- •М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті Филология және журналистика кафедрасы Тест тапсырмасы
- •4 Курс _5в020500 – Филология мамандығы бойынша білім алушылар үшін
- •151. Стилистика нені зерттейді ?
- •299. Xιx ғасырдың екінші жартысындағы ресми стильдің негізгі белгісін көрсетіңіз.
- •Тест тапсырмасын құрастырған ____________________ _ Иматаева а.Ж._____
- •Кафедра меңгерушісі ____________________ _Көпбаева м.Р.___________
- •Бөм сектор жетекшісі ____________________ _________________________
СМЖ-нің құжаты |
Н 11/13.46-2016 |
|
Тест тапсырмасы |
Баспа 6 |
|
Енгізу күні 25.08.2016 |
М.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті Филология және журналистика кафедрасы Тест тапсырмасы
Стилистика және тіл мәдениеті_пәнінен
4 Курс _5в020500 – Филология мамандығы бойынша білім алушылар үшін
1. Стилистика нені зерттейді ?
А) Сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
В) Сөйлеу коммуникация процесіндегі грамматикалық амалдарды пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
С) Сөйлеу коммуникация процесіндегі дыбыстарды пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
D) Сөйлеу коммуникация процесіндегі сөз тіркесін пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
Е) Сөйлеу коммуникация сөйлем мүшелерін пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді
2. Стилистикалық норманың түрлерін көрсетіңіз.
А) Экспрессивті-стилистикалық, функциональды-стилистикалық
В) Бағалауыштық-стилистикалық, жалпы стилистикалық
С) Грамматикалық –стилистикалық, дыбыстық –стилистикалық
D) Лексикалық-стилистикалық, грамматикалық-стилистикалық
Е) Тілдік-стилистикалық, синонимдік-стилистикалық
3. Қазақ тілінің қанша функционалды стилі бар?
А) 5
В) 7
С) 4
D) 3
Е) 6
4. Ресми және іс қағаздар стиліне жататын қатарды табыңыз.
А) Заңдар, жарғылар, қаулылар
В) Терминдер, тіркестер, сөздер
С) Мақала, резюме, монография
D) Повесть, роман, әңгіме
Е) Очрек, бас мақала, памфлет
5. XΙX ғасырдың екінші жартысындағы ресми стильдің негізгі белгісін көрсетіңіз.
А) Шағатайлық жазба тіл элементтерін кеңінен пайдалану
В) Ауызекі сөйлеу тілінің элементтерін кеңінен пайдалану
С) Таза қазақ әдеби тілінің нормаларын пайдалану
D) Құрмалас сөйлемдерді кеңінен пайдалану
Е) Архаизм мен историзмдерді кеңінен пайдалану
6. Қазақ ССР Министрлер кеңесі қай жылы қазақ тілінде іс жүргізу туралы қаулы қабылады?
А) 1957 жылы
В) 1963 жылы
С) 1951 жылы
D) 1975 жылы
Е) 1994 жылы
7. Ресми стильдің басты ерекшелігі − ...
А) Шаблон мен стандартты қолдану
В) Шығармашылық еркіндік
С) Ғылыми және саяси терминдер
D) Синонимдер мен паронимдерді қолдану
Е) Эмоциональды-экспресивті сөздерді қолдану
8. Құжаттардың атқаратын жалпы қызметіне жатпайтын қатарды табыңыз.
А) Эстетикалық
В) Ақпараттық
С) Әлеуметтік
D) Коммуникативтік
Е) Мәдени
9. Құжаттардың атқаратын арнайы қызметіне жатпайтын қатарды табыңыз.
А) Мәдени-ағартушылық
В) Басқару
С) Құқықтық
D) Басқару, құқықтық
Е) Тарихи-дерекнамалық
10. Маңызы мен мазмұнына қарай хаттар ... хаттар болып екіге бөлінеді.
А) Бастамалы және жауап
В) Сұрақ және жауап
С) Жолдамалы және сұрақ
D) Ілеспе және тыйым салу
Е) Жоспарлы және жоспарсыз
11. Ырықсыз етіс формалары жиі қолданылатын стиль түрлерін көрсетіңіз
А) Ғылыми және ресми стиль
В) Публицистикалық және сөйлеу стилі
С) Ресми және көркем әдебиет стилі
D) Ғылыми және сөйлеу стилі
Е) Көркем әдебиет және сөйлеу стилі
12. Publikus- сөзі қазақша қандай ұғымды білдіреді?
А) Көпшілік, әлеумет
В) Қатынас, сөйлеу
С) Шешендік, саясат
D) Саясат, мәртебе
Е) Халық, оқырман
13. Қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалды. Ол ортақ тіл қалай аталады?
А) Жалпы халықтық тіл
В) Жеке қатынас тілі
С) Жалпы сөйлеу тілі
D) Негізгі қатынас тілі
Е) Әдеби тілдің нормалары
14. Саяси публицистикалық лексика мен әкімшілік терминдердің қолданылуы басым стильді табыңыз.
А) Ресми стиль
В) Ғылыми стиль
С) Көркем әдебиет стилі
D) Сөйлеу стилі
Е) Публицистикалық стиль
15. Ресми және іс қағаздар стиліндегі үлгілердің барлығына ортақ жалпы сипатты табыңыз.
А) Белгілі бір қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілімен жазылады
В) Жергілікті ерекшелік сипатындағы тұрақты тіркестер жиі қолданылады
С) Тілдің эмоционалды-экспресивтік элементтерін кең қолдану
D) Фактілерді толық және логикалық жүйелі баяндау тәсілі арқылы
Е) Ой күрделі баяндалып, анықтама, дәлелдемелерге негізделеді
16. Ресми және іс қағаздар стилін атқаратын қызметі мен мазмұнына қарай топтастыру.
