- •2Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері.
- •3Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
- •4. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі.
- •4.Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру.
- •6. Мүгедек балалар мен кемтар балалардың қоғамдағы көрсеткіші.
- •7. Ресейдегі инклюзивті білім беру.
- •8. Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.
- •9. Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру.
- •10. Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру.
- •11. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы..
- •12. Естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту жүйесі.
- •13. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің мұғалімдері мен тәрбиелеушілердің негізгі міндеттері.
- •14. Бала дамуындағы ауытқулардың диагнозына сай оқыту әдісін дұрыс таңдай алу.
- •15. Кемтар балаларды қамқорлаудың жолдары.
- •16. Балалардың түрлі даму деңгейіне сай, сыныптар мен топтардағы табысты жұмысты қамтамасыз етудің ұсынымдары
- •17. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру үрдісінде теориялық жағынан ықпал ету.
- •18. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалардың сапалы білім алуға тең құқылы болуы қарастырылған заңдар жиыны
- •19. Төменгі жастағы балаларды инклюзивті оқыту идеясының қандай артықшылықтары бар.
- •20. Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға толыққанды жағдай қаншалықты қарастырылуда.
- •21. Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі проблема.
- •23. Инклюзивті білім беру жүйесімен жұмыс жасайтын арнайы мамандар.
- •24. «Мүгедектер құқықтары туралы» инклюзивті білім беру ережесі
- •2011-2020 Жылдарға арналған қр Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
- •2011-2015 Жылдарға арналған қр Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспары;
- •2012 Жылғы 23 тамыздағы № 1080 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
- •25. Үйден оқыйтын мүгедек балалармен жасөспірімдердің ата-аналары немесе заңды өкілінің шығыстарын өтеу үшін қосымша қаржылай қандай көмектер беріледі.
- •26. Жалпы инклюзивті білім беру.
- •27. Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қажеттілігі.
- •28. Еліміздегі инклюзивті білім беру деңгейі.
- •29. Дені сау балалармен мүмкіндігі шектеулі балаларды бірігіп оқыту мәселесі.
- •30. Түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары.
- •31. Мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру.
- •43. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
- •89. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі.
- •Оқу əрекеттінің психологиялық теориясы.
- •Студенттердің оқу əрекетінің қалыптасуы.
- •13. Проблемалық оқыту əдісі.
- •19. Педагогикалық процестің мəні.
- •27. Ойын - оқыту әдісі.
- •39. Оқу сабақтарының формалары.
- •47. Педагогикалық əсер ету процесіндегі оқыту стильдері.
- •3. Педагогиканың ғылым жəне оқу пəні ретінде даму тарихы.
- •2.Педагогиканың оқу пəні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.
- •4. Ғылым жəне оқу пəні, олардың өзара байланысы жəне ерекшеліктері.
- •5. Педагогиканың оқу пəні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.
- •6. Педагогиканың оқыту пəні ретінде дамуы.
- •7. Шет елдеріндегі педагогика курсы.
- •8Педагогика курсының мазмұнын құрудың негіздері.
- •8. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.
- •9. Педагогиканы оқыту процесі.
- •10. Оқыту жəне кəсіби тəрбие.
- •11.Дидактика туралы жалпы түсінік.
- •14. Дəріс құрылымы, оның бөліктері жəне қойылатын талаптар.
- •15. Жоо жүйесіндегі дəріс формасының дамуы.
- •16. Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.
- •17. Оқытудың инновациялық технологиясы.
- •18. Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама
- •19. Жоғары кəсіби білім беруде жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру
- •20. Оқытуды интенсивтендіру туралы түсінік.
- •21. Мəселелі оқыту.
- •22Форма, оқыту формасы,
- •24. Оқыту формасының əртүрлілігі, оның дамуы.
- •25. Семинар, практикалық жəне лабороториялық сабақтың ерекшелігі.
- •26. «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімнің мəні. Курстың мақсат, міндеттері.
- •27. Пəн бойынша университетке арналған типтік жəне оқу-жұмыс бағдарламалары
- •28.Курс бойынша практикалық сабақтардың өзгешеліктері.
- •29. «Тұлғаның дамуы, тəрбиесі жəне əлеуметтенуі» тақырыбына сипаттама.
- •30. «Тəрбиенің мақсаты» тақырыбына əдістемелік сипаттама.
