Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен сурактары жауаптары мен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
151.09 Кб
Скачать

28.Курс бойынша практикалық сабақтардың өзгешеліктері.

Бұл  тақырып ең күрделі  тақырыптың бірі. Курстың мазмұнына орыс педагогы П.Н. Груздевпен енгізілген. 

Тақырыптың мазмұны оқулықтардан  қатаң таңдалып, оның жоспары құрылады. Мысалы, 

1.Негізгі ұғымдары. 

2. Адам дамуындағы тұқымқуалаушылық орны. 

3.Адам дамуы жəне қалыптасуындағы ортаның ролі. 

4.Адам дамуы жəне қалыптасуындағы тəрбиенің ролі. 

Ең  алғаш  студенттерге  даму  факторлары  тұқымқуалаушылық,  орта,  тəрбие  жайында    мағлұмат  беріледі. 

Оқытушшының  міндеті  –  осы  факторлардың  адам  дамуында  қандай  өзара  байланыста,  тəуелділікте 

болатындығын  көрсету.  кеелесі  əрекет  –  бұл  тұлға  дамуының  негізгі  факторларының  əртүрлі  жас  кезеңдерінде 

байланыстылығын түсіндіру. Əдетте,  бұл бала дамуының тарихын  баяндау арқылы сипатталады. Осы мақсатта 

түрлі    құралдар    қолданылады:  əдеби  кейіпкерлер,  кинофильмдерден  мысалдар,  оқытушының  баланы  ұзақ 

бақылау нəтижелері жəне т.б. 

Бұл  жұмыстың  барлығы  дамудың  негізгі  заңдылқтарын  (біркелкі  еместігін,  тəрбиелік  ықпалға 

сəйкессіздігін, қарама-қайшылығын)көрсетуге бағытталған. 

Дəріс соңында қорытындыланады. 

Бұл  тақырып  негізінен  теориялық  жағынан  оқытылса  да,  пркатикалық  тапсырмалар  беруге  болады. 

Мысалы,  тұлға  дамуындағы  тəрбиенің  ролі  жайында  айтылған  белгілі  педагогтардың  пікірлерін  талдау 

(А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, А.Құнанбаев жəне т.б.) педагогикалық ситуацияларды шешу, 

оқушы тұлғасының кейбір жақтарының дамуын, өзгерісін бақылау жəне т.б. 

29. «Тұлғаның дамуы, тəрбиесі жəне əлеуметтенуі» тақырыбына сипаттама.

30. «Тəрбиенің мақсаты» тақырыбына əдістемелік сипаттама.

«Тəрбиенің мақсаты» тақырыбына əдістемелік сипаттама.  Бұл тақырып ондай қиын емес. Тұлғаны жан-жақты  дамыту – тарихи құбылыс. Оны əрбір тарихи кезеңдегі 

құжаттар мен деректерді қарай отырып, көруге болады. Бұл тақырыпты ашуда ҚР-ның мемлекеттік құжаттарына 

сүйенген дұрыс: ҚР-ның  «Білім туралы заңы», «Тəрбие тұжырымдамасы», ҚР 2015 ждейінгі  білім беру  жүйесін 

дамыту тұжырымдамасы».  

Сонымен  қатар,  педагогикадағы  негізгі  философиялық  конфепцияларды  сипаттай  отырып,  əрбіреуінде 

тəрбие мақсатын белгілеуіндегі ерекшеліктерді көрсетеді. 

Олар: неотомизм, прагматизм, экзистенциализм, бихевиоризм.   Сонымен бірге, бұл дəрісте пəнаралық байланыс жүзеге асырылады: тарих, философия пəндерімен. 

Практикалық  сабақтарда  осы  тақырып  бойынша  педагогикалық  ситуацияларды  шешу,  жаттығуларды 

орындау, мұғалімдердің оқу-тəрбие жұмыс жоспарларымен таныстыру. 

1. «Практикум по педагогике» М., 1989. 

2. «Задания и педагогические ситуации».