- •Сұрақ: «Түркі» этносы және этнониміне анықтама беріңіз.
- •Сұрақ: Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуын көрсетіп жазыңыз
- •Сұрақ: Түркі қағандығының қалыптасуына ықпал еткен факторларды атаңыз
- •Сұрақ: Түркілердің жазба-тарихи ескерткіштерін сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректерді атап көрсетіңіз
- •Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін атаңыз
- •Сұрақ: Ғұндардың алғашқы географиялық орналасу территориясы атаңыз
- •Сұрақ: Шығыс және Батыс түркі қағанаттарының сыртқы саясаттарын сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Қарлұқ қағанатының саяси құрылысын сипаттама беріңіз
- •Сұрақ: Хазарлар қағандығының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін атаңыз
- •Сұрақ: Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атаңыз
- •Сұрақ: «Хазар» этнониміне анықтама беріңіз және этникалық құрамын атаңыз
- •Сұрақ: Көктүрік мемлекетінің құрылуының алғышарттарын атаңыз
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •Сұрақ: Атлақ шайқасының тарихын сипаттап көрсетіңіз
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
Сұрақ: Атлақ шайқасының тарихын сипаттап көрсетіңіз
Жауап: Талас шайқасы, Атлах шайқасы, 751 жылы Атлах қаласы маңында қытай және араб әскерлерініңарасында болды. Шайқас қарсаңында 749 жылы араб халифатындағы ұзаққа созылған тақ таласы аяқталып, қара киімділер аталған Аббас әулеті билікке келді. Олар осыған дейін халифат бақылауынан тыс қалған бұрынғы Орт. Азиядағы иеліктеріне ықпалын күшейте түсті. Осы тұста Тан патшалығы әскері Шығыс Түрік қағандығының әлсірегенін пайдаланып, Талас өңіріне таяп келіп, араб халифаты иелігіне қауіп төндірді. Тан патшалығынан теперіш көріп келе жатқан түргештер мен қарлұқтар араб халифаты әскерінің көмегіне суйену үшін арабтар жағында болды. Бұл жағдай арабтар мен қытай әскерлерінің қақтығысқа түсуін жеделдете түсті. Екі жақ әскерлерінің шайқасы 751 жылы 29 шілдеде басталып, 5 күнге созылды. Қытай қолбасшысы Гау Шиянденнің (Гао Сянь-чжи) қарамағында 70 мың әскер болған. Шайқас барысында қарлұқтар жаппай арабтарға болысып, екі жақтан Тан армиясын қыспаққа алды. Араб қолбасшысы Зияд ибн Салих қарамағындағы әскер шайқас барысында қытай әскерінің 50 мыңын өлтіріп, 20 мыңын тұтқынға алды. Шайқаста жеңіліс тапқан Тан патшалығы бұдан кейінгі кезеңде өз құдіретінен айрылды. Бұл өз кезегінде түркілердің Ислам өркениетімен жақындасуын жылдамдатты.
50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
Сұрақ: Халықтардың ұлы қоныс аударуы процесінің маңызын түсіндіріңіз Жауап: Этникалық құрамы жағынан әр текті көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағы арқылы батысқа қарай жылжуы тарихта – «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталады. Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті өзара ішкі тартыстар менсыртқықысымдардыңәсеріненкүйреугеұшырап, оңтүстік және солтүстік ғұндар мемлекеті болып екіге бөлінеді. Солтүстік ғұндардың ордасы Монғолияның солтүстік-батысындағы Қырғыз-Нұр көлінің маңына орналасады. Осы жерден олар үйсін тайпаларына және Қытайға жорықтар ұйымдастырды. Солтүстік пен оңтүстік ғұн мемлекеттері арасында жер мен билік үшін өзара қырқыс басталды. Уақыт өте келе оңтүстік ғұндар Хань империясына бағынды. Ал, солтүстіктегі ғұндар Хань империясы мен оңтүстіктегі ағайындары жиі-жиі шабуыл жасап мазасын алған соң тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Солтүстік Монғолия және Шығыс Түркістанға қарай қоныс аудара бастады. Бұл ғұндардың Қазақстан мен Орта Азия аумағына қоныс аударуының алғашқы толқыны еді. Ғұндардың Қазақстан жеріне қоныстануына байланысты Шығыс Иран тайпаларының, қаңлылардың түркіленуі басталады. Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының нәтижесінде мұнда Ғұн империясы құрылды және осы аймақ тұрғындары құрамына енуіне байланысты Шығыс Еуропада түркі тайпалары түпкілікті орналаса бастады.
Сұрақ: Хазарлардағы көпдінділік себептерін түсіндіріңіз
Жауап: Хазар қағанаты VІІ ғасырдың орта тұсында Батыс түрік қағанаты ыдырағаннан кейін төменгі Еділ мен Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде пайда болған феодалдық мемлекеттік құрылым. VІІІ ғасырдың басына дейін хазарлардың астанасы Дағыстан жеріндегі Семендер, одан кейін төменгі Еділдегі Итиль қаласы болады. VІІ ғасырда хазарлар Азау (Азов) төңірегіндегі болгарларды, Дағыстан шегіндегі савирларды бағындырған; ал Кавказ Албаниясы хазарларға салық төлеп тұрған. VІІІ ғасырда хазарлар Солтүстік Кавказды, Азау аймағын, Қырым жағалауларын және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі далалық және орманды жерлерін иемденген. 735 жылы Каспий жағынан басып кірген арабтар Хазар қағанатының әскерін қиратып жеңеді. Осыдан кейін қаған мен оның төңірегіндегілер мұсылман дінін қабылдайды.Сегізінші ғасырда Хазар қағанаты мен Византия арасында тығыз қарым-қатынас орнауы христиандықтың таралуына қолайлы жағдай тудырды. Хазар қағанаты жерінде митрополия – діни орталық ашылып, жеті эпархия пайда болды. VІІІ ғасырдың ақыры мен ІХ ғасыр басында қағанаттың тізгінін ұстаған Обадия иудаизмді мемлекеттік дін деп жариялады. Хазар қағанатының әлсіреуін көздеген Византия хазарларға қарсы айналасындағы көшпенділерді айдап салып отырды.
