Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бутліп Аяжан лт. мек..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
330.75 Кб
Скачать

1 Оқыту орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі

Қазақ тiлi – кемел тiл. Тiлдiң кемелдiгiн көрсететiн негiзгi белгiлердiң барлығы да қазақ тiлiнiң құрылым жүйесiнен толық табылады. Тіл мәртебесінің ішіндегі ең маңыздысы – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл – елдің барлық аумағында және түрлі өмір салаларында қолданылуы баршаға міндетті болып табылатын, ресми жағдайы мемлекеттік дәрежеде белгіленген, белгілі бір мемлекеттің әлеуметтік - коммуникативтік жүйесінің негізгі компоненті [1, 33 б.]. Тәуелсіз Қазақ елінің қазіргі уақыттағы экономикалық даму деңгейі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті тұлға даярлаудың қажеттігін туғызып отыр. Еліміздің кез келген азаматы өз елі мен жерінің тарихын, мәдениетін, мемлекеттік тілді толық білуі, меңгеруі қажет деп танылады. Адамдардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі олардың мемлекеттік тілді толық меңгеру екені даусыз. Қазақ тiлi – өзiндік сөздiк қоры мол жинақталған тiл. Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл деген жоғары мәртебесі оның кемелденуіне мүмкiндiктер аша түсері сөзсіз. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да қазақ тілінің дамуына ерекше мән берілген. Осы бағдарламада «Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік тілдің дамуына зор көңіл бөлінуде. Орталық және жергілікті атқарушы органдарда, республика өңірлеріндегі жоғары оқу орындары жанынан қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары енгізілді, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту енгізілді» деп, атқарылған істердің ауқымы мол екенін көрсеткен [2]. Яғни, алда атқаратын жұмыстар осы істердің заңды жалғасы болып, одан да көп мәселелерді жетілдіру қажет деп түсінгеніміз абзал.

Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты. Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі – Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы «Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты. 1920-1930 жылдар арасында қазақ өнері мен білімінің негізін салған абзал азаматтардың бірі – Құдайберген Қуанұлы Жұбанов еді. Ол – қазақ тіл білімінің негізін қалаған көрнекті ғалым, тұңғыш филолог, профессор Қ.Жұбановтың еңбектеріне 1966 жылға дейін тыйым салынып келді. Тек қана 1966 жылы «Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген еңбегі жарық көрді. Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» (1941) атты еңбегін жазып, натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. Өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы. 1930 жылдары оқулықтармен қатар қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналған бағдарламалар да шығарылды. Ол жөнінде әдіскер-ғалым К.Жақсылықова нақтылы дерек береді: «Выявлено, что первые программы и разработки уроков по казахскому языку были составлены в 1930 годы видными учеными-языковедами С.Аманжоловым, Ш.Сарыбаевым, Т.Шонановым, и многими другими». Қазақ тілін оқыту әдістемесінің мәселелеріне қатысты ғылыми мақалалар да жазыла бастады. Бұл ретте де алғаш ой-пікір білдірген ғалымдар – Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев. Сонымен, ХІХ ғасырдың екінші жартысында педагогикалық ой-пікірлерді дамытқан қазақ халқының ғұлама ғалымдары Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев бастаған ағартушылық кызметті ХХ ғасырдың басында жалғастырған ғалымдар М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Т.Шонанов болды. Қазақ тілін ұлт мектептерінде оқыту, жалпы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мәселесі ХХ ғасырдың 30 жылдарында қолға алынып, түрлі оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар шығарыла бастады. Осы жылдары қазақ тіл ғылымының белгілі әдіскер ғалымдары Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбеав т.б. ғалымдардың оқулықтары, әдістемелік еңбектері жарық көрді. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту әдістемесінің қалыптасуына әсерін тигізген алғашқы тілші- ғалымдардың бірі – М.С.Лапатухин. Ғалымның көптеген жылдардағы жүргізген зерттеу еңбегінің нәтижесі 1940 жылы шыққан «Очерки по методике казахского языка в русской школе» деген еңбегінде жарық көрді. Бұл еңбек орыс мектептеріндегі қазақ тілінің ролі, қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар, сабақтың құрылысы, орфоэпияға, ауызша сөйлеуге, жазуға үйрету, лексика және грамматика, қазақ тілінен сыныптан тыс жұмыстар т.с.с. бөлімдерді қамтиды. М.С.Лапатухинның еңбегі орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің тұңғыш үлгісі.

