Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бутліп Аяжан лт. мек..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
330.75 Кб
Скачать

V класс

Оқу жылының аяғында оқушылар төмендегідей білім мен білікке ие болуы керек;

Оқу. Оқулықта берілген текстерді дұрыс, екпінмен оқуы қажет.

Ауызша тіл. 1. Мұғалімнің сөзін түсіну қажет:

а) мұғалімнің қазақ тілінде берілген тапсырмаларын орындауы қажет;

б) мұғалімнің класс ішіндегі мәселе бойынша қойылған сұрақтарына жауап.

2.Қазақ тілінің төл дыбыстарын айта білу қажет.

3.Өткен сабақ көлеміндегі сөздік қорды қалдана білу.

4.Өткен сабақ бойынша сұраққа жауап.

Ауызша сабақ пен оқыту сабағында өткен текстер бойынша сұраққа жауап беру

Жазу

а)Тексті қатесіз жазу (көшіру).

б)Таныс сөздер бойынша құрастырған сөйлемдер мен жеке сөздерден диктант жазу.

в)Текст бойынша жеңіл сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Сөздік қор - 400 актив сөз, бұл сөздердің ішінде екі тілге де ортақ сөздер кіреді. ,

ГРАММАТИКА.

Кіріспе сабақ. Қазақ тілінің дыбыстары. Сөз құрамы. Синтаксис. 22 с. Жай сөйлем (жалаң сөйлем) баяндауышы 3 жақ атау сөз.

Сұраулы, толымсыз жай сөйлем. 6 с.

Жайылма сейлем, атаулы сөйлем 10 с. етістіктен жасалған баяндауышты сөйлемдер. «Бар», «жоқ» баяндауыштары. Тұрлаусыз мүшелер, толымсыз сөйлемдер 2 с. Морфология 58 с.

Зат есім 15 с., сын есім 6 с., сан есім 4 с., есімдік 4 с., етістік 25 с., үстеу 2 с., шылаулар 2 с.

VI к л а с с

Сөздік қор - 600 сөз. Синтаксис 25 с., Жайылма сөйлемдер 9., баяндауыштың күрделі түрі 8 с. Сөйлем және бірыңғай мүшелер 8 с., Морфология 55 с. Морфология 55 с. Зат есім 15 с., сын есім 2 с., етістік 25 с., сан есім 6 с., етістік 4 с., үстеу, шылау 1 с.

VII класс

Сөздік қөр - 800 сөз. 100 етістік.

Синтаксис 32 с. Жай сайлем 18 с., сөйлемнің бірыңғай мүшелері 4 с., жайылма сөйлем 6 с., сұрау сөйлем 4 с. Морфология 48 с., зат есім 10 с., сын есім 2 с., үстеу 2 с., сын есім 4 с., есім 4 с., есімдік 2 с., етістік 25 с., шылау 1 с., одағай 1 с.

VIII класс

Сөздік қор - 900 сөз. Синтаксис 30 с., Есімше, көсемше 20 с., төл сөз 10 сағат. Морфология 50 с. Зат есім 10 с., сан есім 2 с., сын есім 6 с., есімдік 4 с., етістік 25 с., үстеу 2 с., шылау I с., одағай 1 с.

IX класс

Сөздік қор - 1200 сөз. Синтаксис 30 с. Морфология 50 с. Зат есім 15 с., сын есім 4 с., есімдік 5 с., етістік 25 с., одағай 1 с.

X класс

Сөздік қор - 1500 сөз. Синтаксис 30 с. Морфология 50 с. Зат есім 10 с., сын есім 10 с., етістік 30 с. Тұңғыш бағдарламаның жағдайы осындай еді.

1942 жылы 1939 жылғы бағдарлама жөнделіп, екінші рет қайта басылды. Бағдарламаға үлкен жаңалық енгізілмеген, бұрынғы бағдарламаның мұнда грамматика бөлімі біраз ықшамдалған.

Бағдарлама бес бөлімнен тұрады; оқу, жазу, ауыз сөзге жетілту, лексика және грамматика. Бұл тараулардың ішінде жеке тақырыптары, тақырыпшалары толық айтылмай, көлемі айқынырақ көрсетілгені - грамматика тарауы. Бағдарламадағы грамматикалық тақырыптар мектепте тілді қай мөлшерде меңгеру керек екенін көрсететін өлшеуіш есебінде болып саналады. Бұл жағынан алғанда, сөйлеуге үйретуге синтаксис керек. Ал синтаксисті білу үшін, морфологиялық категориялармен жақсы таныс болуы керек. Морфологияның синтаксиске тығыз байланысты бөлімі сөз таптарының септелуі, тәуелденуі және жіктелуі. Бағдарламада бұл темалар басынан аяғына дейін қалмай келіп отырады.

