- •Сыни ойлау
- •1.«Сыни ойлау» курсының пәні, нысаны және мақсаттары мен міндеттерін көрсетіңіз.
- •2. «Сыни ойлау» курсының пәнінің мәнін сипаттаңыз.
- •3. «Сыни ойлау» курсының мақсатын сипаттаңыз.
- •4.«Сыни ойлау» пәнінің басқа ғылым салаларымен байланысы, философиялық және психологиялық астарын анықтаңыз.
- •5. Сыни ойлаудың философиямен байланысын сипаттаңыз.
- •6. Сыни ойлаудың психологиямен байланысын сипаттаңыз.
- •7.Сыни ойлауды дәрістерде қолданудың педагогикалық шеберлікті қалыптастырудағы маңызын көрсетіңіз.
- •8.Қазіргі білім беру жүйесіндегі «Мұғалім» ұғымын сипаттаңыз.
- •9. Сыни ойлауды дәрістерде қолданудың маңыздылығын сипаттаңыз.
- •10.Сыни ойлауды дамыту тәсілдерін атаңыз.
- •11.Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттарын сипаттаңыз.
- •12.Кластер (топтастыру) ұғымына сипаттама беріңіз.
- •14.Блум таксаномиясын сипаттаңыз.
- •15.Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категорияларын жазыңыз.
- •16. Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісін көрсетіңіз.
- •1. Оқу мақсаттарының негізгі категориялары:
- •17.Аргумент - сыни ойлауды қалыптастырушы элемент ретінде екенін анықтаңыз.
- •18.Аргументация теориясының тарихын жазыңыз.
- •19.Аргументацияның негізгі бағыттарын атаңыз.
- •20.Рефлексия ұғымына анықтама беріңіз.
- •21. Рефлексия ұғымының мәнін ашыңыз.
- •22. Рефлексия - сапалы білім алу элементі екенін қарастырыңыз.
- •23.Оқу арқылы сыни қалыптастыруды сипаттаңыз.
- •24.Джиксо – ұжымдық оқыту әдісіне анықтама беріңіз.
- •25. Оқу арқылы ұйымдасқан дәрістер түрін көрсетіңіз.
- •26.Жазу арқылы сыни қалыптастыруды анықтаңыз.
- •27. Эссе ұғымына анықтама беріңіз.
- •28. Эссе жазуда практикалық қадамдарды сипаттаңыз.
- •29.Мәселені шешудегі рефлексивті әдісті көрсетіңіз.
- •30. Рефлексивті мәдениетті сипаттаңыз.
- •31. Рефлексивті оқыту әдістерін атаңыз.
- •32.Сын және сыни ойлауға анықтама беріңіз.
- •33. Cын ұғымының мәндік ерекшелігін көрсетіңіз.
- •34. Конструктивті сынға анықтама беріңіз.
- •Конструктивті сынның негізгі қағидалары:
- •38.Р.Декарт дүниетанымындағы күмәндану теориясына анықтама беріңіз.
- •39. Декарттың ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •40. Күмәндану теориясын жазыңыз.
- •41.Абайдың қара сөздері арқылы сыни ойлауды ұлттық дүниетаным шеңберінде қалыптастыруға анықтама беріңіз.
- •42. Абайдың қара сөздерінің ұлттық дүниетанымның дамуындағы ықпалын көрсетіңіз.
- •45. Абайдың 1-қара сөзіндегі ойлау жүйесін анықтаңыз.
10.Сыни ойлауды дамыту тәсілдерін атаңыз.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау
. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 4) үйрену барысындағы оқу-шылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; 5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау; 6) оқушылардың бір-бірінің жауа-бына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету; 7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
11.Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттарын сипаттаңыз.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары: - сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру; - оқушылардың ойлауына жағдай туғызу; - әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау; - оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау; - әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті; - оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау. Технология бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады: - қызығушылықты ояту; - мағынаны ашу; - ой толғаныс.
12.Кластер (топтастыру) ұғымына сипаттама беріңіз.
Кластер (топтастыру). Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады. Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады. Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатар Кубизм стратегиясы – кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді. Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты – таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту.
Ол үшін төмендегі кестені толтыру керек. Білемін. Үйрендім .Білгім келеді. Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады.
13. Сабақта диалогтік әңгімені дамыту жолдарын атаңыз.
Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым — қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. . Мен сабақ барысында және сыныптан тыс жұмыстарда әңгімелесудің осы үш түрін де пайдаланып жүрмін. Оқушылардың білім алуы, тыңдауы және сөйлеуі арасындағы байланыс осы тәсілдер арқылы айқын көрінеді. Мысалы: «Шыңғыс хан қазақ» деген пікір ақталады/ ақталмайды тақырыбында Дебат өткізгенімде екі топ өз позицияларын дәлелдеп ғылыми түрде дәлелдеп, өз шешімдерінде қалды. Ал, сабақ үстіндегі зертеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеяларымен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда оқушылар бірге ойланады. Зерттеушілік әңгімеде топта өз ойларын айтып, болжамдарын ұсынады, талқылайды, бірін-бірі тыңдап, бір келісімге келеді. Топтық әңгіме оқушылардан төзімділікті талап етеді
