- •Сұрақ: «Түркі» этносы және этнониміне анықтама беріңіз.
- •Сұрақ: Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуын көрсетіп жазыңыз
- •Сұрақ: Түркі қағандығының қалыптасуына ықпал еткен факторларды атаңыз
- •Сұрақ: Түркілердің жазба-тарихи ескерткіштерін сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректерді атап көрсетіңіз
- •Сұрақ: Түрік қағанатының екіге бөлінуінің себептерін атаңыз
- •Сұрақ: Ғұндардың алғашқы географиялық орналасу территориясы атаңыз
- •Сұрақ: Шығыс және Батыс түркі қағанаттарының сыртқы саясаттарын сипаттап жазыңыз
- •Сұрақ: Қарлұқ қағанатының саяси құрылысын сипаттама беріңіз
- •Сұрақ: Хазарлар қағандығының саяси-әлеуметтік даму ерекшеліктерін атаңыз
- •Сұрақ: Кіші Азиядағы Салжұқ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы басымдықтарын атаңыз
- •Сұрақ: «Хазар» этнониміне анықтама беріңіз және этникалық құрамын атаңыз
- •Сұрақ: Көктүрік мемлекетінің құрылуының алғышарттарын атаңыз
- •30 Баллдық емтихан сұрақ
- •Сұрақ: Атлақ шайқасының тарихын сипаттап көрсетіңіз
- •50 Баллдық емтихан сұрақ (қолданады)
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Жедел медициналық жәрдем кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
Кафедра меңгерушісі
__________Базарбаев Қ.
_____________2017 жыл
«Түркі мемлекеттер тарихы»
Пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарына жауап эталондары
Түркістан, 2017
20 баллдық емтихан сұрақ
(ЕСТЕ САҚТАЙДЫ)
Сұрақ: «Түркі» этносы және этнониміне анықтама беріңіз.
Жауап: Түрік атауының этимологиясы жайлы ғалымдардың ортақ пікірі жоқ. Бүгінгі күнде бұл атаудың етістіктен шыққан есім сөз екендігі жəне бұл сөздің уақыт өте «күшті, қуатты» деген мағынада саяси атауға (немесе сөзге) айналып түріктер тарапынан қолданылғандығы жайлы пікірлер айтылып жүр. Сондай-ақ бұл сөздің (түрік атауының) төре сөзімен байланысты екендігі жəне төре атауының жүйелі, өз жолын дұрыс білетін қауымға берілгендігі туралы пікірлер шындыққа жанасуы мүмкін.
Түріктердің ежелгі заманнан бері көптеген жерлерде əртүрлі атпен аталған қауымдар болып өмір сүруі олардың тарихын жазуда көптеген қиындықтар тудырып отыр. Тарихта кездесетін қауымдардың қайсысының түрік тілінде сөйлегендігі туралы мəселе де бүгінгі күнге дейін шешімін таппаған мəселелердің бірі саналады. Сақтардан басқа ғұндар, қаңлылар, ақғұндар, үйсіндер жəне басқа да көптеген халықтардың этникалық тұрғыдан немесе тіл жағынан түрік болғанболмағандығы жайлы əртүрлі пікірлер айтылған. Екінші жағынан түріктердің ежелгі заманнан бері əртүрлі этникалық топтармен ассимиляцияланып түріктенгендігі айтылады.
Сұрақ: Түркі этносы және халықтары, олардың территориялық орналасуын көрсетіп жазыңыз
Жауап: Бүгінгі күндегі түркі тілдері негізінен қыпшақ, оғыз жəне ұйғыр топтары болып 3 топқа бөлінеді. Қыпшақ тобына: қазақ, татар, қырғыз, башқұрт, қарақалпақ тілдері жатады. Оғыз тобына: түрік, Əзербай- жан, түрікмен тілдері жатады. Ұйғыр тобына: ұйғыр, өзбек тілдері жатады. Сондай-ақ Сібір тобына якут, хакас, алтай жəне чуваш тілдері жатады. Қазіргі түркі əлемі. Бүгін күні əлемде түрік тілін ана тілі ретінде санайтын адамдардың саны 200 миллион шамасында. Бұл көрсеткіштің елдерге қарай бөлінісі мынадай: Түркия: 65 миллион, Иран: 30 миллион, Əзербайжан: 9 миллион, Өзбекстан: 25 миллион, Қытай
(Шығыс Түркістан): 22 миллион, Ресей Федерациясы: 18 миллион, Қазақстан: 12 миллион, Түркіменстан: 5 миллион, Қырғызстан: 4 миллион; Басқа елдер (Германия, Ирак, Болгария, АҚШ, Франция, Голландия, Бельгия, Австрия, Греция, Македония, Румыния, Сирия): 10 миллион. Түрік тілінде сөйлейтін халықтар бүгінгі күні алты тəуелсіз мемлекетте, сондай-ақ Ресей Федерациясының құрамындағы елдерде жəне кейбір автономиялық елдерде тұрады. Тəуелсіз мемлекеттер Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Əзербайжан, Қырғызстан жəне Солтүстік Кипр Түрік Республикасы болып табылады. Сонымен қатар Ресей Федерациясының құрамындағы Татарстан, Башқұртстан, Якутия (Саха), Чувашстан, Тува жəне Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық республикасы сияқты жерлердегі түрік тілінде сөйлейтіндер халық санының басым көпшілігін құрайды. Бұлардан басқа əлемнің түкпіртүкпірінде өмір сүріп жатқан түріктер бар.
Сұрақ: Түркі қағандығының қалыптасуына ықпал еткен факторларды атаңыз
Жауап: V ғ. түрік тайпаларының ешқайсысының мемлекеттілігі жоқ кезеңде, Ұлы далада жужандар үстемдік құра бастайды. Жужандар əскери демократия түрінде өз ордаларын құрып, хан сайлады. Олар барлық көршілерін қатыгездікпен ығыстырып, түркі тайпаларының көтерілістер ұйымдастыруына түрткі болып отырды. Ашина басқарған хун тайпалары Алтай тауы бөктерін паналап, орналасқан жерлерін «Ергенекүн» – «ежелгі Отан» деп атады. Онда олар басқада түркі тайпалары сияқты мал бақты, аңшылық құрды, алайда олардың ең басты кəсібі металл өндіру жəне өңдеу болды. Олар химиялық қоспаларды қолдану арқылы алған өнімі – темірдің сапасы өте жоғары болды. Түркі мемлекетінің құрылуына мынадай факторлар әсер етті: жужандардың үстемдігінен құтылу, жайлымдық жерлерді иелену, «Мәңгілік ел» құруға деген құштарлық.
