- •Тақырыбы. Патопсихология және психопатия түрлері
- •1. Патопсихология дамуының қысқаша тарихы.Психиатрия, неврология
- •2. Патопсихологиялық зерттеу құрлымының (құрудың) принциптері.
- •2.Сандық өлшеу әдісі.
- •1Агнозия:
- •2.Деменциядағы псевдоагнозия
- •6. Ақыл-ой қабілетінің бұзылуы
- •1.Ақыл-есі бұзылған адамдардың психикалық ауытқулары .
- •3.Ақыл-ойы кем жеткіншектердің даму мәселесі.
- •7. Көру қабілетінің мотовациялық компонентінің бұзылуы.
- •2.Т.Фиткин ұсынған бағыттары.
- •10. Интеллектісі бұзылған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері.
- •2.Ақыл есі кем балаларды отандық тәрбиелеу мен білім беру жүйесі .
- •12.Қояншық
- •1.Балалар қояншығы
- •2.Емдеу жолдары және алдын алу
- •14. Сананың бұзылуы
- •1. Псевдодеменция.
- •2. Деперсонализация.
- •15.Тұтығуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылысының себептері мен теориялық жағдайы.
- •1.Психикалық-педагогикалық зерттеулердегі тұтығуы бар балалар мәселелерінің теориялық аспектілері.
- •2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалардың клиникалық сипаттамасы.
- •2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалардың клиникалық сипаттамасы
10. Интеллектісі бұзылған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері.
1. Интеллектісі бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу .
Балаларды оқыту және тәрбиелеу барысында жүргізілетін жұмыстар.
2.Ақыл есі кем балаларды отандық тәрбиелеу мен білім беру жүйесі .
Ақыл есі кем балаларды отандық тәрбиелеу мен білім беру жүйесіндегі Л. С. Выготскийдің еңбектері.
Қазіргі кездегі зерттеушілер оқыту және тәрбие процестерінің бөлінбейтіндігіне, яғни оқыту-тәрбиелеу жұмысының бірлігіне көңіл аударуда. Баланы тәрбиелеу оның әрекетінің дамуымен (ойын, еңбек, оқу сабақтар немесе басқа да тәжірибелік әрекеттер) өте тығыз байланысты.
Балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмысы қалыпты жағдайда жүйелілік негізінде, бірізділік пен белгілі бір концентрлік негізінде құрылады, бұл оларды бірізділікпен жеңілінен күрделіге қарай, қоршаған заттар мен жағдайлармен тікелей танысудан арақатынас пен маңызды қасиеттердің бөлінуіне, қоршаған орта туралы көріністерін талдап қорытуды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Барлық осы жағдайлар ақыл есі кем балалармен жүргізілетін жұмыс кезінде де өзінің мәнін сақтайды. Ақыл есі бұзылған тұлғаларға тұрақты, дамымайтын бұзылысы бар, көбіне таным процестері бұзылған тұлғалар жатады, ол бас ми қыртысының органикалық зақымдалуы арқасында пайда болады және ол диффузды мінез-құлықты иеленеді.
Ақыл есі кемдік жағдайында дефектке тән ерекшелік, бұл жоғарғы психикалық функциялардың бұзылысы – мінез-құлық пен іс-әрекеттің көрінісі мен регуляциясы болып табылады. Бұлар таным процестері бұзылған кезде байқалады (түйсік, қабылдау, ес, ойлау, елестету, сөйлеу, назар аудару), эмоционалды-ерік сферасы, моторика, тұлға толығымен бұзылады.
Ақыл есі кем балалармен жұмыс жүргізген кезде ең алдымен мақсатты бағытталған түзете оқытуда интеллектісі бұзылған балада үлкен потенциалды даму мүмкіндіктері иелентіндігін ескеру қажет. Неғұрлым мақсаттыбағытталған түзету-тәрбиелік жұмыс ерте басталса, соғұрлым интеллектісі бұзылған балалардың дамуында орын толтыру мен түзету толық болады.
Ерте балалық жастағы және мектепке дейінгі кедегі интеллектісі бұзылған балалардың даму мүмкіндіктері жүйке жүйесінің иімділігімен тығыз байланысты.
Мақсатты бағытталған оқыту қалыпты балаларға қарағанда мүмкіндігі шектеулі баланың қоршаған заттар мен әлеуметтік өмір туралы түсініктері, қарым-қатынас мүмкіндіктері, алған тәжірибені талдау мен өз бетінше анализдеу мүмкіндіктері едәуір төмен болғандықтан, оларға үлкен роль ойнайды.