- •Қазақстанда жəне шет елде қазіргі білім берудің дамуы.
- •2. Педагогикалық интституттар.
- •1930 Жылдан бастап педагогикалық институт мектепке мұғалімдерді дайындайтын жоғарғы оқу орнының
- •3. Педагогиканың ғылым жəне оқу пəні ретінде даму тарихы.
- •4. Ғылым жəне оқу пəні, олардың өзара байланысы жəне ерекшеліктері.
- •5. Педагогиканың оқу пəні ретіндегі негізгі даму кезеңдері.
- •6. Педагогиканың оқыту пəні ретінде дамуы.
- •7. Шет елдеріндегі педагогика курсы.
- •8Педагогика курсының мазмұнын құрудың негіздері.
- •8. Педагогика курсының мазмұнына жалпы сипаттама.
- •9. Педагогиканы оқыту процесі.
- •10. Оқыту жəне кəсіби тəрбие.
- •11.Дидактика туралы жалпы түсінік.
- •12. Оқытудың мəні, құрылымы жəне қозғаушы күштері.
- •14. Дəріс құрылымы, оның бөліктері жəне қойылатын талаптар.
- •15. Жоо жүйесіндегі дəріс формасының дамуы.
- •16. Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.
- •17. Оқытудың инновациялық технологиясы.
- •18. Педагогиканы оқыту принциптері, оларға сипаттама
- •19. Жоғары кəсіби білім беруде жалпы дидактикалық принциптерді жүзеге асыру
- •20. Оқытуды интенсивтендіру туралы түсінік.
- •21. Мəселелі оқыту.
- •22Форма, оқыту формасы,
- •23. Əдіс, оқыту əдісі, тəсіл ұғымдар.
- •24. Оқыту формасының əртүрлілігі, оның дамуы.
- •25. Семинар, практикалық жəне лабороториялық сабақтың ерекшелігі.
- •26. «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімнің мəні. Курстың мақсат, міндеттері.
- •27. Пəн бойынша университетке арналған типтік жəне оқу-жұмыс бағдарламалары
- •28.Курс бойынша практикалық сабақтардың өзгешеліктері.
- •29. «Тұлғаның дамуы, тəрбиесі жəне əлеуметтенуі» тақырыбына сипаттама.
- •30. «Тəрбиенің мақсаты» тақырыбына əдістемелік сипаттама.
- •2. «Задания и педагогические ситуации».
16. Жоғары мектептегі педагогикалық технологиялар.
Оқыту технологиясы жоғары мектепте оқу үрдiсiне қажеттi əдiс, тəсiл, амал, дидактикалық талап секiлдi
психологиялық iс-əрекеттердiң жүйелi кешенi ретiнде пайдаланылады. Ол студенттердің тəртiбiне, оқуға
ынтасына, оқу iс-əрекетiне игi əсер етумен қатар, педагогиканы нақты ғылымға жақындату, оқытушылардың
интеллектуалдық, шығармашылық қызметi болып табылатын педагогикалық iс-тəжiрибенiң нəтижелiгiне,
жинақтылығына ұтымды əсер ететiндей оқу-тəрбие үрдісiнiң басты күре тамырының ролiн атқарады. Былайша
айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тəрбие үрдісiнiң шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген
факторлардың үйлесiмдiлiгi оқыту мен тəрбиенiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн жанды құрамдас бөлiгi
(компонентi). Бiр технологияның өзi əртүрлi атқарушылардың шеберлiгiне байланысты əрқилы жүзеге асырылуы
мүмкiн. Білім берудегі кез-келген инновациялық технология қалыптасқан ресми қалыптардан шығып жəне
балама ретінде бағаланды, ал жаңашыл-ұстаздар 80-жылдардың аяғына дейін қудаланды. Нəтижесінде жаңаның
бəрі балама ретінде ұсынылды. Оның негігі міндеті – дəстүрлі тұрғымен күресу жəне жеңу. Ол сында, бұзуда
күшті жəне таратуда сенімсіз, сондықтан да «жүйеге қарсылық» қалаудан босады. Сондықтан да балама білім беру көпнұсқалы білім берудің дамуында жетілу кезеңінде болды. Қазiргi кезде əдебиеттерден қазiргi заманғы бiлiм берудiң даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып
жүргендiгi мəлiм /107/.
