Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бутліп Аяжан лт. мек..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
330.75 Кб
Скачать

II сынып оқушыларына берілген сөйлесу үлгісі:

"Менің отбасым" тақырыбы

- Сенің атың кім? – Менің атым – Ғалия.

- Сен нешінші сыныпта оқисың? – Мен екінші сыныпта оқимын.

- Сенің отбасында неше адам бар? – Менің отбасымда алты адам бар.

- Олар кімдер? – Атам, әжем,әкем, шешем, сіңлім және мен.

"Менің үйім" тақырыбы

- Сен қайда тұрасың? – Мен Алматыда тұрамын.

- Үйлерің қай көшеде? – Үйім Сайын көшесінде.

- Нешінші үй? – № 62 үй.

- Нешінші пәтер? - № 10 пәтер.

- Пәтер нешінші қабатта? – Пәтер үшінші қабатта.

"Біздің сынып" тақырыбы

- Бұл нешінші сынып?

- Бұл екінші сынып.

- Сынып нешінші қабатта?

- Сынып бірінші қабатта.

- Сыныпта не бар?

- Сыныпта үстел, парталар, орындықтар, шкаф, тақта бар.

- Партада не жатыр?

- Партада кітап, дәптер, қалам жатыр.

Айтылым әрекетінің нәтижелі болуы – мұғалімнің үлгі бола алуында, көрнекіліктер жеткілікті пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын оятып, әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, жұмысты іскерлікпен ұйымдастыра білуінде.

Тілдесім арқылы оқу, жазу, тыңдау, сөйлесуге үйрету жүзеге асырылады. Оларға байланысы мұғалім әр түрлі жұмыстар ұйымдастырады. Оқушылар тілдесу арқылы бір-бірімен ой бөліседі, жөн сұрасады.

Тілдесім әрекеті II сыныпта "Танысу" атты тақырыптан басталады. Мұғалім лексикалық тақырып пен грамматикалық тақырыпты қалыптастыра өту мақсатында алдымен практикалық түрде лексикалық тақырып бойынша барлық оқушылармен жұмыс жасайды. Кейін грамматикалық тақырыпты оқушының санасына берік қалыптастыру үшін жаттығулар ауызша және жазбаша жүргізіледі. Сол сияқты "Менің отбасым" тақырыбында кім? не? сұраққа жауап беретін сөздердің мағынасы түсіндіріледі. "Біздің сынып" тақырыбында не істеді? Деген сұраққа жауап беретін қимыл-сын әрекеттерді білдіретін сөздерді көрнекіліктер арқылы түсіндіру мұғалімге ең тиімді болады. Сол сияқты көптік жалғауларды (-лар, -лер, -дар, -дер,-тар, -тер) кеспе суреттермен, заттармен көзбен көріп, қолмен ұстап көру принциптерімен, практикалық жолмен үйрету мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Неше және нешінші сұрақтарының айырмасының мұғалім сыныптағы заттар арқылы оқушылардың санасына берік қалыптасу керек. Тілдесім әрекетін іске асырудың тағы бір жолы – ол математика пәнімен байланыс жасап, есептер шығару. Бірінші мақсат – оқушының қисынды ойлау қабілетін жандандыру болса, екінші басты мақсат – оқушыны сөйлету, амалдарды қазақ тілінде орындату. Бұл жұмыс түрін оқушылар үлкен қызығушылықпен орындайды.

Бағдарлама бойынша берілген оқулықтағы барлық тақырыптармен мұғалім алдын ала дайындалған әдістемеге сүйене отырып жұмыс жасап, алға қойған мақсаттарды орындауына болады деп сенеміз.