1987 жылы Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы үкімет қаулысы қабылданып, 1990 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесін алғаннан кейін қазақ тілін оқытуға көзқарас өзгере бастады. Қазақ тілін үйренуге көңіл бөлініп, бұл мәселенің зерттелуі, бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдарын жазу қолға алынды. Оқу орындарының барлығында қазақ тілін оқыту мәселесі де қолға алынды. Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытуға арналған оқулықтарды, оқу құралдарын, тілашарлар мен сөздіктерді, бағдарламалар шығару сексенінші жылдардың аяғынан бастап қоғамдық саяси сипатқа ие болды. Қазақ тілін дамытуға үлкен бағыт-бағдар жасалып, жұмыстар жүргізіле бастады. Сонымен қатар қазақ тілін өзге ұлт дәрісханаларында оқытуға арналған бірнеше бағдарламалар жарияланды. Бағдарламалардың алдыңғы қатарында тұрған 1987 жылы профессор Н.Оралбаеваның авторлығымен шыққан «Қазақ тіліні үйрену курсының программасы» болып табылады. Н.Оралбаева жасаған қазақ тілін үйретуге арналған алғашқы бағдарламаны Қазақстан білім беру министрлігі құптап бекітті. Осы бағдарламаның негізінде 1996 жылы «Ана тілі» баспасынан «Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты оқулық жарық көрді.Бұл жоғары оқу орындарындағы студенттерден басқа ұлтқа қазақ тілін оқытатын, әдістемелік жағынан жетілген мамандар дайындауға арналған алғашқы ғылыми оқулық. Оқулық 1992 жылы жарық көрген Н.Оралбаева, К.Жақсылықова құрастырған оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін оқыту бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық негіздері, тарихи дамуы қарастырылған. Қазақ тілі әдістемесі пәні, оның міндеттері, мақсаттары, қазақ тілін басқа ұлттарға оқыту әдістері, сабақтың құрылысы мен түрлері жүйелі, анық, нақты түрде берілген. Сонымен қатар мұнда тілдік материалды ғылыми принцип негізінде таңдау және сұрыптауда: 1) сөздердің қолдану жиілігі; 2) сөздердің жеңіл-қиындығы; 3) сөздердің синонимдік қасиеті; 4) сөздердің тақырып қажеттігіне сәйкестігі: 5) екі тілге ортақ сөздерді санатқа кіргізбеу; 6) сөздердің сөзжасамдық қабілеті; 7) сөздің тілдің дыбыстық ерекшелігін қамтуы; 8) сөздің оқушының психологиялық ерекшелігіне сәйкестігі; 9) сөздің оқулықта қайталану жиілігі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық және лабораториялық сабақтарды жүйелі топтастырудың алғашқы баспалдағы ретінде Т.Әбдікәрімова, Т.Әбдіғалиева, К. Шаймерденовалардың авторлығымен шыққан «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» атты еңбегін атауға болады. Практикалық және лабораториялық жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың үлгілері, диктант пен жаттығу жұмыстары, оқушылардың білімін есептеу ғылыми- практикалық жағынан жан-жақты талданып көрсетілген еңбек оқытушыларға әдістемелік жағынан көмек беретін тұшымды жұмыс болып табылады.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осында қалыптасқан тілдік ортаға байланысты тілді үйренушілердің өзі – бастауыш топ, жалғастырушы топ болып бірнеше топқа бөлінеді. Қазіргі кезде жиі қолданыста жүрген оқулықтардың ішінде осы топтарға пайдаланып жүрген оқудық – Ш.Бектұров пен А.Бектұрованың «Қазақ тілі» оқулығы. 1998 жылы Т.Аяпованың «Қазақ тілі» деп аталатын үш кітаптан тұратын кешенді оқулығы шықты. Автордың пікірі бойынша бойынша оқулық АҚШ-та басылған «70 қадам арқылы қазақ тілін үйреніңіз» атты оқулықтың жалғасы болып саналады. Кешенді оқулықтың мақсаты – «бүкіләлемдік ең актуальды және ұтымды оқыту әдістерін қолдана отырып, оқушы білімін тереңдетуге көмектесу және сөйлеуге үйрету». Сонымен, өз алдына дербес ғылым болып табылатын қазақ тілін оқыту әдістемесі – педагогика ғылымының бір саласы. Өйткені оның өзіндік зерттейтін нысаны, мазмұны, зерттеу әдістері мен тәсілдері бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтіні оның оқыту жолдары мен жағдайлары туралы заңдылықтар. Бұл заңдылықтар педагогика, психология және лингвистика ғылымдарының негізінде жинақталған практикалық тәжірибе мен бұрыннан қалыптасқан теориялық қағидалардан, тұжырымдардан шығарылады. Егер нақтылап айтсақ, оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді: 1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?); 2) мазмұны (нені оқыту керек?); 3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?); 4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?); 5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты нысаны оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені, мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни, қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар - әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады. Ендеше, әдістемелік негізде мектеп грамматикасы мен ғылыми грамматика бір-бірімен тығыз байланысты, тіпті біртұтас деуге де болады. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады. Сонымен қатар мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдерді тиімді пайдалану мүмкін емес. Бұл әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды. Қазақ тілін оқытудың барысында мұғалім оқытудың формалары мен мазмұнын, міндеттерін шешуде, әдістемені анықтауда дидактикалық принциптерді басшылыққа алады. «Принцип» – латын сөзі «основа первоначально-руководящая идея...» қазақшасы – «оқытуда басшылыққа алатын идея, қағида». Қазақ тілін оқытудың барлық деңгейлерінде бағдар беретін негізгі жұмыс бағыты осы. Дидактикалық принципті алғашқы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменскийден басталса, орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Оқытудың бағытын, принциптерін зерттеуде педагог ғалымдарымыз көп еңбек сіңірді. Мысалы, Н.А.Сарокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдап көрсетсе, М.А.Данилов («Дидактика средней школы») 1975 ж. кітабында дидактикалық принциптің 7 түріне түсінік береді. Т.А.Ильина «Педагогика» кітабында оқытудың 7 түрлі 10 принциптеріне анықтама береді. Ал Ю.К.Бабанский (Педагогика, І977 ж.) оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады. Қазақ балаларын оқытуда Ы.Алтынсарин мұғалімдерге өте жоғары талап қоя білген: «...әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру, өз оқулығында («Қырғыз хрестоматиясы») тақырыптарға сәйкес суреттеу, сурет арқылы беру сияқты, көркем жазуды, әріптердің формасын дұрыс түсінуге, дағдыландыруды үйрету, шәкірттердің барлық сезім мүшелерінің – көз, қол, есту қабілетін, тілді, зейінді дағдыландыру, баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру арқылы және оған өз бетімен жұмыс істеу керек», – дейді. Ы.Алтынсарин оқыту принциптеріне: түсініктілік принципі, көрнекілік принципі, жаттығу принципі, өз бетінше оқыту, саналылық принципін ұсынған.

