- •«Эпидемиология» пәнінен
- •3 Курс «қдс» мамандығы бойынша емтиханға арналған тесттік тапсырмалар
- •@ Көрсеткіштердің абсолюттік өсімі
- •Эпидемиологиялық зерттеудің жағдай- бақылау зерттеуімен салыстырғандағы артықшылығы ... .
- •@ Ретроспективті
- •Эпидемиологиялық зерттеудің жағдай-бақылау зерттеуімен салыстырғандағы артықшылығы ... .
- •@ Ретроспективті
Эпидемиологиялық зерттеудің жағдай- бақылау зерттеуімен салыстырғандағы артықшылығы ... .
@ нанымды нәтиже алудың жоғары ықтималдылығы
@ салыстырмалы аз шығын
@ салыстырмалы аз зерттеу уақыты
@ шығынсыз
@ жұмыс гипотезасын түзу
~ 100 мың халыққа шаққандағы К ауруымен жылдық сырқаттанушылық А. қаласында 120,2 ал, В. қаласында — 140,4 құрады.
Осы қалалардағы сырқаттанушылықтың көпжылдық ... серпінісі.
@ көрсеткіштердің кез келген сипаттағы
@ әртүрлі кезеңдік
@ бірдей кезеңдік
@ циклдік пен кезеңдіктің болмауы
@ бір бағыттағы тенденциялар
~ Қатер дәрежесі бойынша келесі жылы қандайда бір аурумен ауруы мүмкін «аумақтық» халық тобын рангілеу үшін ... пайдалану керек.
@ болжамды интенсивті көрсеткіштерді
@ болжамды экстенсивті көрсеткіштерді
@ есептегі жылдың сырқаттанушылық интенсивті көрсеткішін
@ 10 жылдық медианалық интенсивті көрсеткішті
@ есептегі жылдың сырқаттанушылық экстенсивті көрсеткіші
~ Қатер дәрежесі бойынша келесі жылы ауруы мүмкін бірнеше әлеуметтік-жастық тобын рангілеу үшін ... пайдалану керек.
@ болжамды жылдық интенсивті көрсеткіштерді
@ 10 жылдық орта арифметикалық жылдық интенсивті көрсеткішті
@ 10 жылдық медианалық интенсивті көрсеткішті
@ 10 жылдық орта арифметикалық жылдық экстенсивті көрсеткішті
@ соңғы жылдағы сырқаттанушылықтың интенсивті көрсеткіші
~ «Преваленттілік» терминінің мағынасы ... .
@ берілген халық тобында қандайда бір уақыт ішінде зерттелуші сипаттың анықталу жиілігі
@ нақты уақыт ішіндегі науқастардың қандайда бір саны
@ нақты уақыт ішіндегі қайтадан тіркелген науқастардың қандайда бір саны
@ ауырғандардың бір тобының жалпы ауырғандар санына қатынасы
@ нақты уақыт ішіндегі сау тұлғалардың қандайда бір саны
~ Эпидемиялық процесс серпінісінің көпжылдық көрсеткіштері ... анықтау үшін қолданылады.
@ циклдылық, тенденция, сырқаттылық болжамын, қатер тобын
@ сырқаттанушылықтың ең жоғарғы деңгейдегі уақытын
@ эпидемиялық дамудың түрін
@ сырқаттанушылық деңгейін
@ эпидемиялық процесс серпінісін
~ N. қаласында 3 апта бойы іш сүзегі, Флекснер дизентериясы және А гепатитінен сырқаттанушылықтың жоғарылауы тіркелген.
Тек осы мәліметтерді ғана пайдалана отырып, бұрқетпенің себебі туралы болжамды негіздеу үшін индуктивті логика әдістерінің ... тәсілін қолдану керек.
@ ілеспе өзгерістер
@ айырмашылық
@ аналогия
@ ұқсастық
@ салыстырмалылық
~ Бұрқетпелерді тексеруде ұқсастық тәсілін пайдалану ... қарастырады.
@ ауырғандардың көпшілігіне ортақ қатер факторын анықтауды
@ зерделеу жағдайы бойынша тұжырымның ұқсас жағдайда жасалған
тұжырыммен сәйкестігін
@ сау тұлғалардағы болжамды қатер факторының кездесу жиілігін
бағалауды
@ сау тұлғалар мен науқастардағы болжамды қатер факторының кездесу
жиілігін салыстыруды
@ балалардағы қатер факторының кездесу жиілігін бағалауды
~ Бұрқетпелерді тексеруде айырмашылық тәсілін пайдалану ... қарастырады.
@ сау тұлғалар мен науқастардағы қатер факторының кездесу жиілігін салыстыруды
@ бұрқетпелердің тиісті сипаттарынан ерекше эпидемиологиялық сипаттарын
анықтауды
@ науқастардағы қатер факторының кездесу жиілігін бағалауды
@ сау тұлғалардағы қатер факторының кездесу жиілігін бағалауды
@ сау балалардағы қатер факторының кездесу жиілігін бағалауды
~ 5 жасар бала ауырғанына екі күн болған: мұрынның бітелуі және түссіз сұйық ағуы, бастың айналуы, жүрген кезде шайқалу, дене қызуының 390С көтерілуі, іштің бүріп ауыруы және іштің құрылдауы, метеоризм, күніне 3 рет құсу, іштің өтуі, нәжісі сұйық тәулігіне 8 рет, көп мөлшерде, су тәрізді екені анықталған.
Ықтимал диагнозы:
@ вирустық диарея
@ дизентерия
@ сальмонеллез
@ иерсиниоз
@ эшерихиоз
~ Участкелік педиатрға 3 жасар қыздың ата-анасы ауырудың 2-ші күніне мына шағымдармен: дене қызуының 38,50С көтерілуі, тәбетінің болмауы, шөлдеу, іштің өтуі, құсуымен келді. Анамнезінде: бала балабақшаға барады, топта жіті ішек инфекциясы жағдайлары тіркелген.
