- •Емтихан сұрақтары:
- •2.Статистикалық жиынтық түсінігіне анықтама .Жіктемесі
- •3. Графикалық бейнелеу, құрастырғандағы ережелері
- •4.Белгілердің жіктелуі, анықтамасы
- •5.Салыстырмалы өлшемдер, медициналық статистикада қолданылатын салыстырмалы мөлшерлерді жаз
- •6.Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары.
- •7.Сапалық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз
- •8.Сандық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз
- •9. Диаграммалардың жіктелуі
- •10. Мода, медиана,вариациялық қатар анықтау тәсілдері
- •13.Таңдама анықтамасы, жіктелуі
- •14. Д исперсия,орташа квадраттық ауытқу, стандартты қате түсініктер., формуласы
- •15.Қиысу кестесі мен орайластық кестесін сипаттап жазыңыз.
- •16. Сандық пен сапалық белгілердің айырмашылығы
- •17.Сапалық белгілерді талдаудағы Хи-квадрат критериі бойынша талдауды түсіндіріңіз.
- •18.Қиысу кестелерін Хи-квадрат критериі бойынша талдауды түсіндіріңіз.
- •19.Статистиккалық болжамдарды тексеру теориясын анықтаныз.
- •20.Параметрлік критерий мен параметрлік емес критерий айырмашылығы.
- •21. Тәуелді және Тәуелсіз таңдамалар арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •22. Дискретті статистикалық көрсеткіш мода және медиана арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •23. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдарды түсіндіріңіз.
- •24.Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер
- •25.Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
- •28.Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер
- •29.Сызықтық корреляцияны түсіндіріңіз.
- •30.Сызықтық регрессия.
25.Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
Эксперименттің эпидемиологиялық қадағалаудан айырмашылығы – эпидемиялық процеске жасанды түрде араласуында. Жұқпалы аурулар эпидемиологиясында эксперимент эпидемиялық процестің тек кейбір жақтарын зерттеуде пайдаланылады, өйткені оны толық түрде жасауға болмайды. Мысалы, оның эпидемияға қарсы және алдын алу шараларына қатысты жақтарын зерттеуге болады.
Сондықтан эпидемиологиядығы эксперимент дегеніміз, жұқпалы ауруларды тудыруға қатысы бар деп күдіктенген факторлардан құтылу арқылы эпидемиялық процеске жасанды түрде араласу, яғни зерттеушінің қауіп-қатер факторларының жағымсыз әсерін дәлелдеуі. Егер эпидемиологиялық текеру мен қадағалау эпидемиялық процестегі құбылыстардың өзара байланысын көрсетсе, эксперимент көбінесе оның себептік-салдарлы байланысын айқындайды.
26. Бақылаудағы эпидемиологиялық эксперименттің бақылаусыз эпидемиологиялық эксперименттен айырмашылығы. Аналитикалық эпидемиологиялық эксперимент зерттеудегі себептік-салдар байланысы туралы болжауларды бақылаудағы экперимент арқылы дәлелдейді. Ол үшін екі топ құрылады: бірінші топ адамдар алдын алу (емдеу) препаратының әсеріне ұшырайды немесе олар үшін қауіп-қатер факторының әсерін құрту және эпидемияға қарсы да кешенді шаралар іске асырылады. Екіншісі де барлық белгілермен бірінші топқа ұқсас, бірақ оларда осы айтылған шаралардың әсер ету мүмкіншілігі болмайды. Бұдан кейін осы екі топтағы сырқаттанушылықты салыстырады. Бақылаудағы эксперименттің нәтижесі қауіп-қатер факторларының әсерін дәлелдеп қана қоймайды, сонымен қатар онда эпидемияға қарсы және алдын алу шараларының сандық және сапалық жағын, диагностикалық әдістерді, емдеу, алдын-алу препараттарын және тағы басқаларды бағалауға мүмкіндік туады, яғни олардың әлеуметтік тиімділігі бағаланады. Алға қойған мақсат пен міндеттерге байланысты бақылаудағы эпидемиологиялық эксперименттің бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, бақылаудағы эпидемиологиялық экспериментте белгілі бір препараттардың, әдістердің диагностикалық бағалылығын, эпидемияға қарсы шаралар кешенінің тиімділігін анықтауға болдады. Ал денсаулық сақтау мекемелерінің алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды атқару барысында эпидемиологиялық процестің табиғи дамуына жасанды араласуын бақылаусыз эпидемиологиялық эксперимент деп атайды. Бұл әдістің ғылыми маңызы шамалы, өйткені атқарылатын шараларды іске асыру барысында салыстыру тобы құрылмайды. Осыған байланысты оны эпидемиологиялық бақылау әдісімен бірге қолданған жөн. Бұл әдіс сырқаттанудан сақттандыруды немесе сырқаттанушылықтың төмендегенін көрсетеді, сонымен қатар диагностикалық жабдықтар мен әдістердің кемшіліктерін және т.б. істелген шаралардың (әдістің немесе жабдықтың) тиімділігін айқындайды. Осы жерде нәтижені негізгі екі тарапта бағалау ұсынылады: 1. Пайдаланудағы айырмашылығына байланысты атқарылатын шаралардың сапасына қарай немесе пайдаланбағанына қарай әр жердегі сырқаттанушылықтың деңгейін, құрылымын және динамикасын талдау; 2. Әртүрлі уақыт кезеңіндегі сол жердегі дәл осы көрсеткіштерді талдау.
Экспериментальдық клиникалық зерттеулер 2 -ге бөлінеді: 1) Бақыланатын түрі- бақылау және тәжірибе топтары болады. Дәлелділіктің дәрежесін арттыру үшін бақылау тобындағылардың клиникалық нәтижесі тәжірибе тобының нәтижесімен салыстырылады.2) Бақыланбайтын түрі- бақылау тобы болмайды. Ауру ағымы кезіндегі клиникалық ақпараттар жиналады Бақыланатын түрі 2-ге бөлінеді: а) рандомизирленбеген б) рандомизирленген- бір жақты жасырын,екі жақты жасырын, үш жақты жасырын, мультицентрлік болып бөлінеді.
27. Математикалық үлгілеу Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиологиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады. Эпидемиологияда математикалық үлгілеудің екі әдісі бар: 1. Нысанды-математикалық үлгілеу – бұл нақты эпидемиялық процестің сипаттайтын сандық материалдарды есептеу арқылы математикалық формулаларды пайдалану негізінде эпидемиялық процестің болашақтағы көрінісін болжау болып табылады. Нысанды-математикалық үлгілеу (болжау)44 элементтері ретроспективтік эпидемиологиялық талдауды жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде осы мақсат үшін арнаулы компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Бағдарламалар сандық көрсеткіш түрінде, графикалық түрде болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің болашағы зор, өйткені эпидемиялық процестің жан-жақты көрінісін көп факторлы талдау арқылы зерттеуге болады. 2. Сандық үлгілеу дегеніміз – математикалық формулалардың параметрлері ретінде нақты қауіп-қатер факторларын пайдалану. Бұл әдіс ғылыми зерттеуде пайдаланылады. Соңғы кезде осы екі әдісті қатар пайдалануға арналған жетілдірілген компьютерлік бағдарламалар жасалады. Болашақта бұл әдіс күнделікті эпидемиологиялық тәжірибеде қолданылады деген үміт бар