Сұрақ: Ұлы салжұқ мемлекетінің құрылуының алғышарттарын түсіндіріңіз
Жауап: Салжұқ сұлтандығы — 11 ғасырдың соңы мен 14 ғасырдың басында Таяу және Орта Шығыс елдерінде билік құрған мемлекет. 11 ғасырдың 30-жылдары салжұқтар Ғазнауи әулетіне бағынышты болып, Хорасаннан жер алды. 1040 ж. ғазнауилерге қарсы шығып, Данденакан түбіндегі ұрыста жеңіске жетті. Иран таулы үстіртін жаулап алып, аймақтағы бытыраңқы ұсақ иеліктерді бір орталыққа бағындырды. Сол кездегі мұсылман әлемі үшін маңызы ерекше бір орталыққа бағынған қуатты ислам мемлекеті осы салжұқтар кезінде орнады. Алғашқы салжұқ билеушісі Тоғрылбек (1038 — 63) тұсында салжұқтар Хорезм, Хорасан, Иран, Әзірбайжан, Күрдістан, Ирак жерлерін жаулап алып, 1055 ж. Бағдатқа басып кірді. Халифа оған “батыс пен шығыстағы мемлекеттер дінінің сүйеніші” атағын беріп, “ұлы сұлтан” деп жариялауға мәжбүр болды. Салжұқ сұлтандығы бастапқыда екі негізгі иеліктерден тұрды.Рум сұлтанаты мен оны қоршаған мемлекеттер, Жоғары билеуші Тоғрылбек билігіне мемлекет астанасы болған Рей қаласының батысы мен оңтүстігіндегі елдер және ағасы Шағрыбекке Солтүстік Хорасан мен Орталық Азия аймағы қарады. Оның орталығы Мерв қаласы болды. Алп-Арслан тұсында (1063 — 72) салжұқтар Арменияны жаулап алып (1064), Манцикерт түбінде Византия әскерлерін жеңді (1071). 1071 — 81 ж. Кіші Азияны және басқа да аумақтарды жаулап алды. Мәлік шаһ (1072 — 92) Грузия мен Қарахан мемлекетін бағындырды. Бұл тұста Салжұқ сұлтандығының шекарасы Сырдариядан Нілге дейін, Каспийден Жерорта теңізіне дейін созылды. Мемлекет астанасы Исфаһан қаласы болды. Бірақ көшпелі оғыз және басқа да түркі тайпаларының әскери шонжарлары мен ақсүйектері байтақ аумақтарды иемденіп, орталығы өкімет билігіне тәуелсіз болуға ұмтылды.
Сұрақ: Тәуелсіз Азербайжан мемлекетінің халықаралық аренада алатын орнына сипатама беріңіз
Жауап: 1996 жылдан бастап Əзербайжан терең кризистан шықты. Бұрынғысынша экспорт көлемі импорт көлемінен артық. Əзербайжан əлемнің 126 елімен сауда байланысын орнатқан. Ұлттық банктің валюта қоры 700 млн долларды құрайды. Əзербайжанның сыртқы қарызы 1 млрд 270 млн доллар немесе 22% ВВП-ны құрайды. Əлемдік тəжірибеден көргеніміздей, шетелдерден қосымша қаржы тарту – кризистан шығудың тіке жəне жылдам жолы. Соңғы он жыл ішінде Əзербайжан экономикасына 11 млрд доллар салынды. Оның 8 млрд доллары немесе 71% шетел инвестициясының үлесі. Негізгі инвесторлар АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Германия, Япония жəне т.б. мемлекеттер.
Сұрақ: Ресей Федерациясы құрамындағы түркі халықтарын атаңыз және саяси құрылысындағы ерекшеліктерін сипаттаңыз
Жауап: Қазір Ресей Федерациясында 21 республика бар. Бұл республикалар ұлттық-мемлекеттік құрылым болып табылады, яғни Ресей құрамында болғанымен өз алдына халықтық мемлекет. Қазіргі күнде түркі әлемінде 200 миллионға жуық адам өмір сүріп жатыр. Кеңестік езгіде болмаған Түркияны есептемегенде халқының саны жағынан алғашқы ондықта 35 млн әзірбайжан, 30 млн өзбек, 12 млн қазақ, 9 млн ұйғыр, 8 млн түркімен, 7 млн татар, 4,5 млн қырғыз, 2,2 млн башқұрт, 1,7 млн шуваштар,1,5 млн қашқайлар, 0,5 млн қырым татарлары, 0,6 млн қарақалпақтар, 0,5 млн сахалар, 0,4 млн құмықтар, 0,4 млн балқарлар, 0,2 млн ғағауыздар, құрайды. Сондай-ақ, Саны ең азы – 2 500 адамдық шұлым, 5 000 адам сөйлейтін долған және жұғыр, 7 000 адамнан тұратын айну, қарайым мен тофа халқы тағы бар.