Оқыту әдістемесі - педагогиканың күрделі саласының бірі - дидактика тарауында қаралады. Дидактика (оқыту теориясы) гректің didaktikos - оқытамын деген сөзінен шыққан. Дидактиканың негізгі проблемалары оқу үдерісінің зандылықтарын, принциптерін және оқытудың тиімді әдістемелерін көрсетеді. Мысалы, ресейлік ғалымдар И.Я.Лернер, М.Н.Скатин оқыту әдісінің бес түрін көрсетеді:  түсіндіру-көрнекілік немесе ақпараттық-рецептивтік;  репродуктивтік;  проблемалық баяндау;  ішінара-ізденістік немесе эвристикалық;  зерттеушілік – деп оқытудың бес түрлі әдісіне тоқталса, Г.А.Ильина «Педагогика» атты еңбегінде оқыту әдістемесінің 4 түрге бөлген. Ал академик Ю.К. Бабанский де осындай оқыту әдістерінің түрлеріне тоқталып, оны оқытушының шығармашылық еңбегінің нәтижесі деп көрсетеді. Ә.Исабаевтың «Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері» деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады. Оқытудың теориясын зерттеген ғалымдар ғылыми еңбектерінде оқыту әдістерінің анықтамасын былай берген. И.Д.Зверев: «Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары», - десе, Ю.К.Бабанский: «Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру», - дейді. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: «...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - қазақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән», - деген. Профессор Ә.Исабаев: «Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Оқушылар тілді практикалық-теориялық және теориялық- практикалық жағынан меңгереді. Қазақ тілінен білім беру әдістерін топтастыру әдістемесінің соңғы жетістіктеріне негізделеді», - дейді. Ж.Нұржанова өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:

 түсіндіру әдісі – бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап, дәріс түрлері жатады;

 кітаппен жұмыс істеу әдісі – мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздік, т.б. жұмыстар;

 көрнекілік әдіс – экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.;

 техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс;

– экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б., техникалық құралмен жұмыс істеу;

 жаттығу әдісі – ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.       

Жыл өткен сайын қазақ тілінің жағдайы жақсара түсуде. 70%-дан астам оқушылар оқыту қазақ тіліндегі мектептерде оқиды. 2016 жылы мектеп бітіруші түлектердің 72% -ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды.

38 мыңнан астам ұлты қазақ емес балалар қазақ мектептерінде білім алуда. Өкінішке орай, бұған қарамастан оқыту орыс тіліндегі мектептерде балалар қазақ тілін 11 жастан бастап оқиды, күнделікті өмірде оны қолданбайды. Мәселе оқыту әдістемесінде екені түсінікті. Біз мұны өзгерту міндетін қойдық. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДБҰҰ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары бірлесе отырып, орыс тілді балаларды қазақ тілінде қарым-қатынас жасау үшін жаңа әдістемені және жеделдетілген жаңа оқулықтарды әзірлейді. Қолданыстағы грамматикалық-аударма оқыту  тәсілін «коммуникативті әдістеме» деп аталатын тәсіл алмастырады.

Жаңа оқулықтармен еліміздің барлық мектептері міндетті түрде қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың аяғында «Баршаға арналған қазақ тілі» жаңа әдістемесі дайын болады. 2017 жылдан бастап оны оқыту орыс тіліндегі мектептерге енгізіле бастайды. Негізгі акцент ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа жасалатын болады. Оқулықтар, электронды қосымшалар кең қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестері бойынша әзірленеді. Олардың барлығы қазақ тілінің жиілік сөздігіне жинақталған. Бұл сөздерді жеңіл түсінуге және қолдануға болады.

Бірінші деңгейде балалар қарым-қатынас жасау үшін  ең қажетті сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді. Келесі деңгейлерде біртіндеп сөз саны көбейе береді, сөздер мен сөз тіркестері күрделене түседі. Бала оны күнделікті өмірде үнемі қолдануы қажет. Екінші тілді оқытудың барлық  психологиялық кедергілері алынып тасталады және  меңгеру үздіксіз болады. Балалар жаңа әдістеменің нәтижесі бойынша қазақ тілінде ауызша да, жазбаша да еркін қарым-қатынас жасай бастайды.

Тілді білуін бағалау үшін  КАЗТЕСТ-ке ұқсас бағалау  қолданылады. Ол 8 жылдан бері мемлекеттік қызметке тұрарда және «Болашақ» бағдарламасы бойынша қабылдауда апробациядан өткен[3].

Оқыту бағдарламалары оқу жоспарының негізінде жасалады.Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім,іскерлік,дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.

Бағдарламаның түрлеріне типтік, жұмыс,авторлық, оқу бағдарламалары жатады.Бағдарламаның бөліктері: 1) пәнді оқудағы мақсат,оқушылардың білім,білік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, ұсынылатын оқыту формалары және әдістері туралы жазылған түсінік хат; 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны; 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт; 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі; 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар; 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі; 7) ұсынылатын әдебиеттер.

Бағдарламаның қызметі – мұғалімнің жұмысын ұйымдастыру,оған әдістемелік көмек беру. Бұл үшін бағдарлама практикалық жұмыстың түрлері, оқушыға берілетін нұсқаулар енгізіледі. Қазақ тілі пәнінің оқыту мазмұны да бағдарлама арқылы көрсетіледі. Пәнді оқытуға не кіретіні анықталмай, жүйелі оқу жүйесі жүргізілуі мүмкін емес. Қазіргі уақытта I-IV сыныпқа, V-IX сыныпқа арналған бағдарламалар бар. Бағдарлама бірнеше бөлімнен тұрады:

1.Түсініктеме.

2.Білім мазмұнының міндетті деңгейі.

3.Базалық білім мазмұнының сыныптар бойынша жіктелуі.

Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілін оқытудағы ерекшеліктер ескеріле отырып, I-IV сынып бағдарламасы мына принциптер негізінде құрастырылады:

1) тақырыптық ұстаным принципі

2) жүйелеу принципі

3) оқушының ана тілін негізге алу принципі

4) функционалдық принцип

Оқу жоспары бойынша I-IV сыныпта қазақ тіліне 272 сағат беріледі.

