Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kds_emtikhan_2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.01 Кб
Скачать

14. Облыстық аурухананың негізгі жұмыс көрсеткіштері

облыстық аурухана, диспансерлер, стоматологиялық емхана, облыстық МСЭҚ (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау) орталығы және т.б. Бұл сатыда барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Облыстық аурухана арнайы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсетеді және денсаулық сақтаудың ғылыми-ұйымдастыру, әдістемелік және оқу орталығы болып табылады. Негізгі функциялары: жоғары білікті, арнайы мамандандырылған, консультативтік және стационарлық медициналық көмек көрсету; емдеу-профилактикалық мекемелерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек және санитарлық авиация құралымен шұғыл медициналық көмек көрсету; облыстық емдеу-профилактикалық мекемелердің статистикалық тіркеу және есеп берулерін бақылау және басшылық жасау; жылдық жинақ есеп берулер негізінде облыстық емдеу-профилактикалық мекемелерінің сапалық жұмыс көрсеткіштерін талдау; аурушылдық, мүгедектік, жалпы және балалар өлімі көрсеткіштерін зерттеу және талдау, оларды төмендетуге бағытталған шараларды өңдеу; дәрігерлер мен орта медперсоналдарды мамандандыру және білімін жетілдіру бойынша шаралар жүргізу.

Облыстық аурухананың құрылымдық бөлімдері болып стационар, консультативтік емхана, емдеу-диагностикалық бөлімдер, кабинеттер мен лабораториялар, медициналық статистика бөлімімен бірге ұйымәдісбөлімі, шұғыл және жоспарлы-консультативтік медициналық көмек бөлімі, консультативтік-диагностикалық орталық.

15.Қала және ауыл тұрғындарына акушерлік гинекологиялық көмекті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Қала тұрғындарына негізгі акушерлік гинекологиялық көиек көрсететін орын – ол әйелдер консультациясы . Оның ең басты міндеті – әйелдердің денсаулығын ныңайтуға бағытталған жұмыс жүргізу. Ол үшін :

  1. Жүкті әйелдердің денсаулығн қорғау және анаға да, балаға да босану кезінің зиянсыз өтуіне жағдай жасау

  2. Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға заңды түрде көмек көрсетуді ұйымдастыру

  3. Әйелдерді жасанды түсік сақтаудан сақтандыру үшін оларды және жолдастарын контрацепция әдістеріне үйрету. Отбаы тұрмысы жайында кеңес беру.

  4. Диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру, аурудың алдын алу және емдеу

  5. Жүкті әйелдерді баланы уақытынан бұрын босанудан сақтандыру

  6. Аналар өлімін , өлі туулықты, сәбилер өлімін азайту.

Әйелдер консультациясыныі жұмысы учаскелік принциппен ұйымдастырылады. Бір дәрігердің қарауына 3000-ға жуық әйелдер тіркеуге алынады. Олардың ішіне 15 жастан асқан жасөспірім қыздар да кіреді. Бір сағатта 6 қабылдау болады. Аптасына 5 күн жұмыс істейді.

Сонымен қатар қала тұрғындарына акушерлік – гинеологиялық көмектің құрамнда әлеуметтік құқықтық кабинет болады. Ол азаматтардың өмір өзгерістерін тіркеу бөлімімен, үкіметтік бөліммен, прокуратурамен , сотпен т. б. Мекемелермен тығыз байланыс жасап, аналарға көмек көрсету қзметін атқарады.

Акушерлік гинекологиялық бөлімшелерде яғни оның құрамында әйелдер босанатын үй , физиологиялық бөлім , обсервациялық акушерлік бөлім , жүкті әйелдердің патологиясы бөлімі , нәрестелер бөлімі, босанған әйелдерге көмек көрсету бөлімі, гинекологиялық көмекті ұйымдастыру бөлімі кіреді.

Ауыл тұрғындарына негізгі акушерлік гинекологиялық көмек көбінесе фельдшерлік –акушерлік бөлімше арқылы жзеге асады.

Фельдшерлік – акушерлік бөлімшенің(ФАБ) басты мақсаты – ауыл тұрғындарына медициналық көмекті барынша жақындату болып табылады. ФАБ- де екі орта буын медицина қызметкері фельдшер –акушер және бір тазалықшы қызмет жасайды.

Фельдшерлік акшерлік бөлімшенің міндеттер:

  • Тұрғындарға дәрігерлерден бұрын медициналық жәрдем көрсету

  • Дәрігерлердің тағайындалған емін уақытылы және толық мөлшерде орындау

  • Әйелдердің және балалардың денсаулық жағдайын бақылау

  • Дәрігерлердің басшылығымен аурушаңдықты , әсіресе, инфекциялық аурушаңдықты , жарақаттануды азайту бағытында профилактикалық жұқпалы ауруға қарсы санитарлық ағарту және санитарлық оқыту.

Ауыл тұрғындарына жоғары мамандандырылған акушерлік гинекологиялық көмек қажет болған жағдайда ол тұрғындарды ауылдық тіркеу орнынан кала немесе аудан облысқа жолдамамен жібереді. Егерде шұғыл жәрдем қажет болған жағдайда ананың немесе баланың өміріне қауіп төнген жағдайда қала емханасынан арнайы жоғары мамандандырылған білікті дәрігерлерді шақырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]