Бұл жағдайдағы аурудың ықтимал берілу жолы:
@ алиментарлы
@ ауа-тамшылы
@ аэрозольді
@ жанасу
@ трансмиссивті
~ Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне жасар қыз 3 күн бойы дене қызуының субфебрилді көтерілуі, тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, мұрынмен демалудың қиындауы шағымдарымен келіп түсті. Қарағанда: бет пен мойын терісінде везикуло-папулезді бөртпелердің анықталады. Менингиалды белгілері теріс. Анамнезінде: бала балабақшаға барады, топта қызылша жағдайлары тіркелген.
Бұл жағдайдағы аурудың ықтимал берілу жолы:
@ ауа-тамшылы
@ алиментарлы
@ аэрозольді
@ парентеральды
@ трансмиссивті
~ Барлық жағдайы жасалған пәтерде тұратын бес жастағы бала, күлмен ауырған. Көрші пәтерде балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін әйел тұрады. Ол бір күн бұрын балаға келіп кеткен. Балаға көрші тұратын тәрбиеші жұмыс істейтін балабақша тобында 7 күннен кейін үш бала баспамен ауырған. Бактерологиялық тексеру кезінде тәрбиеші мен осы балабақшадағы төрт баладан токсигенді коринобактериялар анықталған.
Бұл жағдайдағы қажетті іс-шара:
@ науқастарды ауруханаға жатқызу және емдеу
@ екпенің аралас курсын жүргізу
@ науқастарды ерте анықтау
@ СҚС енгізу
@ АКДС енгізу
~ Дифтериямен ауыратын науқастардың ошақтарында: 1) жасы бойынша белгіленген мерзімдерде егілмеген адамдарды, 2) алған егулері туралы құжатпен расталмаған адамдарды, сонымен қатар 3) жасына қарай соңғы ревакцинациядан кейін ... астам уақыт өткен адамдарды иммундау жүргізіледі.
@10 жылдан
@ 5 жылдан
@ 6 айдан
@ 1 жылдан
@ 8 аптадан
~Ұйымдастырылған ұжымда эпидемиялық паротиттің жағдайлары тіркелген жағдайда, егер бірінші егуден кейін ... уақыт өткен болса, осы инфекцияға қарсы егілген 18 жасқа дейінгі балаларды бір рет егу жүргізіледі. @ 7 жыл
@ 4 апта
@ 2 ай
@ 1 жыл
@ 3 жыл
~ Қызылша мен қызамықпен ауыратын науқастарды уақтылы анықтау мақсатында – ... жүргізіледі. @ бөртпелер пайда болған науқастарды анықтау, есепке алу, вирусологиялық тексеру
@ бөртпелер пайда болған науқастарды анықтау, бактериологиялық тексеру
@ паразитологиялық тексеру
@ эпидемиологиялық талдау
@ статистикалық зерттеу
~ Дифтерия таяқшасының уытты штаммдарының анықталған тасымалдаушылары стационарда емдеу үшін оқшауланады және абацилденгеніне көз жеткізу үшін емдеу курсы аяқталған соң ... қайта тексеріледі.
@ 2 күннен кейін бактериологиялық
@ 7 күннен кейін бактериологиялық
@ 10 күннен кейін вирусологиялық
@ 14 күннен кейін вирусологиялық
@ 1 айдан кейін бактериологиялық
~ Ұйымдастырылған балалар ұжымдарына дифтериямен ауырып жазылған адамдарға рұқсат беру толық сауыққан жағдайда және ... алған жағдайда, жүзеге асырылады. @ бактериологиялық зерттеулердің екі теріс нәтижесін
@ бактериологиялық зерттеулердің үш теріс нәтижесін
@ вирусологиялық зерттеулердің екі теріс нәтижесін
@ бактериологиялық зерттеулердің бір теріс нәтижесін
@ вирусологиялық зерттеулердің үш теріс нәтижесін
~ Қызылшамен, қызамықпен және эпидемиялық паротитпен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды бақылау ... бойы жүргізіледі.
@ 21 күн
@ 14 күн
@ 7 күн
@ 1 ай
@ 3 ай
~ Егуді алғаннан кейін егілген адамдар иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер туындаған жағдайда шаралар қабылдау үшін 30 минут бойы медициналық ұйымда медицина қызметкерінің бақылауында болады. Кейіннен медицина қызметкер өлі немесе белсенділігі жойылған вакцинаны енгізгеннен кейін алғашқы үш күнде және тірі вакцинаны енгізгеннен кейін 5-6 және ... үйде бақылауды қамтамасыз етеді.
@ 10-11 күнінде
@ 21-22 күнінде
@ 30-11 күнінде
@ 14-15 күнінде
@ 40-41 күнінде
~ Белсенділігі жойылған вакциналармен егуден кейін жоғары температурамен, фебрильді құрысумен бірге өтетін жалпы ауыр реакциялар егуден соң алғашқы ... пайда болады. @ 3 күнде
@ 7 күнде
@ 4 аптада
@ 10 күнде
@ 3 айда
~ Менингеальды құбылыстар ... вакцинасынан басқа белсенділігі жойылған вакциналарды, анатоксиндерді және тірі вакциналарды енгізгеннен кейінгі асқынуларға тән емес. @ паротит
@ БЦЖ
@ желшешек
@ оба
@ тұмау
~ Қорытынды дезинфекция инфекциялық аурулар ошақтарында науқасты емдеуге жатқызу, оқшаулау, науқастың сауығуы немесе қайтыс болуы кезінен бастап ... ішінде жүзеге асырылады.
