- •Мазмұны
- •Курстық жұмыс ұлттық мектептеРде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған оқулықтар мен бағдарламалар
- •1 Оқыту орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі
- •V класс
- •2 Басқа ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалар
- •2. 1 Өзге ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары
- •II сынып оқушыларына берілген сөйлесу үлгісі:
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •1. Абасилов а. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары, оларды шешу жолдары: Фил. Ғыл. Канд. Дисс. – Алматы, 1998. – 132 бет.
2. 1 Өзге ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары
Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар,оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырады, оқуға үйретеді. Оқулыққа қысқа,нақты,деректі материалдар енгізілуі керек. Ол сонымен қатар, ақиқат ғылымының мазмұнын баяндап, балаларға түсінікті болып, олардың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға,практикаға деген қызығушылықты оятып, білімге және практикалық іс-әрекетке деге сұранысты дамыту керек.
Озат мұғалімдер оқулықпен жұмысты сабақта да, үйде де ұйымдастырады.Оқушы оқулықпен өз бетімен жұмыс істеп, оқу қабілетін дамытады, есін жетілдіреді, баяндауға, талдауға, сынауға, толықтыруға, оқылған мәтінді қосымша әдебиеттер арқылы өзгертуге үйренеді.
Оқу пәндерінің бағдармалары және оқулықтары – білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Мысалы, қазақ тілі оқулықтары.
I сынып оқулығының авторлары: Ә.Жүнісбек, Б.Баймуратова, Ж.Сүлейменова, С.Бітібаева. Кітаптың 3-бетінде ата-аналар мен мұғалімдерге қысқаша нұсқау берілген. Соңында қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер берілген. Материалдар көбінесе сұрақ-жауап арқылы орналастырылған. I сыныптағы сабақтың саны – 32 сағат.
II сынып оқушыларының қазақша тіліне тән дыбыстарды мұғалімнің оқыған үлгісі бойынша оқытуға жаттықтыру керек, екі тілде де бар дыбыстарды бұрмаламай, дауыс ырғағын, сақтап оқытуға дағдыландыру керек.
III сынып оқулығы. Орыс тілінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептерде III сыныпта қазақ тіліне – 68 сағат, яғни аптасына 2 сағат берілген. III сыныпта қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты: оқушыларда күнделікті қарапайым, оқу-әңгімелі қазақ тілінің дамуы мен қалыптасуы.
1. Қайталау. Дыбыстарды дұрыс айту және қоюды әрі қарай үйрену. Сингармонизм жазуын көріп қабылдау. Дәріс сөздерін еркін пайдалану. Мәтін бойынша диалог құрастыру.
2. Қазақша тіл дамыту және оқу. Сингармонизм сөздерді тыңдау және айту. Сөздер және сол сөздермен үлгі сөйлемдер. Тақырыпты күнделікті жағдайлар (уақыт, күнтізбе, жыл мезгілдері) арқылы кеңірек ашу.
3. Сөйлесу тілі. Лексикалық минимум, басқаша айтқанда, басқа пәндермен байланысты жаңа сөздер мен сқйлем енгізу.
4. Сөйлемге қашан, қандай сұрақтарын енгізу. Септік, тәуелдік категориясын енгізу. Мысалы: Кімнің қаламы? – Менің қаламым.
5. И, У, Я, Ю әріптері, олардың жазылуы, айтылуы.
6. Мәтін күнделікті сөйлесу пәні – әңгімелесу, балаларға арналған ертегілер мен әңгімелер.
III сынып оқулығының авторлары – Ә.Жүнісбек, Б.Қалмағамбетова, Ж.Мәжитқызы. Қазақ тілі оқулығымен бірге, әдістемелік нұсқау және оқуға арналған кітап беріледі. Қазақ тілі оқулығының бағдарламасында қазақ тілін грамматика арқылы үйрету түрі алынбаған. Тек IV сыныпта ғана ана тілі негізінде дауысты,дауыссыз дыбыс,бауын,сөз деген лингвистикалық түсініктер берілді. I сыныпта дұрыс жазу кесте әріптер арқылы жасалады. Ал дәптерге жазу II сыныпта басталады.
Дыбыс жүйесінің үлгілері дыбыстың айтылуын, жеке дыбысты, буынды қабылдауын, сондай-ақ қазақ тілі үндестік заңын көрсетеді.