Бастауыш сыныпты бітірген оқушы шамамен 400 сөз білуге тырысу керек. Кітапта жуан айтылатын сөздер жуан әріптермен,жіңішке айтылатын сөздер жіңішке әріптермен жазылған. Сонда бала жуан әріптермен жазылған сөзді көріп тұрып оны жуан айтуға, жіңішке әріптермен жазылған сөзді көріп тұрып оны жіңішке айтуға тырысады және сол дыбыстардың айтылу бейнесін көрсетіп отырған жөн. Бағдарлама орыс тілді мектептердегі қазақ тілі мемлекеттік білім стандарты негізінде жасалады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңын әдіснамалық басшылыққа алады. Аталған стандартқа сәйкес бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылады: Бастауыш сыныпта (I-IV) қазақ алфавитін,оның ішінде қазақ тілінде қиын дыбыстардың айтылуын, жасалу жолдарын үйрету, сөздік қорын байыту, үйренген сөздерін сабақ барысында пайдалану, сөз, сөз тіркестерін, қысқа сөйлемдерді құрастырып дұрыс оқу, мұғалімнің сұрағына жауап бере білуге үйрету. Бағдарлама бойынша I сыныпты бітірген бала – 60-70, II сыныпта – 70-80, III сыныпта – 80-90, IV сыныпта – 90-100 сөз біліп, сол сөздермен ауызекі сөйлесе білу керек.

1. Тіл дамыту: тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу

2. Фонетика:дыбыстардың жуан және жіңішке болып үндесуі. Қазақ тілінің қиын дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру және сөз ішіндегі жуан,жіңішке дыбыстарды түсінетіндей етіп үйрету.

3. Интонацияны дұрыс қою (бұйрық ретінде, хабарлы және сұраулы)

4. Қиын дыбыстардың жүйесі және дыбыстардың жазылуы немесе таңбалары.

5. Лексика: оқушылардың 4 жыл ішінде 400-ге жуық қазақша сөздерді меңгеруі. Сөздер эксперименттік-статистикалық жолмен таңдалған. Олар сынып бойынша былай жіктелген: I сыныпта 60-70 сөз, II сыныпта 70-80 сөз, III сыныпта 80-100, IV сыныпта 100-120 сөз, әрбір сабақта орта шамамен алғанда 2-3 сөздің меңгерілуі және олардың морфологиялық нұсқалары қарастырылған.

I сыныпта сабақтар тек қана оқу арқылы берілмей, мұғалім мен оқушы диалогі арқылы да өтеді, басқаша айтқанда, мұғалім сабақ үстінде қазақша сұрақ-жауап арқылы сөйлетеді, үй тапсырмасы берілмейді, келесі күні тексерілмейді,осыған орай баға да қойылмайды,жазудан жаттығулар да берілмейді; сөз құрау кеспе әріптер арқылы жасалады. Осы берілген шаралар сабақта балалардан, үйде ата-аналардан психологиялық күш түсірмеуге көмектеседі.

V-IX сыныпқа арналған бағдарлама мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылды:

1. Қазақ тілінде сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни тілдік қарым-қатынастың қызметін меңгеру;

2. Тілдік білім жүйесін танып-білу, яғни тілдің фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, стилистикалық ерекшеліктерін танып-білу;

3. Танымдық біліктілік, яғни қазақ халқының материалдық, рухани және тарихи-мәдени байлығын тіл арқылы таныту. Бағдарламаның мақсаты – оқу орыс тілінде жүргізілетін мектеп оқушыларының бастауыш мектепте алған білімін жалғастырып, V-IX сынып арасындағы білім мазмұнын "қоршаған орта" тақырыптары арқылы теориялық жүйелеу, сөздік қорын байыту. "Менің Республикам" тақырыбы бойынша өлкетану материалдары негізінде оқушылардың ой-өрістерін дамыту, ғылыми,публицистикалық стиль ерекшеліктерімен таныстыру, грамматикалық білімдерін тереңдету (VII-VIII сынып). Осы тақырып негізінде оқушылар Қазақстан мемлекетінің теориялық тұтастығын, этномәдени бірлігін, тәуелсіздігін, Конституциясы мен Заңдарын құрметтеуге, оның материалдық және мәдени-рухани, әдеби құндылықтарын,географиясын,тұрғын халықтарының этномәдениетін тануға тырысады және қазақ тілін меңгеруі мақсат етіледі. Мысалы, IX сыныпта "Елтану" тақырыбы бойынша біртұтас білім қалыптастыру, халық ұғымынан мағлұмат беру, грамматикалық білімді күрделендіру, тілдік қарым-қатынастың, этномәдениет біліктерін арттыру.

Осы тақырып бойынша оқушылар қазақ халқының ізгі қасиеттерін, құндылықтарын, салт-дәстүрін әдебиет пен мәдениет, тарих материалдары негізінде оқитын болады. Қазақ мәдениеті мен әдебиеті V-IX сыныптарда тақырыптық блоктарға орай тілдік тұтастықты қарастырушы құрал ретінде негізгі өзек болып беріліп отырылады. Барлық мәтіндердің, суреттердің, т.б. оқу құралдарының адамгершілік-эстетикалық мазмұны мен Қазақстан патриотизм рухы негізгі курстың байланыстырушы желісі болып табылады.

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:

- жеке тұрмыста, әлеуметтік ортада қазақ тілінде қарым-қатынасқа үйрену;

- қазақ тілінде мәдени-ресми қатынасқа дайындық;

- өз бетінше белсенді тіл үйрену қабілетіне баулу, оны арттыру;

- қазақ тілінде айтылған сөйлемді талдай білу, ұғыну, түсіну (оқығанды,жазғанды), өз бетімен айта білу, сөйлесе білу, (диалог) ауызша және жазбаша сөйлеу (монолог), дұрыс оқу, дұрыс жазу, дұрыс айту дағдыларын меңгеру;

- оқу мәтіндерін аудармасыз түсінуге ұмтылу;

- қазақ тілінде жарнамалар, іс-қағаздары, көркем әдебиет туындыларын оқып түсіну;

- сөздік қорын молайтуда аударма және түсіндірме сөздіктерін пайдалана алу;

- қазақша ойлауға,қазақша сөйлеу желісіне, қазақша сөйлеу әуезділігіне жету, үлгісіз, жетексіз, өз бетінше сөйлеуге, жазуға, оқып айтуға дағдылану;

- сөйлеу тілі, көркем шығарма тілі, ресми тіл, публицистикалық және ғылыми тілдердің қолданылу жағдайларын айыра білу;

- дыбыс, сөз, олардың мағыналары,сөздердің сөйлем құрылуындағы тұлғалы өзгерістері мен сөзжасамдар, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, емлелік және тыныс белгілік сауаттылық сияқты тіл құрылысын білімдік сипатта білу, игеру;

- қазақ тілі этикасын түсіну, оны қолдану;

- тәрбиелік міндеттерді шешуге ұмтылу;

- танымдық мазмұнын, мәнін жүзеге асырып отыру;

- аударма жасау дағдыларын меңгеру.