@ бір тәулік
@ бір апта
@ бір ай
@ 3 сағат
@12 сағат
~ Инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені ... деп аталады.
@ дезинфекция
@ дезинсекция
@ дератизация
@ дегельминтизация
@ акарацидтеу
~ Қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою ... деп аталады. @ стерилизация
@ дератизация
@ дегельминтизация
@ акарацидтеу
@ дезинфекция
~ Анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені (дезинфекция, дезинсекция мен дератизациялау) ... деп аталады.
@ алдын алу дезинфекция
@ ошақтық дезинфекция
@ стерилизация
@ дератизация
@ дегельминтизация
~ Ошақтарда инфекциялық немесе паразиттік ауруларды алдын алу және/немесе жою мақсатында жүргізілетін дезинфекция ... деп аталады.
@ ошақтық дезинфекция
@ алдын алу дезинфекция
@ стерилизация
@ дератизация
@ дегельминтизация
~ 18 жасар студентке «қызылша» диагнозы қойылды, онымен бірге жанасқандар - 12 студент, олардың ішінен 3-уі қызылшамен ауырғандар, 6-на тірі қызылша вакцинасы енгізілген, 3-уі қызылшамен ауырмаған және егілмеген. Жанасқандарға жүргізілетін шаралар:
@ егілмеген студенттерге тірі қызылша вакцинасын егу
@ барлық жанасқандарды егу
@ жанасқандарға медициналық бақылау жүргізу
@ ешқайсысына егу жүргізбеу
@ егілмеген студенттерге иммундыглобулин енгізу
~ Аурухананың соматикалық бөлімшесінде жатқан науқаста 10-шы күні сұйық нәжіс, пайда болды, тексергенде Sh.Sonne табылды.
Жұқтыруы мүмкін:
@ ауруханада
@ ауруханға түскенге дейін
@ келушілермен жанасқаннан кейін
@ после медициналық манипуляциялардың кейін
@ үйінде
~ Дәрігерге соматикалық дені сау 8 айлық бала келді. Ол алдын ала егу Ұлттық күнтізбесінде ұсынылған туберкулёзге, В вирустық гепатитке, дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, полиомиелитке және b типтегі гемофильді инфекцияға қарсы егулерін уақытында егілген.
Пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинациялау схемасы:
@ 8,9,12
@ 6,8,12
@1,3,6
@ 2,4,6
@ 0,1,3
~ Дәрігерге 2,5 жастағы бала пневмококктық пневмонияға қарсы егуге өтініш білдірді.
Осы жаста .......... вакцинациялары қолданылады:
@ конъюгирленген
@ тірі
@ комбинирленген
@ өлі
@ жартылай синтетикалық
~ Иммунизацияның тиімділігін бағалау бойынша .......... жүргізіледі:
@ иммундалғандардың арасындағы аурушаңдықтың төмендеуін егілмегендермен салыстыру
@ сырқаттанушылық динамикасының үдерісі
@ маусымдық параметрлерінің өзгерістері
@ аурушаңдықтың жас құрамының өзгерісі
@ аурушаңдықтың құрылымдық үдерісі
~ S. рneumonia штаммының серотипін анықтау қажет.
Сіздің іс-ірекетіңіз:
@ латекс-агглютинаци әдісі
@ биохимиялық әдісі
@ иммуноблот
@ гемагглютинация әдісі
@ Кумбс әдісі
~ Егер балаға қызылша, эпидемиялық паротит және қызамыққа қарсы вакцина егу қажет болса, тиісті бірвалентті вакциналар ....... енгiзiледі:
@ бір уақытта бөлек – бөлек шприцтерде
@ бір уақытта бір шприцте
@ 1 ай аралықпен
@ 3 ай аралықпен
@ 6 ай аралықпен
@ анизакид
~ Науқасқа бастапқы кезде іш сүзегі диагнозы қойылды, ауруды диагностикалағанда ең бастысы гемодақылдың бөлінуі болып табылады. Қанды егу тәртібі:
@ антибактериальды терапия басталғанға дейін
@ антибактериальды терапия басталғаннан кейін
@ ауру өршіген кезде
@ антибактериальды терапия аяқталғаннан кейін
@ антибиотикке сезімталдықты анықтағаннанкейін
~ Сүзек және парасүзекпен аурушаңдық кезінде науқастарды ауруханадан шығару тәртібі.
@ нәжісі мен зәрін үш рет бактериологиялық зерттегеннен кейін дене қызуы толық жиырма бір күн қалыпты болғанда
@ дене қызуы толық жиырма бір күн қалыпты болғанда
@ нәжісі мен зәрін үш рет бактериологиялық зерттегеннен кейін
@ антибиотикті тоқтатқасын бес күннен кейін
@ ауруханадан шығардан жеті-он күн бұрын дуоденальды құрамды себу жүргізіледі.
~ Н. селосында сүзекпен науқастанудың топтық өршуі тіркелді. Инфекцияның көзі болуы мүмкін адамдарға анықтау үшін эпидемияға қарсы шараларды орындау қажет:
@ инфекцияның көзі болуы мүмкін адамдарға зертханалық тексеру жүргізіледі
@ зертханалық тексерусіз қатынаста болғандарға бақылау жүргізу
@ 21 күн аралығында қатынаста болғандарды оқшаулау
@ зертханалық тексеру, сұрау, қараужәне дене қызуын өлшеу жолымен барлық ауруларды анықтау
@ қоршаған орта нысандарын және тұрмыстық заттарды зертханалық тексеру
~ Тексеру кезінде пациентте туберкулез аурушаңдығының мүмкіндігін көрсететін белгілер анықталды.