V сынып оқулығының авторы – Ж. Адамбаева. Оқулық 6 блоктан тұрады, әрбір блоктың іші 12-15 мәтіннен құралған. Әрбір мәтін шығармалардан алынған. Оқулықта 70 параграф, " Суреттер мен 250 жаттығу және қосымшалар" деген атпен тіл дамыту грамматикалық ережелер берілген. Әдістемелік нұсқаулар болады. Диктантты 5-10 минут өткізу керек. Шығарманы жазбаша, уақыт жетсе ауызша да өткізуге болады. Қазақ тілі оқулығы ( 5-сынып) оқушылардың сөйлеу әрекетін ( түсіне білу, сөйлеу, оқу, жазу, аударма) дамыту мақсатында төмендегідей тақырыптар бойынша қарастырылады: Мектеп және біз, менің достарым, жыл мезгілдері, біз ауылда, қалада тұрамыз, біздің еліміз, жануарлар әлемінде. Тақырыптар 6 блокқа бөлініп (әр блок 11, 12 мәтіннен) беріледі. Оқулыққа енген мәтіндер әдеби шығармалардан алынады. Әр блоктың соңында " өткенді қайталау" деген атпен алдыңғы материалды еске түсіру, пысықтау мақсатында жаттығу, өздеріңді тексеріңдер (қажетті тақырыптар төңірегінде), жаңа сөздерді еске түсіру секілді, т.б. тапсырмалар қамтылады. Мұндай қайталау сабағының мақсаты – жаңа сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер, ережелер, өлең, мақал, жұмбақтарды еске түсіру жолымен қазаақша ауызекі сөйлеуге,сауатты жазуға жаттығу. Бағдарламадағы (5-сыныпта өткізетін) жиырма бір грамматикалық мағлұматтар бөлек тақырып болып оқылмайды. Олар параграфтың ішіне енеді. Өйткені, оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі екінші тіл есебінде оқылатындықтан, ол жазумен екі пәннің басын қосады. Атап айтқанда, әдебиеттік оқу (мәтіндер, сұрақ, сөздік, сурет, өлең, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш), қазақ тілі (ережелер, жаттығу, тапсырма, кестелер) пәндерін қамтиды. Ережелер оқушыларға түсінікті болу үшін орыс тілінде, ал жаттығу шарттары қазақша беріледі.

Мемлекеттік тілді игеруде (оқуда ) мәтіндер оқулықтың өзегі болса, басқа материалдар соның салалары іспеттес. Мысалы: мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оған сөздік,сұрақ, сурет беріледі. Ал қажетті ережелер мәтіннен соң тұрады. Сөздіктің түрлері жаңа сөздер, сөз тіркестері, тұрақт ысөз тіркестер, синанимдік, омонимдік, антонимдік болып бөлек-бөлек жасалады. Әсіресе, әр мәтін бойынша сөз іркестерінен жұмыс жан-жақты өткізілуі тиіс. Оқушылар мәтіндегі сөз тіркестерінің мағынасын түсініп, сол бойынша жұмыс жүргізу арқылы мәтіннің мазмұнын түсінетін болады. Мәтіннің мазмұнына түсінген оқушы басқа жұмыстарды еркін орындай алады. Мәтін бойынша сұрақтармен жұмыс түрі тапсырма, сөйлеуге жалғасады. Грамматикалық ережелерді түсініп, оның практикалық көрінісін орындау үшін жаттығулар (түрлі шарттары болады) мен кестелер қажет. Оқулықта әр мәтін бойынша суреттер, мақал, жұмбақ, жаңылтпаштар мен "Есіңе сақта", "Түсінік", "Жаттап ал", "Тез айтып жаттық", т.б. тапсырмалар қамтылған.

Сонымен оқулық 70 параграфтан (суреттермен), 255 жаттығудан , тапсырмалар және "Қосымшалар" деген атпен тіл дамыту мәтіндері , тақырыптық сөздіктер, грамматикалық кестелерден құрастырылды . Қазақ тілі оқулығының әдістемелік нұсқауы мұғалімдерге арналған. Мұнда оқулық материалдарын қандай әдіс-тәсілдермен оқытудың жолдары , үлгісі көрсетіліп , күнтізбелік жоспар жасалған. Күнтізбелік жоспарда көрсетілген жазба жұмыстарының ( әр тоқсарда 3-4-тен ) бағалары журналға қойылады . Бұған қарап , жазба жұмыстары осы мөлшерде ғана өткізіледі деген пікір тумайды . Vcыныпта мүмкідігінше жазба жумыстары әр сабақ сайын өткізілуі тиіс , бірәқ ол жұмыстардың бағалары журналға үнемі қойылып отыруы шарт емес.

