кейін де 5-10 күн шамасында сақталады. Аурудың орташа ұзақтығы 1-3 жетіге созылады
41. Балаларда жоғарғы еріннің туа біткен жырығы кезіндегі клиникалық көрініске сипаттама беріңіз. Анатомиялық және функционалді бұзылыстар.Жоғарғы ерін жырығы кезінде қосымша анатомиялық бұзылыстар байқалады: мұрын қанатының формасы өзгереді( ол шығыңқы болып келеді, перегородка қарама қарсы жаққа ығысады), еріннің терілі бөлігі қарама қарсы жаққа қарай қысқарады.
Жоғарғы ерін жырығы кезінде бала өмірінің бірінші күнінен бастап ауыз қуысының герметикалылығының төмендеуінен сору функциясы бұзылады.
Жоғарғы еріннің жасырын және жартылай жырықтары кезінде бала анасының омырауын алуы мүмкін, жоғарғы жақтың қалыпты дамыған альвеолярлы өсіндісіне және таңдайға омырау тіндерін қысып , сору актісіне қатысатың еріннің дамымаған бұлшықеттерін тілдің белсенділігімен компенсирлеу арқылы. Жырықтардың басқа формалары кезінде баланың тамақтануы тек қана жасанды болуы мүмкін. Сору функциясының ауыр формалары ерін және таңдай жырықтары бірге кездескен балаларда байқалады.
43. Балаларда таңдайдың туа біткен жырығы кезіндегі клиникалық көрініске сипаттама беріңіз. Таңдайдың туа пайда болған жырықтары. Жіктелуі, анатомиялық және функциональді бұзылыстар.
Лимберг-Дубова бойынша жіктелуі
1. Тесікті жырықтар(сквозные) (жұмсақ, қатты таңдай және альвеолярлы өсіндінің ақауы);
-бір жақтылы
-екі жақтылы;
2. Тесікті емес жырықтар(несквозные) (альвеолярлы өсінді дұрыс қалыптасқан кездегі ақау, ақау тігіс маңында байқалады): егер ақау күрек тістік саңылауға дейін жетсе, онда жырық толық, қалғандары – тесікті емес толық емес. Жасырын жырықтар болуы мүмкін- сүйек аймағындағы ақау, ал оның үстінде қосылған сүйек үсті және шырышты қабық.
Анатомиялық және функциональді бұзылыстар.
- Ауыз қуысының және мұрын қуысының жалғасуы(сообщение)
- Альвеолярлы өсіндінің ығысуы
- Жұмсақ таңдай қысқарған(дамымаған)
- Атоникалық кең(қозғалмайды)
- Табиғитамақтандару мүмкін емес
- Жұтыну функциясының бұзылуы
- Сыртқы тыныс алудың бұзылуы. Дем алған кезде мұрын қуысының және ауыз қуысының жалғасуы сыртқы тыныстың кедергісіз жоғарғы тыныс жолдарына түсуіне алып келеді. Балалар беткей тыныс алуға үйренеді. Балалардағы беткей тыныс алуы минутына дем алу ұзақтығының компенсациясының ұлғаюына алып келеді. Өсе келе компенсация бұзылады. Балалардағы сыртқы тыныс алудың жетіспеушілігі ЖТЖ және өкпенің қабыну ауруларына қарсы тұруын төмендетеді.
- Сөйлеу бұзылады – ашық рина жұмсақ таңдайдың және әлсіз жұтқыншақтың қызметі бұзылғанда пайда болады. Балалар сөздерді түсініксіз , ақырын дыбыстап сөйлейді. Таңдайлы, таңдайлы –тілді және барлық шипящий дыбыстар дұрыс емес естіледі.
- Ауыз қуысынан сұйық тағамның мұрын қуысына тұрақты түсуі мұрынның шырышты қабатының тітіркенуне және созылмалы қабыну ошақтарының дамуына алып келеді.