А) Заңнамалық, дипломатиялық, әкімшілік-кеңселік
В) Публицистикалық, сыртқы байланыс, көпшілік
С) Газеттік, мемлекетаралық, әдеби-көркемдік
D) Эстетикалық, құқықтық, ресми-шығармашылық
Е) Бағалауыштық, басқарушылық, ресми-қатынастық
17. Әкімшілік-кеңселік стиль үлгілеріне жататын қатарды табыңыз.
А) Түрлі мекемелерде жүргізілетін құжат үлгілері
В) Мемлекеттер арасында қолданылатын құжат үлгілері
С) Қылмыстық және азаматтық іс жүргізу актілері
D) Белгілі бір ғылым саласындағы арнайы шығармалар
Е) Қоғамдық-саяси бағыттағы саяси публицистикалық
18. Тілде стиль түрлерінің екеуінде не үшеуінде бірдей немесе барлық стиль саласында қолданылатын сөздер қалай аталады?
А) Бейтарап лексика
В) Сөйлеу тілі лексикасы
С) Кітаби лексика
D) Терминдік лексика
Е) Әдеби тіл нормалары
19. Сөйлеу тілінің қатарына жатпайтын қатарды табыңыз
А) Термин сөздер
В) Қарапайым сөздер
С) Табу, эффемизм
D) Диалект сөздер
Е) Кәсіби сөздер
20. Диалект сөздердің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі−..., екіншісі−...
А) Авторлық реформада, диалогта
В) Авторлық өңдеумен, монологта
С) Авторлық жүйемен, монологта
D) Табиғатты суреттеуде, теңеуде
Е) Саяси лирикада, көркемдеу әдістерінде
21. Түрлі діни наным-сенімдерге, әдет ғұрыптарға байланысты болған жағдайды, хабарды тура айтпай, тұспалдап жеткізетін сөздер қалай аталады?
А) Табу (эффемизм)
В) Кәсіби сөздер
С) Діни сөздер
D) Метафора (метонимия)
Е) Тұрмыстық сөздер
22. Белгілі бір автордың сөз қолдануында бір-ақ рет не өте сирек кездесетін ауыспалы мағына қалай аталады?
А) Контекстік ауыс мағына
В) Жалпы халықтық ауыс мағына
С) Метафоралық ауыс мағына
D) Авторлық ауыс мағына
Е) Метонимиялық ауыс мағына
23. Көп мағыналы сөзді табыңыз
А) Келер күні күн көтеріле бере
В) Бір атқа жүз құбылған, жүзі күйгір
С) Арық атқа қамшы ауыр, терең арық
D) Қорыққа мал түсті, қорқып қалды
Е) Қыс қатты болды, жаны қысылды
24. Контекстік сипаттағы синонимдер қай стильде көбірек жұмсалады?
А) Көркем әдебиет стилі
В) Ауызекі стилі
С) Ғылыми стиль
D) Ғылыми іс-қағаздар стилі
Е) Кітаби жазба стильдер
25. Синонимдер мағыналарының тиянақты-тиянақсыз болып келуіне қарай ... деп екі топқа бөлінеді.
А) Тұрақты синонимдер және контекстік синонимдер
В) Стильдік синонимдер және аралық синонимдер
С) Мағыналық синонимдер және формалық синонимдер
D) Мәндес синонимдер және лексикалық синонимдер
Е) Синтаксистік синонимдер және лексикалық синонидер
26. Белгілі контекске түспей-ақ, жеке тұрғанда да жалпы мағыналары мәндес екенін ажыратуға болатын синонимдер қалай аталады?
А) Тұрақты синонимдер
В) Контекстік синонимдер
С) Стильдік синонимдер
D) Мағыналық синонимдер
Е) Синтаксистік синонимдер
27. Әрқайсысының өзіндік мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада бірдей жалпылама қолданыла беретін мәндес сөздерді... синонимдер деп атаймыз.
А) мағыналық
В) стильдік
С) контекстік
D) синтаксистік
Е) құрамдас
28. Мағына жағынан ұқсас, тең бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің табын ... синонимдер деп атаймыз.
А) стильдік
В) мағыналық
С) контекстік
D) синтаксистік
Е) құрамдас
29. Бір заттың бойындағы ерекшеліктерін, қасиетін басқа бір затқа ұқсатып, балап ауыстырып қолдану арқылы белгілі контексте пайда болатын синонимдер қалай аталады?
А) Контекстік
В) Стильдік
С) Мағыналық
D) Тұрақты
Е) Құрамдас
30. Әр түрлі образға құрылған, бірақ мағынасы бір-біріне жақын тұрақты сөз тіркестері қалай аталады?
А) Фразеологиялық синоним
В) Фразеологиялық тізбек
С) Фразеологиялық оралым
D) Синтаксистік синоним
Е) Фразеологиялық бірлік
31. Кәсіби сипаттағы фразеологизмдерді табыңыз.
А) Ашық сабақ, құлап қалу
В) Темір жол, ауыр өндіріс
С) Өзіндік құн, сегіз аяқ
D) Миын ашыту, тайып тұру
Е) Жел беру, қызыл ауыз
32. Терминдік сипаттағы тұрақты тіркестерді табыңыз.
А) Соқыр ішек, көгілдір отын
В) Соқырға таяқ ұстатқандай
С) Қыпша бел, сүмбіл шам
D) Бел жазбау, тізе бүкпеу
Е) Көз ілмеу, кірпік қақпау
33. Өзгертіліп, авторлық өңдеумен қолданылған тұрақты тіркесті табыңыз.
