Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СО емтихан жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.6 Кб
Скачать

14.Блум таксаномиясын сипаттаңыз.

15.Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категорияларын жазыңыз.

16. Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісін көрсетіңіз.

Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.

1. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:

1)    Білім;

2)    Түсіну;

3)    Қолдану;

4)    Талдау;

5)    Синтез (жүйелеу, жинақтау);

6)    Бағалау.  Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі:

 І. Білу.

Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей. 

Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

Шәкірт:

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);ъ

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі,

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:

Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; жатқа айту; анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртiбiн айту.

Мысалдар:

- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?

- Бастауыш деген не?

- Жай бөлшектер қалай жазылады?

- Египеттiң астанасы қай қала?      

ІІ. Түсіну.

Таным мен ойлау деңгейі – орта деңгей. (Слайдпен жұмыс)

Оқу материалын түсінгендіктің ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:

Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру (мысалы, математикалық формуланы сөзбен айтып беру;  сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);

Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;

Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау.

17.Аргумент - сыни ойлауды қалыптастырушы элемент ретінде екенін анықтаңыз.

18.Аргументация теориясының тарихын жазыңыз.

19.Аргументацияның негізгі бағыттарын атаңыз.

Аргументация теориясы өзінің бастауын антикалық кезеңнен Аристотельдың, Цицерон, Соркат, Платон, Горгий жҽ не т.б. сол кезеңгі философтардың еңбектерінен алады. Ежелгі философтар аргументация мәселесін риторика немесе шешендік өнері борышынан қарастырған.

яғни ХХ-ХХІ ғасырларын жаңа аргументация теориясының қалыптасу кезеңі деуге болады. Бұл бағыт логика, тіл білімі, психология, философия, герменевтика, риторика жҽ не т.с.с. бір қатар салаларды қамтиды да, логика, ғылыми таным методологиясы, ғылым философиясы, философиялық герменевтика, әлеуметтік психология және де тіл білімінің жетістіктерін толығымен ескере отырып, аргументацияны пәнаралық тұрғыдан қарастырады.

Жаңа аргументация теориясының негізгі идеяларын қалыптастыруда X. Перельман, Г. Джонстон, Ф. Ван Еемерен, Р. Гроотендорст жҽ не т.б. батыс зерттеушілерінің қосқан ҥ лесі маңызды роль атқарды. Аргументация теориясы немесе аргументация – бұл логикалық пайымдау арқылы қорытындыға келу жолын зерттейтін пәнаралық сала. Оның ішіне диалог, әңгімелесу, сендіру (көз жеткізу) де кіреді.

Аргументацияның мұндай компонентін Аристотельдің енгізген терминімен айтқанда «эндоксон» деп атаймыз. Яғни, эндоксон дегеніміз – жалпыға тән және жалпы жұрт қабылдаған пікір, қоғамда қабылданған құндылықтар мен сенімдер. максималары локусты қҧ райтын онтологиялық байланыстың импликациялары болып табылады. Ал енді, «аргумент» сөзінің өзіне келетін болсақ, ол – бір немесе бірнеше сәйкесті эндоксондарға максималарды қолдану. Нәтижесінде осы эндоксондарды қабылдаған белгілі бір қоғамға арналған максиманың көмегімен біз көзқарас жайлы қорытындыға келеміз.