Бұл жағдайда эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет:
@ пациентті үш күннің ішінде тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы диспансерге жібереді
@ пациентті үш күннің ішінде инфекциялық стационарға жібереді
@ толық клиникалық және құралдық тексеру
@ қорытынды диагноз қойылғанға дейін пациентті үш күннің ішінде
терапиялық стационарға жатқызылады
@ қорытынды диагноз қойылғанға дейін пациентті үш күннің ішінде терапиялық стационардың оқшаулау бөлмесіне жатқызылады
~ Босану үйінде жаңа туылған нәрестеге туберкулезге қарсы вакцинация жүргізілмеді. Нәрестеге 1 ай 25 күн. Егу жүргізуге қарсы көрсетілімдер жоқ. Кезекті егулерді жүргізу тәртібі:
@ алдын ала туберкулиндиагностикасыз
@ алдын ала туберкулиндиагностикадан кейін
@ педиатрдың тексергенінен және алдын ала туберкулиндиагностикадан кейін
@ босану үйінде алдын ала туберкулиндиагностикадан кейін
@емханада алдын ала туберкулиндиагностикадан кейін
~ 2 ай 15 күндік нәресте, оған перзентханада туберкулезге қарсы вакцинация жасалған. Вакцинацияға қарсы көрсеткіштері жоқ.
Келесі вакциналарының жасалу тәртібі:
@ алдын ала туберкулинодагностикасын жасамай, БЦЖ Манту сынамасы теріс нәтижелі болғанда
@ перзентханадағы БЦЖ Манту сынамасы оң нәтижелі болғанда
@ перзентханада алдын ала туберкулинодиагностикадан соң
@ перзентханада алдын ала туберкулинодиагностика нәтижесінсіз
@ педиатрдың тексеруінен кейін
~ Баланы педиатрдың алғашқы қарауынан кейін, туберкулезге қарсы диспансерге кеңеске жіберілген, Манту сынамасы жасалғаннан соң фтизиатрдың туберкулез ауруы жоқ деген қорытындысын ата-ана бір ай көлемінде дәрігерге кешіктіріп әкелген.
Осы жағдайдағы дәрігердің тактикасы:
@ орта білім беретін және мектепке дейінгі ұйымға жіберілмейді
@ орта білім беретін және мектепке дейінгі ұйымға жіберіледі
@ орта білім беретін және мектепке дейінгі ұйымға жіберіледі, оған қоса
туберкулезге қарсы диспансерге кеңес алуға жолдама беріледі
@ туберкулезге қарсы диспансерге госпитализацияланады
@ үш күн ішінде жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі
~ 2 жасар ұл бала қызылшамен (катаралді кезеңде) ауырған қыз баламен қатынаста болған. Иммундыглобулин енгізілген.
Осы жағдайдағы жасырын кезеңнің максималді ұзақтығы.
@ 21 күн @ 17 күн @ 28 күн @14 күн @ 7 күн
~ 5 жасар қыз бала желшешекпен ауырған, баланы оқшаулау керек:
@ соңғы бөртпелерден кейін 5 кунге дейін @ ауырған күннен бастап 17 күн @ ауырған науқаспен қатынаста болғаннан бастап 21 күнге @ терідегі бөртпелердің құрғақтануынан бастап 10 күнге @ дене қызуы түскеннен кейін 7 күнге
~ Көбінесе 14 жасар жасөспірімдер білім алатын техникумда туберкулезға жоспарлы алдын алу тексеру жүргізілуі қажет.
Келесі көрсетілген әдістер:
@ 2 ТА-мен Манту сынамасы @ флюорографиялық @ қақырықты МБТ анықтау @ қанның жалпы анализі @ физикалді тексерулер
~ 5 айлық бала, туылғаннан кейінгі бірінші күндері НГА – ның (нәрестелердің гемолитикалық ауруы) белгілері байқалды. Перзентханада ешқандай егулер алмаған.
Екпені жүргізу реті:
@ БЦЖ @ ҚҚП @ АКДС @ АДС @ АДС-М
~ 7 жасар балада балтыр аймағын ойын барысында белгілі ит тістеген. Бала 2 ай бұрын жоспарлы түрде анатоксинмен АДС-М ревакцинациясын алған. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу тәртібі:
@ итті бақылау, антирабиялық егуді жүргізбеу, АС-анатоксин енгізу @ итті бақылау, антирабиялық егуді жүргізбеу, АС-анатоксин және ППС (ПСЧИ) енгізу @ итті бақылау, антирабиялық вакцинаны және АС-анатоксинді егу @ итті бақылау, антирабиялық вакцинаны және АДС-М анатоксинді егу
@ антирабиялық егуді бастап, итті жою
~ Бомбей-Москва рейсінің ұшақ жолаушыларының арасында тырысқаққа күдікті науқас анықталды. Науқас, жолаушылар және экипаж мүшелері үшін алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралардың жиынтығы жүргізіледі. Жасалмайтын шаралар:
@ науқасты ауруханаға жатқызу @ экипаж мүшелеріне 5 күн бойы медициналық бақылау жүргізу @ жолаушыларға 5 күн бойы медициналық бақылау жүргізу @ экипаж мүшелеріне және жолаушыларға (ҚР азаматтарына)
бактериологиялық тексеріс жүргізу @ экипаж мүшелеріне және жолаушыларға холероген-анатоксин енгізу
~ БЦЖ вакцинасының құтысын ашар алдында мұқият қаралады. Вакцина салуға тиым салынады, егер:
@ құтының сыртында сипаттамалы заттаңба болмаса
@ вакцинаның жарамдылық мерзімі бітпесе
@ құтыда сызат немесе кертік болмаса;
@ препараттың физикалық ерекшелігі өзгеріссіз
@ дайын препаратта тыс қосындылардың болмауы
~ Емханада жасөспірімдерге егу жүргізу бөлмесінде 1 балада анафилактикалық шоқ туындады. Бұл күні осы сериядағы вакцинаны 15 балаға жүргізілген.
