Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АСАН АЙЫ ЫЛЫМИ жмыс.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
361.47 Кб
Скачать

3. Жыраулық поэзияның ұлттық идеясы

3.1 Туған жер, атамекенге арналған нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні

Қазақ патриотизімін, отаншылдығын қалыптастыруда жыраулар поэзиясының алатын орны ерекше. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай ой түйеді: «Халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жүрегінде тұтанып, жалындай бастады. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау сияқты бұл дәуірдегі ұлттың шығармашылығында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды» [1,275]. Жыраулық поэзия – бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнеріміздің асыл мұрасы, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік белгісі.

Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған әйгілі халық батырларының ерліктерін де жыр еткен.

Сонымен, халқымыздың ауыз әдебиеті ұрпақ тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты және әлі де үлес қосып келеді. Ақын-жыраулардың поэзиясы, олардың ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғырту идеясы қазірдің өзінде де өз күшін жойған жоқ. Елбасымыздың “Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетіміздің ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн.          Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз» [1,267]. Сондықтан жыраулардың бай мұраларын қазіргі жастардың пайдаланатын тәлімдік құралы етіп, оларды елін, жерін сүюге, құрметтеуге баулып, адамгершілік қағидаларының басты ұстанымы екендігін жастар санасына сіңіру қажет. Ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу тұрғысынан жыраулар мұрасы өз мәнділігін жоғалтпақ емес және ақын-жыраулар толғаған жырлар арқылы олардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруымыз қажет.

Асан қайғы ел, халық тағдырына, болашағына терең көз жібереді, қабырғасы қайыса жыр төгеді, болжам жасайды. Ақын-жыраулар – қазақ халқының мәңгiлiк тұтас ұлт болып тұтасуын толғап жырлағандар. Олар – қазақ халқының мәңгiлiк ұлы тарих жолында сақталуын, ұрпақтарының аман-есен өсiп-өркендеуiн тiлеген романтикалық асқақ арман иелерi. Қазақ халқының ата-бабаларынан кейiнгi ұрпақтарына дейiн үздiксiз жалғасқан жақсылығын да, жамандығын да сыншыл тiлмен баяндайтын, ханды да, батырды да айыптайтын, түбi бiр түркi халықтарының ауызбiрлiгiн ойлайтын – бәрiн де қайраткерлiк – көсемдiк толғаммен байыптайтын абыз тұлға дүниетанымын толығымен танимыз.

Қазақ әдебиетіндегі ұлт бірлігі жайындағы шығармалар дегенде – біз қазақ ақын-жырауларының өз заманындағы тарихи өзгерістерге, қоршаған ортаға, адам болмысына, елінің бүгіні мен ертеңіне байланысты ой-толғамдарын, берген бағасын, дүниетанымдарын айтуымызға болады.

Қазақ философиясының көсем тұлғасы Асан Қайғының қазақтың қоныстары туралы айтқан бағалаулары өзiмен замандас адамдардың да, болашақ ұрпақтардың да қамын ойлаған нағыз қайраткер дананың, абыз– жыраудың тұлғасын бүкiл болмысымен даралай танытады. Жыраулар, ел ішінің бірлігін сақтау, билеген жұртына қысастық жасамау секілді келелі мәселелерге қатысты жайларда да халық өкілі-жырау, ақындар ханға қарсы келуден тайсақтамаған, шындықты бетке батыл түрде айтып отырған. Ел еркесі жыраулар ел билеушісінің қасында жүріп әлеуметтік мәселелерді көтере отырып, қоғамдық деңгейдегі мәселелерді шешуге ат салысты. Бұл жерде жыраулар тек сөз арнаушы ғана емес, әрі философ, әрі қоғам қайраткері ретінде де көрінеді. Ерлік пен елдік, отаншылдық пен сүйіспеншілік, ынтымақ пен бірлік, жан тазалығы мен адал достық – бәрі де ақын-жырауларымыздың бойына бүкіл кісілік асыл қасиеттерді жинауға зор көмек беретін толыққанды адам тәрбиесінің бастау бұлағы. Ендеше, егеменді еліміздің ертеңі жас ұрпақты иманды, әдепті, адамгершілігі жоғары болып өссін десек, халқымыздың рухани байлығы - ақын-жыраулар поэзиясының жақсы дәстүрін олардың санасына сіңіріп, бүгінгі күн талабымен ұштастыра білсек, жыраулық поэзиядағы ұлттық тәрбиенің берері көп.

Асан атымен айтылып, халық арасына тараған нақыл сөздер (афоризмдер) мен толғау-жырлар қазақ халқының орта ғасырдағы тарихи-қоғамдық, рухани тілегімен байланысты.

Мінезі жаман адамға,

Енді қайтып жуыспа.

Тәуір көрер кісіңмен,

Жалған айтып суыспа.

Ашу-дұшпан, артынан

Түсіп кетсең қайтесің,

Түбі терең, қуысқа...

Асан - халқына жақсы қоныс іздеуші қамқор және елінің сол күнгі халі мен келешегін толғаған ақылгөй жырау. Сондықтан да Асан атынан айтылатын сөздер мен нақылдар біреуден біреуге тарап, жатталып, ел аузында берік сақталып, бізге жеткен.