V-IX сынып бағдарламасы жоғарыда аталып көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда төмендегідей ұстанымдарға сүйенеді:

1. Лексикалық минимумды тақырыптық тұрғыдан сұрыптап ұсыну.

2. Тілдік материалды оның атқаратын қызметі тұрғысынан таңдап, жіктеп, ішкі сабақтастыққа жүйелеп беру;

3. Дидактикалық ұстаным: оқу материалдарын қарапайым тілдік құбылыстардан күрделіге қарай, дарадан жалпыға, жекеден тұтасқа, нақтыдан дерексізге қарай, сондай-ақ дидукциялық бағытта құру, жалпыға түсінікті ету мақсатында мәтіндерді ықшамдау, өзгерту, түрлендіру, екшеп сұрыптау.

4. Психологиялық ұстанымдар: оқушылардың жас ерекшеліктеріне, ойлау ерекшелігіне, мотивтері мен қызығушылықтарына, есте сақтауға негіздеу, дамыта оқудың жеке тұлғаға бағдарлану мұратын ескеру.

5.Пәнаралық байланыс ұстанымдар: орыс тілімен салыстыра ойлауды, сөйлеуді пайдалану, тарих, география, әдебиет, көркемөнер, т.б. пәндермен тиімді байланыстыруды жүзеге асыру.

6.Тәрбиелік ұстанымдар: Қазақстан Республикасын, халықтар бірлігін, этномәдени этикасын, ізгілікті рухын сезіну, оларға өзінің қатыстық және қатынастық мәдениетін баулу.

7. Танымдық ұстанымдар: қоршаған орта, қоршаған дүние, Қазақстан географиясы, тарихы, мәдениеті, әдебиеті, қазақ халқының салт-дәстүрлері, тағы басқа ізгілікті құндылықтар мен қасиеттерді таныту тұрғысынан білім мазмұнын құру, оқу процесін жүргізуді жобалау. Қазақ тілінің ірі блоктар бойынша оқытылуы оқушылар сана-сезімінде оқу материалдарының тіл мен дүние тұтастығында қабылдауын қамтамасыз ету үшін ойластырылған.

Мұның өзі білімді жүйелік қабылдау, танып-білу парадиограммасына жақындайды. Ол әрі қазақ тілін басқа пәндермен байланыстыра оқыту мүмкіндігін кеңейтеді [4, 23-28-б.б.].

Кез келген пәннің мазмұны.бағдарлама арқылы көрсетіледі. Басқа ұлтқа қазақ тілін үйрету қерек екені баспасөз бетінде және түрлі кеңестер, мәжілістерде көрсетілгенімен, тілді қандай жүйеде оқыту туралы нақтылы, деректі ешбір мағлұмат, бағдарлама болмады. Ал бағдарлама оқу пәнінің мазмұнын, калемін көрсететін негізгі құрал, пәнді оқытуға не кіретіні анықталмай, жүйелі оқу жұмысы жүргізілуі қиын.

Қазақ тілін оқытудың мазмұнын анықтау мәселесі 1930 жылдан бастап қолға алына бастады. Атап айтқанда, Т. Шонанұлы, С. Кеңесбаев, Қ, Қеменгерұлы т. б. көптеген ғалымдар айналыса бастады. 1923 жылы С. Аманжоловтың «Еңібекші қазақ» газетінде «Еуропалықтар үшін қазақ тілі сабағы» (II сабақ үлгісі) кейін «Казахстанская правда» газетінде «Қазақ тілін үйренеміз» (45 сабақ үлгісі жарияланды).

1930 - 31 жылдары Қызылорда қаласынан «Орыс мектебінің 5 - 10 кластары үшін» қазақ тілінің бағдарламасы, оған қоса «түсінік хаты» жарияланды.

1930 жылдарда ересектерге қазақ тілін оқыту мәселесіне бірсыпыра көңіл бөлінді. Мекемелерде қызметкерлерге қазақ тілін оқыту міндетті деп саналды. Осымен байланысты арнайы бағдарламалар жасалды.

1933 жылы Т. Шонанұлы мен С. Кеңесбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту бағдарламасын («Программа по казахскому языку для ведомственных курсов по коренизации аппарата», Алматы, 1933) жасап, онда қазақ тілін окытуға 240 сағат бөлген.

Бағдарламаның талабы бойынша тіл үйренушілер оқу соңында қазақша ауызекі тілде дұрыс сөйлеп, жаза білуі керек.

Бағдарламаның алға қойған мақсаты: а) еуропалықтарға қажетті көлемде қазақша сөйлеуді меңгерту; б) қазақ тілі грамматикасының формалары мен заңдылықтарынан мәлімет беру; в) жергілікті ұлтпен аудармашысыз қарым-қатынас жасап, кейбір қазақ тілінде жазылған іс қағаздарының мазмұнын түсінуге үйрету болды.

Бағдарламада тілдік материал мен жұмыстың әр түрі жеке-жеке берілген. Оған сөздік қорды байыту, тіл дамыту, грамматика, орфоэпия, дұрыс жазу мен оқу жатады. Тәжірибеде тілді оқыту барысында жұмыстың бұл түрлері жеке-жеке емес, бір-бірімен тығыз байланысты алынады делінген.