Қажет:
@ осы сериялық вакциналық егуді тоқтату
@ егуді басқа вакцинамен алмастыру
@ осы сериялық вакциналық егуді жалғастыру
@ анафилактикалық шокты тудырған себептерді атау
@ анафилактикалық шокты тудырған себептерге шаралар қолдану
~ Тоңазытқыштың дұрыс істемеуінен ондағы температура -60 С дейін төмендеп кетті.
Онда сақталған заттарды қолдану:
@ тірі полиомиелиттік вакцина
@ күлге қарсы сарысу
@ АДС-М вакцинасы
@ гепатит В қарсы рекомбинантты ашыған вакцинаны
@ АКДС вакцинасы
~ Іш сүзегі және туляремия бойынша қолайсыз ауданға туристтер тобы шықты. Жолға шығуға 2 апта қалды.
Ұсынылады … .
@ екі препаратты қабылдау
@ бір препаратты жолға шығар алдында, екіншісін 1-1,5 айдан кейін
@ 12-13 күндік аралықпен егу жүргізу
@ бір препаратты жолға шығар алдында, екіншісін 2-2,5 айдан кейін
@ егу жүргізілмейді
~ Н. қаласында күлмен ауырушаңдық 2014 ж көрсеткіш 100 000 халыққа шаққанда 8,2 құрады.
Күлмен аурушаңдықты төмендетуде жоспарлау барысында жоспардың бір шартын ұйымдастыруда мынадай жағдайда жасау керек:
@ иммунизацияға жататындарды егуге алу 95%
@ Н. қаласындағы күлді жою
@ 80%-ға күлмен аурушаңдықты төмендету
@ иммунизацияға жататындарды егуге алу 100%
@ 100%-ға күлмен аурушаңдықты төмендету
~ Дизентериямен түскен науқасты қарау барысында балтыр аймағында тістелген жара анықталды. Анамнезден анықталғаны 3 күн бұрын белгісіз итпен тістеліп дәрігерге қаралмаған.
Бұл жағдайда жасалу қажет:
@ егудің қосарланған курсын жүргізу
@ дизентерияға байланысты антирабиялық егуді жүргізбеу
@ антирабиялық вакцинаны енгізу
@ дизентерияның емдік курсынан кейін антирабиялық егуді тағайындау
@ антирабиялық иммундыглобулинді енгізу
~ Жаншаумен науқастанған мектепке дейінгі ұйымға баратын және мектептің бірінші 2 сыныбының балалары бұл үйымдарға жіберіледі:
@ клиникалық сауығудан кейін 12 күн өткесін
@ сауығудан кейін, лезде
@ бактериологиялық зерттеу нәтижесі теріс болғанда
@ клиникалық сауығудан кейін 7 күн өткесін
@ вирусологиялық зерттеу нәтижесі теріс болғанда
~ Бала 5 жаста.астапқы диагнозы вирусты гепатит А (жеңіл түрі). Бала ата-анасымен жатақханада тұрады.
Бұл жағдайда науқас балаға эпидемияға қарсы шаралар жасау қажет:
@ эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес жатқызу
@ үйінде оқшаулайды
@ клиникалық көрсеткіштерге сәйкес жатқызу
@ күнделікті температурасы өлшеніп, 35 күн аралығында бақылайды
@ вакцина егіледі
~ Бала-бақшаға баратын 5 жастағы балаға қызылша диагнозы қойылды (бетінде және мойнында бөртпе); топтағы барлық балалар қызылшаға қарсы тірі қызылша вакцинасымен егілген.
Бұл жағдайда науқас балаға эпидемияға қарсы шаралар жасау қажет:
@ топтағы балаларға медициналық бақылау жасау
@ науқас баламен қатынаста болған балаларға иммундыглобулин енгізу
@ науқас баламен қатынаста болған балаларға тірі қызылша вакцинасымен енгізу
@ баланы үйінде оқшаулайды
@ баланы инфекциялық стационарға жатқызу
~ Дем алу үйінен қайтқанына 2 күн болған 40-жастағы слесарға клиникалық көрсеткіштерге сәйкес «жіті дизентерия» диагнозы қойылған.
Дәрігер-эпидемиолог міндетті:
@ қатынаста болғандарды анықтау және оларды бақылауды ұйымдастыру
@ демалыс орнына сұрау жіберу
@ науқастың жұмыс істейтін орнына сұрау жіберу
@ науқасты үйінде қалдыру
@ ем және дезинфекцияны бұйыру
~ Аурудың 7-күні 36-жастағы К-ға «іш сүзегі» диагнозы қойылды: ауру өтуі жеңіл. Отбасымен бірге 3 бөлмелі пәтерде тұрады: әйелі бала-бақшада аспаз, шешесі зейнеткер, баласы 5 жаста, бала бақшаға барады.
Ошақта эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет:
@ жанасқандарды 21 күн аралығында бақылау және ұжымынан бөлектемеу
@ оны үйінде қалдыру, бөлек бөлмеде оқшаулау
@ жанасқандардың қанын бактериологиялық зерттеу
@ жанасқандарға екпе жүргізу
@ жанасқандарды 17 күн аралығында бақылау және әйелін жұмыстан шеттету
~ Автобус жүргізушісіне сарғаюдың 1-күні «вирусты гепатит А» диагнозы қойылды. Науқас жатқызылды. Отбасы: әйелі зауытта инженер, қызы бала-бақшаға барады, 2 ай ілгері қалыпты адам иммундыглобулині енгізілген: баласы 8 жаста, 10 күн бұрын сауықтыру лагеріне кеткен.
Эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет:
@ отбасының барлық мүшелеріне 35 күн аралығында бақылау
@ қызына және баласына иммундыглобулин енгізу
@ қатынастағыларды 21 күн аралығында бақылау
@ отбасының барлық мүшелерін вакциналау
@ отбасының барлық мүшелерін жатқызу
~ 3 жастағы балаға «ауыз-тамақ күлі» диагнозы қойылды (ата-анасынң қарсылығына байланысты егілмеген). Отбасы 3 бөлмелі пәтерде тұрады, шешесі істемейді, әкесі зауытта басшысы.
Ошақта шаралар жүргізу қажет:
@ науқасты міндетті түрде жатқызу
@ науқасты клиникалық көрсеткіштерге сәйкес жатқызу
@ жанасқандарды 5 күн аралығында бақылау
@ жанасқандарға күлге қарсы сарысу енгізу
@ науқасты эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес жатқызу
~ 3 жастағы балаға «желшешек» диагнозы қойылды. Отбасында ата-анасы желшешекпен ауырған; ағасы 6 жаста, бала бақшаға барады, апасы 10 жаста, оқушы, желшешекпен ауырмаған.
Жанасқандарға іс-шаралар жүргізу ұсынылады:
@ тек қатынаста болған балаларды 21 күн аралығында бақылау
@ 21 күн аралығында ағасын бақшаға жібермеу
@ ошақта қатынаста болғандарды 17 күн аралығында бақылау
@ барлық қатынастағыларға екпе егу
@ эпидемиологиялық көрсеткіштерге сәйкес жатқызу
~ 60 жастағы науқас М-ге «бөртпелі сүзек» диагнозы қойылды; 3 бөлмелі абаттандырылған пәтерде 4 адамнан құралған отбасымен жасайды.
Ошақта эпидемияға қарсы шараларды жүргізу қажет:
@ науқасты инфекциялық стационарға жатқызу
@ ата-анасының өтінішіне сәйкес науқасты үйінде қалдыру
@ диагнозы зертханалық дәлелден кейін жедел хабарлама жөнелту
@ отбасы мүшлерін санитарлық өңдеуден өткізу
@ жанасқандарды 14 күн аралығында бақылау
~ Қабылдау бөлімінің бір бөлмесінде 40 мин аралығында екі ата-ана науқас балаларымен болды. Қарау кезінде баланың біреуінде жіті дизентерия, екіншісіне қызылша (бастапқы кезең) диагнозы қойылды. Қызылшамен ауырған науқас боксқа жіберілді.
Жіті дизентерия мен (бала 7 жаста, қызылшаға қарсы егілмеген, қызылшамен ауырмаған) ауырған науқасты жолдау керек:
@ бөлек боксқа
@ бірінші 7 күн дизентериямен ауырған науқастарға арналған бөлімшеге, одан кейін боксқа жатқызу
@ дизентериямен ауырған науқастарға арналған бөлімшеге аурудың барлық кезеңінде
@ қызылшамен ауырған науқаспен бір боксқа
@ бірінші 10 күн дизентериямен ауырған науқастарға арналған бөлімшеге, одан кейін үйіне жіберу
~ Ауыздан-ауызға әдісімен өкпені жасанды желдету кезінде науқастың ауыз қуысына жұқпалы аурудың қаны түсті; ауыз шаю үшін қолдану керек...
@ 1% бор қышқылы ерітіндісі
@ 2% карбонат натрий ерітіндісі
@ 0,2% хлорамин ерітіндісі
@ 3% лизол ерітіндісі
@ 3% сутегі ерітіндісі
~ 55 жастағы ер кісі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел ішек инфекциясымен науқас түсті. Эпидемиологиялық анамнезінен үш күн бұрын адамдар көп болған жерге қонаққа барған, әртүрлі тағамдар жегені анықталған.
Мұндай жағдайда инфекцияның берілу жолы болуы мүмкін:
@ Алиментарлы
@ Ауа-тамшы
@ Жанасу
@ Аэрозольдік
@ Трансмиссивті
~ Бала-бақшаны жоспарлы тексеру кезінде топта бір аптадан асық уақытта жөтелетін кіші жастағы 5 бала анықталды. 30 күн ілгері топта көкжетелмен ауырған жағдай тіркелген болатын. Қажетті іс-шаралар жүргізілген. Эпидемиологтың нұсқамасы:
@ топта карантин жариялау, медициналық бақылау жүргізу
@ жөтелген балаларға АКДС енгізу
@ максималды инкубациялық кезеңге дейін кіші жастағы топты жабу
@ алдын ала антибиотикотерапия жүргізу
@ бактериологиялық зерттеу нәтижесін алғанға дейін жөтелген балаларды оқшаулау
~ Тырысқақтың эпидемиялық ошағында қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Осы жағдайда судан сынаманы ........ аз емес алуы тиіс:
@ 3-ден аз емес
@ 4-ден аз емес
@ 5-ден аз емес
@ 7-ден аз емес
@ 10-нан аз емес
~ Іш сүзегімен ауырған науқасты анықтап және оңашалағаннан кейін эпидемиялық ошақта қорытынды дезинфекция жүргізілді.
Жүргізілген эпидемияға қарсы шаралардың сапасын бағалауды қамту ........ пайыздан (%) төмен болмауы қажет:
@ 80
@100
@ 90
@ 70
@60
~ Аса қауіпті жұқпалы ауруларды жыл сайын алдын алу үшін дератизация жүргізіледі.
