- •Емтихан сұрақтары:
- •2.Статистикалық жиынтық түсінігіне анықтама .Жіктемесі
- •3. Графикалық бейнелеу, құрастырғандағы ережелері
- •4.Белгілердің жіктелуі, анықтамасы
- •5.Салыстырмалы өлшемдер, медициналық статистикада қолданылатын салыстырмалы мөлшерлерді жаз
- •6.Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары.
- •7.Сапалық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз
- •8.Сандық белгілерді сипаттап анықтамасын жаз
- •9. Диаграммалардың жіктелуі
- •10. Мода, медиана,вариациялық қатар анықтау тәсілдері
- •13.Таңдама анықтамасы, жіктелуі
- •14. Д исперсия,орташа квадраттық ауытқу, стандартты қате түсініктер., формуласы
- •15.Қиысу кестесі мен орайластық кестесін сипаттап жазыңыз.
- •16. Сандық пен сапалық белгілердің айырмашылығы
- •17.Сапалық белгілерді талдаудағы Хи-квадрат критериі бойынша талдауды түсіндіріңіз.
- •18.Қиысу кестелерін Хи-квадрат критериі бойынша талдауды түсіндіріңіз.
- •19.Статистиккалық болжамдарды тексеру теориясын анықтаныз.
- •20.Параметрлік критерий мен параметрлік емес критерий айырмашылығы.
- •21. Тәуелді және Тәуелсіз таңдамалар арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •22. Дискретті статистикалық көрсеткіш мода және медиана арасындағы айырмашылықтарды ашыңыз және мысалдар келтіріңіз.
- •23. Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдарды түсіндіріңіз.
- •24.Аналитикалық эпидемиологиялық әдістер
- •25.Экспериментальдық эпидемиологиялық әдістер
- •28.Эпидемиологиялық зерттеулерді ұйымдастыру үшін тартылатын негізгі көрсеткіштер
- •29.Сызықтық корреляцияны түсіндіріңіз.
- •30.Сызықтық регрессия.
Емтихан сұрақтары:
1.Биологиялық статистика – биологиялық нысандарды табиғи немесе эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі.
Негізгі міндеті – зерттелетін көріністің өзгерістеріне алып келетін себептерді анықтау. Оны анықтау үшін зерттелетін көріністердің бақылау саны жеткілікті және көп болуы тиіс.
Медициналық статистика - гигиена және денсаулық сақтау мәселелерін зерттеуде қолданылады.
Медициналық статистиканың бөлімдері:
-Денсаулық статистикасы;
-Денсаулық сақтауды басқару статистикасы;
-Клиникалық және экспериментальдық зерттеулер статистикасы;
Статистикалық зерттеулер 5 кезеңге бөлінеді:
Зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау;
Мәліметтерді жинау;
Мәліметтерді өңдеу мен топтастыру;
Мәліметтерді талдау және қорытынды жасау;
Зерттеу нәтижелерін іс жүзінде енгізу.
2.Статистикалық жиынтық түсінігіне анықтама .Жіктемесі
Қандай да бір сапалық немесе сандық белгілермен сипатталатын нысандар жиыны статистикалық жиынтық деп аталады.
Статистикалық жиынтық генералды және таңдама жиынтық болып екіге бөлінеді: тексеруге жататын барлық нысандардан тұратын статистикалық жиынтық генералды, ал генералды жиынтықтан кездейсоқ түрде таңдалып алынған статистикалық жиынтық таңдама жиынтық деп аталады.
3. Графикалық бейнелеу, құрастырғандағы ережелері
Кез-келген графикалық бейнені құрастырғанда мынадай ережелерді сақтау қажет:
Әрбір графикалық бейненің өзіндік аты болуы керек;
Ол белгілі бір өлшемде құрылуы керек;
Әрбір графикалық бейнеге қолданылған бояуға және қосымшаға түсініктеме берілуі керек;
Графикалық бейне статистикалық көрсеткіштің мағынасына сай келуі керек.
Графикалық бейнелеу түрлері – диаграммалар (сызықты, бағаналы, тарамлаған, секторлық) , картограммалар, картодиаграммалар.
Сызықты диаграмма – белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді, тұрғындардың табиғи өсімін, балалар өлімінің өзгерістерін көрсетеді. 4 сызықтан артық болмауы керек.
Бағаналы диаграмма – құбылыстардың динамикалық немесе тұрақты жағдайын бейнелеуде қолданылады.
Тарамдалған – шеңберлі координат жүйесінде құрылады, ол құбылыстың тәулік бойы және апталық, жылдық бейнелеуде қолданылады.
Секторлық диаграмма 100 шеңбермен теңеп салынады.
Картограмма - географиялық картаға статистикалық көрсеткіштерді аудан, облысты бояумен немесе сызықшалармен белгілейді.Көрсеткіш көлемі неғұрлым жоғары болған сайын соған сәйкес бояу қанық болуы керек.
Картодиаграмма – географиялық картаға түрлі диаграмма салынады, көбінесе бағаналы.
4.Белгілердің жіктелуі, анықтамасы
Кез-келген биообъект қандай да бір белгілермен сипатталады, мысалы бой, салмақ, артериалды қысым және т.б. Белгілер сандық және сапалық белгілер болып жіктеледі, сандық белгілер санмен өрнектеледі, үздіксіз және дискретті болып 2 ге бөлінеді.
Дискретті белгілер – ең кем дегенде бір өлшем бірлікке ерекшеленетін белгілер, мысалы жанұядағы адам саны, төсек – күн.
Үздіксіз белгілер – бір – бірінен қанша болса да кез-келген аз шамаға ерекшелене алатын белгілер, мысалы бой, адам салмағы.
Сапалық белгілер категориялармен өрнектеледі, ординалды және номиналды болып жіктеледі. Номиналды белгілер – жыныс (әйел, еркек), көз түсі (қоңыр, қара, көк).
Ординалды белгілер мағынасы реттелген бола алады, яғни өсу немесе кему бойынша орналаса алады. – өмір сүру сапасы (нашар, қанағаттанарлық, жақсы, өте жақсы), дене қызуы (қалыпты, көтеріңкі, жоғары, өте жоғары).
