Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бутліп Аяжан Морфология.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
488.45 Кб
Скачать

4.1 Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша

Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі мүшенің арасындағы тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға байланысты ғана қойылады. Сызықша койылатын жерлер:

1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады: жастар — біздің болашағымыз. Еңбек ету — ардақты іс. Ел намысы — ер намысы. (Мақал). Ол — инженер. Баяндауыш болған сөздердегі жіктік тұлғаның үшініш жағыңда арнайы қосымша жоқ. Бастауыш пен баяндауыштың арасындағы синтаксистік қатынас интонация арқылы беріледі. Бірінші сөйлем баяндауышындағы -ымыз — жіктік жалғау емес, I жақ тәуелдік жалғау; сондықтан да ол бастауыштың қай жақта тұрғанын білдіре алмайды.

2. Бастауыш сілтеу есімдігінен немесе жіктеу есімдігінің III жағынан болып, баяндауыш зат есімнен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Бұл — мың тоғыз жүз жиырма үшінші жылдың жазы. (А. X.) Бұл — үлкен қуаныш. (А. Лекеров) Ол — үлгілі пионер.

3. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.

4. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку — білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов) Менің ұмтылған тілегім — қалай да пайдалы адам болып шығу (Ы. Алтынсарин).

5. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.

6. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін, бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ар жазасы — бар жазадан ауыр жаза (М. Әуезов) Ғашықтың тілі — тілсіз тіл. (Абай). Әлі де беделі — бедел (Ғ. Мұстафин).

7. Сан есімнен болған бастауышты күрделі сан есімнен болған мүшеден ажырату үшін және бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп, сөйлемнің баска бір мүшесімен шатасып кетпеу үшін, одан кейін сызықша қойылады: Жүз — жиырма беске бөлінеді. Елу — беске қалдықсыз бөлінеді. Мен білмейтін — жер астында. (Мен білмейтін нәрсе жердің астында жатады). Мен білмейтін — жер астында түрінде білмейтін деген бастауыштан кейін сызықша қойылмаса білмейтін нәрсе емес, жер деп түсінілуі мүмкін.

8. Мақал-мәтелдерде, афоризмдерде, өлеңдерде сөйлемнің баяндауышы түсіріліп, ықшамдалып айтылады. Мұндай сөйлемдер түсінікті болу үшін бастауыштан кейін сызықша қойылады: Асыл — тастан, ақыл — жастан (Асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады). Біреуі — көк, біреуі — жер тағысы. (Абай).

9. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің, деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз — ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал). Балалар әдебиеті дегеніміз — балалар тәрбиесі деген сөз (Ш. Ахметов)[13].

Қазақ тілінде жиі кездесетін пунктуациялық қателер: сызықша

Қай кезең болмасын қазақ тілінің емле ережесі туралы мәселе көкейкестілігін жоғалтқан емес. Белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерінің жазылуы және тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы бір ізге түспеген болса, ең сауатты адамның өзі жазуда қиналады. Әсіресе, көп жазатын журналистеріміз бен блогерлеріміз. Сондықтан филология ғылымдарының профессоры Рабиға Сыздықованың «Емле және тыныс белгілері» кітабы мен белгілі филологтар құрастырған «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігін» негізге ала отырып, әр жазбамда жиі жіберілетін қателер тізбегін ұсынбақшымын. Бұл пост жиі кездесетін пунктуациялық қателердегі сызықша белгісіне арналады.

Бастауыш зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан жасалып, баяндауыш та атау тұлғадағы зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан кейін сызықша (–) қойылады.

Сызықша (–) мен дефисті (-) айыра алмайтындар да баршылық.


Ескерту. Бастауыштан кейін сызықша қойылуға тиісті сөйлемдердегі баяндауышқа еді, екен, болды, болады, болатын, болып табылады сияқты көмекші етістіктердің бірі тіркессе, бастауыштан кейін сызықша қойылмайды: Тіл қоғамдық құбылыс болып табылады.

Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз, деген (дегенім, дегенің, дегені) деген сөз тұрса, бастауыштан кейін сызықша (–) қойылады: Сөйлем дегеніміз – тиянақты ойды білдіретін бір сөз я бірнеше сөз тіркесі. Көрдім деген – көп сөз.

  • Төл сөзде қойылатын сызықша

Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөз тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша (–) қойылады.

 

Ескерту.

Де етістігінің қатысуы арқылы жасалған нақты бастауышы жоқ жақсы сөйлемдер де төл сөз болмайды (олар орыс тіліндегі «говорят, что...» деген құрылымда жасалатын сөйлемдерге ұқсас келеді). Мысалы: Қыстайғы қардың көптігіне қарағанда, биыл егін бітік болар дейді.

-Айын, -ейін жұрнақты етістік пен де етістігі тіркесіп келіп, қалау, тілек мәнді сөйлемдер жасалады, олар да төл сөзді құрылым болып саналмайды. Мысалы: Киноға барайын деп едім.           

  • Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына сызықша қойылады (ол –дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын білдіреді):

Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады:

[14].