- •1 Азаматтық құқықтық реттеу пәнінің түсінігін, ерекшеліктері.
- •2 Бағалы қағаздар түсінігі мен түрлері.
- •3 Азаматтық құқықтық мәмілелердің түсінігін, түрлері
- •4 Заңды тұлғалар түсінігін, түрлерін, заңды тұлғалар теориясы
- •5 Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы
- •6 Коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын білуі тиіс
- •7 Меншік құқының пайда болу негіздері мен тәсілдерін анықтаңыз
- •8 Міндеттеменің пайда болу негіздеріне қатысты сұрақтард
- •9 Өкілдік туралы жалпы түсінік және оның түрлеріне қатысты сұрақтар
- •10 Міндеттемедегі тараптардың ауысуы
- •11 Меншік құқығының пайда болуының негіздері
- •12 Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы
- •13 Шаруашылық серіктерстіктердің құқықтық жағдайы
- •14 Міндеттеменің орындалуын құқықтық қамтамасыз ету тәсілдері
- •15 Шарттардың түрлік сипаттамасына қатысты сұрақтар
- •16 Міндеттеменің тоқтатылуының сұрақтары
- •17 Шарттардың түсінігі мен жасалу сатылары
- •18 Жеке кәсіпкерлік түсінігі, түрлері
- •19 Азаматтық заңдар және олардың қолданылуы
- •20 Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы, түрлік сипаттамасы, қызметіне қатысты сұрақтар.
- •21 Мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі және түрлік сипаттамасы, олардың азаматтық айналымдағы құқықтық жағдайын, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін құқықтық реттеуге қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •22 Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық режимі, олардың қызметінің то қтатылуына қатысты мәселелерді игеруі тиіс.
- •23 Өзіндік мүліктік емес игіліктер азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі ерекшеліктерін, қорғау сұрақтарын игеруі тиіс. Моральдық зиянды өтеу ерекшеліктерін игеруге қатысты сұрақтар
- •24 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу сұрақтарын, тіркеу тәртібін, тіркеуді жарамсыз деп тану сұрақтарын игеруге тиіс.
- •25 Акционерлік қоғамның ерекшеліктерін, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарының құқықтық режиміне қатысты сұрақтарды игеруі тиіс
- •26 Мәміленің жарамды болу шарттарын, биржалық мәмілелердің жасалу тәртібі мен түрлеріне қатысты сұрақтарды игеру
- •27 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері. Тұрақсыздық төлемі және оның тәсілдері, кепіл, кепілболушылық, кепілдік түсінігіне қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •28 Акционерлік қоғам мүлкінің құқықтық жағдайы, акционерлердің құқықтары мен міндеттері, акционерлік қоғамның органдары туралы сұрақтарды игеруі тиіс
- •29 Мәмлелерді тіркеу ерекшеліктері, мәмілені тіркеу негіздері, мәмілені тіркемеудің салдарына қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •30 Кепіл түсінігі, түрлері. Ипотека және кепіл айырмашылығы, міндеттемені қамтамасыз етудегі ерекшелігі.
- •31 Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, қатысушылары, мүлкіне қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •33 Кепіл туралы шарттың мазмұны және нысанына, шарт жасау тәртібіне қатысты сұрақтарды
- •34 Шартты өзгерту және бұзу негіздеріне қатысты сұрақтарды
- •35 Жария, алдын-ала, қосылу шарттарының мәселелерін игеруі тиіс
- •36 Міндеттеменің бұзылғаны үшін жауапкершілік негіздеріне қатысты сұрақтар
- •37 Ортақ меншік түсінігі мен түрлеріне қатысты сұрақтар
- •38 Мәміленің нысанына, жазбаша және ауызша нысанда жасалатын мәмілелерге қатысты сұрақтарды игеруі тиіс
- •39 Сенімхат түсінігі, азаматтық құқықта қолданылуының сұрақтары, тоқтатылуы
- •40 .Қаржы құралдарының түсінігімен түрлері, қолданылуы
- •42. 2012 Жылы қазанда Азамат Мақсұтов және азамат Имашев шарт жасасу негізінде Ержанов Имашевқа 15000…. 1) Аз құқықтық шарт – 2 не одан да көп адамның аз құқықтар мен
- •47. 13 Жастағы Олег автокөлік жуғаны үшін автокөлік иесінен 4000 теңге мөлшерде ақша алады. Ол ақшаға Олег дүкеннен қымбат тұратын энциклопедиялық…
- •48. Хаджаев әрекетқабілетсіз деп танылды және оған қорғаншылық тағайындалды. Қорғаншы Омаров кейіннен Хаджеевтың танысы ретінде….
- •49. Суретшілер ассоциясының мүшесі суретші а. Картина жазды(салды). Осы картинаны жазу кезінде ол….
- •50. Тұрғын үй кооперативінің мүшесі Аманов қайтыс болды. Қайтыс болар алдында пайының жартысын төленген болатын. …
- •52. Заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысудың әлде қандай тиімді екеніне көздері ….
