Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Okysay bauyryn-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
643.58 Кб
Скачать
  1. Сұрақ: Шығыс және Батыс түркі қағанаттарының сыртқы саясаттарын сипаттап жазыңыз

Жауап: 691 жылы Шығыс түркі қағандығының қағана Елтеріс өлгеннен кейін, қаған тағын қабылдаған кіші інісі Қапаған оның мұрагері ретінде таққа отырды. Қапаған қаған ағасының саясатын жалғастыра отырып, түркі тайпаларының басын бір тудың астына біріктірсем деген арманы жолында қызмет етті. Оның билігі (692-716 ж.ж) тұсында екінші түрік қағандығы əскерисаяси жағынан мығым болды. Қапаған қаған халық игілігі үшін қызмет етті: «не түнде ұйықтамады, не күндіз демалмады». Құтлық жəне Қапаған қағандардың тынымсыз еңбегісіз, олардың дана кеңесшісі Тоныкөксіз мемлекет те, халық та болмас еді деген сөздер Орхон жазуларында баса айтылған. Қапаған қаған тұсында Шығыс Түрік қағандығы əскери жəне саяси дамуы жағынан шарықтап өсті. Қаған əскерлері Қытай армиясына қарсы бірнеше рет шайқасқа түсті, қидандармен соғысып, талқандады, Тува мен Енесей қырғыздарын жеңіп, өзіне бағындырды. Қапаған қаған бүкіл Орталық Азияны билеуге қол жеткізді. Сондай-ақ, бұл кезде саси бытыраңқылыққа түсе бастаған Батыс түркі қағандығын жерінде басып алды.

Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі Жегуй (Жегу 610-618) мен оның інісі Түн (Тон 618-630) қағандарының билік құрған мезгілі болды. Егер Жегу қаған қағанатының Шығыстағы шекарасын Алтайға дейін жеткізіп бекітсе, ал Батыстығы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауына дейін соза түсті. Түн қаған ағасының жаулап алу жорықтарын жалғастыра отырып, мемлекеттің шекарасын Гендукеш пен Амударияның жоғарғы ағысына дейін кеңейтті. Оңтүстіктегі Тахаристанды билеуді Түн қаған өзінің ұлы Тарду шадқа тапсырады. Оның орталығы Құндыздыда орналасты. Тянь-Шаньның оңтүстіктегі, Мəуераннахрдағы, Орта Азия жеріндегі отырықшы аймақтар мен қалалар Батыс Түрік қағандығына тəуелді болды.

  1. Сұрақ: Қарлұқ қағанатының саяси құрылысын сипаттама беріңіз

Жауап: Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап қаған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары ҰлыЖібек жолы бойында орналасты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]