Ресей құрамындағы түркі халықтарын үш топқа бөліп қарастыруға болады: 1.Еділ –Жайық түріктері: татарлар, башқұрттар, шуаштар
2. Кавказ түріктері: құмықтар, балқарлар, ноғайлар, қарашайлар және ставрополь түркімендері
3. Сібір түркілері: сахалар, алтай және шорлар, твалар және хакастар
Кавказдағы ноғай, құмық және түркімендерден басқасы автономды бірлестіктер
Сұрақ: Өзбекстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық саясатына сипаттама беріңіз
Жауап: Өзбекстан Республикасы - Орталық Азияда орналасқан мемлекет. 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған конституциясы бойынша – президенттік басқару нысанындағы зайырлы мемлекет. Президент 5 жылға сайланады. Жоғары заң шығарушы органы (Олий Мажлис) – қос палаталы парламент заң шығарушы палата (төменгі палата) және Сенаттан (жоғарғы палата) тұрады. Атқарушы органы – Министрлік Кабинет Әкімшілігі жағынан бір автономиялық республикаға (қ. Қарақалпақстан) және 12 облысқа бөлінеді. Өзбекстан индустриалды-аграрлы мемлекет.1913 жылы бүкіл фабрика, зауыт өндірісі жалпы өнімінің 85%-ы мақта тазалау мен май айыру саласының үлесіне тиіп, ауыр индустрияның өндірісі 2% шамасында болған. Кеңес өкіметі жылдарында жаңа өндіріс салалары құрылып, ауыр индустрияның үлес салмағы артты.1990 жылы ол бүкіл өнеркәсіп өндірісі көлемінің 44,4%-ын құрады. Ташкент авиациялық-өндірістік бірлестігінде “Ил-76”, “Ил-114”, Ил-114 т.” ұшақтары шығарылады.1996 жылы Оңт. Кореялық “Daewoo” фирмасымен бірлесіп өндірістік қуаты жылына 200 мың жеңіл автомобильдік шығаруға жететін зауыт іске қосылды. Сонымен бірге автомобидбдерді жабдықтауға арналған бұйымдар жасайтын кәсіпорындар құрылып, жүк автомобильдері мен автобустар шығаратын зауыттар салынды. Жеңіл өнеркәсіп орындары республикадағы өнеркәсіп өнімінің 20%-ынан астам бөлігін өндіреді.Жері табиғи ресурстарға бай. Бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74%-ы Өзбекстанның үлесіне тиеді. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4, жез қоры жөнінен 11, уран қоры бойынша 7 – 8-орынды иеленеді. Мақта дақылын өсіру көрсеткіші бойынша әлемде 5-орында, оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Ел аумағынан жалпы ұзындығы 4 мың шақырым құрайтын 9 ірі газ құбыры өтеді. Аса маңыздылары: Орта Азия – Орталық және Бұхара-Орал құбырлары. Жібек шикізатын, жүн, қаракөл елтірісі, жеміс-жидек, алтын, табиғи газды экспортқа шығарып, азық-түлік, шикізат, т.б. өнімдерді сырттан алады.
Сұрақ: Қырғыз Республикасының ішкі саяси жағдайына сипаттама беріңіз
Жауап: Қырғызстанда орын алған саяси шиеленістің себептері мен факторлары:
Біріншісі. Қырғызстан саяси өмірінде қарама-қайшы қос үрдістің дамуы. Олар төмендегідей:• Қырғызстан жоғары саяси билігі қоғамық-саяси өмірдің ырықтандырылуына бірсыпыра іс-шараларды асырып, оларды жария етті. • төңкеріс жасау, басып алу негізінде билікке жеткен саяси күштер Қырғызстанның нақты саяси өмірінде либерализацияны іске асырудың дәл қазір мүмкін еместігін түсініп, Президент билігін қайта күшейтуге, оның құзырын одан әрі кеңейтуге әрекет жасады.Осылайша, жарияланған мақсаттар мен нақты істері арасындағы алшақтық саяси топтардың, соның ішінде қазіргі басшылық арасынан қайтадан теке-тірес пен келіспеушілік тудырған болатын. Екіншісі. Күрделі сипаттағы мемлекеттің іргетасын өзгертетін реформаларды жүзеге асырудың қажеті болған жоқ. Оған бірнеше себеп бар: • қазіргі биліктің әлсіздігі. Билік уәкілдері өздерінің әлжуаздығын, нақты саяси реформалар бағдарламасының жоқтығы мен экономиканы қалайша қайта жаңғыртудың жолын білмейтіндігін танытты. • саяси жүйені реформалаудың әлеуметтік базаның жоқтығы. Билік дамытатын кез келген саяси процестің әлеуметтік негізі болуы тиіс, ең болмағанда бұл негізді қалыптастыру қажет. Қоғамдық тұрақсыздық пен әлеуметтік дағдарыс жағдайындағы реформалар сәтсіз болады. • реформалар шынайы өзгерістерді көздеген жоқ. Билік адамдары өзгергенімен, билікті жүзеге асырудың тәсілдері сол бетінше қалды. Үшіншісі. Қырғызстан саяси лидерлерінің легитимділік деңгейлерінің әсіре төмендігі. Мұнда мәселенің екі жағы бар: • заң бойынша легитимділік. Оның деңгейінің төмен болуы қазіргі ресми биліктің бұрынғы Асқар Ақаев пен оны қолдаған саяси топтардан іс жүзінде билікті тартып алуы. Бұл жайт кез келген мемлекеттің Ата Заңына қайшы әрекет. • халық тарапынан танылатын легитимділік. Оның деңгейінің төмен болуы Ақаев кете салысымен қарапайым жұрттың жағдайы айтарлықтай жақсарған жоқ,оңалмауыментүсіндіріледі. Төртіншісі. Саяси жүйенің жабықтығы.Қырғызстан саяси жүйесінің артикуляциялық қызметі жұмыс істемей тұр. Өркениетті елдердің барлығында дерлік саяси жүйенің сыртқы ортамен «кері байланыс» ақпараттық арналары жұмыс жасайды. Мәселен, Қазақстанның саяси жүйесінде ресми билік пен саяси оппозицияның өзара әрекеттесуінің тиімді механизмдері қалыптастырылған. Демократиялық реформалар бағдарламасын нақтылау мен әзірлеудің мемлекеттік комиссия жұмысы соның бір айғағы іспеттес. Ал, Қырғызстанда ондай саяси тетіктер әлі қалыптаспаған болу керек. Сол себепті, саяси процестер саяси жүйеден тыс өтеді. Белгілі бір саяси шешім қабылдау көбінесе бейресми жағдайда іске асады.