Бағдарлама мынадай үш бөлімнен тұрады:

  1. Түсініктеме бөлімі.

  2. Әдістемелік кеңес.

  3. Бағдарламалық.оқу материалы.

«Түсініктемеде» бағдарламаға жалпы шолу берілген.

«Әдістемелік нұсқау» бөлімінде сол кезеңде қолданылғаң қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері туралы мәлімет берілген. Негізгі (үшінші) бөлімінде оқу материалдары мына жүйе бойынша берілген: 1. Кіріспе. 2. Бастапқы курс. 3. Тақырыптар. 4. Орфоэпия. 5. Оқу. 6. Грамматика. 7. Жазу, көркем жазу және тыныс белгілері.

«Кіріспе» 2 сағат. «Бастапқы курсқа» 6 сағат, ал қалған сағаттар жұмыстың басқа түрлеріне бөлінген. Бағдарламада «Кіріспе» және «Бастапқы курс» ауызша әңгіме түрінде өтеді делінген. Кіріспеде қазақ тілін оқудағы алға қойып отырған міндеттер, ұлттық тілдер туралы мәселелер, т. б. мәліметтер беріліп, «Бастапқы курста» қазақ тілінің әліппесімен жұмысты ауызша әңгіме түрінде жүргізу жоспарланған. Ауызша әңгіме, сұрақ-жауап ретінде құрылған, бұл бөлім келесі негізгі бөлімге дайындық ретінде берілген. Бағдарламада тіл үйретушілердің тілін дамыту мақсатында мына тақырыптар ұсынылған:

1. Өзара сәлемдесу мен қоштасу; 2. Біздің өндірістегі еңбек; 3. Еңбек күні; 4. Өндірісіміздің құрамы; 5. Асхана; 6. Белме; 7. Киім; 8. Өндірістегі жұмыс әдістері; 9. Денсаулық; 10. Қоғамдық ұйымдар.

«Орфоэпия» бөлімі дыбыстарды дұрьс айту, екпінді дұрыс қоюды үйретуге арналған. «Оқу» бөлімінде іс қағаздарын, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді, өлеңдерді, мәнерлеп оқуға үйретудің жолдарын белгіленген.

«Грамматика» бөлімі қазақ тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксисіне дейінгі тілдік материалды қамтиды.

Бағдарлама талабы бойынша оқу соңында 1200 - 1500 сөз меңгерілуі керек. Бағдарламаның соңғы бөлімінде сауатты жазуға дағдыландыру туралы мәлімет берілген. Бұл бөлімде тіл үйренушілерге анкета толтыру, іс қағаздарын жаздыру, қысқаша есеп беруге үйретуге көңіл бөлінген.

Осы алғашқы бағдарламаның құнды жақтары төмендегідей:

1.Бұл қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуға арналып жазылған тұңғыш бағдарлама екенін ерекше атаған жөн. Бағдарлама қазақ тілін басқа ұлтқа оқытуды жүйелі түрде жүргізуді жолға қоюдың бастамасы болды.

2.Бағдарламада үйренуге тиісті сөз мөлшері барлығы 1200 - 1500 сөз. Мұнда сөз білу қазақ тілінде ойын жеткізуге, сөйлесуге, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік бере алады.

3.Ғалымдар бағдарламада қазақ тілін 10 айда үйретуге 240 сағат бөлген. Бұл алғашқы жасалған бағдарлама болса да, онда тілді үйретуге қажетті оқу сағаты дұрыс белгіленген.

Қазақ тілін оқытуға дұрыс бағыт берілген қазіргі кезеңнің өзінде Қазақстанның көпшілік жоғарғы оқу орындарында көбіне 200 сағат қана бөлініп жүргенін еске алсақ, 1933 жылдардағы бағдарламаның деңгейінен төмен тұрғанымызды мойындауға тура келеді. Ал ол бағдарламаның қазіргі курстарға 70 - 80 сағат бөлініп жүргенімен салыстырсақ, қазіргі кезде тіл үйрену мәселесінің әлдеқайда төмен дәрежеде қойылып отырғанын анық байқауға болады. Мұның өзіндік себебі бар, 1987 жылға дейін қазақ тілін орыс мектебінде оқытуға мән берілмеді. Ал жоғарғы оқу орындарының орыс бөлімінде қазақ тілі мүлдем оқылмады, 1987 жылғы қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы қаулыдан соң ғана, қазақ тілін оқыту 50 - 60 сағаттан басталған еді, онымен салыстырғанда, қазіргі кездегі 200 сағат бөліну жетістік керінді.

1987 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Министрлер Советінің Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы қаулысынын ықпалымен республика мекемелерінде ересектерді қазақ тіліне үйрету мәселесі қолға алына бастады. Соған байланысты ересектерге арналған бағдарламалар да шыға бастады. 1987 жылы «Мектеп» баспасынан профессор Н. Оралбаеваның «Қазақ тілін үйрену курсынын бағдарламасы» жарық көрді. Бұл бағдарлама бойынша оқу материалы аптасына 2 сағаттан 40 сабаққа (80 сағатқа) мөлшерленген. Осы автордың «Халық университетінде оқытылатын қазақ тілінің үлгілік бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулары» 1988 жылы шықты. Бағдарлама халық университетінде оқытылатын қазақ тіліне арналған. Бағдарлама материалын өту 70 сағатқа белгіленген. Қазақ тілі аптасына екі рет 4 сағаттан оқылады. Бұл аталған бағдарламалар тіл үйренушілерге қазақ тілін үйретуде оның фонетикалық, грамматикалық құрылысын және қажетті мөлшердегі сөздік қорын комплексті түрде меңгеру принципін басшылыққа алған.

Сонымен қатар бағдарламада тілді үйренуге қойылатын талаптар берілген. Онда жеке адам өз ойын текспен байланысты айтуы, өзінше ойын құрастырып айтуы қажет екені айтылған; және оның дұрыстығын анықтау белгілері берілген. Сол скяқты екі адамнын сейлесуі және оның дұрыс екенін анықтайтын белгілер келтірілген. Оқу, жазу, текст сияқты жұмыстың түрлері, оларға қойылатын талаптар көрсетілген.

