- •Орал Камила Бекежанқызы
- •Асан Қайғы толғауларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні
- •1.Асан қайғының өмір сүрген кезеңі
- •2.Руханият қайнарлары
- •3. Жыраулық поэзияның ұлттық идеясы
- •Аңдатпа
- •1.Асан қайғының өмір сүрген кезеңі
- •1.1. Ғалымдардың зерттеуі
- •2.Руханият қайнарлары
- •2.1 Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі
- •2.2 Асан Қайғының толғаулары
- •2.3 Асан Қайғының нақыл сөздері
- •Асан Қайғының нақыл сөздерінің мағынасын ашу
- •3. Жыраулық поэзияның ұлттық идеясы
- •3.1 Туған жер, атамекенге арналған нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні
- •Қорытынды
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
«Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ
С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия
Орал Камила Бекежанқызы
10-сынып
Асан Қайғы толғауларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні
Бағыты: «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары»
Секциясы: қазақ әдебиеті
Ғылыми жетекшісі: Б.Е.Бекматова
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Ғылыми сарапшы: Ж.Т.Қадыров
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ қазақ филология
кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор.
Петропавл, 2018 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.Асан қайғының өмір сүрген кезеңі
1.1. Ғалымдардың зерттеуі
2.Руханият қайнарлары
2.1 Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі
2.2 Асан Қайғының толғаулары
2.3 Асан Қайғының нақыл сөздері
3. Жыраулық поэзияның ұлттық идеясы
3.1 Туған жер, атамекенге арналған нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Аңдатпа
Зерттеудің өзектілігі: Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» арқылы ұлттық идеологиялық бағытымызды айқындап берді. Рухани жаңғырту кезеңде халық тағдырының шынайы көрінісін, ұлттық мүдде мен болмыс-бітімін айшықтап берер әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерін қайта сын елегінен өткізу қазіргі таңда әдебиеттің тарихын, қазақ поэзиясын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр. Соның ішінде арнайы қарастыруды қажет ететін мәселенің бірі – жыраулар поэзиясындағы ұлттық құндылықтар, өсиет, нақыл сөздер, ұлттық бірігу идеясы.
Зерттеудің мақсаты:
жастардың бойында ұлттық қазақстандық патриоттық сезімдерді қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктерін ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.
жыраулар поэзиясы арқылы халқымыздың тарихын, ата - бабаларымыздың биік мақсат - мұратын таныту.
Зерттеу міндеттері:
руханияттың қайнар көзі- ата-баба ерлігін, көне тарихын, шежіресін дәріптеп, ұлы тұлғалардың мәңгі жасайтындығы арқылы оқушыларда ерлік және елжандылық қасиеттері қалыптастырады.
Зерттеу нысаны: қазақ әдебиеті тарихындағы XV- XVIII ғғ. Асан Қайғы жыраудың ел мүддесін толғайтын толғаулары, арнау жырлар алынды.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік мәні:
XV-XVIII ғғ. өмір сүріп, жырымен халықты бірлік пен ұйымшылдыққа шақырып жұмылдыра алған Асан Қайғы жыраудың жырларына талдау жасалды.
жаһандану жағдайында оқушыларға ұлтжандылық тәрбие беруде ата-бабалар шежіресі анықталып, ғылыми-әдістемелік негіздері көрсетілді.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
егер халқымыздың ерлік, елжандылық тәрбиесі негіздерін игерер болсақ, оның тұтас ғылыми жүйесін жасауға болады.
сол мұраларды саралап бүгінгі талап тұрғысынан пайдаланғанда ғана жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтардың мәңгілік жасайтындығын түсінетін дүниетанымы мол ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудің мүмкіндігі туады.
Зерттеу әдістері: баяндау, сипаттау, талдау, қорытындылау әдістері пайдаланылды.
Практикалық маңызы:
жұмыс нәтижелерін шешендік өнер, қазақ әдебиетінің тарихына қатысты факультатив сабақтарында, элективті пәндерге материал ретінде қолданауға болады.
Күтілетін нәтиже:
Бүгінгі жас ұрпақты сонау заманнан жинақталған ата - бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату- біздің міндетіміз;
Біздің ата - бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім - тәрбие берерліктей өсиет сөздерді бойларына сіңдіру;
Ақын-жыраулар халыққа өнегелі сөздерімен ықпал етіп,оларды іргелі ел, берекелі жұрт болуға шақырды, жас ұрпақ сол аманатты сақтауға тиісті.
Бабалар рухына бас ие отырып, егемендікті сақтау, тәуелсіздігіміздің тұғырын тереңнен бекіту- қасиетті борышым.
Кіріспе
Жыраулық поэзия - XV- XVIII ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. ХV ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының төл мәдениеті өркен жая бастады. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. Қоғам, дін, этика, адамгершілік, қарыз бен парыз, ерлік пен ездік, байлық пен кедейлік, дүние мен дүние жайлы сан-салалы ойлар тоғысқан философиялық туындылар. Жырауларды халык, қадір тұтқан. Ел толқыған кезде, бүліншілік шыққанда немесе ел шетіне жау келғен кездерде ақыл, кеңес сұрайтын болған. Мұндай кезде жырау жұртшылықты абыржымауға шақырып, оларға күш-қуат беріп, істің немен тынатыны жайлы болжамдар айтып отырған. Жырау деген атау "жыр" сөзінен шыққан. Жыршы деп көптеген эпостық жырларды жатқа білетін, дайын репертуары бар айтқыштарды таныған.Жыраулар өз шығармаларын ақыл-нақыл, өсиет түрінде айтқан. Олардың толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулық поэзияның терең дүниетанымдық сипатын аңғартады. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері, кезінде бүкіл Дешті Қыпшақка даңқы жеткен Қодан Тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы жыраулар жаңа әдебиеттің ізашарлары ғана емес, көне мұраны жалғастырушылар деп те саналады. Асан Қайғы туралы аңыздар ноғай, қырғыз, карақалпақ халықтарында да сақталган. Асан Қайғы - көптеген нақыл сөздердің, философиялық толғаулардың авторы. Ол өз өлең, толғауларында мемлекетті нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Сахара эпосын тудырушылардың бірі, ірі эпик ақын, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болган. Асан Қайғы – жырау, ойшыл, абыз. Асан Қайғы шамамен XIVғасырдың аяғында дүниеге келіп, XVортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. Асан Қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал атағы бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді. Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ Ордасын құрған Керей хан Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттігін насихаттайды. Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып «адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады.