Мазмұндама, шығарма жұмыстарын әр мәтін сайын ауызша ( уақыт жетсе жазбаша да ) өткізіп отыруды әдетке айналдырғанда ғана оқушылар қазақша сауатты жазуға үйрететін болады. Ал диктантты әр түрлі сабақ сайын ( 5-10 минуттық ) өткізуді дағдыға айналдырған жөн.

Әдістемелікке сөйлеу әрекеті ( түсіне білу, сөйлеу, оқу, жазу ) тақырыптар бойынша ( мектеп, достарым, жыл мезгілдері, бір ауылда, қалада тұрамыз, біздің еліміз, жануарлар әлемінде), сондай-ақ тілдік материалдар ( үндестік заңы, сөз құрамы, зат есімнің жалқы, жалпы, сан есімнің дара, күрделі түрлері, бастауыш пен баяндауыш, етістіктің үш шағы, жіктік, тәуелдік жалғаулары, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі, т.б. ) негізінде құрастырылды. Әдістемелікте грамматикалық материалды оқытуда ең қажетті және жиі кездесетін әрі жеғңл меңгерілетін тұлғаларды жеңілден ауырға қарай дене ұстаныммен оқытады, яғни оқушыларды граммиткалық курсы бойынша тілдік құбылыстарды бақылауға, талдауға, қорытынды жасауға, дәлелдеудде дағдыландырады. Мұнда дидактикалық ұстанымдар да (оқу материалдарының оқушылардың ұғымына сай болуы сабаққа саналы қарауы, тапсырмаларды өз беттерінше орындайтындай болуы, білім негіздерінің меңгерілуі ) ескеріледі. Қазақ тілінің дидактикалық материалдары V сынып оқушылары жас ерекшелігін, қазақ тілін меңгеру дәрежесін, сөздік қорларын ескере отырып, оқулықтағы материалдарға толықтыру мақсатында жасалады. Дидактикалық материалдардың мақсаты – оқушылардың тілін дамытуда, тіл үйренуде сөзді қорын байыту құралы ретінде мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

V сынып оқулығының авторы – К. Сариева. Оқулық 24 анықтамадан, 280 жаттығудан, 42 тапсырмадан, 28 мәтінге талданған, қазақша-орысша сөздікпен және арнайы этномәдени материалдардан тұрады. Бұл оқулықтың мақсаты оқушылардың сөздік қорын байыту, сонымен қатар, оларға ауызекі қазақша дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға, бір-бірімен сөйлесуге, оқығанын, көргенін, естігенін қысқаша әңгімелеп беруге үйрету. Ал танымдық мақсатта қазақ тілін пән ретінде оқыту арқылы оқушыларға қазақ халқының тұрмысы, мәдениеті, тіл туралы мағлұматтар беріледі. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту барысында тәрбиелік мақсат көзделеді.Оқушыларды қазақ тілі және әдебиетімен таныстыру барысында оларға азаматтық, адамгершілік рухта тәрбиелеу ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға қатысты материалдар пайдаланылады.

Қазақ тілі ретінде оқытудағы міндеттер:

- оқушыларға жас ерекшелігіне сәйкес орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтарды үйрету;

- қазақ тілі грамматикасын кейбір ерекшеліктерін орыс тілі грамматикасымен байланыстыра оқыту;

- оқушыларды мәтіндерді түсініп, мәнерлеп шапшаң оқуға дағдыландыру;

- оқушылардың сөйлеу тілін дамыту;

- оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.

