Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен сурактары жауаптары мен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.09 Кб
Скачать

23. Инклюзивті білім беру жүйесімен жұмыс жасайтын арнайы мамандар.

Үйден оқытылатын және мектеп партасында оқып отырған мүмкіндігі шектеулі сөйлеуі бұзылған оқушылар үшін қалыпты сөйлеу қабілетін дамыту үшін дыбысты қайталату арқылы оның қаншалықты дұрыс айтылғанын анықтайтын, арнайы дыбыс құрылғыларымен жабдықталған тренажерлер қажет. Мұндай тренажерлар дербес компьютерге қосылады да, оқушылар қызығушылығын арттыратын ойын-жаттығулар ретінде жұмыс жасайды.

Демек, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды үйден оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылмауы арасында; білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресрустарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептерде ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:

24. «Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі

білім беру үдерісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;

оқушылардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;

оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;

мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;

қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;

мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;

білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:

Дәстүрлі оқыту үдерісі мен қашықтықтан білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;

Мүгедек балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға жалпы білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;

Қашықтықтан білім беру моделінің мүгедек-балалардың даму ерекшеліктері мен деңгейлеріне бейімділігі;

Жобаға қатысушы мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылы болуы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген.

Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі нормативтік-құқықтық базасы:

ҚР «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.;

ҚР «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңы, 2002 ж.;

ҚР «ҚР Балалардың құқықтары туралы» Заңы, 2002 ж.;

2011-2020 Жылдарға арналған қр Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;

2011-2015 Жылдарға арналған қр Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары;

2012 Жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 500 бұйрығы;

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 26 қарашадағы «Стационарлық емдік-профилактикалық, оңалту және басқа да денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курсынан өтетін мүгедек балаларға арналған оқыту, мүгедек балаларды үйде оқытуда оқыту-тәрбелеуді ұйымдастыруға ата-аналарға жәрдемдесу тәртібін реттеу туралы қағидаларды бекіту туралы» ҚР