Қазақ тілінде оқу ауызекі сабақтардан басталады. Оқшылар мұғалімнің айтқан, оқыған үлгісі бойынша оқулықтағы жеке сөздер мен сөйлемдерді дұрыс, мәнерлеп, біршама жылдамдатып оқуға алғашқы сабақтан бастап жаттығады.
Оқулықты талдау үлгісі
Жоспар:
1.Оқулықтың сыртқы безендірілуі – автор, мұқабаның ішкі-сыртқы көрінісі,бекітілген жері, шыққан баспасы, оқулықтан ғылыми бөлігі, арналған сыныбы т.б. жайында.
2.Оқулықтың ішкі құрылысы, тілдің ғылыми салаларының берілу мазмұны.
3.Тілдің ғылыми теориясын түсіндіру жолы және оқыту әдістері.
I-IV сынып аралығындағы оқулықтар Ә.Жүнісбектің, А.Қайырбекованың әдістемелері бойынша жазылған. Бұл аралықта оқушы 4 жағдаятқа байланыста 400 сөз білуі тиіс. Олар:
1) ойынға байланысты сөздер;
2) тамаққа байланысты сөздер;
3) сабаққа байланысты сөздер;
4) киімге байланысты сөздер.
IV сыныптан бастап қазақ тілі сабағында әріп, дыбыс, буын, түбір т.б. грамматикалық ұғымдар беріледі. Орыс мектебінде I-IV сынып аралығында қазақ тілінен 9 дауысты дыбыс үйретіледі. Олар: а, ә, ы, і, ұ, ү, о, ө, е және санға байланысты 21 сөз. 0-ден 9-ға дейін сандар және 100 – 1000 сандары. Түс атауларына байланысты 7 түс білулері керек. Олар: ақ, қара, қызыл, көк, сары, жасыл, қоңыр. Оған қоса екі түс – сұр, ала деген түстері үйретеді.
II сынып оқулығында білім мазмұны, оқулықтағы жүйелі тақырыптар желісі сөйлеу және таным әрекеттерінің негізінде қалыптастырып, технологияның басты өзгешелігі арқылы тіл үйренуге, қарым-қатынас жасауға, алған білімін өмірде пайдалануға, танып-білуге талпыныстың пайда болуына жетелейтін коммуникативті ұстаным басшылыққа алынған.
Тілдік қатынас – адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсіну, айту, пікірлесу әрекеттеріне қатысты құбылыс. Сондықтан әдістеме педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Оразбаеваның "Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі" атты еңбегінде тұжырымдалған сөйлесім әрекетінің түрлеріне байланысты ғылыми ұғымдарға сүйеніп жазылады.
Олар:
1.Оқылым 4.Айтылым
2.Жазылым 5.Тілдесім
3.Тыңдалым 6.Оқылым
Оқу сабағының негізгі міндеті – сөзді, сөз тіркестерін, сөйлемді, мәтінді дұрыс оқи білуге үйрету. II сыныпта қазақ тіліне тән дыбыстары қайталап алғаннан кейін оқушылардың оқу қабілетін сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс оқуға бағыттау керек. Шағын мәтіндерді де біртіндеп оқуға баулып , оқу техникасын жолға қою мұғалімнің ең үлкен міндеті. Оқу арқылы оқушыны ойлана білуге, оқығанын түсіне білуге, мазмұнын өз сөзімен қысқаша айта білуге үйрету. Мәтін оқу сабақ сайын 10 – 15 минуттан кем болмаған жөн. Оқушыларға талапқа сай оқу дағдысын қалыптастыруда мәтіннің алатын орны ерекше, сондықтан мәтін әр сабақта өз орнын алу қажет. Мәтін оқу арқылы мәнерлеп оқуды, тездетіп оқуды дұрыс жолға қоюға болады. Мәтінді оқуға қойылатын талаптардың ең бастысы – түсініп оқу. Түсініп оқу мен жылдам мәнерлеп оқу бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отыратын жұмыстар.
Жазылым. II сыныпта заттың атын білдіретін сөздер, көмекші есімдер, заттың қимылын білдіретін сөздер, көптік жалғау, заттың сынын білдіретін сөздер сияқты грамматикалық тақырыптардан қарапайым түсініктер беріле бастайды.