Сонымен бiрге, кез-келген педагогикалық технология негiзгi əдіснамалық талаптарды қанағаттандыруы
керек. Əдіснамалық
талаптар:
1. Концептуалдық негiзiнiң болуы. Қандай технология болса да философиялық, педагогикалық, психологиялық
ғылыми тұжырымдамаға негiзделуi тиiс.
2. Жүйелiлiгi. Педагогикалық жүйенiң барлық бөлiктерiнiң логикалық байланыста болуы шарт.
3. Басқаруға ыңғайлығы. Диагностикалы байқау жасауға, жоспарлауға, нəтиженi өңдеу, өзгерiс енгiзу
мақсатында əдiс-тəсілдердi кезектеп пайдалану мүмкiншілігі болуы керек.
4. Тиiмдiлiгi. Білiм беру стандартын қанағаттандыруы тиiс.
5. Қайталата жарамдылығы. Басқа ұжымда дəл осы күйде қолдануға мүмкiндiктiң болуы.
Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға болады: педагогикалық қарым-
қатынасын демократиялық жəне iзгiлiк негiзiнде құру педагогикалық технологиясы: ынтымақтастық
педагогикасы; iзгiлiктi-тұлғалы оқыту технологиясы; адамгершiлiктi қалыптастыруға негiзделген əдебиеттi оқыту
жүйесi (Е.Н. Ильин).
17. Оқытудың инновациялық технологиясы.
Инновациялық технологияны қолдану төмендегiдей кезеңдер арқылы iске асады: оқып үйрену; меңгеру;
өмiрге ендiру; дамыту. Инновациялық технологиямен жұмыс iстеу үшiн төмендегiдей алғы шарттар қажет:
оқу
үрдiсiнде интерактивтендіруді жаппай қолға алу; сабақ үрдісінің ғылыми-əдiстемелiк, оқыту əдiстемелiк,
ұйымдастырушылық себептерiне үнемi талдау жасап, назарда ұстау; білім мазмұнын зерттеп бiлу, пəндiк білiм
стандартымен жете танысу, бiлiмдi деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы студенттерге бiлімдi
мемлекеттiк стандарт деңгейiнде игертуге қол жеткiзу; оқыту үрдiсiн iзгiлендiру мен демократияландыруды
үнемi басшылыққа алу /101/. Өйткенi оқыту тəрбиенiң негiзi. Сондықтан оқыту да қоғамдық құбылысқа жатады.
Оқытуды екi түрлi мағынада қарауға болады. Бiрiншiсi жоғары мектепте арнайы пəндердi оқыту. Екiншiсi -
өмiрде оқыту, өмiрге үйрету. Сондықтан жоғары оқу орнының оқытушыларынан бұл мəселенi жан-жақты үрдiс
ретiнде қабылдауын жəне инновациялы технологияны пайдалануға ықпал ететiн көптеген шартты жағдайлард
танып бiлуi талап етiледi. Зерттеуiмiздiң ғылыми болжамына сəйкес ЖОО студенттерін кəсіби даярлауға
оқытудың инновциялық технологияларының қолайлы əсерін өзара əрекеттің түрлерін дамыту негізінде
қамтамасыз ету ұйымдастырушылық-педагогикалық жағдайлар кешенін орындағанда жоғары эффективтілік
деңгейін қамтамасыз етеді. ЖОО студенттерін кəсіби даярлау үрдісіндегі маңызды реформалау бағыты көптеген
зерттеушілердің пікірі бойынша инновациялық білім беру технологияларын енгізу жəне кең түрде қолдану. Білім
беру технологиясының мəселелері өзекті жəне В.П.Беспалько, О.В.Долженко, В.В.Гузеев, Д.Ш.Матрос,
Л.С.Падымов, В.А.Сластенин, Г.К.Селевко, В.Е.Шукшунов жəне басқалар зерттеулерінде көрініс табуда.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологиялардың негізіне жататындар:
- əpбip студенттің жеке жəне дара ерекшеліктерін ескеру;
- студенттердің қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
- студенттердің өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологиялар:
- ынтымақтастық педагогикасы; - білім берудің ізгілендіру технологиясы;
- проблемалы оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
- түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы; - деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
- міндетті нəтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы; - модульдік оқыту технологиясы;
- жобалап оқыту технологиясы. Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты – талап ету педагогикасынан қарым-қатынас
педагогикасына көшу, студентке iзгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тəрбиенің ажырамас бірлігі.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері: оқытушы – студент, - оқытушы, – студент, яғни студент
те, оқытушы да субъект;
- студенттің жеке басына деген iзгіліктік қарым-қатынас; - студент пен оқытушы арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А.Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру
технологиясының мақсаты – студенті азамат етіп тəрбиелеу, студенттің танымдық құндылығын
қалыптастыру
жəне дамыту, студенттің жаны мен жүрегіне жылулық ұялату
Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – студентті өз бетімен ізденуге үйрету олардың
танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту. Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
- студенттің белсенділіктерін арттыру; - оқу материалында студентті қызықтыратындай құпиясы бар мəселе туғызу;
- студент материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді /121, 122, 123, 124/.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов болып табылады. Tipeк
белгілері арқылы оқыту технологиясы темендегідей мақсатты көздейді: - білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- барлық студентті оқыту; - оқытуды жеделдету.