А) Көңілді көтермесе, кір басады
В) Қаз орғанына семіреді
С) Жаны мұрынының ұшына келді
D) Жүрегі су ете қалды
Е) Зәрем зәр түбіне кетіп, қатты қорықтым
34. Синонимдік қатар құрай алатын қосымшаларды табыңыз.
А) –шыл, -шең
В) –мақ, -мек
С) –лау, -леу
D) –ар, -ған
Е) –ып, -іп, -ды
35. Қазіргі жазба тілде ілік жалғаулы конструкцияға мәндес болып келетін қосымшаны табыңыз.
А) –лық, -лік
В) –ған, -ген
С) –ғалы, -гелі
D) –лы, -лі
Е) –ның -нің
36. Директорлар кеңесінің мәжілісі ... екі рет шақырылады. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.
А) Жылына
В) Жылында
С) Жыл сайын
D) Жыл бойы
Е) Жылға
37. Контекске қарай барыс септігіне синонимдес бола алатын септік жалғауларды табыңыз.
А) Жатыс пен көмектес
В) Жатыс және ілік
С) Шығыс және көмектес
D) Ілік және шығыс
Е) Атау және табыс
38. Морфологиялық құрамы жағынан бір-біріне жақын стильдерді табыңыз
А) Ресми стиль мен ғылыми стиль
В) Ресми стиль мен көркем әдебиет стилі
С) Ғылыми стиль мен публицистикалық стиль
D) Ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилі
Е) Ресми стиль мен публицистикалық стиль
39. Морфологиялық құрамы жағынан бір-біріне жақын стильдерді табыңыз.
А) Публицистикалық стиль мен көркем әдебиет стилі
В) Ресми стиль мен көркем әдебиет стилі
С) Ғылыми стиль мен публицистикалық стиль
D) Ауызекі сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилі
Е) Ресми стиль мен публицистикалық стиль
40. Етістіктің құрамында келіп бейнелі мән туғызатын аффикстер қатарын табыңыз.
А) –би, -ми, -пи, -ти
В) –сымақ, -сыы
С) –лы, -лі, -ды, -ді
D) –лық, -лік, -дық, -дік
Е) –алақ, -елек
41. Тілдегі экспрессивті әдіс-тәсілдерді оқып үйрететін стилистикалық бағытты көрсетіңіз.
А) Безендіруші стилистика
В) Функционалды стилистика
С) Грамматикалық стилистика
D) Синтаксистік синонимдер
Е) Когнитивті лингвистика
42 Қазақ тілінің стилистикасына елеулі еңбек сіңірген ғалымдар қатарын табыңыз.
А) А)Байтұрсынов, М.Балақаев
В) А)Аманжолов, Т.Қордабаев
С) Н.Сауранбаев, А)Ысқақов
D) Қ.Жұбанов, Ш.Сарыбаев
Е) Х.Досмұхамбетұлы, Т.Сайрамбаев
43. Прагмастилистка ғылымының пайда болуына ықпал еткен ғылым салаларын көрсетіңіз.
А) Когнитивті лингвистика, психолингвистика
В) Функционалды грамматика, этнолингвистика
С) Әлеуметтік лингвистика, психолингвистика
D) Статистикалық лингвистика, пейролингвистика
Е) Функционалды грамматика, паралингвистика
44. Стилистиканың жоғары қаблетті тұлға сөз шығармашылығын, тілдің сөйлесім тәжірибесін социум өмірінің заңдарымен байланыстыра отырып, адамның әлемді қабылдау ерекшеліктерінің когнитивтік базасын, ұлттық мәдени стреотипі және дәстүрін стилистикалық амал-тәсілдер арқылы үйретуді қарастыратын саласын табыңыз.
А) Прагмастилистика
В) Функционалды стилистика
С) Грамматикалық стилистика
D) Фоностилистика
Е) Синтаксистік стилистика
45. Стилистикалық категориялардың қатарына жатпайтын категорияны табыңыз.
А) Салт-сабақтылық категория
В) «Автор бейнесі» категориясы
С) Мәтін категориясы
D) Диалогтық категория
Е) Бағалау категориясы
46. Бағалау категориясы ғылыми стильдің қай жанрында жан-жақты көрінеді?
А) Рецензияда
В) Диссертацияда
С) Мақалада
D) Аннотацияда
Е) Рефератта
47. Тарихи тұрғыдан қалыптасқан, сонымен қатар даму заңдылықтарымен жалпы қабылданған тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығы қалай аталады?
А) Стилистикалық норма
В) Стилистикалық бояу
С) Стилистикалық әсер
D) Стилистикалық тапсырма
Е) Стилистикалық мағына
48. Ғылыми стильге ғана тән сөзді байланыстырушы, дәнекерлік қызмет атқаратын сөз оралымдарын табыңыз.
А) Назар аударайық, қорыта айтқанда
В) Отбасы жағдайына байланысты
С) Тағайындалсын, қаулы қабылдансын
D) Өгей өмір, соқтықпалы өмір
Е) Қабылдауыңызды сұраймын, акт бойынша
49. Ресми-іскерлік стильдің жанрына жатпайтын қатарды табыңыз.