Ережелер практикалық долмен түсіндірілгеннен кейін оның жазылу ережелері де түсіндіріліп, жазба жұмыстары арқылы тексеріліп отырады. Бастауыш сыныптардан бастап қарапайым сөйлем құрау үлгілері беріліп, сөйлемді дұрыс құрай білу дағдыларын қалыптастыра беру керек.
Тіл үйренуге қатысты жазылым дағдыларын II сыныпта қазақ тіліне тән дыбыстарды қайталаумен жалғастырған тиімді әрі ыңғайлы. Көп нүктенің орнының керекті әріпті, сөзді қойып, сұраққа жауап жаз, сызба бойынша сөз тіркесін құрап жаз, суреттердің атауларын дұрыс тауып, сөйлемдерді жаз сияқты жаттығулар бір-бірін жалғастырып отырады. Осы сияқты жұмыстардың бірі – көшіріп жазу. Бұл жұмыстың мақсаты – оқушыларды орыс тіліндегідей қазақ тілінде де тақтадан, оқулықтан дұрыс көшіріп жаза білуін тексеру. II сыныпта кең тараған жазба жұмыстарының бір түрі – сөздік диктант. Сөздік диктант – оқушылардың сөздік қорын, сауаттылығын тексеру мақсатымен жүргізілетін тексеру жұмысы. Тек белсенді лексикадан тұратын бұл диктанттағы сөз саны сыныптан-сыныпқа ақылға қонымды мөлшерде көбейе береді.Әрине әр модульге, тақырыпқа байланысты диктанттың түрлерін алмастырып тұру қажет. Әр жазба жұмысынан кейін қатемен жұмыс жасауды міндетті түрде өткізу керек.
Тыңдалым әрекетінің ең басты мәні – оқушылар арасындағы қарым-қатынас жүзеге асыратын тілдік тұлғаларды тыңдау, есту арқылы қабылдау және ұғу. Тіл үйренуде тыңдалымның маңызы мен ерекшелігін белгілейтін ең басты көрсеткіш – тыңдалымға арналған мәтін. Мәтіннің мазмұнын толық түсіну оның құрамындағы таныс емес тіркестердің болмауын қажет етеді. Болған жағдайда да таныс емес сөздер 2 % -дан аспау керек. Оқушы мұндағы әрбір жеке ақпаратты қажетіне сай пайдаланып, сөйлесім әрекетінде қолданылады, жаттайды, жазып алады. Сондықтан берілген тақырып оқушыға таныс материалдан жинақталған жөн. Мәтінге қатысты орындалатын жұмыстар нақтылы, анық берілуі керек. Сол сияқты тыңдалым нәтижелі болуы үшін акустикалық ережелерді дұрыс меңгеру қажет. Олар: а) сөйлемнің фонетикалық нормасының сақталуы; ә) сөз бен дауыстың ырғағы; б) екпін мен дауыс ырғағын дұрыс қою; в) сөйлем мен сөйлем арасындағы үзіліс.
Тыңдалым әрекетінің нәтижелі болуы әртүрлі техникалық пластинкалар, таспа ленталар, бейнетаспалар, т.б. пайдалануға да байланысты. Тыңдалым процесінің қаншалықты нәтижелі болғанын оқушылар арасында тест арқылы бақылауға болады. Оқушының қазақ тіліне тән дыбыстарды, сөздерді,сөз тіркестерін, сөйлемдерді, мәтінді дұрыс қабылдай білуі мұғалімнің үлкен шеберлігіне байналысты.
Айтылым – тілдік қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару процесі. Ол ауызша сөйлемнің нәтижесінде іске асады. Қазақ тілінде сөйлеуге үйрету сапалы болуы үшін мұғалім төмендегі жағдайларды ескеру керек.
1. Қоршаған орта, жағдайдың әсері.
2. Жеке тұлғаның қабілетін ескеру.
3. Сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.
Айтылым әрекетінің іске асуына диалогтық сөйлесу көп мүмкіндік жасайды. Сондықтан мұғалім әр сабаққа әр модульдің құрамына топ пен топтың арасында, жұп пен жұптың арасында әртүрлі жағдаятты түрде диалогтар ұйымдастыруы керек.
