Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kds_emtikhan_2016.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
97.01 Кб
Скачать
  1. Жалпы практикалық дәрігердің мақсаты. Міндеті, құқықтары мен жауапкершілігінің айрмашылықтары.

Жалпы практикалық дәрігер – жалпы медицинадағы арнайы сынақтардан үлкен дайындықпен өткен маман. Жалпы практикалық дәрігер өзіне қаралуға келген науқастың жынысына да, жасына да, ауруына да, мінезінеде барлығына дұрыс бағытта қарап медициналық көмек көрсетуге міндетті және жауапты.

Жалпы практикалық дәрігердің негізгі қызметі :

  • медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мен басқару

  • пациенттің сырқатымен де психологиясымен де айналысып мәселені шешу

  • арнайы комплекстер арқылы медициналық көмек көрсету

Жалпы практикалық дәрігердің жұмыс жасау барысы:

  • пациенпен дәрігердің біріншілік байланысуының дұрыстығын басқару

  • пациенттің шағымдарын анықтап оларды дұрыстап жіктеу

  • пациенттің жынысына , жасына байланыссыз қандай сырқатпен келсе де медициналық көмек көрсету

  • медициналық көмектің сапалы болуын қадағалау

  • пациенттің моральды құқықтарын қорғау

Келесі нормалар арқылы науқастың мәселелерін шешу:

  • науқастан алынған дурыс ақпараттар мен лабароториялық көрсеткіштерді , анамнездерді талдау арқылы.

  • Шұғыл жағдайларда дұрыс шешімдер қабылдау

  • Аурудың бастапқы кезеңдерінде дұрыс диагностика жасау арқылы

Жалпы практикалық дәрігер өзінің міндетін 3 қызметтік аймақта жүзеге асырады.олар :

  • Күнделікті практикада

  • Науқаспен қарым қатынаста

  • Жалпы практикалық дәрігердің қызметін басқаруда .

8.Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің кезеңдерін атаңыз. Айырмашылықтары.

Ауыл тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетуді шартты түрде 3 сатыға бөледі:

Бірінші саты – ауылдық дәрігерлік учаске.

Бұл сатыда ауыл тұрғындары медициналық дәрігерге дейінгі білікті көмек алады (терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық және т.б.).

Екінші саты – аудандық медициналық мекеме, мұндағы жетекші мекеме аудандық аурухана (АА) және орталық аудандық аурухана (ОАА). Ауыл тұрғындары арнайы мамандандырылған медициналық көмекті оның негізгі түрлері бойынша алады. Ауданаралық арнайы мамандандырылған орталықтар, диспансерлер, денсаулық орталықтары және т.б. болуы мүмкін. Денсаулық сақтау қызметінің басшысы ауданның (немесе аудандық медициналық бірлестіктің) бас дәрігері, әрі ол орталық аудандық аурухананы да басқарады. Мамандықтары бойынша міндетіне емдеу-консультативтік және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы кіретін ауданның бас мамандары анықталады.

Үшінші саты – облыстық аурухана, диспансерлер, стоматологиялық емхана, облыстық МСЭҚ (мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау) орталығы және т.б. Бұл сатыда барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті медициналық көмек көрсетіледі.

Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің бірінші тізбегі әрекетінің құрылымы.

Ауылдық дәрігерлік учаске медициналық қызмет көрсету жүйесіндегі пациенттердің бірінші алғашқы жанасу звеносы болып табылады. Оның негізгі міндеті – учаске халқына қол жетерлік білікті дәрігерлік көмек көрсету және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар жүргізу. Учаскедегі халық саны – 5000-нан 7000 адамға дейін. Ауыл тұрғыны баратын жақынарадағы медициналық мекеме медициналық пункт (МП) болып табылады. МП тұрғындар саны 800-ге дейінгі елді-мекенде ұйымдастырылады.

Ауданның емдеу-профилактикалық бөліміне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты ОАА ұйымәдіскабинеті жүргізеді. Оның функцияларына кіреді: дәрігер-мамандардың ауылдық учаскелік ауруханаларға шығу жоспарын ұйымдастыру: емдеу-диагностикалық және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, ауданның медициналық мекемелерінің негізгі жұмыс көрсеткіштерін зерттеу (аурушылдық, летальдік, балалар мен жалпы өлім деңгейлері, клиникалық және патологоанатомдық диагноздардың сәйкессіздігі және т.б.), қажетті шараларды өңдеу және жүргізу сұрақтары бойынша осы мекемелердің дәрігерлеріне консультация және практикалық көмек көрсету. Ұйымәдіскабинетті ұйымдастыру жұмысы бойынша ОАА бас дәрігерінің орынбасары атқарады.

Ауылдық аудандардағы медициналық мекемелердің жұмыс тиімділігін бағалаудың негізгі критерийлері: халық аурушылдығының көрсеткіштері (жалпы, УЕЖ, балалар аурушылдығы), алғаш мүгедектікке шығу, жалпы, балалар өлімі, халық шағымдарының саны және т.б.

Облыстық аурухананың құрылымдық бөлімдері болып стационар, консультативтік емхана, емдеу-диагностикалық бөлімдер, кабинеттер мен лабораториялар, медициналық статистика бөлімімен бірге ұйымәдісбөлімі, шұғыл және жоспарлы-консультативтік медициналық көмек бөлімі, консультативтік-диагностикалық орталық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]