А) Публицистикалық
В) Заңнамалық
С) Құқықтық
D) Әкімшілік
Е) Дипломатиялық
50. Публицистикалық стильдің басты қызметі –
А) Ақпараттық қызмет
В) Тергеу қызметі
С) Әкімшілік қызмет
D) Дипломатиялық қызмет
Е) Эстетикалық қызмет
51. Мәтіннің мазмұны мен мағынасы грамматикалық сөйлемдер арқылы байланысқан желілі ұласпалы болады, алайда ол иерархиялық, яғни, негізгі және қосымша элементтерді қамтитын мағыналық құрылымы болады. Ондағы ең басты элемент –
А. тақырып
В. құрылым
С. абзац
D. сөйлем
Е. бөлім
52. Мәтіннің мағыналық тұтастығын қамтамасыз ететін синтаксистік бірлік:
А. синтаксистік қисындылық
В. синтаксистік синонимділік
С. грамматикалық байланыс
D. синтаксистік қатынас
Е. морфологиялық байланыс
53. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы кезеңі –
А. танысу
В. түзету
С. редакциялау
D. жариялау
Е. Үйрету
54. Алғашқы қазақ газетін табыңыз.
А. «Түркістан уалаятының газеті»
В. «Дала уалаятының газеті»
С. «Торғай» газеті
D. «Қазақ» газеті
Е. «Серке» газеті
55. Қазақ тілінің публицистикалық стилі өз бастауын ... алады.
А. XΙX ғ. ΙΙ жартысынан
В. XΙX ғ. Ι жартысынан
С. XX ғ. басынан
D. 1920 ж. бастап
Е. XVΙΙΙ ғ. ΙΙ жартысынан
56. Қимыл атауларының баяндауыштық қызметке жатыс септік формасында қолданылуы қай стильде жиі қолданылады?
А. Публицистикалық стиль
В. Көркем әдебиет стилі
С. Ресми- іскерлік ситль
D. Ғылыми стиль
Е. Ауызекі сөйлеу стилі
57. Лексика-фразеологиялық канцеляризмге жататын сөз тіркесін көрсетіңіз.
А. Төменде қол қоюшылар
В. Сәрсенбінің сәтінде
С. Көгілдір отын, ақ алтын
D. Жұмыс қызу жүріп жатыр
Е. Зерттеу нысаны бола алады
58. Заң тілінде кездесетін стандартты бірліктерді табыңыз.
А. Бас бостандығынан айыру
В. Құнды еңбек болып саналады
С. Жағдай көтермейді
D. Көгілдір отын, ақ алтын
Е. Осы қызметке тағайындалсын
59. Ғылыми стильдегі тән стандартты бірліктерді табыңыз.
А. Құнды еңбек болып табылады
В. Бас бостандығынан айыру
С. Көгілдір отын, ақ алтын
D. Осы қызметке тағайындалсын
Е. Жағдай көтермейді
60. Дыбыстардың стилистикалық ерекшеліктерін зерттейтін стилистика.
А. Фоностилистика
В. Лингвостилистика
С. Функционалды стилистика
D. Грамматикалық стилистика
Е. Лексикалық стилистика
61. Халықтық қазақ публицистикасының негізін калаған ғұлама қаламгер?
А) Ә.Бөкейханов
В) М.Жұмабаев
С) С.Сейфуллин
D) М.Әуезов
Е) С.Мұқанов
62. Үкімет кұжаттарын жариялаудағы БАҚ функциясы дегеніміз не?
А) ұйымдастырушылық
В) атқару
С) баскару
D) насихатшылдық
Е) үгіт
63. Адамзаттың ақпараттык қарым-қатынасында жасаған ірі қадамы?
А) жазуға кағаздың қолданылуы.
В) жазудың пайда болуы
С) баспа ісінің пайда болуы
В) редакциялардың кұрылуы
Е) тастағы таңбалар
64. Халықтың баспасөзді мойындауы қалай көрініс табады?
А) билік арқылы
В) қаржы арқылы
С) отаршыл
D) бизнес аркылы
Е) сенім арқылы
65. «Бұқаралық» газеттер қандай әлеуметтік топтарға арналады
А) сауаты төмен тобырға
В) сауатты топтарға
С) жоғары элитаға
D) зиялы қауымға
Е) мәдениетті адамдарға
66. Ең алғаш қазақ тіл білімінде сауаттылық мәселесін көтерген ғалым?
А) А.Байтұрсынов
B) М.Дулатов
C) Т. Сайрамбаев.
D) М.Жұмабаев
E) М.Балақаев
67. Драмалық шығармада кейіпкер атынан кейін не қойылады?
А) нүкте
B) үтір
C) сызықша
D) дефис
E) көп нүкте
68. Бастауыш пен баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалса, араларына қандай тыныс белгісі қойылады?
А) сызықша
B) леп белгісі
C) үтір
D) дефис
E) қойылмайды
69. Метонимия құбылысын тап
A) Абайды оқыдым
B) мен тарихи шығарма оқыдым
C) шығарма жаздым
D) айлакер адам
E) иманды адам
70. Гректiң "атын өзгерту","қайта ат қою"-деген сөзi бойынша жасалған термин
A) метонимия
B) метафора
C) синекдоха
D) табу
E) диалект
71. Iргелес шектес екi заттың немесе құбылыстың бiр атауға телiнiп,бiрiнiң орнына бiрi алмасып қолданылуы
A) метонимия
B) метафора
C) синекдоха
D) полисемия
E) табу
72. Сөйлемдегi эвфемизм құбылысын тап
A) Талғат сөзуарлау жiгiт
B) таңдайы құрғап шөлдедi
C) ауыл жiгiттерi арпа орды
D) аудан орталығы-Шаяннан оралған кезiм
E) оның аузынан шөп алмайсың
73.Сөздің лексикологиялық негізі
А) Сөздік қор
В) Сөздік құрам
С) Сөз мағынасы
D) Сөз сапасы
Е) әдеби сөз
74. Өлең жолдарындағы поэтикалық метафора құбылысын тап
A) жауға алмас сермейсiң
B) оның есiмi-Алмас
C) "айналды ақ алмастар қорғасынға"
D) мыс,күмiс,қорғасын,алтын,жер майы,алмас,тас көмiр
E) алмас қылыш
75. Сөздiң зат пен құбылысқа тiкелей байланысы
A ) тура мағына
B) тұрақты мағына
C) синтаксистiк шартты мағына
D) ауыспалы мағына
E) тұрақсыз мағына
76. Абстракт мағына сөздiң қай мағынасына сүйене отырып жасалады?