Бұл жөнінде бағдарламада былай делінген: «Тілдің фонетикалық жүйесін, грамматикалық құрылысын ғана білуі тілді толық меңгеру емес, негізінде оны іс жүзінде пайдалана білу керек» [5, 33 б.]. Атап айтқанда, бағдарлама талабы бойынша «...тыңдау, оны түсіну, оқу, ойын ауызша, жазбаша түрде де жеткізе білу сияқты компоненттердің бәрі тілді үйрену ұғымына кіреді» [5, 35 б.].

Бағдарламада текстер тақырыбы жалпы берілген. Тақырыптарда қазақ халқы туралы, оның мәдениеті мен әдебиеті, тарихы экономикасы туралы мағлұмат берілу жоспарланған. Бұл - тілді үйретумен бірге жүргізілетін негізгі мақсаттың бірі. Бұл 2 бағдарламаның алдыңғылардан бір ерекшелігі – сабақ комплексті принципте құрылуы тиіс деген құнды пікірлер айтылған. Бағдарлама әр сабақта тіл үйренушілерге орта есеппен 20-25 сөзден үйретіп, 70-80 сағатта 900-1000 сөз меңгертуді міндеттейді.

Бағдарламаның соңында әдістемелік ескертпелер берілген. Мұғалімдердің қолында ол кезде ешбір әдістемелік құрал да, оқулық та жоқ еді. Көпшілік мұғалімдер сабақты өз бетімен ізденіп, өзінше құратын. Сондықтан бұл бағдарламадағы ескертпелерде мұғалімге өте қажетті негізгі әдістемелік мәселелер сөз болған. Ол ескертпелерге сүйенген мұғалім сабағын дұрыс белгілей алады деуге болады. Мысалға, әдістемелік ескертпенің 2 пунктінде тілдік нұсқаларды бір-бірімен байланыста үйрету мәселесі қойылған. «Тілді үйретуде сабақты жеке мәселенің көлемінде қалдырмай, байланысты мәселелердің тобына құру оны жақсы меңгеруге, әр курстің мерзімі қысқа, тілдік материалы көп болғандықтан, сабақта тілдік объектілер көп қамтылып, тіл үйретуді қысқа мерзімге сыйғызуға көмектеседі» [5, 33 б.] - деп жазылған. Осы бағдарламада: «қазақ тілінің грамматикалық құрылысы белгілі дәрежеде жүйелі түрде берілгенімен, оқу процесінде әуелі фонетика, онан соң, морфология, синтаксис деген сияқты тәртіпті сақтау міндетті емес. Тіл материалдарын қажетіне қарай тиімділігіне және ұтымдылығына қарай топтастыруға болады» - деп, тілдік материалдың бір-бірімен байланыстылығын оқыту процесінде толық пайдалану керектігі ескертілген.

Әдістемелік ескертпенің 7-пунктінде «Ешбір тілдік материал ереже жаттау түрінде өтілмеуге тиіс. Барлық тілдік материалдар іс жүзінде сөйлеу, тіл үйрену процесі ретінде жургізілуге тиіс. Жатталған ереже ұмытылады, оны іс жүзінде қолданғанда ғана, есте жақсы сақталады, тілді жақсы үйренуге көмектеседі. Сондықтан барлык сабақ тілдік материалды оқушының қолдануына, тәжірибе жүзінде меңгеруіне лайықтанып құрылуы қажет» [6, 23 б.] - деп көрсеткен.

Әдістемелік кеңестегі осы нұсқауда тілді оқытуды тәжірибеге бағыттауды, сөйлеуге үйретуді ұсынған.

Талқыланып отырған бағдарламаның тағы бір кұндылығы - оның қазақ және орыс тілінде, екі тілде жазылуында, ол оқытушының да, оқушының да өз міндетін жаксы түсінуіне көмектеееді.

1952 жылы III. Сарыбаев «Пединституттардағы орыс группаларына арналған қазақ тілі программасын» жасады. Бұл жоғарғы оқу орнына арналған тұңғыш бағдарлама. 1, 2 курстарға арналған бұл бағдарламада оқу материалы әр курсқа 140 сағаттан, барлығы 280 сағатқа шақталған. Бағдарламада тілдік материал әр курсқа мынадай жүйе бойынша бөлінген:

I курста 140 сағат, II курста 140 сағат. Бұл бағдарламада I курста мынадай тақырыптар өту белгіленген: 1. Кіріспе. 2. Фонетика. 3. Грамматикадан - зат есім, сын есім, сан есім, есімдік және етістік сияқты негізгі сөз таптары. 4. Синтаксистен - жай сөйлемдер түрлері.

Автор «Кіріспе» бөлімге - 4 сағат; «Фонетика» бөліміне 30 сағат, сын есімге - 10 сағат, сан есімге - 6 сағат, есімдікке - 4 сағат бөлген. Жыл соңында өткен материалды қайталауға 6 сағат берілген. Бағдарламаның бірінші «Кіріспе» бөлімінде студенттерге қазақ тілі, оны оқыту мақсаты, мазмұны туралы қысқаша мәлімет берілуі керек екені айтылады. «Фонетика» бөлімінде студенттерге қазақ тілінің дауысты, дауыссыз дыбыстары, төл дыбыстардың айтылу ерекшелігі, қазақ тіліңің үндестік заңы туралы мәлімет беру жоспарланған «Фонетика» бөлімінен кейін, автор қазақ тілінде жай сөйлем түрлерінің жасалуын, оның айтылу интонациясын меңгерту мақсаты мен жай сөйлем туралы мәлімет береді. Келесі бөлімдерде зат есімнің жіктелуі, тәуелденуі, септелуі, көптік жалғауының нұсқалары туралы мәлімет берілген. Сын есімнің, сан есімнің жасалуы туралы жалпы айтылған. Ал етістікті өткенде, оның түбірі, төрт көмекші етістік, етістіктің болымды, болымсыз түрінің, тұйық (ол кезде тұйық етістік тұйық рай болып саналған) және шартты райдың жасалуын үйрету жоспарланған.

