- •1 Азаматтық құқықтық реттеу пәнінің түсінігін, ерекшеліктері.
- •2 Бағалы қағаздар түсінігі мен түрлері.
- •3 Азаматтық құқықтық мәмілелердің түсінігін, түрлері
- •4 Заңды тұлғалар түсінігін, түрлерін, заңды тұлғалар теориясы
- •5 Жеке тұлғалардың құқықтық жағдайы
- •6 Коммерциялық заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын білуі тиіс
- •7 Меншік құқының пайда болу негіздері мен тәсілдерін анықтаңыз
- •8 Міндеттеменің пайда болу негіздеріне қатысты сұрақтард
- •9 Өкілдік туралы жалпы түсінік және оның түрлеріне қатысты сұрақтар
- •10 Міндеттемедегі тараптардың ауысуы
- •11 Меншік құқығының пайда болуының негіздері
- •12 Акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы
- •13 Шаруашылық серіктерстіктердің құқықтық жағдайы
- •14 Міндеттеменің орындалуын құқықтық қамтамасыз ету тәсілдері
- •15 Шарттардың түрлік сипаттамасына қатысты сұрақтар
- •16 Міндеттеменің тоқтатылуының сұрақтары
- •17 Шарттардың түсінігі мен жасалу сатылары
- •18 Жеке кәсіпкерлік түсінігі, түрлері
- •19 Азаматтық заңдар және олардың қолданылуы
- •20 Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы, түрлік сипаттамасы, қызметіне қатысты сұрақтар.
- •21 Мемлекеттік кәсіпорынның түсінігі және түрлік сипаттамасы, олардың азаматтық айналымдағы құқықтық жағдайын, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін құқықтық реттеуге қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •22 Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық режимі, олардың қызметінің то қтатылуына қатысты мәселелерді игеруі тиіс.
- •23 Өзіндік мүліктік емес игіліктер азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі ерекшеліктерін, қорғау сұрақтарын игеруі тиіс. Моральдық зиянды өтеу ерекшеліктерін игеруге қатысты сұрақтар
- •24 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу сұрақтарын, тіркеу тәртібін, тіркеуді жарамсыз деп тану сұрақтарын игеруге тиіс.
- •25 Акционерлік қоғамның ерекшеліктерін, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарының құқықтық режиміне қатысты сұрақтарды игеруі тиіс
- •26 Мәміленің жарамды болу шарттарын, биржалық мәмілелердің жасалу тәртібі мен түрлеріне қатысты сұрақтарды игеру
- •27 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері. Тұрақсыздық төлемі және оның тәсілдері, кепіл, кепілболушылық, кепілдік түсінігіне қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •28 Акционерлік қоғам мүлкінің құқықтық жағдайы, акционерлердің құқықтары мен міндеттері, акционерлік қоғамның органдары туралы сұрақтарды игеруі тиіс
- •29 Мәмлелерді тіркеу ерекшеліктері, мәмілені тіркеу негіздері, мәмілені тіркемеудің салдарына қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •30 Кепіл түсінігі, түрлері. Ипотека және кепіл айырмашылығы, міндеттемені қамтамасыз етудегі ерекшелігі.
- •31 Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы, қатысушылары, мүлкіне қатысты сұрақтарды игеруі тиіс.
- •33 Кепіл туралы шарттың мазмұны және нысанына, шарт жасау тәртібіне қатысты сұрақтарды
- •34 Шартты өзгерту және бұзу негіздеріне қатысты сұрақтарды
- •35 Жария, алдын-ала, қосылу шарттарының мәселелерін игеруі тиіс
- •36 Міндеттеменің бұзылғаны үшін жауапкершілік негіздеріне қатысты сұрақтар
- •37 Ортақ меншік түсінігі мен түрлеріне қатысты сұрақтар
- •38 Мәміленің нысанына, жазбаша және ауызша нысанда жасалатын мәмілелерге қатысты сұрақтарды игеруі тиіс
- •39 Сенімхат түсінігі, азаматтық құқықта қолданылуының сұрақтары, тоқтатылуы
- •40 .Қаржы құралдарының түсінігімен түрлері, қолданылуы
- •42. 2012 Жылы қазанда Азамат Мақсұтов және азамат Имашев шарт жасасу негізінде Ержанов Имашевқа 15000…. 1) Аз құқықтық шарт – 2 не одан да көп адамның аз құқықтар мен
- •47. 13 Жастағы Олег автокөлік жуғаны үшін автокөлік иесінен 4000 теңге мөлшерде ақша алады. Ол ақшаға Олег дүкеннен қымбат тұратын энциклопедиялық…
- •48. Хаджаев әрекетқабілетсіз деп танылды және оған қорғаншылық тағайындалды. Қорғаншы Омаров кейіннен Хаджеевтың танысы ретінде….
- •49. Суретшілер ассоциясының мүшесі суретші а. Картина жазды(салды). Осы картинаны жазу кезінде ол….
- •50. Тұрғын үй кооперативінің мүшесі Аманов қайтыс болды. Қайтыс болар алдында пайының жартысын төленген болатын. …
- •52. Заңды тұлға құру арқылы кәсіпкерлікпен айналысудың әлде қандай тиімді екеніне көздері ….