A) нақты мағына
B) ауыспалы мағына
C) көп мағына
D) контекстiк мағына
E) бір мағына
77. Синтаксистік тұлғалар
А) Сөз тіркесі
В) Лексикалық мағына
С) Морфологиялық формалар
D) Грамматикалық ұғымдар
Е) Этимология
78. Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу себебін көрсетіңіз.Оку -менің басты мақсатым.
A) Бастауыш тұйық етістіктен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
B) Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы негізгі зат есім.
C) Бастауыш сілтеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
D) Бастауыш зат есімнен, баяндауыш етістіктен жасалған.
E) Бастауыш сын есімнен, баяндауыш зат есімнен жасалған.
79. Сөйлемнің логика- грамматикалық типтері
А) Зат пен қимыл күйін хабарлайтын сөйлемдер
В) Жақтық мағыналарды білдіретін сөйлемдер
С) Айтылу мақсатын білдіретін сөйлемдер
D) Толымды, толымсыз сөйлемдер
Е) Болымды, болымсыз сөйлемдер
80. Синтаксис салаларының бірі
А) Сөз тіркесі
В) Сөз таптары
С) Сөздердің шығу төркіні
D) Сөз мағыналары
Е) Дыбыстық жүйе
81. Фразалық тіркесті табыңыз.
A) Есіне салу.
B) Кеңседен шықты.
C) Қабырғаңмен кеңес
D) Оқып келе жатыр.
E) Күннің сәулесі.
82. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
A) Емтиханға дайындалдың ба
B) Осының бәрі рас
C) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі
D) Оралым менің, Оралым
E) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады
83. Бұйрықты сөйлемді табыңыз.
A) Өскенбайым, қойсаңызшы!
B) Мұны бастаған кім, ә?
C) Шаршамайды!
D) Япыр-ай, ә!
E) Қап, қу бала!
84. Тілек, өтініш мәнді бұйрықты білдіріп тұрған сөйлемдер
А) Біз барайық!
В) Өшір үніңді!
С) Көп сөзді қайтесің!
D) Жібер деген соң жібер!
Е) Жаманнан без, жақсыдан үлгі ал!
85. Репликалы лепті сөйлемді табыңыз
А) Бүгін келесің бе? Келгенде қандай!
В) Тілеуің құрғыр-ай!
С) Шұға десе, Шұға еді-ау!
D) Ойпырым-ай, таптың ба?
Е) Мектепке бүгін бару керек еді ғой!
86. Толымды сөйлемді табыңыз.
A) Мынау дала келбеті бүгін жадыраңқы.
B) Қырдың таза ауасына денсаулығын нығайтып алғысы келді.
C) Жаз жайлауын, күз күзеуін, қыс қыстауын көргем.
D) Ертеңнен қара кешке дейін асыр салып ойнаймыз.
E) Ендеше, Балғабайдың өз аузынан сөз тыңда.
87. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
A) Жақсы азамат боларсың, ер болып ержетерсің
B) Әлден кейін жұрт аяғының басылғаны.
C) Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды.
D) Абайдың бұған ішек-сілесі қатып еді.
E) Досанның тауға қайтадан барғысы келді.
88. Талғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшелі сөйлемді көрсетіңіз.
A) Сазарған түсінен не көнгендігі, не қарсылығы байқалмады.
B) Бұдан әрі екеуі де бір-біріне үн қатқан жоқ.
C) Толқын біресе жарды сүзіп, біресе қайта буырқанып жатыр екен.
D) Балам көп ойнайды, алайда сабақты жақсы оқып жүр.
E) Ол хатты екі рет оқып шықты, сонда да түк түсінбеді.
89. Сөз тұлғасы мен сөз таптары мәселелерін қарастыратын тіл білімінің саласы
А) Морфология
В) Лексикология
С) Фонетика
D) Синтаксис
Е) Этимология
90. Стилистика грамматика ғылымының морфологиядан бөлек қай саласымен тығыз байланысты
А) Синтаксис
В) Сөзжасам
С) Фонетика
D) Лексикология
Е) Этимология
91. Грамматикалық тұлға, грамматикалық мағына бірліктерінен пайда болатын категория
А) Грамматикалық категория
В) Морфологиялық категория
С) Синтаксистік категория
D) Семантикалық категория
Е) Лексикологиялық категория
92. Бірыңғай туынды сөздер қатары
А) Малшы, оқушы, білім
В) Білім, біл, оқу
С) Малшы, үйден, біліммен
D) Білімге, білімнің, дәптері
Е) Дәптерлер, кітаптар
93. Бірыңғай күрделі сөздер қатары
А) Бүгін, алабота, темір жол
В) Ертең, тас жол, кемпірқосақ
С) Былтыр, биыл, кеше
D) Білім, білік, білімді
Е) Бет орамал, дәптер, қалам
94. Бірыңғай біріккен сөздер қатары
А) Аққу, тасбақа, қаламсап
В) Қарлығаш, белбеу, әкел
С) Бүгін, биыл, қыстыгүні
D) Орынбасар, бастықтың
Е) Кітап, дәптер, қаламсап
95. Газет тілінің аналитикалық жанр түрі.
