Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СО емтихан жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.6 Кб
Скачать

20.Рефлексия ұғымына анықтама беріңіз.

21. Рефлексия ұғымының мәнін ашыңыз.

22. Рефлексия - сапалы білім алу элементі екенін қарастырыңыз.

Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.  Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.

Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, Н.Д.Хмель т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы».

Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады.

Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:  -оқу материалының мазмұнының рефлексиясы  -көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы  - іс-әрекет рефлексиясы 

Яғни, қазіргі заманғы сындарлы оқытудың талабы оқушы бойында «мен» болуы. Оқушының адами әлеуетінің өсуі. Өзін - өзі немесе «Менін» көрсетудің бір жолы - оқу екендігі және оның басты мақсат екендігін Маслоудың пікірінен аңғаруға болады. «Мен» тұжырымдамасы төңірегінде Маслоу мен Роджерс өздерінше түсінік берді. Нәтижесінде «Мен» тұжырымдамасы бізді алға жылжытатын және біздің мінез- құлықтарымызды бағыттайтын, өзін -өзі реттеуге жетелейтін әлеуметтік стимул екендігі айтылған Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы  үшін

  • Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;

  • Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

  • Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады

  • Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады

  • Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады

  • Өз – өзіне баға бере алады

  • Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;

23.Оқу арқылы сыни қалыптастыруды сипаттаңыз.

24.Джиксо – ұжымдық оқыту әдісіне анықтама беріңіз.

25. Оқу арқылы ұйымдасқан дәрістер түрін көрсетіңіз.

Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды

Д ә с т ү р л і    с а б а қ т а р Мұғалімнің әдістері Оқушының іс-әрекеті Тақырыпты түсіндіреді Мазмұнын айтып береді Кейіпкерлер туралы айтып береді Кейіпкерге мінездеме береді Мәтіннің идеясын анықтайды Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады Шығарма жазады Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады Жауап береді