Барлық түзету жұмысы орталық жүйке жүйесінің зақымының сақталған функциясына сүйенеді.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмысын құру үшін біріншілік бұзылыстың салдарынан екіншілік ауытқушылықтың пайда болғанымен анықталатын бұзылыс құрылымын ескеру қажет. Бұзылыстың құрылымын дұрыс анықтау түзету жұмысы ұйымында индивидуалды үйлесім табуына көмектеседі.
Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі интеллектісі бұзылған балаларды түзетуге көмек көрсетуінің кең таралған түрі олардың арнайы мектепке дейінгі мекемелерде (түзету) оқытылуы мен тәрбиеленуі болып табылады. Біздің елімізде қазіргі кездегі түзету педагогикасындағы зерттеулер дамуындағы ауытқушылықты ерте жастан бастап медициналық-психологиялық-педагогикалық түзетуге сүйенеді, ол дамудың түзету және диагностика бірлігіне, ғылымилық принципіне негізделетін тәрбиенің отбасылық-қоғамдық үйлесімділігімен байланысты.
Ерте кездегі түзету жұмысында отбасылық-қоғамдық үйлесімділікті қолданған кезінде маман-дефектологтың психологиялық-педагогикалық ықпалы арқылы баланы тәрбиелеуде отбасы маңызды роль атқарады. Интеллектісі бұзылған балаларды алдағы уақытта оқыту мен тәрбиелеу мектепке дейінгі арнайы мекемелерде жүргізілуі қажет. Осы арқылы баласының оқыту және тәрбиелеу процесіне ата-анасын белсенді атсалыстыру қажет.
Қазіргі уақыттағы үйлесімділікте жетекші әрекеттің кезеңдері туралы заң ескеріледі, ол бір жағынан, жаңа қажеттіліктерсіз әрекеттің жаңа әдістері мен жоғарғы интеллектуалдық мүмкіндіктердің пайда болуы мүмкін емес және екінші жағынан, интеллект белгілі бір деңгейге көтерілмейінше, жаңа қажеттіліктер пайда бола алмайды (Д. Б. Эльконин, 1995).
Мектепке дейінгі жастағы приоритеттік назар аудару бала өмірінің алғашқы жылдары оның тұлғалық, интенсивті физикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық дамуының кезеңдері болуымен байланысты.
Мамандар көрсеткендей туылғаннан бастап мектеп жасына дейінгі кезең оны адамдық қасиеттері мен саналарын қалыптастыру жасы болып табылады. Бұл кезеңнің ерекшелігі, басқа даму этаптарына қарағанда кез-келген арнайы білім мен дағдыны, сондай-ақ әртүрлі іс-әрекет түрлерін игеру үшін фундамент ретінде жалпы дамуды қамтамасыз етеді. Бұл кезде тек баланың мінез-құлқын айқындайтын бала психикасының қасиеті мен сапасы және оның қоршаған ортаға қарым-қатынасы қалыптасып қана қоймай, сондай-ақ жаңа пайда болған психологиялық түрі де көрінеді. Әр белгілі бір жас өзінің дамуына үлес қосады және таным мен мотивационды сферада психологияның жаңа түрлерінің пайда болуы үшін ерекше шарт құрады. Баланың жасына спецификалық түрде сапалардың бүкіл әлемдік дамуы мен қолдау көрсету өте маңызды орын алады.
Отандық мектепке дейінгі педагогика, түзету және жалпы педагогика сияқты әйгілі психолог және педаггогтардың теория жағдайларына негізделеді (П. П. Блонский, Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, А. Н. Леонтьев, А. А. Люблинская, А. П. Усова, Д. Б. Эльконин және т.б.), олар оқыту мен тәрбиелеу бала дамуының шешуші факторы болатындығын көрсетті.
Дамуында ауытқушылығы бар балалармен түзету-тәрбиелік жұмысқа үйлесімділікті анықтау үшін маңызды жағдай бала дамуының сапалануы туралы мектепке дейінгі педагогиканың концепциясы болып табылады, ол әрбір жасерекшелік кезеңнің спецификасының шарттары толық қолдану қажеттілігін қарастырады (А. В. Запорожец, Л. А. Венгер, В. П. Зинченко, Н. Н. Поддьяков және т.б.).
