Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
c9d27da2-42ea-11e4-973d-f6d299da70eeОкешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353.28 Кб
Скачать

Мына берілген төрт қасиеттердің қайсысы сізге тән?

  1. а) ұшқалақ, жеңілтек, абыржығыш, тынышсыз;

б) көңілді, шат, жарқын жүзді;

в) салмақты, сабырлы, байсалды;

г) ұялшақ, жасқаншақ, именгіш

  1. а) ұстамсыз,ашушан;

б) жігерлі, қайратты, іскер;

в) жүйелі, бір ізді, тыңғылықты;

г) жаңа ортада сасу, абыржу тән

  1. а) шыдамсыз, сабырсыз;

б) бастаған ісін аяғына дейін жеткізбейді;

в) ұқыпты, сақ, есті, парасатты;

г) жаңа адамдармен байланысқа түсу қиын

  1. а) тік мінезді, ашық, турашыл;

б) өзін асыра бағалауға бейім;

в) күте білмейді;

г) өз күшіне сенбейді

  1. а) батыл, ыңталы;

б) жаңаны тез ұғып салатын қабілеті бар;

в) тұйық, сөзге сараң, ьосқа сөйлегенді ұнатпайды;

г) жалғыздыққа қайғырмайды

  1. а) қисық, қыңыр, қиқар;

б) қызығушылықтары тұрақсыз

в) сөйлегенде жай ырғақпен, бір қалыпты, тоқталыстармен сөйлейді;

г) сәтсіздіктерге кездескенде сасып қалу және жабырқаушылық

  1. а) талас, дауда тапқыр

б) сәтсіздіктермен, ұнамсыз жағдайларға қайғырады;

в) ұстамды, шыдамды;

г) өзімен- өзі болғанды ұнатады

  1. а) тәуекел істерге бейім;

б) түрлі жағдайларға тез үйренеді;

в) бастаған істі аяғына дейін жеткізеді;

г) тез шаршайды

  1. а) жұмыстың ісін жұлқынып істейді;

б) жаңа іске қызығушылықпен кіріседі;

в) босқа күш жұмсамайды;

г) бәсең, жай сөйлейді, кейде тіпті баяу

  1. а) кек сақтамайды және үйреншіл, жасқаншақ;

б) егер бір нәрсе қызықтырмаса тез суиды;

в) қатал күн тәртібін, жұмыста белгілі бір жүйені ұстанады;

г) еріксіз әңгімелесушінің мінезіне көнеді

  1. а) өте тез және қызба, іркіліспен сөйлейді;

б) жаңа іске тез кірісіп кетесіз және бір іспен екінші іске тез ауысасыз;

в) кенет ұмтылысыңызды жеңіл ұстап қаласыз;

г) көзден жас шыққанша әсерлісіз

  1. а) ұшқалақ, қызбалыққа бейім;

б) күнделікті бірыңғай жұмыстан қайғыру, азап шегу;

в) қолдағанды және ұялтқанда көп қайғырмайды;

г) қоршаған ортадағы адамдарға, өзіне талаптары жоғары

  1. а) агрессивті, төбелесуге әзір;

б) көпшіл, қайырымды, ықыласты

в) жылы жүзді жуас, өзіне бағытталған өткір орынды- орынсыз сындарды кішіпейілділікпен қабылдайды;

г) күдікшіл, күмәншіл

  1. а) сынға шыдамсыз;

б) шыдамды, жұмысқа қабілетті;

в) қызығушылықтары тұрақты;

г) сезімтал, тез жараланғыш

  1. а) айқын ымдауға қабілеті бар;

б) зор, тез, анық және нақты дене қимылдарымен қабаттас жүретін сөйлеуге бейім;

в) іске өте жай қосылады және бір істен екінші іске ауыса береді;

г) шектен тыс өкпешіл

  1. а) тез шешім қабылдауға және істі тез істейтін қабілеті бар;

б) қандай дағдайда да сабырлы;

в) қарым- қатынасқа да бәріне бірдей қарайды;

г) тұйық, көппен араласпайды;

  1. а) әрқашан жаңаға ұмтылады;

б) көңіл күйі әрқашансергек;

в) барлық істе ұқыптылықты ұнатады;

г) белсенділігі аз, ұялшақ, жасқаншақ

  1. а) қызу, тез қимылдар иесі;

б) тез ұйықтап кетеді, тез оянады;

в) жаңа ортаға үйрену қиын;

г) көнгіш, тіл алғыш

  1. а) жинақы емес, шешім қабылдауға асығыстау;

б) қойған мақсатына жеткенше өжеттілік танытады;

в) селсоқ, жігерсіз, қозғалыстары аз, көңілсіз, босаң;

г) бастаған ісін аяғына жеткізбейді

  1. а) көңіл күйі тез ауысып отырады;

б) кейде алаңдап, іске үстірт қарауға бейім;

в) зор табаңдылық, төзім иесі;

г) қолдау мен ұялтуға өте сезімталсыз.

Тесттің өңделуі: қанша рет «а», «б», «в», «г» нұсқаларын таңдап алдық, солардың әрқайсысын беске көбейтіңіз. Содан шыққанның қайсысы басым болса, онда сіз сол типке жатасыз.

А) Холерик

Б) Сангвиник

В) Флегматик

Г) Меланхолик.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]