Сұрақ: Кеңестер Одағы құрамындағы түркі халықтарының қуғын-сүргінге ұшырау себептері мен салдарын атаңыз
Жауап: Бұрынғы Кеңестер Одағында депортацияға ең бірінші болып ұшыраған – кәріс ұлты. Бұдан кейін бұл кепті немістер, қарашайлар, шешендер мен ингуштер, балқарлар, күрділер, Ақысқа түріктері, Қырым татарлары, поляктар, армяндар, гректер, еврейлер және басқалар киген-ді. Олардың ішңндегң түркі халықтарына жататын қарашайлар, Ақысқа түріктері, татарлар, балқарлар Сталиннің айымауынша «сенімсіз халықтар» катигориясына жатқызылды. Оған себеп, әрине осы кезде Түркияның прогермандық саясат ұстануы болатын. ІІ Дүниежүзілік соғыстың қызу жүріп жатқан кезінде, яғни дәл 1943 жылы 2 қараша күні таңға жақын Кавказдың Қарашай автономиялы облысын Кеңестің НКВД бөлімшелері қоршауға алды және екі сағат ішінде бүкіл қарашай халқы қарудың күшімен мал таситын вагондарға тиеліп, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан далаларына жер аударылды. Ертеңгі сағат 10-да қарашайларға лық толған мал вагондары жүруге дайын болды. Ол вагондарда 63323 жазықсыз қарашай бар еді. Балқарлар аз халық еді. Олар небәрі төрт әкімшілік ауданын мекендейтін және жалпы сандары 40900 адам ғана болатын. Шешендер мен ингуштерді жер аударудан босаған күш 1944 жылдың наурызында балқарларды жер аударумен айналысты. 9-11 наурыз аралығында 37103 балқар эшелондарға күшпен тиеліп, өздерінің жаңа мекендері Қазақстанға және Қырғызстанға жөнелтілді. Солтүстік Кавказ халықтарын күшпен қоныс аудару қорытындыларға жүгінсек, 1944 жылдың ақпан–наурыз айларында Қазақстанға және Қырғызстанға барлығы 602193 адам қоныс аударғанын, оның ішіндегі шешендер мен ингуштердің – 496460 адам, қарашайлардың – 68327, балқарлардың – 37406 адам екенін көреміз. Бұлардың негізгі бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. 1944 жылдың 18 мамырынан басталған Қырым татарларын көшіру операциясы 20 мамырда аяқталды. 67 эшелонға күшпен тиелген 183155 Қырым татарлары жолға шықты. Берияның орынбасарлары Кобулов пен Серов осы шараны жүзеге асыру үшін НКВД-ның 5 мың қызметкерін, ішкі әскер бөлімдерінің 20 мың солдатын, НКВД шекара полкін талап еткені айқындалды. 2 мың жүк машинасы мен 100 эшелон осы мақсатқа пайдаланылған, 6 мың татар жастарын Гурьев, Рыбинск және Куйбышев қалаларындағы жабық, денсаулыққа зиянды әскери кәсіпорындарға орналастырды. Вагондарға мылтықтың күшімен тиелген жұрттың жол-жөнекей көрген қорлығы қаншалық ауыр болғанын ауру мен аштықтан өлген адамдарды көмуге рұқсат етілмегендіктен де білуге болады. Өлген адамдар мен тірі адамдарды вагондарға аралас тиеген қатыгездікті тарихтың басқа ешбір кезеңінен ешкім естімеген шығар. Жердің бір шетінен екінші шетіне дерліктей сүргінге ұшыраған елдің тең жартысына жуығы осындай қолдан жасалған тозақтың құрбаны болған. Қырым татарлары 1944 жылы өз жерінен қуылғанда, олардан екі миллиард 446 миллион сомның дүние-мүлкін тартып алынып, 640 бастауыш, 321 орта мектеп жойылған. Пойызға тоғытып тиелген 423 мың адамның ауру мен аштықтан 192 мыңы опат болған. Қырым татарларының саны 1964 жылы ғана Ұлы Отан соғысынан бұрынғы мөлшеріне жетіпті.
Сұрақ: Осман империясының құлауына ықпал еткен факторларды саралап көрсетіңіз
Жауап: 1. Қарулану және жаңа технология алаңдарында артта қалуы;
2. Ұлы Жібек жолының тоқырауы;
3. Жаңа патша тағайындауда белгілі қағиданың болмауы. Сарайдағы келіспеушіліктер
Осман империясын әлсіреткен басқа да факторлар:
1. Еуропа мемлекеттерінің Осман империясын мұсылман елі ретінде өз қарсыласы санап, әрдайым қысым көрсетуі. Османдықтардың еуропалық өнімдерге тәуелді болуы; 2. XIX ғасырдың екінші жартысында Осман мемлекетінде батыстық мектептердің, әскери училищелердің пайда болуы нәтижесінде батыстық пікірдегі ұрпақтың өсуі (Мұстафа Кемал Ататүрік сондай училищелердің бірінде оқып-жетілген еді). 3. Жекеменшік газеттердің таралуының арқасында халыққа шын-өтірігі аралас ақпараттардың қолжетімді болуы. Нәтижесінде елдегі императорлық режимге қарсы көзқарастардың пайда болуы; 4. Еуропалық мемлекеттердің (атап айтқанда, Ұлыбританияның) әртүрлі ұттардан, алуан діни сенімдерден құралған Осман империясының қоластындағы халықтарға жасырын агенттер жіберуі (олардың мақсаты жергілікті халықты патшаға қарсы қою, Осман империясынан бөлініп, тәуелсіз ел болуға үгіттеу еді); 5. Батыс қысымы арқасында империяның құлауына негіз болған заңдардың шығарылуы (1908 жылы дуалистикалық монархияға айналуы). Сондай-ақ, Осман империя-сының құлауында I дүниежүзілік соғыста немістермен Антантаға қарсы одақ құруы, артынан соғыста жеңілуі онсыз да әлсіреген режимнің түбегейлі тарих қой-науына кетуіне «соңғы соққы» болды.
Сұрақ: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы ұстанымдарын атап көрсетіңіз
Жауап: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мелімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі ұйымдар қатарына қабылданды. Қазақстан 1993 жылы ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылды. 1995 жылы бұрынғы Семей полигонында соңғы ядролық заряд жойылды.Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы қызметі саяси-құқықтық жағынан жүйеленді, сыртқы саясат тұжырымдамасы жасалды. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі сыртқы саясатының ерекшелігі - көпвекторлық пен теңгермелілікті, әріптестердің сыртқы саясаттағы ұстанымдарында тәуелділіктің болмауын, кез келген аймақтың даму жағдайын, әлемдік нарықтағы конъюктуралық өзгерістерді ескеріп отыруды көздейді.Көпвекторлық - тәжірибе жүзінде біздің көршілерімізбен (ТМД мемлекеттері), сондай-ақ Батыстың, Азия мен Таяу Шығыстың алдыңғы қатарлы елдерімен өзара ынтымақтастықты білдіреді.
