- •Мазмұны
- •Курстық жұмыс Есімдер мен етістіктердің сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі
- •1 Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемдегі атқаратын қызметі
- •2 Есімдер. Сөйлемдегі синтаксистік қызметі
- •2. 1 Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
- •2. 2 Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
- •2. 3 Сан есімнің сөйлемдегі қызметі:
- •3 Етістік. Сөйлемдегі синтаксистік қызметі
- •3.1 Есімшенің сөйлемдегі қызметі
- •3.2 Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
- •3.3 Етістердің сөйлемдегі қызметі
- •3.4 Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •4 Сызықша және қойылатын орындары
- •4.1 Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
3.3 Етістердің сөйлемдегі қызметі
Қазақ тіліндегі өздік, ырықсыз және өзгелік етіс жұрнақтарының басты қызметі сабақты етістікті салт етістікке, салт етістікті сабақты етістікке айналдыру болып саналады. Сабақты етістіктен жасалған өздік және ырықсыз етіс тұлғасындағы салт етістіктің бойынан екі түрлі қасиетті байқаймыз. Біріншісі – морфологияға, екіншісі – синтаксиске қатысты қасиеті. Морфологияға қатысты қасиеті – етістіктің грамматикалық категориясы болып саналатын салт және сабақты етістіктер өздік, ырықсыз, өзгелік етістің жұрнақтары арқылы сабақтыдан салтқа және салттан сабақтыға ауысуы. Мысалы, жарылу, киіну, жуылу, созылу, қысылу, көріну, берілу, өткізу, ұйықтау, т.б.
Өздік және ырықсыз етіс тұлғасының синтаксиске қатысты қасиеті – бұлар саот етістікке айналып, сөйлемде табыс септігінен болған тура толықтауышты меңгермейді, керек етпейді. Өздік етіс тұлғасы баяндауыш болып келген сөйлемде бастауыш әрі қимыл иесі, әрі қимыл объектісі мағынасында қолданылады. Сөйлемде табыс септіктен болған тура толықтауыш қолданылмайды.
Ырықсыз етіс баяндауыш болып келген сөйлемде бастауыш қимыл объектісінің мағынасын білдіреді де, қимыл иесі сөйлемде айтылмайды және белгісіз болады. Мұнда да табыс септігіндегі тура толықтауыш айтылмайды. Мысалы, Жасыл жайлау, ақорда қалсын біраз желпініп (Жамбыл). Шешін, Вася, жылын (В.Катаев). Самауыр екі еселенді (Ғ.Мұстафин). Жұмысшыларды Бірінші майды мейрамдауға шақырған листовкалар күн сайын дуалдарға жапсырылып шығады (Горький)[9, 44 б.].
Өзгелік етіс жұрнақтарының да ( -т, -ғыз/-гіз, -қыз/-кіз, -дыр/-дір, -тыр/-тір ) басты қызметі – салт етісті сабақты етістікке айналдыру. Былайша айтқанда, бұл жұрнақтар – етістіктің грамматикалық категориясы болып саналатын сабақты етістіктің грамматикалық көрсеткіші. Өзгелік етіс жұрнақтары салт етістік түбіріне жалғанып, ауыспалы сабақты етістік тұлғасын жасайды. Мысалы, толтыру, ағызу, сындыру, түсіру, өшіру, т.т. Ауыспалы сабақты етістік өзіне тән арнайы грамматикалық көрсеткіші арқылы жасалады. Ал түбір сабақты етістіктің өзіне тән арнайы грамматикалық көрсеткіші жоқ. Ол табыс септігіндегі тура толықтауышты өзінің ішкі мағынасы арқылы меңгереді. Бала кітап оқыды. Мәкен үлкенді сыйлайды. Айша үй ақтады.
Ауыспалы сабақты етістік табыс септігіндегі тура толықтауышты өзінің құрамындағы өзгелік етіс жұрнақтары арқылы меңгереді. Асан жүк түсірді. Оспан жиналыс өткізді. Бала отты сөндірді, т.с.с. Мұнда түсірді, өткізді, сөндірді етістіктерінің құрамындағы -ір, -кіз, -дір жұрнақтарын түсіріп айтсақ, сабақтылық мәннен айрылып, салт етістікке айналады да, табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгеру қабілетін жояды.
Айша үйін млярға ақтатты немесе Айша үйін молярға ағарттырды десек, ақтатты етістігінің құрамындағы -т жұрнағы және екінші ағарттырды етістігінің құрамындағы -тыр жұрнағы сөйлемдегі молярға сөзімен тікелей байланысып тұр. Яғни ақтатты, ағарттырды етістіктері барыс септігіндегі жанама толықтауышты (молярға) өзінің құрамындағы -т, -тыр жұрнақтары арқылы меңгеріп тұр. Егер бұл жұрнақтары етістік құрамында айтылмаса, барыс септігіндегі жанама толықтауыштың (молярға) сөйлемде айтылу қажеттігі де болмас еді.
