Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kds_emtikhan_2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.01 Кб
Скачать

4 Гинекологиялық бөлімше

Геникологиялық бөл-ше кейбір аудандарда перзенхпна немесе аудан-қ аурухананың бөл-сі ретінде , ал обл-орталығында облыс-қ ауру-ң құрамына кіреді.

Гинекология бөл-де гинеколо-қ аурулардан задап шеккен әйелдарді емдеу 3 бағытта жүр-ді олар :

1. операция жасауды қажет ететін

2. дәрі-дәрмекпен емделетін жүктілікті сақтау үшін ем жүргізілетін әйелдер жатады.Сонымен 1ге бұл бөлімшеде бедеулікпен түсік тастау, жынс ағза-ң туберкулезі,жүкті-ң 1-ші жартысындағы гестоздар және т.б аурулары бар науқастар емделеді. Бұл бөл-де жасанды түсік жасауға арналған 1-3 дейінгі төсек бөлінеді. Гинекологиялық бөл-нің құрлымына физиотерапевттік каб, зертхана, қабылдау және үйіне қайтару бөл-рі кіреді.

17 Орталық аудандық аурухананың негізгі міндеттерін сипаттап жазыңыз

  • Аудан тұрғындарын және ауданның орталығындағы тұрғындарды жеткілікті көлемде білікті мамандандырылған аурханалық және емханалық мед-қ жәрдеммен қамтамасыз ету

  • ұйымдастырушылық методикалық басшылық жасау және аудан көлеміндегі басрлық ДС мекемелерінің жұмысын бақылау

  • аудандағы ДС мекемелерінің жұмысын жоспарлау, қаржыландыру, материалдық тех-қ жағынан жабдықтау

  • аурулықты азайту, балалар өлімін және жалпы өлім көрсеткішін төмендету және денсаулықты нығайту үшін мед-қ жәрдемнің сапасын жоғарылату және бұл бағатта түрлі шаралар қолдану б,т

  • мед-қ қыз-ді мамандығына қарай тиімді орналастыру және пайдалану б.т

18 Алғашқы медициналық санитарлық көмектің анықтамасын атағыз және мақсаты мен міндеттерін сипаттап жазыңыз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша алғашқы медициналық санитарлық көмек (АМСК) – бұл медицина жүйесімен алғашқы ұшырасқанда тұрғындарға, қоғамның әрбір мүшесіне, әрбір жанұяға, олардың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында медициналық көмек көрсету арқылы мамандырылған және білікті дәрігерлік көмекті көрсету арқылы азаматтардың мекен-жайына немесе қызмет орнына жақындату болып табылады. Алғашқы медициналық көмек, әрі қарай АМСК деп оқылады. АМСК – тұрғындардың медициналық санитарлық көмекпен алғашқы түйісіп кездесетін жері немесе денсаулық қорғаудың бірінші кезеңі деп атауға болады. АМСК тұрғындар арасында аса кеңінен тараған өте қолайлы қызмет түрі болып саналады. Сонымен қатар, ол ұлттың денсаулық сақтау жүйесінің негізгі принципі алдын алу (профилактикалық) шараларының орындалуын қамтамасыз етеді. АМСК – кепілдендірілген медициналық-әлеуметтік көмектің маңызды бір бөлігіне жатады.

АМСК қызметінің негізгі мақсаты тұрғындар арасында кешенді медициналық-санитарлық, емдеу алдын алу және гигиеналық шаралар жүргізу болып табылады:

  • Ауырғандар мен жарақаттанғандарды емдеу;

  • Аса қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

  • Аналар мен балаларды қорғау;

  • Негізгі жұқпалы ауруларға қарсы ету;

  • Жергілікті эндемиялық жұқпалы аурулардың алдын алу, онымен күрес жүргізу;

  • Жанұяны жоспарлау;

  • Санитарлық ағарту;

  • Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз ету;

  • Азық-түлікпен қамтамасыз етуді және дұрыс тамақтануды ұйымдасытру.

АМСК амбулаторлық- емханалық, жедел және шұғыл медициналық көмек, босанатын әйелдерге медициналық көмек және санитарлық эпидемияға қарсы күресу қызметтерін атқаратын емдеу алдын алу мекемелерін қамтиды.

Алғашқы медициналық көмектің дамуына 1978 жылы Алматы қаласында АМСК проблемалары бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өткізген Халықаралық конференция үлкен үлес қосты. Конференция тұрғындардың жағдайы жеткілікті және жағдайы төмен тұрғындарға ел ішінде және әр түрлі мемлекеттерде көрсетілген медициналық көмектің айырмасы барын және сол кездегі АМСК-ның басты ерекшелігі екенін атап көрсетті.

Конференция қай елде болмасын, қандай елдің азаматы болмасын оның әлеуметтік, материалдық жағдайына, лауазымына қарамастан бірдей дәрежеде қол жетімді көмек көрсетуді жолға қою арқылы «2000 жылға барлық дүниежүзі халықтарының денсаулығын жақсарту туралы» ұран тастады. Тұрғындардың 80% -на АМСК мекемелеріне медициналық көмек көрсетілетініне конференцияда баса назар аударылып, бұл жүйені жер-жерде дамытып жетілдіру қажеттігі турал шешім қабылданды. Ол үшін АМСК мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, медицина кадрларын қайта даярлау бағытында реформалар жүргізілді. Осыған байланысты АМСК ұйымдастыру жаңа буын жанұялық (жалпы тәжірибелік дәрігер) дәрігерлік көмек беру принципіне көшірілді. Жанұялық дәрігерлердің басты мақсаты – көп салалы амбулаториялық медициналық көмек беру болып шешілді. Жанұялық дәрігердің атқаратын қызметінің көлемі кеңейе түсті. Ол хирургиялық, тамақ-мұрын-дәрігерінің, көз дәрігері және гинекологиялық көмек көрсетуге тиісті болды. Жанұялық дәрігер тұрғындарға әлеуметтік көмекпен қамту мекемелерінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, медициналық-әлеуметтік қызмет көрсетуге деп қойып уақыт бөлуі міндеттелінді. Бұл көмекке мүгедек жандардың, жалғыз басты аналардың, күн көрісі нашар әлеуметтік жәрдеммен аз қамтылған жанұялардың аса мұқтаждығы ескерілді.

АМСК көрсететін мекемелердің жұмыс көлемінің өсуіне байланысты оны жетілдіру және жеңілдету мақсатында балаларды, жүкті әйелдерді қайта қалпына келтіру, сауықтыру орталықтары және медициналық генетикалық кеңес беру, медициналық-әлеуметтік сауықтыру кабинеттері жаңадан ұйымдастырылып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады.

АМСК жұмысын жақсарту үшін әлі де көп ізденістерді талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]