Сұрақ: Каталон шайқасының барысын суреттеп, нәтижесін жазыңыз
Жауап: Бұл кезде Аттиланың қол астында 100 мың түркілерден жəне 100 мың əртүрлі тайпалардан құралған əскері болатын. Ал Рим əскері туы астында бүкіл христиан əлемінен 200 мыңдай сарбаз құралды. Римнің
əскеріне екі рет хундар лагерінде болған, Аттиламен жас кезінде бірге шынығып өскен, салт жүрумен садақ атудан өте шебер Аесиус қолбасшылық етті. 451 жылы 15 маусымда Каталун жазығында үлкен шайқас болды. Мұндай жүздеген мың əскер қатысқан ірі қантөгіс бұрын-соңды болып көрмеген еді. Өлгендердің саны 166 мыңға жетіп, жапа шеккен жаралылар өзеннен қан аралас су ішкен. Аесиустың екпініне хундардың одақтастары емес, олардың өз батырлары төтеп беріп, бетін қайтара алды. Соғыстың қалай аяқталғаны жөнінде əртүрлі пікірлер болды. Еуропалықтар өз рухын көтеру мақсатында шайқаста Аесиус жеңді деп көрсетуге тырысты. Нендей жағдай болса да, соғыс бір күнге созылып, келесі күні жау əскері қайта шабуыл жасамай кері шегінгенін Еуропалық тарихшыларда теріске шығармайды. Аттилада кеткендер арқасынан қуған жоқ, əскерін демалдырмақ болып шешті. Бұл шайқастан соң түріктердің жеңілмейтіндігіне бүкіл əлемнің көзі жетті.
Сұрақ: Османдардың Константинопольді жаулап алуының тарихи маңызын түсіндіріңіз
Жауап: Стамбулдың алынуы түрік жəне əлем тарихы тұрғысынан оң нəтижелер берді. Стамбулды алған түріктер Ислам əлемінде ілтипатқа ие болды. Ал Фатих Сұлтан Мехмет Ислам əлемінің ең мықты билеушісі болып таныла бастады. Осман мемлекетінің қол астына бұғаздың биліге өткеннен соң, ендігі жерде Қара теңіздегі сауда мен қауіпсіздік үшін кедергі жойылды. Стамбулды өзіне қаратқан Осман түріктері Анадолы бейліктері халқының да құрметі мен сүйіспеншілігіне ие болды. Анадолыда түрік бірлігін қамтамасыз ету əлдеқайда жеңілдеді. ІІ Мехмет сұлтанның беделі өсіп, ендігі жерде мемлекетті нығайтуға күш жұмсады. Византия империясын тарих сахнасынан жойған түріктер Еуропа саясатында орасан зор күш ретінде танылды. Стамбулдың алынуы Орта ғасырдың соңы, Жаңа дəуірдің басы болып қабылданды. Фатих Стамбулды алған соң əр діннің жəне əр кəсіптің өкілдерін қалаға орналастырып, Стамбулды қайта құрды. Түріктердің билігінде Стамбул қаласы əлемнің ең ілгері жəне халықтың ең көп қоныстанған қалаларының бірі болды. Осман мемлекетінің астанасы болған Стамбулдың бұрыш-бұрышы түрік сəулет өнерінің мыңдаған үлгілерімен безендірілді. Жұма мешіттері, медреселер, керуен сарайлар, ауруханалар, ғимаратханалар (кедейлер мен медресе шəкірттеріне ыстық тамақ тарататын қайрымдылық мекемесі) қаланың əр жеріне салына бастады. Фатих христиан дініндегі тұрғындарды да қамқорлығына алды. Өзінің жеке бастамасымен Православ патриархиясын қайта құрды.
Сұрақ: Осман бейлігінің Анадолы жеріндегі қалыптасуының алғышарттарын атаңыз
Жауап: 1307 ж. Рум (Кони) сұлтандығы монғолдарға бағынышты бірнеше бейлікке бөлініп кетті. Сол бейліктің (округ) бірі — Осман бейлігі 1299 жылдың аяғында құрылған Осман түріктері мемлекетінің ядросы болды. Османның арғы атасы Сүлеймен-шах бастаған түріктер монғолдар шапқыншылығы кезінде, яғни ХІІІ ғасырдың 20- жылда- ры Хорасан жақтан қашып келген оғыздық тайпа өкілдері болатын. Бірақ сол ғасырдың 40- жылдары монғолдар Кіші Азияға да жеткен еді. Солармен шайқастағы ерлігі үшін селжук түріктерінің сұлтаны Хорасаннан келген түріктерге Византиямен шекаралас эпиктеттік Фригиядан (Сакария өзенінің алқабы) жайылымдық жер сыйлаған болатын. Ол Фригияның орталығы Сөгет елді мекені болды. Осы Сөгетте Сулеймен шахтың баласы Ертоғрылдың отбасында 1258 ж. болашақ билеуші əулет атын алған Осман өмірге келді. Осман І — Ғази əкесі Ертоғрылдан өз үлесіне тиген бейлікте 1282—1324 жж. билік құрды. Оның бейлігі 1299 ж. тəуелсіздігін жариялап, 1307 жылдан бастап эмират деп аталды. Осман əкесінен қалған мұраны Кіші Азиядағы Византия империясының есебінен ұлғайтқан болатын.
Сұрақ: Түркия Республикасы тарихындағы Ататүріктің саяси ролін сипаттап көрсетіңіз
Жауап: Мұстафа Кемал Ататүрк, Ғази Мұстафа Кемал-паша (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антанта тарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі. Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы, демократиялық және зайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын.