А) Мақала, репортаж
В) Рецензия, мақала
С) Фельетон, сұхбат
D) Очерк, новелла
Е) Әңгіме, монолог
96. Газет тілінің талдамалы жанр түрі.
А) Мақала, репортаж
В) Фельтон, сұхбат
С) Очерк, хаттар
D) Рецензия, пікір
Е) Ақпараттық шолу
97. Нақты хабарды жеткізуге құрылған публицистикалық стильдің жанры.
А) Мақала
В) Фелетон
С) Очерк
D) Новелла
Е) Хат
98. Тақырыбы мен идеясы айқын беріліп тұрған мәтін тақырыбы
А) «Жас домбырашылардың сайысы өтті»
В) «Қазақстанда алғаш рет...»
С) «Білімі мен білігі сай»
D) «Ел экономикасы хақында министр не дейді?»
Е) Тыныш жүре алмайтын мұғалім
99. Ауызекі сөйлеу стиліне тән сөздер қатары.
А) Диалекті, кәсіби сөздер
В) Термин, неологизм сөздер
С) Архаизм, историзм сөздер
D) Көнерген сөздер, неологизмдер
Е) Бейнелі сөздер, терминдер
100. Ғылыми стильдің жанрлары :
А) Аннотация, рецензия
В) Коммюнике, резюме
С) Хаттама, репортаж
D) Новелла, реализм
Е) Диссертация, новелла
101. Экспрессивті, бағалауыштық қызметі күшті тілдік құралдар жиі қолданылатын стильдің түрі:
А) Көркем әдеби стиль
В) Ресми және іс қағаздар стилі
С) Ғылыми көпшілік стилі
D) Публицистикалық стиль
Е) Диплоатиялық стиль
102. Ауызекі сөйлеу тіліне тән қатарды табыңыз.
А) Нетіп, құрғыр, бәлі
В) Техника, оқулық, оқу
С) Куәгер, сезікті, жауап
D) Айбынды, құрметті, белгілі
Е) Құрымтай қайнау, ақ алтын
103. Публицистикалық стиль қызметі мен қолдану мақсатына қарай төмендегідей негізгі бөліктерге бөлінеді.
А) Саяси үгіттік, ресми идеологиялық, публицистикалық, газеттік
В) Саяси ағартушылық, ресми мемлекеттік, газеттік, тұрмыстық
С) Саяси шығармашылық, ресми қатынастық, публицистік, әлеуметтік
D) Саяси әлеуметтік, ресми ақпараттық, мемлекеттік, мемлекеттік емес
Е) Саяси әлеуметтік, ресми көпшілік, мемлекеттік, газеттік
104. Публицистикалық стиль жанрларын көрсетіңіз
А) Ақпараттық хабар, очерк, памфлет
В) Ақпараттық келісім, новелла, поэзия
С) Халықаралық шолу, коммюнике, ноте
D) Танымдық хабар, проза, романтизм
Е) Ғылыми көпшілік мақала, коммюнике
105. Ғылыми стиль мен ресми стильді аса сирек, кейде тіпті мүлдем кездеспейтін морфологиялық тұлғаны табыңыз.
А) Шырай категориясы
В) Рай категориясы
С) Шақ категориясы
D) Жақ категориясы
Е) Септік категориясы
106. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа. Адам ойы түрленіп ауған шақта. Асты сызылған сөздің қолданылуы.
А) Метафора
В) Метонимия
С) Синекдоха
D) Шендестіру
Е) Эпитет
107. Метафора қолданылу сипатына қарай екі түрге бөлінеді:
А) Тілдік және поэтикалық
В) Стильдік және көркемдік
С) Авторлық және кітаптық
D) Әдеби және диалектологиялық
Е) Негізгі және қосымша
108. Күн көзінің алтын кірпіктері аласа үйлерден асып, биік үйлердің терезелерін шам жаққандай жарқырата бастады. (Ғ.Мүсірепов). Асты сызылған сөздің бойындағы көптік жалғаудың қызметін табыңыз.
А) Жансыз затты жанды затқа айналдырып тұр
В) Бір заттың бірнеше адамға ортақтығын көрсетеді
С) Кірпіктері сөзінің көптігін білдіріп тұр
D) Сөзге логикалық екпін түсіріп, оны даралап тұр
Е) Шамамен алғандағы мөлшерді, мерзімді білдіріп тұр
109. Зат есімнің ренк мәнін тудыратын қосымшаларды табыңыз
А) –тай, -ке, -жан
В) –лау, -леу, -дау
С) –лық, -лік, -дық
D) –ық, -ік, -қ, -к
Е) –ар, -ер, -р, с
110. Ауызекі сөйлеу тілінде ғана қолданылатын есімдікті табыңыз.
А) Біреу-міреу
В) Бірқатар, осы
С) Қайсыбір, қай
D) Барлық, барша
Е) Бірнеше, біреу
111. Экспрессивті мағынаны білдіріп тұрған баяндауышты табыңыз
А) Өлеңім – оқ , ол алдымда мен де жаудан шегінбен
В) Мен шындықты ғана айтамын
С) Ауыл шауып, жылқыға тиіп, тұрысатын жерін айтсын
D) Жолдастар, жауынгерлер мен командирлер
Е) Астына мініп ақ атты, қолына алды болатты
112. Өзгеше бір күй кең даланы күнірене шайқай береді, шайқай береді. Экспрессивтілік тудырып тұрған тәсіл.