Оқу жылы соңында тіл үйренушілер осы өткен теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануға дағдыландыру міндеттелінген.

II курстың оқу басында студенттерге I курста өткен материалды пысықтау және тереңдету мақсатында бақылау жұмыс жүргізу жоспарланған.

Бақылау жұмысына бағарламада 10 сағат бөлінген. IІ курстың материалы негізінде I курста алынған теориялық білімді әрі жалғастыру түрінде берілген.

«Бақылау — пысықтау» бөлімінен кейін "Грамматика" бөлімі берілген. Бұл бөлімге етістіктің ашық райы (10 сағат), етістіктер (8 сағат), көсемше (20 сағат), есімше (18 сағат), үстеу (4 сағат), шылаулар (10 сағат), одағай (4 сағат) және етістіктерді қайталау (10 сағат) бөлінген.

Келесі «Синтаксис» бөлімінде жалаң сөйлем (6 сағат); жайылма сөйлем (14 сағат), жақсыз сөйлем (4 сағат), сөйлем мүшелері (12 сағат) , құрмалас сөйлем (10 сағат) берілген.

Бағдарламада I курста «Әріптер мен дыбыстар» деген тақырыптан кейін 1-ші «Үндестік заңы», 2-ші «Орфоэпия», 3-ші «Сөйлем» берілген. «Мұндай тақырыптарды алуымыздың себебі, - делінгең бағдарламада, - бұл тақырыптардың әрқайсысы өздігінен бұрынғы тақырыптың мазмұнын өз ішіне алатын тақырыптар» яғни, бұл тілдік материалдың бағдарламада хронологиялық тізіммен берілуі емес, белгілі бір әдістемелік жүйемен берілуі.

Бағдарлама мазмұны әрі грамматика мен сөйлеу, әрі тақырыпшаларды кеңейту, дамыту жолын, әрі өтілген тақырып пен жаңа тақырыптың аралығын тұтастыру, өтілгендерді ұмыттырмау жолын көздейді.

Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі - сағат санының қазірге қарағанда, қажетті мөлшерде бөлінуі. Бұл бағдарламадан соң жоғары оқу орындарының орыс бөлімінің студенттеріне арналған бірнеше бағдарлама шықты. 1959 жылы И. Ұйықбаевтың авторлығымен жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімдерінің студенттеріне арналған бағдарлама шықты. Ал 1980 жылы университет студенттеріне арналған орыс бөлімінде қазақ тілін оқытудың бағдарламасы шығып, кейін ол О.Күлкенованың авторлығымен «Филология факультетінің орыс бөлімдерінің I - II курстарына арналған қазақ тілі программасы» деген атпен шықты. Мұндай бағдарламалар 1987 жылы X.М.Нұрмұхановтың, 1988 жылы Қ.М.Мамытбеков пен Б.Тұрғынбаеваның авторлығымен шықты.

Бағдарламада қазақ тілін оқуға бөлген уақытта үлкен айырма бар. И. Ұйықбаев 140 сағат, О. Күлкенова 211 сағат, X. М. Нұрмаханов 70 сағат,

Қ. М. Мамытбеков пен Б. Тұрғынбаева 120 сағат бөлген.

Бағдарламаларда сағат санының түрлі болуы сол кездегі оқу кезеңдегі оқу жоспарына байланысты. Жоғарғы оқу орындарының бағдарламасы оқу жоспарында бөлінген сағатқа байланысты болатыны белгілі. Оқу жоспарында қазақ тіліне «бөлінетін сағат үнемі өзгеріп келді.

Осы бағдарламада студент білуге тиісті сөздің саны да түрлі болып келді. И.Ұйықбаев 5000 сөз, О. Күлкенова 1800 белсенді сөз, X.М.Нұрмаханов 2000 сөз, Қ.М.Мамытбеков пен Б.Тұрғынбаева 1800—2000 сөз меңгеруді талап еткен. Сөйтіп бағдарламаларда қазақ тілінен 2 жылда (X. М. Нұрмахановта бір жылда) студенттерден 5000-нан 2000-ға дейін сөз үйрену талап етілген. Үйренетін сөз саны жағынан бағдарламаларда студенттерге түрлі талап қойылған. Студент тілден 140 сағатта 5000 сөз үйреніп шыға алмайды, өйткені ол үшін, әр сабақта. 75 - 80 сөз үйрену керек, ол мүмкін емес. Ал 2000 сөз біліп шығу үшін, әр сабақта 30 сөз үйрену керек. Бұл да өте ауыр. Мұғалімдер тәжірибесі 15 - 20 сөзді көрсетіп жүр, әр сабақта 10 сөз үйретуді ұсынатындар да бар. Егер әр сабақта 15 - 20 сөз үйретілсе, екі жылда 1000 - 1300 сөз үйретіледі. Әр сабақта 10 сөзден үйретсе, 2 жылда 700-дей сөз үйретіледі, бұл өте аз, үйретілетін сөздің саны мыңнан кем болмағаны дұрыс.

Бағдарламалардағы келесі айырмашылық сағат санын бөлумен, тақырып түрлілігімен байланысты. Тілдік материал көбіне ұқсас. Тілді оқытуда кейбір айырмашылықтар өте үлкен нұқсан келтірмейді.

1936 жылы «Халық мұғалімі» журналынық № 10 санында Ш. X. Сарыбаевтың «Орыс мектебінде қазақ тілі пәнін оқыту мәселесі» атты мақаласы жарияланып, онда қазақ тілін оқытудың мазмұны жайлы сөз болды.

1939 жылы оқу орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін оқытудың алғашқы бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы шықты. Бағдарлама орта мектептің V—X кластарына арналған. Бағдарламада берілген әр класта оқылатын қазақ тілі материалы төмендегідей: