- •Мазмұны
- •Курстық жұмыс Есімдер мен етістіктердің сөйлемде атқаратын синтаксистік қызметі
- •1 Сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелері. Сөйлемдегі атқаратын қызметі
- •2 Есімдер. Сөйлемдегі синтаксистік қызметі
- •2. 1 Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
- •2. 2 Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
- •2. 3 Сан есімнің сөйлемдегі қызметі:
- •3 Етістік. Сөйлемдегі синтаксистік қызметі
- •3.1 Есімшенің сөйлемдегі қызметі
- •3.2 Көсемшенің сөйлемдегі қызметі
- •3.3 Етістердің сөйлемдегі қызметі
- •3.4 Тұйық етістіктің сөйлемдегі қызметі
- •4 Сызықша және қойылатын орындары
- •4.1 Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиет:
2 Есімдер. Сөйлемдегі синтаксистік қызметі
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі – есімдіктер. Есімдіктер заттың атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір түсінікті, я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: Ол Прутковтың барлық афоризмін білетін (С. Ерубаев); Сен қымсынба, артыңда біз бармыз (М. Әуезов) дегендердегі есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. Өйткені бірінші сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтың барлық афоризмін білетінін ғана аңғарғанымыз болмаса, ол адам кім? – Бейсенбай ма, әлде Мұрат па? Жоқ, тіпті біз білмейтін басқа бір адам ба? Әйтеуір, оның кім екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі сен, біз дегендердің де мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ондай болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін білдіреді, демек көзбе – көз я бетпе- бет сөйлесіп тұрған екі адамнан басқаның бәрі ( адам ба, зат па – бәрі бір) – ол болады. Ал, мен тек бірінші жақ ( сөйлеуші я айтушы) болады да, сен – тыңдап (сөйлесіп) тұрған адам, демек, сөйлеушімен ( менімен) әңгімелесіп отырған адам болып шығады. Сонымен, жоғарыдағыдай дар тұрған сөйлемдердегі есімдіктердің дәлді мағыналары бірден айқын болмайды [1, 207-208 б.].
Есімдіктер әр түрлі сөз табының орнына жүретіндіктен, сөйлемде әр түрлі мүшенің қызметін атқарады.
1. Есімдіктер, әсіресе жіктеу есімдіктері, атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (А.Құнанбаев). Кино үстінде бұлар бір-біріне бір ауыз сөз айтқан жоқ. (Ж. Молдағалиев).
2. Есімдіктер барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұрып толықтауыш болады. Мысалы: Кеудемде жаным тұрғанда Гауһарды ешкімге бермеспін (С. Мыңжасарова). Жалғыз сенен айырылып, Артына қарап аһ ұрдым (А.Құнанбаев).
3. Есімдіктер ілік септікте немесе сын есім мен сан есімнің орнына қолданылып, аныктауыш болады. Мысалы: Ешбір дарынды ақын, ешбір дарынды жазушы орыс әдебиетін, орыс әдебиеті аркылы дүние жүзілік озық әдебиеттің көрнекті үлгілерін аттап өте алмауы керек. (Ғ. Мүсірепов). Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол (А.Құнанбаев). Бұл сұрауға жауап бермей, аз отырып барып сөйледі. (С. Мұқанов.). Бірнеше жұмсақ алақан Көтеріп бара жатқандай (Ғ. Қайырбеков).
4. Есімдіктер мезгіл, мекен мағыналарыңда үстеудің орнына қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Бүгін ешқайда бармайсыңдар, маған бір кешті қимайсыңдар ма? (Ж. Молдағалиев). Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. (С. Дөнентаев).
5. Есімдіктер жіктеліп қолданылса, баяндауыш болады. Мысалы: Менің іздегенім — сенсің. Әнеугі келген бала — осы. Сен нешіншісің?
2. 1 Зат есімнің сөйлемдегі қызметі
Бастауыш. Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемде ойдың иесі болады. Ел (кім?) ерімен еңселі. Таулардан өзен (не ағар?) ағар сарқыраған. Ана (кім?) сендерді шексіз сүйеді.Егішілер (кімдер?) астықты элеваторға жөнелтіп жатыр. Бала – отбасының бақыты.
Баяндауыш. Зат есім жіктеліп келіп, сөйлемнің баяндауышы да болады. 3-жақта жіктелген сөздің жіктік жалғауы болмайды Қазақ- ұлы халық (кім?). Пәле –жаламен ісі жоқ жандар (кімдер?) .Еңбегімнен ләззат алған әр сәтім –бақыт (не?).
Анықтауыш. Зат есім ілік септікте немесе түбір тұлғада тұрып, анықтауыш болады Алтын (қандай?) зері жарқылдап көздің жауын алады. Асанның (кімнің?) мінезі жақсы. Дайрабай әрі күйші, әнші, ақын (қандай?) адам болған.
Толықтауыш. Зат есім табыс септікте және барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып, толықтауыш та болады. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке байлап бұлттан асқан. Хат Айгүлден (кімнен?) келіпті.Суретін Қарлығашқа (кімге?) ұсынды. Ата –анаңды (кімді?) құрметте.
Пысықтауыш. Зат есім барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш та болады Арман ауылға (қайда?) кетті. Асан үйіне сабақтан кейін (қашан?) барды. Орманның оңтүстік жақ бүйірінен (қайдан жол шықты?) Жол шықты айдаһардай иірілген.Көкке қарай (қайда қанат қағып?)қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап Абай Шыңғыстауда (қайда?)туған.
Қосымша түсінік.
Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер деп екіге бөліп оқытылғаны белгілі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне бастауыш пен баяндауыш, тұрлаусыз мүшелеріне анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жататын.
Сөйлемдегі әрбір толық мағыналы сөз түрленіп келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді де, сөйлемнің бір мүшесінің қызметін атқарады. Мәселен, бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? қайсысы? қаншасы? нешеуі? деген сияқты сұрақтарға жауап береді де, баяндауыш білдіретін іс-қимылдың иесі болады. Мысалы: Менің туған жерім- Алматы. Әкесі-құрылысшы.
Баяндауыш бастауыштың атқарған іс-қимылын немесе бастауыштың кім, не екендігін көрсетеді. Баяндауышқа сұрақ бастауышпен байланыстырыла және қай сөз табынан жасалғанына қарай қойылады. Мысалы: Ер жолдасы-тәуекел. (Ер жолдасы не?) Қыздың белбеуі әдемі. (Белбеуі қандай?) Ағасы-студент. (Ағасы кім?) т.б.
Анықтауыш-зат есімнен немесе зат есім орнына жүретін басқа да сөз таптарынан болған мүшелермен байланысып, оларды сын-сапа, сан-мөлшер, меншіктілік-тәуелділік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше. Анықтауыш қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Өр Алтайға, ару Алтайға көктем келді. (қандай Алтайға, қай Алтайға?) Алтай кеудесінен екі жүз өзен арқырап, етекке ентелей құлайды. (қанша өзен?).
Толықтауыш-сөйлемде өзі толықтайтын мүшесімен табыс, барыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде тұрып, онымен заттық ұғымда байланысатын тұрлаусыз мүше. Сондықтан толықтауыш кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кімде? неде? кіммен? немен? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Сағит ақ орамалға түйілген бір нәрсені қолына ұстатып кетті. (С.М.) (Неге түйілген? Нені ұстатып кетті? Неге ұстатып кетті?) Абай мұны біліп жүр еді. (М.Ә.) (Нені біліп жүр еді?).
Пысықтауыш-сөйлемде етістіктен болған мүшелермен байланысқа түсіп, іс-қимылдың амалын, мезгілін, мекенін, себебін, мақсатын, сан-мөлшерлік сипатын білдіретін тұрлаусыз мүше. Пысықтауыш қайда? қайдан? қашан? қалай? қайтіп? не үшін? не мақсатпен? не себептен? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Ертең ол Қарқаралыға жүрмек. (М.Ә.) (қашан жүрмек? Қайда жүрмек?) Біз жемісті өмір сүру үшін асығайық. (З.Ш.) (Не үшін асығайық?)[2].