- •55. Шатеновтың көршісі Арыбаев көлік апатынан қайтыс болады. Оның 18 жасқа толған Алия мен 10 жастағы Нүргүл есімді қыздары бар….
8 Міндеттеменің пайда болу негіздеріне қатысты сұрақтард
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.Мiндеттеме тараптары Мiндеттемеде оның әр тарабы - несие берушi немесе борышқор ретiнде бiр мезгiлде бiрнеше адам қатыса алады. Мұндай реттерде осы Кодексте белгiленген ережелерге сәйкес үлестi, ынтымақты немесе жәрдем берушiлiк мiндеттеме пайда болады (осы Кодекстiң 286-288-баптары). Борышқор жағынан мiндеттемеге қатысушы адамдардың бiрiне несие берушi қойған талаптардың жарамсыз болуы, сол сияқты мұндай адамға қойылатын талап бойынша талап қою мерзiмiнiң өтiп кетуi несие берушiнiң өзге де осындай адамдарға қоятын талаптарына өздiгiнен әсер етпейдi. Егер мiндеттемеге сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына мiндет алса, бұл оның пайдасына жасауға мiндеттi басқа тараптың борышқоры және сонымен бiрге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушiсi болып есептеледi. Мiндеттемеге қатысушылар Тараптар (борышқор мен несие берушi) және үшiншi жақ мiндеттемеге қатысушылар болып табылады. Үшiншi жақ ретiнде мiндеттеме тараптарының бiреуiне мiндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар қатысады. Мiндеттеме үшiншi жақ үшiн мiндеттер туғызбайды. Заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделгенреттерде мiндеттеме үшiншi жақтар үшiн мiндеттеменiң бiр немесе екi тарапына да қатысты құқықтар туғызуы мүмкiн. Мiндеттеменiң пайда болу негiздерi Мiндеттемелер осы Кодекстiң 7-бабында көрсетiлген шарттан, зиян келтiруден немесе өзге де негiздерден пайда болады.
9 Өкілдік туралы жалпы түсінік және оның түрлеріне қатысты сұрақтар
Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады. Өкiлеттiк өкiлдiң (бөлшек сауда жүйесiндегi сатушы, кассир және т.б.) әрекет жасаған жағдайынан да көрiнуi мүмкiн. Өкiл жасаған мәмiле бойынша тiкелей өкiлдiк берушiде құқықтар мен мiндеттер пайда болады. Өкіл жеке өзіне қатысты да, сонымен бірге өзі өкілі болып табылатын басқа адамға қатысты да өкілдік берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды.Бұл қағида коммерциялық өкілдікке қолданылмайды. Басқалардың мүдделерi үшiн болса да өз атынан әрекет ететiн адамдар (коммерциялық делдалдар, мұрагерлiк кезiнде өсиеттi орындау тапсырылған адамдар және т.б.), сондай-ақ болашақта жасалуы мүмкiн мәмiлелерге қатысты келiссөз жүргiзуге уәкiлдiк берiлген адамдар өкiлдер болмайды. Сипаты жөнiнен тек жеке өзi ғана жасауға болатын мәмiленi, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегi басқа да мәмiлелердi өкiл арқылы жасауға жол берiлмейдi.Әрекет қабiлеттiгi жоқ адамдар үшiн өкiлдiкӘрекет қабiлеттiгi жоқ азаматтардың атынан мәмiлелердi олардың заңды өкiлдерi жасайды Өкiлеттiгi жоқ өкiлдiк Мәмiле жасауға уәкiлдiк берiлмеген адамның басқа адам атынан немесе өкiлеттiгiн асыра пайдаланып жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушi осы мәмiленi кейiннен мақұлдаған ретте ғана ол үшiн азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады, өзгертедi және тоқтатады. Өкiлдiк берушiнiң кейiннен мақұлдауы мәмiленi оның жасалған кезiнен бастап жарамды етедi.Коммерциялық өкiлдiкКәсiпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемi және дербес өкiлдiк етушi адам (коммерциялық өкiл) өкiлдiң өкiлеттiгi көрсетiлетiн жазбаша шарт негiзiнде, ал ол көрсетiлмеген жағдайда - сенiмхат негiзiнде де әрекет жасайды. Коммерциялық өкiл сонымен бiр мезгiлде өзiнiң қатысуымен жасалатын шарттың түрлi тараптарының мүдделерiн бiлдiре алады. Бұл орайда ол өзiне берiлген тапсырмаларды кәдiмгi кәсiпкердiң ыждағаттылығымен орындауға мiндеттi. Коммерциялық өкiл келiсiлген сыйақыны және өзi тапсырмаларды орындаған кезде жұмсаған шығындарын, егер өздерiнiң арасындағы келiсiмде өзгеше көзделмесе, шарт тараптарынан тең мөлшерде төлеудi талап етуге құқылы. Коммерциялық өкiл өзiне белгiлi болған сауда мәмiлелерi туралы мәлiметтердi өзiне берiлген тапсырманы орындағаннан кейiн де құпия сақтауға мiндеттi. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларындағы коммерциялық өкiлдiктiң ерекшелiктерi заңмен белгiленедi.