Қалада көктем айында 1000кв.м. дератизация сапасының қанағаттанарлық көрсеткішіне сай болу үшін, .......... кеміргіштерді ұстау керек:
@ 1,0-ден көп емес
@ 2,0-ден көп емес
@ 3,0-ден көп емес
@ 4,0-ден көп емес
@ 5,0-ден көп емес
~ Аса қауіпті жұқпалы ауруларды жыл сайын алдын алу үшін дератизация жүргізіледі.
Ауылда көктем айында 1000кв.м. дератизация сапасының қанағаттанарлық көрсеткішіне сай болу үшін, ... кеміргіштерді ұстау керек:
@ 2,0-ден көп емес
@ 3,0-ден көп емес
@1,0-ден көп емес
@ 4,0-ден көп емес
@ 5,0-ден көп емес
~ Балалар емханасында балаларға жоспарлы түрде иммунды әдіспен алдын ала егулер жүргізілді.
Мұндай жағдайда ... нысаны толтырылуы тиіс:
@ №63
@ №5
@ №6
@ №60
@ №328у
~ Емдеу-алдын алу ұйымдарда қолданылған медициналық құралдарды стерилизация алды қанды тазалау сапалылығын ........ сынамамен анықтайды?
@ азопирамды
@ фенолфталеинді
@ судандық
@ бензидиндік
@гасперлендік
~ Ішек инфекциясымен ауырған науқастың қолданылған ыдыстарын 1% ас сода ерітіндісінде қайнату.
Толық залалсыздандыру үшін ......... минут қайнату қажет:
@ 15
@ 3
@ 10
@ 12
@ 5
~ Орталықтандырылған стерилизация орталығында стерилизация алды қанды тазалау сапалылығын бақылау ........... өткізілуі қажет:
@ күнінен 1 рет
@ айына 1 рет
@ кварталына 1 рет
@ аптасына 1 рет
@ жылына 1 рет
~ Жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шаралары жүргізіледі.
Жеке меншік үйлерде, қораларда, азық-түліктерді, көкөністерді сақтау қоймаларында кеміргіштерге қарсы уларды ......... арақашықта қою керек:
@ 5-6 м
@ 1-2 м
@ 3-4 м
@ 7-8 м
@ 9-10 м
~ Жыл сайын жұқпалы ауруларға қарсы алдын алу шаралары жүргізіледі.
Балалар және емдеу мекемелерінде, тұрғылықты үйлерде кеміргіштерге қарсы уларды ........ арақашықта қою керек:
@ 10-12м
@ 1-2м
@ 6-7м
@ 3-4м
@ 8-9м
~ Медициналық мекекемелердегі ........ қалдықтар А класына жатады:
@ әкімшілік
@ орталық
@ радиациялық
@ зертханалық
@ клиникалық
~ Медициналық мекекемелердегі Б класына жататын қалдықтарды максимальді сақтау мерзімі:
@ 24 сағат
@ 4 сағат
@ 6 сағат
@ 1 сағат
@ 12 сағат
~ Хлорлы әктің қолдануға рұқсат етілмейтін, ең төмен концентрациялы мөлшері:
@ 16%
@ 38%
@ 32%
@ 28%
@ 12%
~ Орталық стерилизациялық бөлімдерде стерилизация алды тазалау сапасына бақылау жүргізгенде қан қалдығына тексеру ......... жүргізілуі тиіс:
@ жылына 1 рет
@ айына 1 рет
@ кварталына 1 рет
@ аптасына 1 рет
@ күніне 1 рет
~ Балалар бақшасына баратын 5 жасар ер бала скарлатина диагнозымен үйінде ем алуда.
Балалар бақша мейірбикесі топтағы жанасқан балаларға .......... бақылау жүргізеді:
@ 17 күн
@ 21 күн
@10 күн
@ 7 күн
@ 1 ай
~ 40 жастағы ер кісі қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел респираторлы вирусты инфекциясымен науқас түсті. Эпидемиологиялық анамнезінен үш күн бұрын адамдар көп болған жерге қонаққа барғаны, ішінен біреуі жөтелгені анықталған.
Бұл жағдайдағы аурудың ықтимал берілу жолы:
@ ауа-тамшы
@ алиментарлы
@ жанасу
@ аэрозольдік
@ трансмиссивті
~ 15 жасар оқушыға қызылша диагнозы қойылды. Науқас ауруханаға жатқызылды. Жанұясы: інісі 5 жаста қызылшаға вакцина егілген, қарындасы 2 жаста медициналық қарама қайшы көрсеткіштер бойынша егілмеген. Екеуі де мектепке дейінгі балалар мекемесіне (МДБМ) барады. Ата-аналары бала кездерінде қызылшамен ауырған.
Бұл жағдайдағы қажетті іс-шара:
@ қарындасын МДБМ-не жібермеу
@ пәтерде қорытынды дезинфекция жүргізу
@ жанасқандарды бақылау
@ інісін МДБМ-не жібермеу
@ пәтерде күнделікті дезинфекция жүргізу
~ 5 жасар ер бала капилляротоксикоз диагнозымен терапиялық бөлімге келіп түсті. 3-ші күні стационарда менингококкты инфекция диагнозы қойылды. Науқас жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды.
Бұл жағдайдағы қажетті емес іс-шара:
@ науқастарды палаталардан шығару
@ бөлімде және палатада кәдімгі жинау
@ жанасқандарға иммундыглобулин енгізу
@ бөлімде және палатада дезинфекция жасау
@ жанасқандарды бақылау
~ Балалар бақшасына баратын 3 жасар ер балаға екі күн ауырғаннан кейін скарлатина диагнозы қойылды. Жанұясы 2-бөлмелі пәтерде тұрады. Анасы- перзентханада акушер, әкесі – автобус жүргізушісі, әпкесі 8 жаста – 2-ші класс оқушысы, 4 жыл бұрын скарлатинамен ауырған.
