- •Мазмұны
- •Курстық жұмыс ұлттық мектептеРде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған оқулықтар мен бағдарламалар
- •1 Оқыту орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі
- •V класс
- •2 Басқа ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалар
- •2. 1 Өзге ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары
- •II сынып оқушыларына берілген сөйлесу үлгісі:
- •Пайдаланылған әдебиет:
- •1. Абасилов а. Мемлекеттік тілдің Қазақстан Республикасының солтүстік аймағындағы қызметі: социолингвистикалық проблемалары, оларды шешу жолдары: Фил. Ғыл. Канд. Дисс. – Алматы, 1998. – 132 бет.
2 Басқа ұлтты оқытуға арналған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалар
Бардарлама белгілеген оқу мазмұны оқушыларға оқулық арқылы беріледі. Оқушылардың тілді меңгеру үшін, сондай-ақ оларды адамгершілік рухта тәрбиелеуде, халықтар арасындағы достық сезімді қалыптастыруда атқаратын қызметі зор.
Оқулық оқытушы мен окушылардың бірігіп жасайтын жұмыстарының мазмұнын тікелей қамтиды. Сондықтан пәнді оқыту процесінде жететін жетістік белгілі бір дәрежеде оқулыққа байланысты. Орыстың ұлы педагогы К Д. Ушинскийдің сөзімен айтсақ: "Оқулық - оқытудың мызғымас іргетасы"[9, 557-б.].
1920 жылдың 23 мамырында Түркістан майданының Реввоенсоветінің оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде, оқу орындарында, мектептерде қазақ тілін міндетті түрде оқыту жөніндегі бұйрығы жоғарыда айтылған болатын. Сондай-ақ 1921, 1923 жылдары Қазақ АССР Орталық Атқару Комитетінің Тіл туралы Декретіне байланысты мектептерде, оқу орындарында, мекемелерде қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту үшін арнайы сағат бөлініп, оқулықтар жасалған. Олардан Қ. Кемеңгерұлынын «Учёбник казахского языка» (для европейцев), Ташкент, 1926. Т. Шонанұлыныц «Орыстар үшін әліппе», Алматы, 1931 жылғы оқулықтарын атауға болады. Бұл оқулық 70 сабаққа арналып жасалынған. Ол кезде қазақ тілін орыс мектептерінде де, ересектер үйірмелерінде де оқып-үйренушілер құрамы, негізінен алғанда бір типті болды. Ол кездегі тұтыну тәжірибесінде болған күйінде атасак, олар «европалықтар», сондықтан оқыту мазмұны да соған сәйкес болғандығы әбден занды. Мұны Қ. Кемеңгерұлы, Т. Шонанұлы авторлығымен щыққан жоғарыда аталған оқулықтардың түзілісінен көреміз. 1930—1960 жылы шыққан қазақ тілі оқулықтары Н. Сауранбаев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, Ғ. Бегалиев т. б. авторлығымен шыға бастады.
1930 жылы шыққан бағдарлама негізінде Алматы қаласында. орыс мектебінің 5-класына арналған «Қазақ тілі» оқулығы Н. Сауранбаевтың жетекшілігімен жарық көрген.
Ғылыми-әдістемелік бай мұрасын қалдырған келесі ғалымымыз — С. С. Жиенбаев. Ересектерге арналған бұдан басқа бірнеше оқулықтар жарық көрді. 1959 жылы Ғ. Бегалиев, С. Жиенбаев, И. Ұйықбаев авторлығымен «Қазақ тілі» деп аталған оқулық шықты. Ол 1995 жылы қайта басылды. 1989 жылы X. Қожахметованың «40 уроков казахского языка» деген оқулығы шықты. Осы жылы Н. Оралбаева, Қ. Есенов, С. Хайруллиналардың «Қазақша үйренеміз» деген атпен оқулықтары шықты. 1990 жылы Ш. Бектуров, А. Бектуровалардың «Казахский язык для начинающих» деген оқулығы шығып, ол 1994 жылы қайта басылып шықты.
Ересектерге арналған оқулықтар қазір бірсыпыра, әр оқулықтың өзіндік ерекшелігі бар. Бұлардың барлығында тілдік ережелер орыс тілінде берілген.
Тек Н. Оралбаева, Қ. Есенав, С. Хайруллина оқулықтарында ғана ереже, тапсырмалар екі тілде берілген. Бұл тіл оқушылар ереже, тапсырманың мәнін орысшасынан түсініп, бірақ оны қазақша айтуы үшін жасалған. Мұғалім де ережені қазақша түсіндіреді, тіл үйренушілер оның мәнін орысшасынан қарап түсініп отырады. Бұл әдіс сабақта тек қазақша сөйлеу қажеттігіне байланысты қолданылған. Қазақша үйренушілердің сабақтан басқа жерде қазақша сөйлеуге мүмкіңдігі жоқтың қасы. Ол қазақша сөйлеу ортасы жоқ деген сөз. Сондықтан қазақша сөйлеуге сабақта көбірек мүмкіндік керек. Сол үшін авторлар оқулықта екі тілді қолданған. Бұл оқулықтар қазір жоғары оқу орындарында қолданылып жүр.
Жоғары оқу орындарының орыс бөліміндегі студенттерге арналған оқулық алғаш рет 1961 жылы шықты. Оқулық «Қазақ тілі» деп аталады, авторы - ЬІ. Маманов. Осы оқулық 1989 жылы қайта басылып шықты, таралымы аз болғандықтан ол қазір студенттердің қолында жоқ. Жоғары оқу орындарына арналған оқулыктар, көмекші құралдар, әдістемелік еңбектердің баспадан шықпауы қазір оқу ісіне үлкен қиындық келтіріп жүр.
Мектепке арналған оқулықтың шыға бастауы 1938 жылғы С. С. Жиенбаевтың «Учебник казахского языка» (для VI—VII классов русской школы) деген оқулығынан басталады. 1940 жылы С. С. Жиенбаев «Қазахский язык в педучилище» деген оқулық та шығарған. Кейін оқу орысша жүретін мектептерге арналған оқулықтарды жазуда бірсыпыра ғалымдар еңбек етті. Олар: Ж. Адамбаева, Қ. Ақбаева, А. Асқарова, Р. Әміров, Б. Баймұратова, Н. Ботабаева, С. Дүкенбаев, Н. Дүйсенова, Қ. Қасабекова, Б. Құлмағамбетова, Ы. Маманов, М. Нұрғалиева А. Садуақасов, Г. Түменова т. б.
Бұл ғалымдардың бәрі - мектеп оқулығының авторлары, олар оқулықтарға әдістемелік нұсқаулар да жазған. Оқулықтар әр жылы өңделіп, басылып отырады. Дегенмен кемшілік жоқ деп айтуға болмайды, олар баспа бетінде де айтылып жүр. Кемшіліктің болатын себебі: қазақ тілін оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқыту мәселесінің зерттелуі кеш қолға алынды, оған бұрын жеткілікті көңіл бөлінбеді. Қазақ тілі мектепте бірде оқытылып, бірде оқытылмай, оқу жоспарынан шығып қалып жүрді. Сондықтан ондай мектеп оқулықтарын жазу әдістемесі де қалыптаса алмады. Бұлардың бәрі мектеп оқулығының сапасына әсерін тигізгені сөзсіз[8, 51-53 б.б.].