Сөздік қорды байытуды белгілі тәртіпке салу үшін, бағдарламада әр жылға тақырып көрсетілген. Бұл тақырыптар бір-бірімен тығыз байланысты, бірінші жылдың тақырыбы екінші жылда да, одан әрі қайталанады, бірақ тап осы әуелгі көлемінде емес, барған сайын кеңейтіліп отырылған. Жоғары кластарға қарай жылжыған сайын сөздік қордың жалпы саны арта береді, бірақ әр класта қосылатын жаңа сөздердің саны бірдей: (жоғарылаған сайын жаңа сөздер артпайды, себебі әр жыл сайын сөздің формалары да көбейе түседі).

Сағат саны 5, 6, 10 кл. - жетісіне 2 сағаттан, 7, 8, 9 кл. - 1 сағаттан, V класта сөздік қор - 300 соз, VI клас- та - 450 сөз, VII класта - 750 сөз, VIII класта - 900 сөз, IX класта - 1000 сөз. Оқу орыс тілінде жүретін мектептегі қазақ тілінің ең соңғы бағдарламасы 1994 жылы шықты.

Бұл бағдарламаның құрылысы төмендегідей: 1. Түсініктеме. 2.Бағдарламалар. 3. Бағалау нормалары. 4. Мұғалімдерге ұсынылатын әдістемелік еңбектер тізімі.

Түсініктемеде қазақ тілін оқытудың мақсаты, бұрынғы бағдарламадан бұл бағдарламаның айырмашылығы, сөз үйрету мен сөйлеу дағдысына, оқуға, грамматика мен сауатты жазуға оқушылардың білімдеріне қойылатын талаптар жэне тақырыптар жайлы айтылған.

Түсініктемедегі «Сөз үйрету мен сөйлеу дағдысына қойылатын негізгі талаптар» мәселесінде бастауыш класта жаңа сөздердің мағынасын сурет не заттың өзін көрсету арқылы түсіндіру, ал 5 - 11 кластарда тақырыпқа байланысты жүргізілетіні айтылған. Жаңа сөздерді үйретуде қайталаудың қажетгігі айтылған. Оқушының сөздік қорын байытумен бірге, сөйлеуге жаттықтыру, ол үшін текстің мазмұнын өз сөзімен әңгімелеу, сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдыларын қалыптастыру ұсы нылған.

Сонымен бірге мұнда әр класта оқушы міндетті түрде меңгеруге тиісті сөздің саны берілген. Ол: I-класта 80 - 100 сөзден бастап, 11-класты бітіргенде, 2570 - 3050 сөз үйреніп шығады деп көрсетілген. Мұны 11 клас- қа бөлгенде, орта есеппен әр класта 234 - 277 сөз үйренеді деп саналған. Бірақ класс өскен сайын үйретілетін сөз саны да аздап өсіп отырған, тек 5 - 6 кластарда үйретілетін сөз саны бірдей көрсетілуі сияқты ғана ауытқулар бар. «Оқуға байланысты негізгі талаптар» жөнінде бағдарлама оқушылардың қазақ тіліне тән дыбыстарды, олардың таңбаларын таныстырудан бастап, тексті оқып, аудару, оның мазмұнын айтуға дағдыланатынын көрсетеді. Сонымен бірге мұнда оқуға қойылатын негізгі талаптар берілген.

Оқуға қойылатын түсініктемедегі негізгі талаптар төмендегідей:

- тексті дұрыс, мәнерлеп, түсініп оқу, сурақтарға дұрыс жауап беру;

- жаңа текст мазмұнын мұғалімнің жетекші сұрақтары бойынша айту, сұрақ қойып, жауап қайтара білу;

- сөйлемдегі сөздерге және сөз ішіндегі дыбыстарға дауыс екпінін дұрыс түсіру;

- тексті қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақшаға аудару;

- жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау т. б.

Сонымен бірге әр класта минутына неше сөз (неше таңба) оқу мөлшері шартты түрде берілген. Оқушы 1-класта минутына 10 - 20 сөз, яғни 50 -100 таңба оқуға тиісті болса, әр класта ол 10 - 15 сөзге, 50 - 100 таңбаға өсіп отыру белгіленген. Тек 11 класта ғана сөз саны мен таңба өсірілмей, 10-кластағы 100 - 120 сөз, 500 - 600 таңбаны сақтау көрсетілген. Бұл, әрине эксперимент нәтижесіне сүйенудің негізінде болмағандықтан, бағдарламада шартты түрдегі мөлшер деп көрсетілген.