Ауырған балаға жүргізілуі тиіс іс-шара:
@ жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу
@ балалар ауруханасының боксына жатқызу
@ үйде оңашалау
@17 күн бақылау
@ антибиотиктермен ем тағайындау
~ 3 жасар балада желшешек диагнозы қойылған. Ата-анасы осы аурумен ауырған. Ағасы 6 жаста, балалар бақшасына барады, әпкесі 10 жаста – оқушы, желшешекпен ауырмаған.
Мұндай жағдайда жанұясындағы жанасқандарға жүргізілетін іс-шара:
@ 21 күн бойы бақылау
@ ағасын 17 күн балалар бақшасына жібермеу
@ жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу
@ балалар ауруханасының боксына жатқызу
@ ағасын 21 күн балалар бақшасына жібермеу
~ 3 жасар ер балаға ауызжұтқыншақ күлі диагнозы қойылған (ата-анасы егуге қарсы болғандықтан, егілмеген). Жанұясы 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Анасы жұмыс істемейді, әкесі - зауыт басшысы.
Бұл жағдайдағы қажетті іс-шара:
@ науқасты ауруханаға жатқызу
@ науқасты үйде оңашалау
@ жанасқандарға күлге қарсы вакцина енгізу
@ жанасқандарды бақылау
@ жанасқандарға күлге қарсы сарысу енгізу
~ Баспамен ауырған науқастан бактериологиялық зерттеуге материал алынды.
Нәтижесі ....... сағаттан кейін белгілі болады:
@ 24
@12
@ 6
@ 48
@ 72
~ Қалада су құбырларын жөндеу барысында апат болды.
Мұндай жағдайда .............инфекциясы өсуі мүмкін:
@ вирусты гепатит А
@ дизентерия
@ сальмонеллез
@ эшерихиоз
@ шигеллез
~ Балалар бақшасында дифтериямен жанасқандарды тексеру барысында екі баладан токсигенді таяқшалар табылды.
Табылған бактериотасымалдаушыларға жүргізілетін іс-шара:
@ үйде оңашалау
@ жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу
@ балалар ауруханасына жатқызу
@ дәрігер инфекционистің кеңесі
@ балалар бақшасында қорытынды дезинфекция жүргізу
~ Балалар бақшасына баратын 5 жасар қыз бала желшешек диагнозымен үйде жекешеленген.
Топтағы жанасқан балаларға мейірбике ......... бақылау жүргізуі тиіс:
@ 21 күн
@ 36 сағат
@ 10 күн
@ 17 күн
@ 72 сағат
~ 1 айлық балаға иығына БЦЖ вакцинасын енгізгеннен кейін, сол жерде ірің пайда болды.
Бұл жағдайды бағалау:
@ қалыпты вакциналды процесс
@ вакцинаны дұрыс енгізбегеннен
@ жергілікті аллергиялық реакция @ вакцинациядан кейінгі асқыну @ аминогликозидтерге аллергиялық реакция
~ 2 күн бұрын балалар бақшасынан дизентериямен науқас баланы жекешелеген. Топқа карантин қойылған. Жүргізілген күнделікті дезинфекцияны бактериологиялық бақылау барысында бірнеше ойыншықтардан, екі тарелкадан ішек таяшасы табылған. Балалар бақшасының қызметкерлерінің айтуы бойынша хлораминмен жүргізілген (ойыншықтарды-0,2%, ыдыстарды - 0,1%).
Бұндай жағдайда жүргізілген дезинфекцияның сапасы бағаланады:
@ хлорамин концентрациясы 5 есеге төмендеген
@ хлорамин концентрациясы өте жоғары
@ хлорамин концентрациясы 3 есеге төмендеген
@ хлорамин концентрациясы нормаға сай
@ хлорамин концентрациясы 2 есеге төмендеген
~ Іш сүзегімен ауырған науқастың үйінде 0,5% хлорамин еірітіндісімен жүргізілген қорытынды дезинфекция сапасын тексергенде, алынған 10 жағындылардың ішінен біреуінен ішек таяқшасы табылған.
Мұндай жағдайда дезинфекция сапасы бағаланады:
@ 1% хлорамин ерітіндісімен өңдеу
@ дезинфекция сапасыз жүргізілген
@ 2% хлорамин ерітіндісімен өңдеу
@ хлорамин құрамы нормаға сай
@ 3% хлорамин ерітіндісімен өңдеу
~ Ірі қаладағы балалар бақшасында дизентерия бұрқ етпесі теркелген. Бұның алды балаларды ботқамен, сонымен қатар қала сыртынан әкелінген сүт пен қаймақпен тамақтандырған. Ас тарататын аспазшыда бактериотасымалдаушылық анықталды.
Бұл жағдайдағы аурудың берілу факторы:
@ қаймақ
@ горшоктар
@ балалар ойыншықтары
@ ботқа
@ сүт
~ 30 төсек орынды терапиялық бөлімде 5 науқаста жедел ішек инфекциясының бұрқ етпесі болып, оный ішінен біреуі өлген. Эпидемиологиялық тексеру барысында: 2 науқастан тексеруден кейін энтеропатогенді ішек таяқшасы анықталды.
Бұл жағдайдағы ауруханаішілік инфекциясының таралу жолы:
@ тұрмыстық жанасу
@ алиментарлы
@ ауа-шаң
@ ауа-тамшы
@ су арқылы
~ 2000-2004 жылдар аралығындағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы қалалық аудандағы әлеуметтік жастар топтарындағы сырқаттанушылықты бағалау үшін жылдық есебі бойынша зерттеулер жүргізілді.
Бұл жағдайда жүргізілген зерттеу түрі:
