Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kds_emtikhan_2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.01 Кб
Скачать

20. Емхананың негізгі міндеттері мен профилактикалық бөлімгнің негіхгі міндеттерінің айырмашылығы

Емхана – жоғары дамыған, арнайы мамандандырылған келген науқастарға және үй жағдайында науқастарға көмек көрсететін ЕПМ, аурулар мен олардың асқынуларын емдей бойынша емдеу-профилактикалық шаралар кешенін іске асырады. Амбулаториялар мен емханаларда науқастардың 80%-ы емделуді бастап және аяқтайды, ал небәрі 20% науқастар ғана госпитализацияланады.

Емхана түрлері:Аймақтық белгісі бойынша: қалалық және ауылдық; ұйымдастыру белгісі бойынша: стационармен біріккен және бірікпеген; мамандандырылуы бойынша: жалпы (ересектерге және балаларға арналған), балалар, стом-гиялық, курорттық, физиотерапевтік орталықтар, диагностикалық орталықтар.

Емхананы бас дәрігер басқарады. Емхананың құрылымында: тіркеу орны, профилактика бөлімі, емдеу-профилактикалық бөлімдер мен кабинеттер, емдеу-диагностикалық бөлімдер, әкімшілік-шаруашылық бөлім, қалпына келтіру емі бөлімі және т.б.

Емхананың негізгі ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс принциптері болып участкелік (дәрігерлік қызметке нормативтік халық санының бекітілуі) және диспансерлік әдісті кеңінен қолдану (белгілі контингент денсаулық жағдайын жүйелі түрде белсенді бақылау). Емхана жұмысын регламенттейтін негізгі жоспарлық-нормативтік көрсеткіштер:

- учаскелік нормативі (1 учаскелік терапевт қызметіне 2200-2500 адам);

- жүктеме нормасы (сағ. емханада қабылдауда – 4,3-4,7, пациенттерге үй жағдайында қызмет көрсету – 2);

- учаскелік терапевтің штаттық нормативі (14 жастан жоғары 10000 халық санына –4,0-4,5).

Амбулаторлық-емханалық мекеменің негізгі жұмыс бағыттары:

- профилактикалық жұмыс, диспансерлеу, халықты гигиеналық оқыту және тәрбиелеу, салауатты өмір салтын наихаттау; - емдеу-диагностикалық жұмыс (уақытша еңбекке жарамсыздықты сараптаумен бірге);

- ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс (басқару, жоспарлау, статистикалық тіркеу және есеп беру, жұмысты талдау, денсаулық сақтаудың басқа мекемелерімен өзара қызметтестік, біліктілікті жоғарылату және т.б.);

- ұйымдастыру-массалық жұмыс.

Емхана жұмысын ұйымдастыру келесі көрсеткіштермен бағаланады:

- келу динамикасы (берілген жылы емханаға келгендер санының былтырғы жылғыға қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- келу құрылымы – ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен (ауыру себебімен немесе профилактикалық мақсатпен келу санының барлық келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- дәрігер қызметінің жүктемесі (барлық дәрігерлерге келу санының жұмыстағы дәрігерлер қызметі санына қатынасы);

- дәрігерлердің үй жағдайндағы пациенттерге келу белсендігі (үй жағдайына белсенді келулер санының барлық үй жағдайына келулер санына қатынасын 100-ге көбейтеміз).

Емхананың профилактикалық жұмысы бағаланады:

- медициналық байқаулармен қамту толықтығы (қаралғандар санының қаралуы тиіс халық санына қатынасын 100-ге көбейтеміз);

- ауруды анықтау мақсатымен қаралған халық пайызы (қаралғандар санының халық санына қатынасы);

- анықталған аурулар жиілігі (анықталған аурулар санының қаралғандар санына қатынасы);

- диспансерлеу көрсеткіштері (қамту толықтығы, диспансерлік тіркеуге дер кезінде алу, байқауға қайта алынғандардың үлес салмағы, бір учаскедегі диспансерленушілердің орта саны, диспансерлеу нәтижелері мен тиімділігі).

Аурухана халық кешенді медициналық көмек (бір мезетте емдеу және профилактикалық) алатын медициналық мекеме ғана болып табылмайды, сонымен қатар медициналық қызметкерлерді оқыту орталығы және биоәлеуметтік зерттеулер орталығы болып табылады.

Халыққа стационарлық көмек көрсетудің ұйымдастыру формалары, ауруханалық мекемелердің құрылымы және олардың орналасуы халықтың жас-жыныстық құрамы мен аурушылдығының сипатына, қоныстану ерекшеліктеріне байланысты. Медициналық көмек ірі көпмамандандырылған ауруханалардың арнайы мамандандырылған бөлімдерінде, сонымен қатар арнайы мамандандырылған ауруханадарда (кардиологиялық, онкологиялық, психиатриялық және т.б.) көрсетілуі мүмкін. Қазіргі кезде Қазақстанда негізгі стационарлық мекемелер болып орталық, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық ауруханалар жатады. Халықтың госпитализациялану деңгейі 20%-ға жуық.

Біріккен аурухана басында бас дәрігер тұрады. Оның медициналық, емханалық және әкімшілік-шаруашылық бөлімдері бойынша орынбасарлары болады. Стационар құрылымына қабылдау бөлімі, дифференциалды диагностика, емдеу-диагно­стикалық бөлімдер (терапевтік, хирургиялық, неврологиялық, физиотерапевтік, лабораторлық-диагностикалық және т.б.) кіреді. Арнайы мамандандырылған бөлімдер мен палаталар да болуы мүмкін. Қабылдау бөлімі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болуы мүмкін. Стационардың жұмыс көрсеткіштері: халықты стационарлық көмекпен қамтамасыз ету (төсектер санының халық санына қатынасын 10000-ға көбейту); медициналық персонал жүктемесі (ауысымдағы 1 дәрігер және орта медперсонал қызметіне келетін төсектер саны); материалдық-техникалық және медициналық қамтылу; төсек қорын пайдалану; емдеу-диагностикалық стационарлық көмектің сапасы және оның тиімділігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]