- •55. Шатеновтың көршісі Арыбаев көлік апатынан қайтыс болады. Оның 18 жасқа толған Алия мен 10 жастағы Нүргүл есімді қыздары бар….
24 Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу сұрақтарын, тіркеу тәртібін, тіркеуді жарамсыз деп тану сұрақтарын игеруге тиіс.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтуге тиiс. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi заңдарда белгiленедi.Мемлекеттiк тiркеу деректері, оның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін – фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi.Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi. Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк тiркеуден бас тартқаны, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтарғаны үшiн сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс. Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады.
25 Акционерлік қоғамның ерекшеліктерін, акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарының құқықтық режиміне қатысты сұрақтарды игеруі тиіс
Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам болып танылады. Акционерлiк қоғамның акционерлерi осы заң актiлерiнде көзделгеннен басқа жағдайларда оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және өзiне тиесiлi акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне байланысты шығындар тәуекелiн көтередi. Акционерлiк қоғамның өз қатысушыларының мүлкiнен оқшауланған мүлкi болады, өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауапты болады және өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.Қоғамның барлық акцияларын бiр акционер сатып алған жағдайда акционерлiк қоғам бiр адамнан құрылуы немесе бiр адамнан тұруы мүмкiн, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе.
Акционерлiк қоғамның құқықтық ережелерi, акционерлердiң құқықтары мен мiндеттерi осы Кодекске, заң құжаттарына сәйкес белгiленедi. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру жолымен құрылған немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында коммерциялық емес ұйымдар құрылуы мүмкiн.
Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарыҚұрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Акционерлiк қоғамның жарғылық капиталыАкционерлiк қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi және оны қалыптастыру тәртiбi, сондай-ақ оны ұлғайту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады. Бағалы қағаздарды шығару және орналастыруАкционерлiк қоғам шығаратын бағалы қағаздардың түрлерi заң актiлерiнде белгiленедi. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес айқындалады. Акционерлік қоғам, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, қамтамасыз етілген облигациялар және қамтамасыз етілмеген облигациялар шығаруға құқылы. Акционерлiк қоғам купондық және дисконттық облигациялар шығаруға құқылы. Облигациялар шығарудың шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен белгiленедi. Бағалы қағаздар бойынша табысты төлеудiң нысаны, тәсiлi және тәртiбi акционерлiк қоғамның жарғысымен немесе бағалы қағаздар шығарылымы проспектiсiмен заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып белгiленедi. Акционерлiк қоғам қоғамның мынадай акциялары бойынша:
1) өз капиталының терiс мөлшерi кезiнде немесе, егер қоғамның өз капиталының мөлшерi дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде терiс болса;
2) егер ол Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңдарына сәйкес төлем қабiлетсiздiгi немесе дәрменсiздiк белгiлерiне сәйкес келсе не аталған белгiлер қоғамда дивидендтердi оның акциялары бойынша төлеу нәтижесiнде пайда болса дивидендтер төлеуге құқылы емес.
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен акционерлiк қоғамдарға акциялар бойынша дивидендтер төлеуге тыйым салатын өзге де негiздер көзделуi мүмкiн.
Акционерлiк қоғам заңдарда белгiленген тәртiппен туынды бағалы қағаздар, опциондар мен айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруға құқылы. Акционерлiк қоғамды басқаруАкционерлiк қоғамның жоғары органы оның акционерлерiнiң жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретi заң актiлерiмен белгiленедi. Акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi акционерлiк қоғамның өзге органдарына беруге болмайды. Акционерлiк қоғамда директорлар кеңесi құрылады, осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi шешудi қоспағанда, ол қоғамның қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Осы Кодексте, заң актiлерiнде және акционерлiк қоғамның жарғысында директорлар кеңесiнiң айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi акционерлiк қоғамның атқарушы органының шешуiне беруге болмайды.Акционерлiк қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкiн. Ол акционерлiк қоғам қызметiне күнделiктi басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесi мен акционерлердiң жалпы жиналысына есеп бередi. Қоғам басқа да органдарының заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен белгiленген ерекше құзыретiне кiрмейтiн барлық мәселелердi шешу акционерлiк қоғамның атқарушы органының құзыретiне жатады. Акционерлердiң жалпы жиналысының акционерлiк қоғамның жылдық қаржы есебiн тексеру комиссиясының (тексерушiнiң) қорытындысынсыз бекiтуге құқығы жоқ.
Акционерлiк қоғамда заң актiлерiне сәйкес өзге де органдар құрылуы мүмкiн.
Акционерлiк қоғам органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау және қоғам атынан әрекет жасау тәртiбi осы Кодекске, заңдарға және құрылтай құжаттарына сәйкес белгiленедi.
Акционерлiк қоғамды қайта құру және таратуАкционерлiк қоғам акционерлер жиналысының шешiмi бойынша қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн. Акционерлiк қоғамды қайта құрудың және таратудың өзге негiздерi мен тәртiбi осы Кодекспен және өзге де заң құжаттарымен белгiленедi. Акционерлiк қоғам шаруашылық серiктестiгi, өндiрiстiк кооператив немесе «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес білім беру ұйымы болып қайта құрылуға құқылы.