Ауыспалы сабақты етістіктен жасалған өзгелік етіс тұлғасы сөйлемдегі тура толықтауышпен және агенс қызметіндегі жанама толықтауышпен мына түрде байланысады:
1.Айша үйін молярға ағар+т+тыр+ды.
2.Асыл Бейсенге әртүрлі жеміс ағаштарын отыр+т+қыз+ып алды.
3. Мен отты Айшаға сөн+дір+т+тім.
Қимылды тікелей орындаушы (агенс) сөйлемде айтылмауы да мүмкін, бірақ ол айтылмағанымен, бар екендігі көңілде білініп тұрады. Мұнда бір ескеретін нәрсе сөйлемде барыс септігіндегі жанама толықтауыштың барлығы бірдей қимылды тікелей орындаушы (агенс) бола бермейді. Агенс мағынасында қолданылатын барыс септік өзгелік етіс тұлғасындағы қосымшамен (өзгелік етіс жұрнағы ) тікелей байланыста болады.
Қасымбек Тұрсынға үйінің терезесіне әйнек қойдырды. Бұл сөйлемде қойдырды етістігінің меңгеруінде Тұрсынға терезесіне деген екі жанама толықтауыш қолданылған. Мұнда қойдырды етістігі Тұрсынға сөзін өзінің құрамындағы -дыр жұрнағы арқылы меңгеріп, байланысып тұр. Егер осы қойдырды етістігінің құрамынан -дыр жұрнағын алып тастаса, жанама толықтауыш (агенс) болып тұрған Тұрсынға сөзі де сөйлемде айтылмас еді. Бастауыш қызметіндегі Қасымбек сөзіне қимыл тікелей қатысты болар еді. Яғни Қасымбек үйінің терезесіне әйнек қойды болып айтылар еді. Сөйтіп, өзгелік етіс тұлғасындағы сабақты етістік баяндауыш блып келген сөйлемде қолданылған барыс септігіндегі сөйлем мүшелері барлығы бірдей қимылды тікелей орындаушы -агенс бола бермейді[9, 45-46 б.б.].
Ортақ етіс формаларының бірнеше субъектіге қатысы. Ортақ етіс формасы етістікке тән грамматикалық формалармен өзгергенде, қимылдың бірнеше субъектіге ортақ қатыста екендігін көрсетеді. Ортақ етіс формасы баяндауыш қызметінде жұмсалса, оның бастауышы адам не басқа жанды заттың ұғымын білдіретін зат есім болады. Өйткені өзі қимыл-әрекет істей алатын заттар ғана бір қимылға ортақ бола алады.
Ескерту. 1. Тиісу, жалғасу, қақтығысу, соқтығысу, соғылысу тәрізді бірнеше етістіктер ғана жансыз ұғымды білдіретін зат есімдерден болған бастауышпен тіркесіп келеді. Мұндай сөздердің саны өте аз.
2. Ортақ етіс сөйлемде табиғат атауларының ұғымын білдіретін жансыз зат есімдер де бастауыш қызметінде жұмсалуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай көркем шығармаларда ғана метафора түрінде қолданылады. Мысалы, Аспанда жұлдыздар жымыңдасып, бір-біріне күлімдесіп, әзілдескен тәрізді (Ғ.Мұстафин). Жапырақтар да сыбырласып, сырласқандай.
Ортақ етіс тұлғасы баяндауыш қызметінде жұмсалған сөйлемде оның бастауыштары мына түрде келеді:
1. Жіктеу есімдігінің көптік түрінде. Біз бір-бірімізді ұғынысқандай болдық («Қазақ әдебиеті»). Олар да бізге таяу қолтықтасып келе жатыр екен («Қазақ әдебиеті»).
2. Зат есімнің көптік түрінде. Үй сыртына байлаған аттар тебісіп, отырғандарға маза бермеді. Екі сұңқар таласса,бір құзғынға жем болар (Мақал).
3. Жинақтау сан есім түрінде. Екеуі енді ғана түсініскендей болды. Бұл үшеуі Омбыда танысқан болатын (Ғ. Мүсірепов). Бұл қимылға бірнеше субъектінің (қимыл иесі) ортақ екендігін білдіретін етістіктің формасы ортақ етіс деп аталады. Ортақ етіс тұлғасының өзіне тән морфологиялық та, синтаксистік те белгісі бар. Оның морфологиялық белгісі -с, ыс/-іс жұрнағы арқылы белгіленеді. Синтаксистік белгісі осы жұрнақтар арқылы қимыл иелері болатын сөйлем мүшелерімен байланысады [9, 47 б.].