Сұрақ: Сібір түркілерінің бүгінгі таңдағы дамуына баға беріңіз көрсетіңіз
Жауап: Сібір түркілеріне сахалар, алтай және шорлар, твалар және хакастар жатады. Сахалар, 'якуттер' деген атпен де белгілі, Саха (Якутия) республикасында жасайтын түркі халқы.Якут тілі Түркі тілдерінің Солтүстік тармағына жатады. Сөйлеушілерінің саны шамамен 456 000 (Ресей санағы, 2002), негізінен Саха (Якутия) республикасында қоныстанған, аздап Амур, Магадан, Сахалин аймақтарында және Таймыр және Эвенк автономиялық округтерінде де бар. Саха елінің халқы шамамен 980 000, олардың 382 000-ы, немесе 39%-ы сахалар. Олардың үлесі кеңес кезінде басқа жақтан келгендердің есебінен азайған еді, бірақ соңғы жылдары аздап көбейді. Сөйлеушілерінің саны біршама көп болғандықтан, саха тіліне төнген жоғалып кету қаупі Ресей Федерациясындағы басқа тілдерге төнген қауіптен әлдеқайда төмен болып саналады.Қоныстанған жерлері мен шаруашылық дәстүрлері бойынша сахалар екі негізгі топқа бөлінеді. Солтүстікте тұратындары жартылай көшпелі аңшылық, балықшылықпен, қодас және бұғы өсірушілікпен айналысады. Оңтүстіктің сахалары негізінен мал шаруашылығымен, жылқы және ірі қара өсірумен шұғылданады.
Алтай Республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы ұлттық - мемлекеттік құрылым. Орталығы – Горно-Алтайск қаласы. Жер аумағы – 92902 км2, халқы – 201,6 мың адам (1996 жылы). Батысынан шығысына дейін – 360 км, оңтүстігінен солтүстіке дейін – 480 км. Ресми тілі – орыс және алтай тілдері. Жергілікті халқы алтайлықтар, барлық тұрғындардың 31%-ын (62 мыңнан астам адам) құрайды; қалған халықтың 62%-ын орыстар, қазақтар – 5%, украиндар – 1%, немістер 0,4%. Әкімшілік бөлінісі – 10 аудан, 1 қала, 86 ауыл мен 2 кент. Валютасы – Ресей рублі. Алтай Республикасында мал шауашылығы экономиканың жетекші саласы саналып, ел аумағының шамамен 75%-ы жайылым болды. Бірақ 1991 – 95 жылдары аралығында республикада мал басы күрт кеміді. 1996 жылдан бастап мемлекеттік сектордағы мал шауашылығы базасының орнына жеке шаруа қожалықтары пайда бола бастады. Әсіресе, әлемдік пиасада жоғары сұранысқа ие тауар – марал мен теңбіл бұғы пантасын өндіруге сұраныс күшейді. Өнеркәсібі нашар дамыған, өндіріс ауқымы жөнінен ауыл шауашылығынан кейін қалып келеді. Өнеркәсіп салаларының арасында құрылыс индустриясы мен жергілікті шикізаттан экзотикалық дәрілік препараттар өндірісі ғана тиімді қызмет атқарып, пайда түсіруде. Республика көлемінде жергілікті индустрияның шикізаттық сипатынан дайын өнім шығаруға көшіп, кен өндіруші саланы (алтын мен молибден, полиметалл, күміс) дамытуға басымдық беру, табиғи құрылыс материалдарын (ағаш, тас, мәрмәр, гранит) жете өңдеу, сондай-ақ елдің туристік желісін жетілдіру арқылы экономиканы өркендету шаралары белгіленген. Негізгі көлік магистралы – Таулы Алтай – Шуй автомобиль жолы (ұзындығы 621 км) Бийск мен Моңғолия шекарасын жалғап жатыр.
Хакасия, (Хақас Республикасы, Хакасия Республикасы) — Ресей Федерациясы құрамындағы ұлттық-мемлекеттік құрылым. Хакасия жері Шығыс Сібірдің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жерінің аумағы 61,9 мың км², халқы 523,7 мың адам (2010). Ұлттық құрамы: орыстар — 428 мың (81,7%), хакастар — 64 мың (11,9%), немістер — 6 мың (1,14%), украиндар — 5 мың (0,9%), татарлар — 3,1 мың (0,58%), қырғыздар — 1,9 мың (0,35%), чуваштар — 1,8 мың (0,34%), т.б. Хакасияны “жақұтты өлке” деп атайды. Мұнда 140 кен орны бар. Тас көмір, темір кені, титан, кобальт, қорғасын, мырыш, мыс, уран, алтын мен күміс қоры мол. Хакасия — Ресейдегі басты молибден мен мәрмәр өндіруші ел.
Ресейдің Кемеров облысында таралған. Шор тілінде сөйлейтіндер саны 6000 адамнан астам. Түркі тілдерінің Хақас тобына жатады. Шор тілінде 14 мыңдай адам сөйлейді (2001). Шор тілі – кенже жазулы тіл.
Сұрақ: Кавказ түркілерінің бүгінгі таңдағы дамуына баға беріңіз көрсетіңіз
Жауап: Кавказ түріктеріне: құмықтар, балқарлар, ноғайлар, қарашайлар және ставрополь түркімендері жатады.
Құмықтар - Дағыстанның байырғы түркі тілдес халқы.Құмықтардың қазіргі жалпы саны 500 мыңнан астам. Негізгі бөлігі Ресей Федерациясының Дағыстан Республикасында (Хасавюрт, Бабаюрт, Қызылюрт, Буйнақ, Дербент, Қайтағ, Қаякет, Қарабудағкент ауданында), қалғандары Ичкерия, Солтүстік Осетия мен Ставрополь өлкесінде қоныстанған. Өте шағын диаспора ретінде Иран, Сирия, Түркия мемлекеттерінде де өмір сүреді. Үлкен европеид нәсілінің құрамындағы балқан — кавказ нәсілінің кавкасион тобына жатады. Түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын құмық тілінде сөйлейді. Әдеби тілі буйнақ және хасавюрт диалектілерінің негізінде қалыптасқан. Құмықтардың көпшілігі ислам дінінің сүннит тармағын ұстанады. Құмықтардың дәстүрлі кәсіптері — егіншілік (бидай, арпа, тары, күріш, жүгері), мал өсіру, бау-бақша, көкөніс, жүзім өсіру, омарташылық. Үй кәсіптері мен қолөнерден шұға, кілем тоқу, тері, ағаш, металл мен тас өңдеу дамыған.