IX сынып оқулығының авторлары – К. Сариева, Ғ. Сағатова. Оқулықта білім деңгейі екі деңгейде ұйымдастырылған. Міндетті деңгей материалдары шет тілді оқушыларға ( орыс, неміс, корей) , ал мүмкіндік деңгей материалдары қазақ және өзге де түркі тілді оқушыларға арналған. Бұл днңгейлерде орындайтын талаптар тән бағдарламасында көрсетілген. Өзге тілді оқушыларға қазақ тілінен білім беру мақсаты – өзге тілді оқушылардың қазақ тілін еркін меңгеріп,сауатты жазып, саналы түрде үйретіп, түсініп, тұрмыста, кәсіпкерлікте, қоғамдық, мемлекеттік ортада сөйлей білуге үйрету.

Қазақ тілін оқытудың негізгі мазмұндық бағыттары

" Қазақ тілі " пәнінің мазмұнының негізгі жолдары:

- қазақ тілінде сөйлей білу бағдарын қалыптастыру ( қарым-қатынастық, біліктілік) ;

- линвгистикалық білім жүйесін танып-біліп ( тілдік біліктілік ).

Оқулық құрылымы алты лексикалық тақырып ( модуль ) бойынша топтастырылған. Олар:

I. Біз және біздің достарымыз.

II. Қазақ елі.

III.Мәдениет.

IV. Тіл тарихы.

V. Өнер.

VI. Кино өнері.

Әр тақырып бірнеше сабақтан тұрады. Әр сабақтың мақсаты сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін игеру арқылы тілдің қарым-қатынастық қызметін іске асырады.

IX сынып оқушылары мектептің негізгі сатысында алған білімдерін жинақтап, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің ( түсіну, оқу, жазу, сөйлеу ) білік пен дағдыларын қалыптастыра алады. Осы кезде оқушылар тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі мәтін ұсынады. Оның ішінде ресми қарым-қатынастарға аса мән беріледі. Мәтінмен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Мәтін бойынша жоспар құрып, конспект, реферат, шығарма жазады, үлгі бойынша мәтін құрастырып жаттығады.

Сөйлеу түрлерін игеру шарттары

IX сыныпты бітірген оқушы сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау сияқты сөйлеу әрекетінің түрлерін жеке меңгеруі тиіс.Оқулықтағы сабақ мақсаттары осы талаптарды орындауға бағытталған.

Оқу талаптарын орындау:

- таныс емес сөздердің мағынасын сөз құрамы, контексте , сөздік арқылы анықтау;

- грамматикалық тұлғаларды айыра білу;

- сөз тіркесін сөйлем ішінде айыра білу;

- сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді тану;

- басыңқы және бағыныңқы сөйлемдерді айыра білу;

- мәтіндегі деректерді бағалау, өз ойын жеткізу;

- басты және қосалқы мәліметтерді айыра білу.

Түсінік тыңдау:

  • таныс емес сөздерді сөзжасам, конспект арқылы тану;

  • мәтіннің аты бойынша тақырыбын түсіну, оның мазмұнын бірнеше сөз арқылы анықтау;

  • мәтінді түсіну үшін сөз, сөз тіркестерінің байланысын ұғыну;

  • естілген мәліметтің негізгі мазмұнын есте сақтау арқылы айта білу;

  • оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру қажет. Ол үшін сөйлемді синтагмаға бөліп оқытуға әр сабақта мән берілуі керек.

Монолог шарттарын орындау:

- тақырып бойынша өз ойын айту;

- өз ойын білдіру үшін мәтін құрастыру;

- бірнеше сөйлемдерді мәтінге үйлестіру;

- хабарлау, суреттеу, пікірлесу түрінде мәтіндерді құрастыра білу;

- кім, не туралы, кімге, не үшін жазған, айтқан? Деген сұрақтар арқылы мәтінді бағалау;

- өз ойын стиль ерекшелігіне байланысты ( ғылыми, публицистикалық, ресми стиль) жеткізе білу;

- өз ойын жүйелі, дәлелді, тиянақты айтып жеткізуге үйрету.

Диалог шарттарын орындау:

- сөйлеушіні тез түсіне білу;

- сұрақ қоя білу;

- әңгімені бастау, жалғастыру, аяқтау қабілетін дамыту.

