- •Сыни ойлау
- •1.«Сыни ойлау» курсының пәні, нысаны және мақсаттары мен міндеттерін көрсетіңіз.
- •2. «Сыни ойлау» курсының пәнінің мәнін сипаттаңыз.
- •3. «Сыни ойлау» курсының мақсатын сипаттаңыз.
- •4.«Сыни ойлау» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы, философиялық және психологиялық астарын анықтаңыз.
- •5. Сыни ойлаудың философиямен байланысын сипаттаңыз.
- •6. Сыни ойлаудың психологиямен байланысын сипаттаңыз.
- •7.Сыни ойлауды дәрістерде қолданудың педагогикалық шеберлікті қалыптастырудағы маңызын көрсетіңіз.
- •8.Қазіргі білім беру жүйесіндегі «Мұғалім» ұғымын сипаттаңыз.
- •9. Сыни ойлауды дәрістерде қолданудың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •10.Сыни ойлауды дамыту тәсілдерін атаңыз.
- •11.Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттарын сипаттаңыз.
- •12.Кластер (топтастыру) ұғымына сипаттама беріңіз.
- •14.Блум таксаномиясын сипаттаңыз.
- •15.Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категорияларын жазыңыз.
- •16. Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісін көрсетіңіз.
- •1. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
- •17.Аргумент - сыни ойлауды қалыптастырушы элемент ретінде екенін анықтаңыз.
- •18.Аргументация теориясының тарихын жазыңыз.
- •19.Аргументацияның негізгі бағыттарын атаңыз.
- •20.Рефлексия ұғымына анықтама беріңіз.
- •21. Рефлексия ұғымының мәнін ашыңыз.
- •22. Рефлексия - сапалы білім алу элементі екенін қарастырыңыз.
- •23.Оқу арқылы сыни қалыптастыруды сипаттаңыз.
- •24.Джиксо – ұжымдық оқыту әдісіне анықтама беріңіз.
- •25. Оқу арқылы ұйымдасқан дәрістер түрін көрсетіңіз.
- •26.Жазу арқылы сыни қалыптастыруды анықтаңыз.
- •27. Эссе ұғымына анықтама беріңіз.
- •28. Эссе жазуда практикалық қадамдарды сипаттаңыз.
- •29.Мәселені шешудегі рефлексивті әдісті көрсетіңіз.
- •30. Рефлексивті мәдениетті сипаттаңыз.
- •31. Рефлексивті оқыту әдістерін атаңыз.
- •32.Сын және сыни ойлауға анықтама беріңіз.
- •33. Cын ұғымының мәндік ерекшелігін көрсетіңіз.
- •34. Конструктивті сынға анықтама беріңіз.
- •Конструктивті сынның негізгі қағидалары:
- •38.Р.Декарт дүниетанымындағы күмәндану теориясына анықтама беріңіз.
- •39. Декарттың ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •40. Күмәндану теориясын жазыңыз.
- •41.Абайдың қара сөздері арқылы сыни ойлауды ұлттық дүниетаным шеңберінде қалыптастыруға анықтама беріңіз.
- •42. Абайдың қара сөздерінің ұлттық дүниетанымның дамуындағы ықпалын көрсетіңіз.
- •45. Абайдың 1-қара сөзіндегі ойлау жүйесін анықтаңыз.
38.Р.Декарт дүниетанымындағы күмәндану теориясына анықтама беріңіз.
39. Декарттың ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
40. Күмәндану теориясын жазыңыз.
Рене Декарт (1596-1650) – француз дворянының отбасында туып, иезу-иттердің Ла-Флеш коллегиясында физика, математика, арифметика, механика, музыканы тереңдетіп оқыды. Мықты математик ретінде танылған Декарт осы ғылымның көмегімен бүкіл ғылымдар жүйесін, философияны қайта өзгертуді армандады. Саясат мәселелеріне қызықпаған де-карт (Картезий) алгебра, аналитикалық геометрия, механика мәселелерін зерттеумен айналысты жарықтың сыну заңын ашты, қанның айналуын зерттеді психология мен космогонияны, және, әрине, философияны талдады.
Ерекшеліктері: Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді.. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек.
Декарт төрт ережені тұжырымдайды: 1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. 2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді. 3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді. 4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет – энумерация. Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыі нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылы қабылданады.
Күмәндану теориясы.Адам – өзі бойына екі бірдей субстанцияны (әрі материалды, әрі рухани) қатар біріктіретін тіршілік иесі, сондықтан ол табиғаттан жоғары көтеріле алады.
Адам өз бойында екі субстанцияны қатар біріктіретіндіктен келіп дуализм (екіұдайлық, қосарлылық) идеясы туындайды.
Р.Декарт «философияның негізгі сұрағын» да дуализм тұрғысынан шешеді: «Не бірінші: материя ма, әлде, с ана ма? Таласы мағынасыз. Материя мен сана тек адам бойында бірігетіндіктен, адам табиғаты дуалистік болғандықтан (өз бойында екі – материалды және рухани – субстанцияны біріктіретіндіктен), материя да, сана да бірінші бола алмайды – олар әрқашан болған және тұтас болмыстың екі түрлі көрінісі».
41.Абайдың қара сөздері арқылы сыни ойлауды ұлттық дүниетаным шеңберінде қалыптастыруға анықтама беріңіз.
42. Абайдың қара сөздерінің ұлттық дүниетанымның дамуындағы ықпалын көрсетіңіз.
Қарасөз (проза) – көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең сөзден бір айырмашылығы – онда сөз ырғағы еркін, өлеңдегідей қандай да бір белгілі өлшемдер болмайды. Қарасөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі уақиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады. Ал Мұхтар Әуезов қарасөз туралы: «Жалпы алғанда Абайдың қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзінен бөлек, бір алуаны болып қалыптасады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Стиль, мазмұн жағынан алғанда осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуаны көркем сөз түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді» деп пікір айтқан. Демек, Абайдың қарасөздерінің өзіндік ерекшелігі – олар нақыл, өсиет түрінде келеді. Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.
Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, ушіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет. Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы Бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.
43.Абай қара сөздері арқылы сыни ойлауды қалыптастыруды көрсетіңіз. Абайдың толық жинағында 1890 - 1898 жылдар аралығында жазылған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Абайдың қарасөздері – философиялық шығармасы. Жалпы саны - 45. Бұған «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаласы да қосылады. Абай қарасөз жазудағы мақсатын өзінің 1 - сөзінде былай деп береді: «... Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Бұл - ел қамын ойлаған ұлы ойшылдың өмір, қоғам, тіршілік, адамдар арасындағы қарым - қатынас жөніндегі көзқарасының жиынтығы, философиялық ой топшылауы еді. Мысалы: Топ тапсырмасы: Абай қарасөздерінің тақырыптары қандай? Қарасөздерін оқу, тақырыбына қарай топтастыру. Өмірбаяндық: 1 - сөз. Халықтарды салыстыру: 2 - сөз. Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз. Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз. Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз. Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер. Жас баланың психологиясын еске алып талдаған сөз: 7 - сөз. Білім, ғылым, өнер туралы: 18, 25, 31, 32 - сөздер. Дін, мораль, тәрбие жайындағы ойлар: 12, 13, 16, 27, 28, 35, 36, 38, 45. Адамгершілік, ар - ұят мәселелері: 11, 15, 17, 18 - сөз. Өмір туралы толғаныстары: 20 - сөз, 34 - сөз Нақыл сөздерден ғана тұратын қарасөзі: 37 44. Абайдың 4-қара сөзіндегі ойлау жүйесін анықтаңыз.
Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек. Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт! Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де - бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі - өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі. Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.