Tipeк бeлгiлepi арқылы оқыту технологиясының epeкшeлiктepi:
- үнемі қайталау,
мiндeтті
кезіндегі
бақылау,
жоғары
дeңгeйдeгi қиыншылық, блокпен оқыту, тірегін қолдану; - жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал;
- iзгілік, еркімен оқыту; - əр студенттің жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
- оқыту мен тəрбиенің бipлiгi Tүciндіpе басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы – жаңашыл мұғaлiмдepдiң бipi, ресейлік
мұғaлiм С.Н. Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық студентті табысты оқыту Tүciндipe
басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
- оқу материалдарының бipiздiлiгi, жүйелілігі; - саралау, əр студентке беретін тапсырманың қолайлығы;
- бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, киын такырыптарды біртіндеп оңайлату əдісін қолдану. -
- бірте-бірте толық дербестікке жету; - топта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
- студенттің қателігін ескерту, бipaқ еш жазғырмау; - үй тапсырмасы тек əр студенттің мүмкіндігіне қарай (əркім өзі орындай алатын жағдайда ғана)
беріледі;
- білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту; - түсіндіруді қабылдау
- Міндетті нəтижелерге
негізделген
деңгейлік-саралап
оқыту технологиясы
төмендегідей
ерекшеліктермен сипатталады:
- білімнің базалық деңгейінің барлық студенттер үшін міндеттілігі; - студенттерге берілген тапсырманың саралануы: тапсырма студенттің күші жететіндей жəне қолайлы
болуы шарт;
- білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде студенттің бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;
- студентке оқу деңгейін таңдауға өріс беру; - студент өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға epiкті.
Модульдік технология дамыта окыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат –
студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудін жекелеген тəсілдері
арқылы жұмыс істеуге үйрету
Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі:
- акпараттардың аяқталған блогынан; - бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген оқытушының нұсқауларынан;
- студент ic-əрекетінің мақсатты бағдарламасынан турады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеруді, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың əдісі мен
тəсілдері бойынша окытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – студенттің жеке басының дара жəне дербес
ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуіне мүмкіндік беріп, шығармашылықтарын арттыру.
Қандай да бір технологияны таңдау оқытушы мен студенттің оқу үрдісіндегі тұрғысына байланысты.
Тəуелсіз адамды тəрбиелеу студентте шығармашылық күшті қолдау əдісі жəне оның ізденуші, зерттеуші,
шығармашылық рухын ояту, студентті жоғары белсенділік жағдайына əкелу құралы болатын əдісті қажетсінеді.
Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты
өздерiнiң қалауына сəйкес кез-келген үлгi бойынша қызмет етуiне мумкiндiк алды. Бұл бағытта бiлiм берудiң
əртүрлi нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжiрибеге негiзделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар
бар. Сондықтан əртүрлi оқыту технологияларын оқу мазмұны мен студенттердің жас жəне психологиялық
ерекшелiктерiне орай таңдап, тəжiрибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазiргi бiлiм беру саласындағы оқытудың
озық технологияларын меңгермейiнше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкiн емес. Жаңа технологияның
меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кəсiптiк, адамгершлiк, рухани, азаматтық жəне басқа көптеген адами
келбетiнiң қалыптасуына игi əсерiн тигiзедi, өзiн-өзi дамытып, оқу-тəрбие үрдiсiн тиiмдi ұйымдастыруына
көмектеседi.
