Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biostat_ekzamen.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.81 Кб
Скачать

7.Сапалық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз

Сапалық белгілер категориялармен өрнектеледі, ординалды және номиналды болып жіктеледі. Номиналды белгілер – жыныс (әйел, еркек), көз түсі (қоңыр, қара, көк).

Ординалды белгілер мағынасы реттелген бола алады, яғни өсу немесе кему бойынша орналаса алады. – өмір сүру сапасы (нашар, қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы), дене қызуы (қалыпты, көтеріңкі, жоғары, өте жоғары).

8.Сандық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз

Кез-келген биообъект қандай да бір белгілермен сипатталады, мысалы бой, салмақ, артериалды қысым және т.б. Белгілер сандық және сапалық белгілер болып жіктеледі, сандық белгілер санмен өрнектеледі, үздіксіз және дискретті болып 2 ге бөлінеді.

Дискретті белгілер – ең кем дегенде бір өлшем бірлікке ерекшеленетін белгілер, мысалы жанұядағы адам саны, төсек – күн.

Үздіксіз белгілер – бір – бірінен қанша болса да кез-келген аз шамаға ерекшелене алатын белгілер, мысалы бой, адам салмағы.

9. Диаграммалардың жіктелуі

Графикалық бейнелеу түрлері – диаграммалар (сызықты, бағаналы, тарамлаған, секторлық) , картограммалар, картодиаграммалар.

Сызықты диаграмма – белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді, тұрғындардың табиғи өсімін, балалар өлімінің өзгерістерін көрсетеді. 4 сызықтан артық болмауы керек.

Бағаналы диаграмма – құбылыстардың динамикалық немесе тұрақты жағдайын бейнелеуде қолданылады.

Тарамдалған – шеңберлі координат жүйесінде құрылады, ол құбылыстың тәулік бойы және апталық, жылдық бейнелеуде қолданылады.

Секторлық диаграмма 100 шеңбермен теңеп салынады.

Картограмма - географиялық картаға статистикалық көрсеткіштерді аудан, облысты бояумен немесе сызықшалармен белгілейді.Көрсеткіш көлемі неғұрлым жоғары болған сайын соған сәйкес бояу қанық болуы керек.

Картодиаграмма – географиялық картаға түрлі диаграмма салынады, көбінесе бағаналы.

10. Мода, медиана,вариациялық қатар анықтау тәсілдері

Вариациялық қатар – зерттелетін белгінің сандық көрсеткіштерін өсу немесе кему ретімен орналастыру.

Вариациялық қатардың қарапайым және топтастырылған түрі болады:

Мода (Мо)-кездейсоқ шаманың ең жиі кездесетін мәні. Моданы анықтау үшін таңдаманың барлық мәндері ранжирленген қатарға(өсу немесе кему ретімен) орналастырылады. Моданың бірнеше мәні болуы мүмкін.

Ранжирленген қатардан медиананы (Ме) табамыз-бұл таңдаманың қақ ортасынан бөлетін кездейсоқ шаманың мәні. Егер таңдама объектілерінің саны жұп болса, онда медиана екі көршілес мәндердің орташасына тең.

11)Статистикалық болжам анықтамасын, жiктелуiн жазыңыз. Болжамдар нөлдік және альтернативті болып жіктеледі. Тексерілуге жататын негізгі жорамал нөлдік, нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама - қайшы келетін болжам альтернативті болжам деп аталады.

12)Жорамалдарды тексерудiң параметрлiк және параметрлiк емес критерийлерiн сипаттап жазыңыз.  Статистикалық жорамал – таңдама көрсеткіштерінің негізінде тексеру болатын бас жиынтықтың таралу түрі жөніндегі немесе белгісіз параметрлерінің шамасы жөніндегі ұйғарым.  Болжамдарды қабылдау немесе теріске шығару үшін параметрлік және параметрлік емес критерийлер қолданылады. Параметрлік критерий - белгілер сандық және жиынтық қалыпты тарамдалуға ие болған жайғдайда қолданылады. Параметрлік емес критерий – белгілер сапалық болғанда, тарамдалу белгісіз және оны тексері мүмкін болмаса, яғни таңдама саны 30 дан жоғары болғанда қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]