Ноғайлар — Еуразияда мекендейтін түркі халқы. Халық саны — 4 000 мың адам, соның 104 мыңы Ресейде тұр. Ноғайлар Сүнни мұсылмандар. Ноғайлар негізінде Ресейдің Солтүстік Кавказ далаларында, Дағыстанда, Қарашай-Шеркеш Республикасында, Шешен Республикасында, Стаурополь өлкесінде және Астархан облысында тұрады.Бірбөліктері Украинаның ҚырымРеспубликасының солтүстігінде, Румыния теңіз жағалауында және Түркияда тұрады. Дағыстанда Ноғай ауданы бар. Бірақ оның аутономиялық деңгейі жоқ. Жақында Қарашай-Шеркеш республикасында да Ноғай ауданы құрылған. Бұл субъект 2005 жылының жазда қабылданған шешімі мен 2006 жылының қазан айының 8 жұлдызында өткен референдумнан кейін пайда болған.
Қабарда-Балқар республикасы – Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялық құрылымдарын Солтүстік Кавказда орналасқан. РФ-ның Ставрополь өлкесімен, Солтүстік Осетиямен және Қарашай-Черкесиямен шекараласады. Жер аумағы 12,5 мың км², халқы 782 мың адам (2002). Астанасы – Нальчик қаласының Байырғы тұрғындары республика халқының басым көпшілігін құрайды, соның ішінде: қабардалар – 363,5 мың (48,2%), балқарлар – 70,8 мың (9,4%) адам. Орыстар – 241 мың адам (38,8%). Оннан аса басқа ұлт өкілдері (украиндар, осетиндер, немістер, корейлер, месхет түріктері, армяндар, татарлар, грузиндер,тау еврейлері мен татарлар)бар.Мемлекеттік тілі – қабарда, балқар және орыс тілдері.Қабарда-балқария – индустриалды-аграрлы республика. Көп салалы өнеркәсібі мен интенсивті дамыған ауыл шаруашылғы бар. Өндірістік кешендері түсті металдарды қорытуға, вольфрам мен молибден өндіруге маманданған. Федералдық меншіктегі Тырныауз кен-металлургия комбинат осы саладағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Машина жасау ісі жақсы дамыған, қазіргі кезде оның өнеркәсіп өнімдерін шығарудағы үлесі 30%-ға жетіп отыр. Сонымен қатар жеңіл индустрия, құрылыс материалдары өнеркәсібі, электр техникасы мен электронды жабдықтар шығару ісі жақсы жолға қойылған. Энергетика, полиграфия өнеркәсібін, ағаш өңдеу кәсібін өркендету мәселесіне маңыз беріліп отыр. Қабарда-балқариядан шығатын кабельді өнімдерге, алмасты аспаптарға, былғары және үлдірік бұйымдарға сырт рынокта сұраныс жоғары.Өндірісорындарынегізінен Нальчик, Прохлад, Терек, Тырныауз, Нарткача, Бақсан, Майск өнеркәсіп орталықтарына шоғырланған.
Қарашайлар (қарашай-малқарша къарачайлыла) — түркі тілдес Кавказ халықтарының бірі, малқарларға өте жақын. Тілі қарашай-малқар. Қарашайлар негізінде Ресейдің Солтүстік Кавказында, Қарашай-Шеркеш Республикасында тұрады. Жалпы саны — 180 мың, Ресейде 150 мыңнан астам қарашайлар бар, солардың 130-ы Қарашай-Шеркеш республикасында тұрады. Қалғандары негізінде Ставрополь өлкесінде тұрады. Қарашайлар Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда, Сирияда, АҚШ-та, тағы басқа мемлекеттерде тұрады. Қазақстанда 2 мыңнан астам қарашайлар тұрады.
Сұрақ: Түркістан түркілерінің бүгінгі таңдағы дамуына баға беріңіз
Жауап:
Сұрақ: Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада алатын орнын сипаттап көрсетіңіз
Жауап: Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты».
Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты. Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.
Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай. Егер 1991 жылы әлемдік қоғамдастықтың іс жүзінде Қазақстанға қандай да бір ықыласы аумай келсе, бүгінгі күні Қазақстанды әбден танып, құрметтеп отыр. Қазақстан Орталық Азияның көшбасшысына, халықаралық құрметті әріптеске, халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуына қарсы белсене күресетін мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.
Сұрақ: Қытай жеріндегі түркі халықтарын атаңыз және саяси құрылысындағы ерекшеліктерін көрсетіңіз
Жауап: Қытай территориясында түркілердің Шығыс Түркістан тобына жататын тобы өмір сүреді. Олардың басым бөлігін ұйғырлар құрайды. Олардан басқа қазақтар, өзбектер, сары үйсіндер, қырғыздар өмір сүреді.
Ұйғырлар - ОрталықАзиядағы көне түркіхалықтарының бірі. Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының жергілікті халқы.Сондай-ақ Қазақстанда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және Таяу Шығыс елдерінде тұрады. Жалпы саны 8,5 млн адам (2001). Тілі - түркі тілінің оңт. -шығыс тобына жатады. XV ғ-да Жетісуға қоныс аударған Ұйғырларды тараншы (дихан)деп атаған. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде ертеректе Енисей жағалауларынан Алатауға келген көшпелі халықтар (қырғыздардың ағайындары) тағдыры туралы: «Арғы жер бұрыннан ұйғыр нәсілді халықтың орнығып, иеленген жері болып, онан әрі бара алмапты. Ол ұйғыр халқының ханы өзіне қараған халыққа есептеп жүріпті» деген құнды мағлұматтар береді. Одан әрі қырғыздардың арғы тегін талдай отырып: «Қырғызға қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек. Шабуыл кезінде олардың атты әскері алдымен ұрысқа кірісетін болғандықтан ұйғыр хандары «Пруттарды» қырғыз атандырыпты» деген дерек келтіреді. Абайдың бұл мағлұматынан қырғыздардың бір кездерде Ұ. хандығының қарамағында болғанын білеміз.