Түсініктемедегі "Грамматика, сауатты жазуға қойылатын негізгі талаптар" мәселеде "оқушылар сөйлем құрауға үйретіледі" [7] деген.

Сөйлемдегі сөздердің түрленуі ереже бойынша түсіндірілетіні айтылған. Ол ережелерде орысша түсіндіру ұсынылған. Бұл міндетті заң емес, алғашқы кезде ол орынды, оқушылардың сөздік қорының молаюына қарай, кластың қазақша білімі жеткілікті жағдайда ережені қазақша түсіндірген өте пайдалы. Класта неғұрлым қазақша сөйлеу басым болғаны тіл үйренуде өте ұтымды болып табылады.

Түсініктеменің бұл мәселесінде грамматиканы, тіл дамытуды, сауатты жазуды меңгертуде әр түрлі жазба жұмыстары жүргізілетіні айтылып, диктанттың түрлері, жаттығу жұмыстарының түрлері көрсетілғен. Бұл мұғалімдер үшін пайдалы. Сонымен бірге іс қағаздарын жазуға үйрету де айтылған.

Түсініктемеде оқушыларға берілетін негізгі тақырыптар да біршама қамтылған. Сол сияқты оқушының біліміне қойылатын талаптар көрсетілген. Бұны мұғалімдер басшылыққа алуға тиісті.

Әр кластың бағдарламасы жеке-жеке берілген. Мұнда әр класта оқылатын тақырыптар, оларға бөлінген сағат көрсетілген. Оның соңында әр класта өтілетін тілдік материал аталған. Олар оныншы класқа дёйін грамматика деген жалпы атпен көрсетілген.

10 - 11 кластың бағдарламасында өзгешелік бар.

10-кластағы 68 сағаттың 10 сағаты фонетикаға бөлінген. Фонетика әліпби оның құрамынан бастап, үндестік заңымен аяқталған. Әліпби, дыбыстардың түрлері, дауысты дыбыстарға 2 сағат, дауыссыз дыбыстардың түрлеріне 6 сағат, үндестік заңына 2 сағат бөлінген.

Одан кейін лексика бөлімі көрсетіліп, онда оқушының 300 - 350 сөз үйренетіні, омоним, синоним, антоним сөздерді текстен табу жұмыстары үнемі жүргізілетіні айтылған да, оған бөлінетін сағат көрсетілген. Ал осы кластың бағдарламасында морфологияға 40 сағат, синтаксиске 20 сағат, барлығы 70 сағат әр тақырыпқа іштей бөлінген. Бағдарламада көрсетілген 68 сағаттан 2 сағат мұнда артық бөлінген.

Мұнда 1-рет қосымша оқуға ұсынылатын әдебиеттер берілген. Бұл - өте қажет нәрсе, оны әддеқайда бұрын әр класта беріп отыру керек еді, оны бастауыш кластарда да беруге болады.

11-класта да бағдарлама осындай жүйеде берілген тілдік материалдан тұрады. Фонетикадан басталып, онда екпінге 1 сағат, орфография мен орфоэпияға 1сағат берілген.

Мұнда лексика бөлімінде меңгерілетін сөз саны 300 - 350 деп көрсетілген. Лексикадан жүргізілетін жұмыстар көрсетіліп, басқа тілден енген сөздерге 1 сағат берілген.

Сөздіктер (орфографиялық, аударма, түсіндірме) туралы мәселеге 1 сағат бөлген. Морфологияға 30 сағат, синтаксиске 30 сағат бөлінген. Бұл сағаттар әр тараудың ішкі тақырыптарына бөлініп көрсетілген.

Бұл кластың бағдарламасында да қосымша әдебиеттер тізімі берілген. Сонымен қатар бағдарламада іс қағаздарының үлгісі берілген. «Бағалау нормалары» мәселесінде қазақ тілінен жүргізілетін жұмыстардың әр түріне 5, 4, 3, 2 деген бағалардың қандай жағдайда қойылатыны нактылы, сараланып көрсетілген.

Бағдарламада берілген мұғалімдерге қажетті әдістемелік еңбектердің тізімі мұғалімдер үшін өте қажет, оның көрсетілгені орынды.

Мектепке арналған бағдарламалардың алғашқысы мен ең соңғысы туралы мағлұмат берілді. Бұл екеуінің арасында басқа бағдарламалар да болған. Бірақ бағдарламаның неден басталып, қандай дәрежеге жеткенін білу өте кажет. Сондықтан оларды таныстыру қажет болды.

Мектеп бағдарламаларының бәріне ортақ негізгі кемшілік - тіл дамытуға жеткілікті көңіл бөлінбегені[8, 38-51 б.б.].