А) Баяндауыштың қайталануы
В) Бастауыштың қайталануы
С) Бірыңғай мүшенің қайталануы
D) Толықтауыштың қайталануы
Е) Есімшенің қайталануы.
113. Тіл мәдениетінің тірегі − ...
А) Әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері
В) Грамматикалық нормалар мен дыбыстық жүйелері
С) Орфографиялық нормалар мен тілдік жүйелер
D) Орфоэпиялық нормалар мен диалектология
Е) Лексикалық нормалар мен тілдің құрылымдық жүйесі
114. Профессор М.Балақаев тіл мәдениетінің неше түрін көрсетеді ?
А) 2
В) 3
С) 4
D) 5
Е) 6
115. Тіл мәдениетінің басты талабының бірі − ...
А) Тілдік нормаларды қалыптастыру
В) Грамматикалық нормаларды сұрыптау
С) Орфографиялық ережелерді нақтылау
D) Орфоэпиялық нормаларды жаттатқызу
Е) Стилистикалық нормадан ауытқушылық
116. Әдеби нормадан ауытқудың жолдары − ...
А) Жөнімен және жөнсіз ауытқу
В) Толымды және толымсыз ауытқу
С) Қисынды және қисынсыз ауытқу
D) Болымды және болымсыз ауытқу
Е) Мақсатты және мақсатсыз ауытқу
117. Тілдік норма ...
А) Тілдің өн бойында болады.
В) Сөйлеуде ғана болады
С) Грамматикада ғана болады
D) Жазуда ғана болады
Е) Орфоэпияда ғана болады
118. Әдеби норманы белгілі мақсатпен, стильдік өңі болғандықтан өзгертіп қолдану −
А) Жөнімен ауытқу болады
В) Қисынды ауытқу болады
С) Пайдалы ауытқу болады
D) Мақсатты ауытқу болады
Е) Ретімен ауытқу болады
119. Профессор М.Балақаев қазақтың әдеби тілін нормалаудың «неше» түрлі жолын көрсетеді ?
А) 3
В) 2
С) 4
D) 5
Е) 7
120. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер қатарын табыңыз.
А) Диалектизмдер, кәсіби сөздер
В) Синонимдер, термин сөздер
С) Омонимдер, модель сөздер
D) Антонимдер, көмекші сөздер
Е) Паронимдер, қарапайым сөздер
121. Диалекті сөздер қатарын табыңыздар
А) Рәуішті, шаттауық
В) Жаңғақ, барлығы
С) Тақия, дөңгелек
D) Әңгелек, көшет
Е) Жоспар, жұмысшы
122. Сөздердің жалпыға бірдей, қалыпты айтылу нормасын −
А) Орфоэпия дейміз
В) Орфография дейміз
С) Стилистика дейміз
D) Грамматика дейміз
Е) Сөйлеу тілі дейміз
123. «Қазақ тілінің мәдениеті» атты кітаптың (1971 ж. ) авторы кім ?
А) М.Балақаев
В) М.Серғалиев
С) Н.Уәлиев
D) Р.Сыздықова
Е) Ө.Айтбаева
124. Әдеби тілдің стильдеріне жатпайтын қатарды табыңыз.
А) Тұрмыстық қатынас стилі
В) Ғылыми стиль
С) Публицистикалық стиль
D) Көркем әдеби стиль
Е) Сөйлеу тілі стилі
125. Жазудың бірізді тәсілдерін белгілейтін ережелер жиынтығы −
А) Орфография
В) Орфоэпия
С) Грамматика
D) Графика
Е) Пиктография
126. Көптеген тілдердегі емле заңдарына негіз болатын қағидаттарға жатпайтын қатарды табыңыз.
А) Синтаксистік қағидат
В) Фонематикалық қағидат
С) Фонетикалық қағидат
D) Морфологиялық қағидат
Е) Тарихи дәстүрлік қағидат
127. Фонематикалық қағидаттың анықтамасын көрсетіңіз
А) Дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмейді
В) Сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, айтылуынша жазылады
С) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады
D) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, айтылу ережесіне де сай келмей сөздердің бір кездегі қалыптасқан жазу түрі
Е) Дыбыстық құрылымы ұқсас сөздерді шартты түрде ажыратуда қолданылады
128. Сөздің коммуникативтік сапасын көрсететін белгілер қатарын көрсетіңіз
А) Сөз дұрыстығы, сөз байлығы, сөз тазалығы, сөз әдебі
В) Сөз тіркесі, сөздің ауыспалы мағынасы, тұрақты тіркес
С) Терминдер, ғылыми лексика, сөз варианттары
D) Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, қанатты сөздер
Е) Сөздің меңгерілуі, сөздің матасуы, сөздің қабысуы
129. Айтылу нормасына сай берілген қатарды табыңыз.
А) Құлұн, жүрөк
В) Құлұн, жұмысшы
С) Ауызша, тәжірибе
D) Сөзшең, ауызша
Е) Жапырақ, тұнба
130. Сөйлеудегі сөздердің құбылыстық болмысын, қасиетін анық көрсетіп, сол сөздің тілдегі мағынасымен толық сәйкес келуі ... деп аталады.
А) дәлдік
В) дұрыстық
С) логикалық
D) қисындылық
Е) тазалық
131. Бір-бірімен байланысты мәтіндердің логикалылығын сақтаудың неше шарты бар?