Жазу:

- естіген, оқыған мәтінді жазбаша мазмұндау;

- сөйлемдерді мазмұнына байланысты топтастыру;

- тақырып бойынша мәтін құрастырып жазу.

Осы шарттар әр сабақ мақсатына тән [4, 36-49б.б.].

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жай-күйіне шолу және мәдениеттаным бағытында оқыту

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - дей отырып, басым міндеттердің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту» - деп көрсеткен [10]. 

Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы өшпей, жалғасып келе жатқаны – тіл құдіреті мен танымының тереңдігінің көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен тоқып-түйгенін ойлап-толғап, қорытып, келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны – табиғи заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымыз бен баға жетпен құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда ана тіліміздің ролі зор. Еліміздің егемендік алып, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждер мен лицейлерде қазақ тілін ана тілі ретінде, екінші тіл ретінде оқыту жұмыстары жүргізіле бастады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі өзіндік тарихы бар ғылым саласы. 

ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Т. Шонанов болды.

Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т. Шонанов, Ш. Сарыбаев, С. Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші-ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі.  Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты. 

Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» /1941/ атты еңбегін жазып, натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Ш.Сарыбаевтың ғылыми-әдістемелік мұрасын А.Ә.Орынбаев зерттеп, Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасының көп қырлылығын дәлелдеген. 

Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы. 

1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К.Жақсылықова нақтылы дерек береді: «Выявлено, что первые программы и разработки уроков по казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами С.Аманжоловым, Ш.Сарыбаевым, Т.Шонановым, и многим и другими». 

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар – Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев. 

1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін үйренуге көңіл бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі де қолға алынды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтарды, оқу құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді, бағдарламалар шығару сексенінші жылдардың аяғынан бастап қоғамдық саяси сипатқа ие болды. Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К.Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегін атауға болады. Кітапта практикалық жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми-практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетіледі. Еңбек оқытушыларға әдістемелік жағынан көмек бере алады. 

Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі – бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы. 

1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі» деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған «70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз» атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кешенді оқулықтың мақсаты – «бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету». 

Кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарына арналған Ұ.С.Байсақалованың «Қазақ тілі» оқулығы «Фолиант» баспасынан 2007 жылы шықты. Мемлекеттік тілдің үйретілу мақсаты, міндеті, оған қойылатын талаптар ескеріліп, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім стандарты басшылыққа алынған. Кешеннің мақсаты мен міндеті түсініктемесінде айқын көрсетілген. Әр тараудың соңғы нәтиже сабақтар және пысықтау сұрақ- тапсырмалармен түйінделген. Нәтиже сабақтарын оқытушы өз қалауы және оқушылардың білім деңгейіне сүйеніп, өзі құруы керек. Бұл оқулық қазіргі кезде кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарын а қол жетімді. Сондықтан осы оқулықты басшылыққа ала отырып, жаттығулар жинағын, тест жинағын, жұмыс дәптерін, сынақ тапсырмаларын құрастырдық. Болашақта сөздік құру да ойымызда бар. Оқулық қарастырылып отырған мәдениеттанымдық бағытта зерттеу жұмысын жүргізуге де қолайлы. 

ҚОРЫТЫНДЫ

Тіл – мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді. Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып, жазу және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге асады. 

Осы уақытқа дейін қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық көрді. Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет.  Қорыта айтқанда мәдениеттаным бағытында оқыту әдістемесінде тіл үйренушілерге тек қана тіл үйретіліп қана қоймай, сол тілді тұтынушы халықтың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тарихы, географиялық жағдайы, саяси-экономикалық даму бағыты, өнері, ғылым-білімі және қоғамдық ой-пікірлері мен рухани құндылықтары жайлы мәлімет бере отырып, сол халықты таныту болып табылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде танымдық мәліметтер бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Біздің мақсатымыз қазақ тілін тіл үйренушіге ауызекі қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай, тіл үйренушіге үйренім жатқан тілдің ұлттық реалилерін таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.