Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СО емтихан жауап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
153.6 Кб
Скачать

7.Сыни ойлауды дәрістерде қолданудың педагогикалық шеберлікті қалыптастырудағы маңызын көрсетіңіз.

Бұл технологияның  тиімділігі – оқушының құзыреттілігін  арттырып ғана қоймайды, сонымен қатар:   1. Жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. 2. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілікті  қарым-қатынас орнауы. 3.Оқушының өздігінен жан-жақты білім алуына жағдай жасалады. 4. Алған білімге сын көзбен қарау, білімді сапалы түрде алу. 5. Оқушыны  ойын ашық айта алуға, пікір айтуға, алмасуға үйренеді.  6. Бірін –бірі сыйлауға баулуы. 7. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады. 8. Оқушының шығармашылық белсенділігінің артуы.

8.Қазіргі білім беру жүйесіндегі «Мұғалім» ұғымын сипаттаңыз.

Құзіретті мұғалім дегеніміз – адамның өз мамандығы бойынша әлеуметтік және кәсіби пісіп жетілуі 12 жылдық мектеп педагогінің кәсіби құзіреттілік талаптарында былай делінген:

Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтың нормаларды білуге міндетті: Мұғалім не істей білуі керек:

  • мемлекеттік стандартты сараптап,

  • өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу,

  • өз жұмысында басқару функциясын орындай білу (сыныпты, оқу үрдісін басқару т.б)

  • кәсіби мониторингтің нәтиделерін қолдану.

  • мемлекеттік тілді және шетел тілін кәсіби деңгейіне сәйкес қажетті қолдана білу.

Қазіргі аса қарқынды өзгерістерге толы әлеуметтік- экономикалық жағдайда білім беру жүйесінде педагогке қойылатын талап та ерекше екендігі түсінікті.

Бұл мынандай фактілерге байланысты.

  • оқытудың әр алуан түрлері мен әдістерін қолдану

  • топтық жұмыс дағдыларын дамыту

  • әрекеттерге үйрету

нақты ситуацияларды талдау. Кәсіби құзырлылық- мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.

9. Сыни ойлауды дәрістерде қолданудың маңыздылығын сипаттаңыз.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінентүзіледі. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – "білемін”, ― - "мен үшін түсініксіз”, + - "мен үшін жаңа ақпарат”, ? – "мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.