А) 4
В) 5
С) 3
D) 6
Е) 2
132. Сөйлеу қисындылығына жатпайтын қатарды табыңыз
А) Сөйлеудің тілдік қисындылығы
В) Сөйлеудің стильдік қисындылығы
С) Сөйлеудің контекстік қисындылығы
D) Сөйлеудің жағдайлық қисындылығы
Е) Сөйлеудің жеке-психологиялық қисындылығы
133. Фонетикалық қағидаттың анықтамасын көрсетіңіз
А) Сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, айтылуынша жазылады
В) Дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмейді
С) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады
D) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, айтылу ережесіне де сай келмей сөздердің бір кездегі қалыптасқан жазу түрі
Е) Дыбыстық құрылымы ұқсас сөздерді шартты түрде ажыратуда қолданылады
134. Морфологиялық қағидаттың анықтамасы.
А) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, айтылу ережесіне де сай келмей сөздердің бір кездегі қалыптасқан жазу түрі
В) Дыбыстардың бір сөз ішіндегі әсерлері ескерілмейді
С) Сөз бөлшектері айтылуынша жазылады
D) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады
Е) Дыбыстық құрылымы ұқсас сөздерді шартты түрде ажыратуда, айтылуын, түбір тұлғаларын сақтап жазуда қолданылады
135. Тарихи-дәстүрлік қағидат.
А) Сөз бөлшектерінің дыбыстық өзгеріске ұшырауы есепке алынып, айтылуынша жазылады
В) Дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне тигізетін әсерлері ескерілмейді
С) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғалары сақталып жазылады
D) Сөз бөлшектерінің түбір тұлғасын сақтау ережесіне де, айтылу ережесіне де сай келмей сөздердің бір кездегі қалыптасқан жазу түрі
Е) Дыбыстық құрылымы ұқсас сөздерді шартты түрде ажыратуда қолданылады
136. Бірге жазылатын сөздер тобын көрсетіңіз.
А) Ғылым мен техника саласында терминге айналған күрделі атаулар
В) Түрлі құрамда кездесетін күрделі етістіктер
С) Күрделі сан есім: екі мың оныншы
D) Күрделі сын есімдер: қызыл сары, ала, қызыл күрең,қара ала қасқа ат
Е) Есімшелі сөз тіркестері: оқыған білер әр істі
137. Тіліміздегі варианттарды жалғап, таңдап қолдануға ырық бермей, тіл тәжірибесінде сыннан өтіп, жұртшылық таныған түрін ғана қолдануға болады. Бұл − әдеби тілдің ...
А) Қатаң нормасы
В) Босаң нормасы
С) Жөнсіз нормасы
D) Дұрыс нормасы
Е) Дәлдік нормасы
138. Кейде тілдегі сан алуан варианттарды талғап- таңдауда аса қатаң талап қойылмайды. Бұл – әдеби тілдің ...
А) Босаң нормасы
В) Жөнсіз нормасы
С) Қатаң нормасы
D) Еркін нормасы
Е) Ауызша нормасы
139. Орынды қолданылған тіркесті көрсетіңіз
А) Картоп өсіруші
В) Қызылша өсіруші
С) Сүт сауушылар
D) Мал өсірушілер
Е) Жылқы өсірушілер
140. Орынсыз қолданылған тіркесті табыңыз
А) Қызылша өсірушілер
В) Картоп өсірушілер
С) Пияз егушілер
D) Сәбіз егушілер
Е) Қызанақ егушілер
141. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
А) Дүниеқор
В) Дүние қор
С) Дүниеғор
D) Дүние ғор
Е) Дүнияқор
142. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
А) Көзқарас
В) Көзғарас
С) Көз қарас
D) Көз-қарас
Е) Көз ғарас
143. Орфоэпиялық нормаға сай жазылған сөзді табыңыз.
А) Құбұжұқ
В) Өйткенү
С) Өзін- өзү
D) Өзендерден
Е) Көркемдеген
144. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясында қанша сөз қолданған?
А) 16983
В) 15000
С) 14583
D) 21294
Е) 18341
145. Қазақ тілінің мәдениетін зерттеушілер қатарын көрсетіңіз.
А) М.Балақаев, Р.Сыздықова, Н.Уәлиев
В) У.Кеңесбаев, С)Жиенбаев, Қ.Жұбанов
С) Ө.Айтбаев, Қ.Есенов, Т.Қордабаев
D) С)Аманжолов, Ш.Сарыбаев, Ш.Құрманбайұлы
Е) Т.Сайрамбаев, З.Қабдолов, А)Ысқақов
146. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.
А) Тал түсте төбесіне ат ойнатты
В) Дүниеде одан өткен ат құмар адам жоқ
С) Әскерлер жаттығу жасап, ат ойнатып жатыр
Д) Ауыл ат бәйгесіне дайындалуда
Е) Ауыл ат соқамен жер жыртқан
147. «Ашық» сөзінің ауыспалы мағынада қолданылып тұрған қатарын көрсетіңіз.
А) Ашық мінез
В) Ашық терезе
С) Ашық жер
Д) Ашық бөлме
Е) Ашық есік
148. Дұрыс қолданылмаған тіркесті табыңыз.
А) Қой басын өркендету
В) Қой шаруашылығын өркендету
С) Мал шаруашылығын өркендету
Д) Мал басын көбейту
Е) Қой шаруашылығымен айналысу.
149. Жазба әдебиет арқылы жүйелі қалыпқа түскен, стильдік тармақтары бар, қоғамдық қызметі әр алуан тіл ... деп аталады.
А) әдеби тіл
В) жазба тіл
С) жүйелі тіл
Д) көркем тіл
Е) әдебиет тілі
150. Әдеби тілдің стильдік тармақтары қаншау?
А) Бесеу
В) Алтау
С) Үшеу
Д) Жетеу
Е) Біреу
