Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kds_emtikhan_2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.01 Кб
Скачать

17. Денсаулық сақтау саласында жылдық жоспар жасау үшін қажетті мәліметтер:

Денсаулық сақтау саласында барлық халық шаруашылығының саласындағыдай жылдық және болашаққа бағытталған жоспар жасалынады. Әр жыл сайын 3 тоқсанның аяғында мекемеде биылғы жылы орын алған және күтілген қаржыға байланысты өзгерістерді ескере отырып келесі кезеңге жылдық жоспар жасалынады. Емдеу алдын алу мекемелерінің жылдық жоспарын жасау үшін келесі негізгі көрсеткіштер пайдаланылады: ауруханалардағы төсек саны , олардың ауру түріне қарай бөлімшелерге бөлінуі , келесі жылға күтілетін науқастар саны , төсек –күн саны емханаға көрінуге күтілетін науқастар саны, қызметкерлердің лауазымы т.б. мәліметтер.

Жылдық жоспар жасау үшін қажетті мәліметтер:

  • Денсаулық мекемесінің келесі жылға бағытталып жасалған директивалық даму жоспары

  • Нормативті білу

  • Жергілікті бюджеттен келесі жылға бөлінеді деп күтілетін қаржының шамасының сомасы

  • Тұрғындар тарапынан медициналық көмекке сұранысы

  • Емдеу мекемелерінің алдыңғы жылдардағы атқарылған қызметтерінің мөлшерін, сапасын талдау қорытындысы

Денсаулық сақтауды жоспарлаудың негізгі тәсілдері :

  • Аналитикалық ( талдау жсау)

  • Салыстырмалы

  • Нормативтік ( стандартты мөлшер)

  • Сынамалық (экспериментальный)

  • Экономикалық – математикалық

18.Қалалық және ауылдық балаларға медициналық әлеуметтік көмек көрсетудің ерекшеліктері

Қалалалық және ауылдық балаларға медициналық көмек көрсетуде айтарлықтай айырмашылықтар бар. Себебі қалалық балаларға медициналық әлеуметтік көмек көрсету үшін біріншіден арнайы жоғары мамандандырылған мамандар қызмет көрсетеді. Екіншіден қалалық емханаларда балалалдың диагнозын анықтап, лабороториялық тексерулер, физиологиялық бөлімшелер , диагностикалық орталықтар жоғары дәрежеде жұмыс жасайды. Яғни бұл қалалық балалрдың сырқатын анықтап диагнозын қойып емдеу жасаған кезде жеңілдірек және дұрыс ем жасауға үлкен мүмкіндік туғызады.

Ал ауылдық балалрға медициналық әлеуметтік көмек көрсету калалық емханамен салыстырғанда төмендеу. Себебі ауылдық емханада жоғары емес көбінесе орташа мамандандырылған мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар ауылдық емханада диагностикалық аппараттар , физиологиялық бөлімшелер т.б бөлімшелер қалыптаспаған. Яғни бұл жағдай ауылдық балалардың диагнозын анықтап емдеу шараларын жасау үшін жеткіліксіз. Сол себептен көп жағдайларда диагнозы анықталмаған балалрды қалалық емханаларға жолдама арқылы жиберіп отыратыныда сондықтан.

19.Фельдшерлік акушерлік бөлімнің басқа емдеу мекемелерінен айырмашылығы

Фельдшерлік-акушерлік тұрғындар саны 800-ден 2000-ға дейінгі елді-мекенде құрылады. Акушерка амбулаторлық қабылдау жүргізіп прием, гинекологиялық аурулар мен жүктілерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, жүкті әйелдер мен босанатындарға тіркеу және акушерлік патронаж, сонымен қатар әйелдерге әлеуметтік патронаж жасайды, беременных женщин и рожениц и социальный женщин, акушер-гинеколог тағайындаған емді бақылайды, дені сау босанатынды босандырады.

ФАБ – нің басты мақсаты – ауыл тұрғындарына медициналық көмекті барынша жақындату болып табылады. ФАБ- де екі орта буын медицина қызметкері фельдшер –акушер және бір тазалықшы қызмет жасайды.

Фельдшерлік акшерлік бөлімшенің міндеттер:

  • Тұрғындарға дәрігерлерден бұрын медициналық жәрдем көрсету

  • Дәрігерлердің тағайындалған емін уақытылы және толық мөлшерде орындау

  • Әйелдердің және балалардың денсаулық жағдайын бақылау

Дәрігерлердің басшылығымен аурушаңдықты , әсіресе, инфекциялық аурушаңдықты , жарақаттануды азайту бағытында профилактикалық жұқпалы ауруға қарсы санитарлық ағарту және санитарлық оқыту.

ФАБ фельдшерлері өз қызметіне елдімекен тұрғындарын сауықтыру шараларын алдын ала жасалған кешенді жоспарды , басшылыққа ала отырып атқарады. Бұл жоспарда тек емдеу , алдын алу шаралары ғана емес , сонымен қатар елді мекенді көркейту , көгалдандыру, ауыл шаруашылығы мекемелерінің , азық түлік сататын орындардың және ауыз су тазалықтарын сақтауға бақылау жасайды. Бұл жоспар алдын ала жасалынады, талқыланады, және оған ауыл әкімі қатысып қол қояды және бұл жоспар ауданның бас дәрігерімен келісіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]