Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СО емтихан жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.6 Кб
Скачать

26.Жазу арқылы сыни қалыптастыруды анықтаңыз.

27. Эссе ұғымына анықтама беріңіз.

28. Эссе жазуда практикалық қадамдарды сипаттаңыз.

Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау. Бұл шағын көлемді ой бөлісу, қандай болса мәселені еркін баян ету, дәлелді зиятты ізденіс. Эссе – бұл ұсынылған тақырып бойынша өздік жазба жұмысы.  Эссе мақсаты өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту.  Тыңдаушы өзі істейтін мемлекеттік орган функциялары мен өз әрекетінің ерекшелігін басшылыққа алып, эссе тақырыбы мен атауын таңдайды. Эссе жазу авторға өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйретеді, ақпаратты жүйелеуге, талдаудың негізгі категорияларын қолдануға, себеп – салдар байланыстарын бөлу, қажетті мысал келтіру, өз қорытындыларын дәлелдеу, сөйлеудің ғылыми стилін үйрену. Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Мәселе бойынша авторлық позицияны қорытындылайтын, қорытынды, концепция және сөздікті қолдануымен өзі өткізген талдау жазылады.

Эссе құрылымы: - Бірінші парағы (үлгісі алдын-ала беріледі); - Кіріспе (эссенің 30 % көлемі) - Негізгі бөлім (эссенің 60 % көлемі); - Қорытынды (эссенің 10 % көлемі); Эссе жазуда практикалық қадамдар: 1 қадам. Контексті анықтаңыз.

2 қадам. Тақырыпты таңдаңыз

3 қадам. Ақпаратты жинаңыз

4 қадам. Эссені жоспарлаңыз. 5 қадам. Алдымен негізгі бөлімді жазыңыз. 6 қадам. Қорытынды жазыңыз. 

7 қадам. Кіріспені жазыңыз. 8 қадам. Жазғаныңызды оқыңыз.  9 қадам. Қателерді тексеріңіз.

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Фактілі дәлелдер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Цитаталарды келтіру; • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылық (пункт., орфогр.); • Юмор, сарказм; • Қолд. ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

29.Мәселені шешудегі рефлексивті әдісті көрсетіңіз.

30. Рефлексивті мәдениетті сипаттаңыз.

31. Рефлексивті оқыту әдістерін атаңыз.

Нарықтық экономикада қатты бақталастық жағдайында шығармашылық еңбекке бейім, жоғары кәсіби, мобильді, өз іс-әрекеттерін ұйымдастыруда жаңа, тиімді әдістерді пайдаланатын, жоғары рефлексивті мәдениеті бар мамандарды талап етеді. В.А. Сластенин бойынша рефлексивті мәдениет – субъект өзінің өмірлік іс-әрекетін әлеуметтік шартталған әдістермен саналауы және жеке даралық әдістердің жиынтығы болып табылады. Рефлексивті мәдениет – интеллектуалды және құндылықтық негізде құрылған рефлексияны ұйымдастыру әдістерінің жүйесі.

Рефлексивті мәдениеттің мынадай түрлері көрсетіледі:

  • Құндылықтық негізде – гуманистік және гуманистік емес тип;

  • Концепциялы негізде – жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық тип;

  • Мәселелік негізде – мәселелелік және міндеттік тип;

  • Нормативтік негізде – мақсатты, жобалық, бағдарламалық және технологиялық тип.           

 Адамдардың кәсіби іс-әрекеті әрекет пәніне міндетті түрде рефлексияны талап етеді. Психолог үшін әрекет пәні – адамның психикалық шынайылығы болып табылады. Г.С. Абрамова психикалық шынайылықты былай суреттейді: адам өмірінің әрбір келесі кезеңі алдыңғысынан адамның өзімен және басқа адамдармен жаңа сапалы қарым – қатынас жасай білу қабілеті пайда болуымен ерекшеленеді.

Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет.

Оқушылардың белсенділігін басып тастамау үшін, момын, ұяң, белсенді емес оқушыны сабаққа тарту үшін не істеуге болады?

Осы мәселені шешуде мұғалімдерге көмектесетін — рефлексивті оқыту әдісі.

Рефлексивті оқыту — мұғалімдердің проблеманы анықтау және жұмыс барысында эксперимент жүргізе отырып шешу әдістері.

Рефлексивтік оқытудың дағдылары:

  • Проблемаларды мойындап, оларды шешудің тиімді құралдарын іздеу;

  • Басымдықты белгілеудің маңыздылығын және міндеттерді шешуде олардың басым мәнін түсіну;

  • Тиісті ақпаратты жинақтау мен сұрыптау;

  • Нақты және түсінікті сипаттама беру;

  • Белгіленбеген жорамал мен құндылықтарды мойындау;

  • Шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз бетінше түсіндіру;

  • Шынайы қорытындылар мен жалпылаулар жасау;

  • Қол жеткізілген тұжырымдар мен жалпылауларды қуаттау;

  • Алынған тәжірибенің негізінде ұстаным модельдерін түзету.