Сұрақ: Еділ-Жайық түркілерінің бүгінгі таңдағы дамуына баға беріңіз көрсетіңіз
Жауап: Еділ –Жайық түріктеріне татарлар, башқұрттар, шуаштар жатады. Татарлар - түркітілдес ұлт , Ресей Федерациясықұрамындағы Татарстан Республикасының байырғы тұрғындары. Татарлардың жалпы саны жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар оларды бөліп (Қазан Татарлары, Қырым Татарлары, Сібір Татарлары, ноғайбақтар, т.б.) қарастырса, қалғандары оларды біртұтас ұлт санайды. Дүние жүзіндегі Татарлардың жалпы саны 8 млн. шамасында, ал кейбір татар ғалымдарының пікірінше (акад. А.Каримуллин және И.Тагиров) 15 млн-ға жуық. 2002 жылғы санақ бойынша Ресейде 5,6 млн., оның ішінде Татарстанда 1,9 млн-нан астам, Башқортостанда 1,2 млн. Татарлар тұрады. Бұған қоса татар диаспорасы Орталық Азияда (Қазақстан, Өзбекстан), Түркияда, Батыс Еуропа елдерінде, т.б. жерлерде тұрады. Татар этнонимі Байкалдың оңт.-шығыс жағын мекендеген көшпелі түркі-моңғол тайпаларының арасында 5 – 9 ғ-ларда белгілі болған. 13 ғ-да моңғол шапқыншылығы кезінде Татарлар Еуропаға еніп, 13 – 14 ғ-ларда олардың шағын тобы Алтын Орда құрамындағы түркі халықтарына сіңіп кетті. 16 – 19 ғ-лардағы орыс жазбаларында Кавказды, Еділ мен Орал өңірін, Орт. Азияны мекендеген түркі тайпалары Татарлар деп жалпылама аталып келген. Ертеректе Еділ бойы Татарлары өздерін болгәр, қазан кешесе, қазанлы деп әрқалай атаған. 20 ғ-ға дейін марилер Қазан Татарларын сюас деп, удмурттар бигер деп, қазақтар ноғай деп атаған. Татарлар ислам дінінің сүннит тармағын, аз бөлігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Антропол. жағынан Татарлар еур. нәсілге жатады. Сібір Т-ы ғана (15 мың адам) тұран аралас нәсілге жатады.
Башқұртстан Республикасы (башқ. Башҡортостан Республикаһы; орыс. Республика Башкортостан) — Ресей Федерациясының құрамындағы республика. Жер аумағы – 143,6 мың км². Халқы – 4,04 млн.(2012). Астанасы – Уфа (Үфі) қаласы. Негізгі халқы – башқұрттар. Басқа халықтардан орыс, татар, чуваш, мари, мордва, удмурттар тұрады. Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс тарапында орналасқан. Башқұртстан өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы жан-жақты дамыған республика. Өнеркәсібіндегі басты сала: мұнай өңдеу мен мұнай өндіру. Мұнай кәсіпорындары негізінен Уфа, Ишимбай, Салауат қалаларында орналасқан. Республика аумағы арқылы Ресейдегі ірі өнеркәсіп орындары мен Батыс Еуропаға қарай мұнай және газ құбырлары тартылған (Туймазы - Омбы, Туймазы - Самара, Шкапово –Ишимбай - Магнитогорск, Ишимбай - Уфа). Бұл құбырлардың ТМД елдері үшін маңызы зор. Осы құбырлар арқылы Орталық Азия мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да, Каспий теңізі алабындағы мұнай мен газ өнеркәсібі өнімдерін Ресейге, Батыс Еуропаға шығарады. Өнеркәсіптегі мұнайдан кейінгі негізгі салалар: табиғи газ, қара және түсті металлургия, мұнай өндірісіне қажетті жабдықтар мен бұрғылау станоктарын шығару, химия (спирт, полиэтилен, жуғыш заттар, пластмасса, синтетикалық каучук, тағы басқа) өнеркәсіптері. Башқұртстан Ресейдегі егіншілік пен мал шаруашылығы жақсы дамыған өлке. Негізгі сала — егіншілік. Мал шаруашылығында сиыр мен қой өсіру жақсы жолға қойылған. Кей жерлерде қымыз бен еті үшін жылқы өсіріледі. Көлік саласында темір жол негізгі рөл атқарады. Тас жолдары мен су жолдары да жақсы дамыған.
Чуваштар - түркі тілдес халық. Ресей құрамына кіретін Чувашия Республикасының халқының негізін құрайды. 2002 жылғы халық санағы бойынша Ресейде 1 637 200 чуваш тұрған, солардың 889 268 Чувашияда. Чуваштар Башқұртстанда, Татарстанда, Самара, Ульяновск, Түмен, Ростов, Волгоград, Кемерово, Орынбор, Мәскеу облыстарында, Красноярск өлкесінде, Мәскеу қаласында тұрады. Жалпы дүние жүзінде 1 800 000-тан астам чуваш бар. Қалған чуваштардан көбі Украина, Қазақстан және Эстонияда тұрады.
Чуваштар Чувашияда тұратын халықтың 67% құрайды.
Чуваш халқының атауы бұлғарлардың сувар немесе суваз тайпа одағының атауынан пайда болған болып саналады. Ал олар савирлардан шыққаны туралы мәлімет бар.
Қазіргі таңда чуваштардың арасында православ христиандар, мұсылмандар бар. Өз нанымдарын сақтаған да чуваштар бар, олар негізінде Татарстанда, Башқұртстанда, Чувашиядан тыс жерде шағын чуваш елді мекендерінде тұрады.