Баланы оқыту мен тәрбиелеу процесі әртүрлі жасерекшелік кезеңдерде айрықшаланады. Олардың әрқайсысына белгілі бір жетекші әрекет пен айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасы тән (В. В. Давыдов, М. И. Лисина, Д. И. Фельдштейн, д. Б. Эльконин және т.б.).
Сонымен қатар, қазіргі кездегі үйлесімділіктің негізгі бағдары баланың айналадағы адамдармен қарым-қатынасы процесінде тұлғасының қалыптасуы туралы жағдай болып саналады. Оның қалыптасуының сәттілігі бала дамуының әлеуметтік жағдайына байланысты, екі негізгі қоғамның әлеуметтік институты – отбасында және мектепке дейінгі мекемелерде баланың ересектер мен құрдастарымен қарым-қатынас жүйесі (М. И. Лисина, Т. А. Репина, А. Г. Рузская, Е. О. Смирнова және т.б.).
Тәрбиелік – білім беру процесі бала дамуының негізгі психо-физикалық заңдылықтары мен индивидуалды ерекшеліктерін ескеретін ғылыми бағдарламаға сүйенеді. Баланы тәрбиелеуде және білім беруде тек индивидуалды және жасерекшелік жақындықтың бірігуі ғана олардың эмоционалды сәтті және толық психикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Осымен бірге, әрбір баланың тұлғалық және жан-жақты даму қабілеті, білімді, іскерлікті, дағдыны игеру оның мектептегі оқуға психологиялық дайындығын қамтамасыз ету қажет.
Барлық осы жағдайлар дамуында ауытқушылығы бар мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жайында сөз қозғағанда одан да кең маңызды мағынаға ие болады.
Л. С. Выготский өзінің еңбектерінде баланың дамуында биологиялық және әлеуметтік бірлігінің бар екендігін көрсетті. Адам миынсыз, адамдықң биологиялық алғы шарттсыз психиканың дамуы мүмкін емес. Сонымен бірге психикалық даму айналадағы адамдардың ортасынсыз мүмкін бола алмайды.
Баланың дамуы қалай жүреді? Даму баланың қоғамдық тәжірибені иелену жолымен жүреді. Әрбір жасерекшелік кезеңде қоғамдық тәжірибені иелену өз бетінше жүріп отырады, ол биологиялық жетілу деңгейімен анықталады. Сонымен, биологиялық және әлеуметтік үйлесім өзгеріп, жаңа қарым-қатынасқа түседі, ол физикалық және клиникалық даму деңгейінің үйлесімділігінде көрінеді. Баланың физикалық және клиникалық дамуы бірге жүреді, алайда ол әрбір баланың физикалық және клиникалық даму деңгейі сәйкес келетіндігін білдірмейді. Мысалы, 1,5 жастағы бала физикалық жағынан қалыпты дамиды, жақсы жүреді, ойыншықтармен ойнайды, бірақ элементарлы сөйлеу тілін игере алмайды. Ол уақытта сөйлеу тілін игеру әбден мүмкін болуы керек.
Ақыл есі кем балаларды отандық тәрбиелеу мен білім беру жүйесі Л. С. Выготскийдің келесі жағдайларына сүйенеді: біріншілік және екіншілік бұзылыстың нәтижесінде пайда болған дефектінің күрделі құрылымы туралы; қалыпты және аномальды баланың жалпы даму заңдылықтары жайында; аномальды дамуды түзету мен орнын толтыру тек дамытып оқыту процесінде, сензитивті кезеңдерді максималды түрде қолдану кезінде жүзеге асуы мүмкін. Аномальды дамуды түзету мен орнын толтыру стихиялы түрде жүрмейді. Интеллектісі бұзылған бала қалыпты дамыған балаға қарағанда жан-жақты жүйелі педагогикалық ықпалды қажет етеді. Оқыту және тәрбиелеу қандай принциптерде ұйымдастырылуы қажет? Алдымен оқыту қалыпты және аномальды баланың жалпы даму тенденциясын ескеру қажет, яғни интеллектісі бұзылған бала онтогенетикалық дамудың барлық сатысынан өту керек. Алайда, ақыл есі кем баланың даму темпі қалыпты дамыған балаға қарағанда басқа. Бұдан басқа интеллектісі бұзылған балада белгілі бір мүмкіндіктерінің қалыптасуы өзінің қалыпты құрдастарына қарағанда басқа амал-тәсілдермен іске асырылады. Интеллектісі бұзылған бала мен қалыпты баланың жасерекшелік дамуының әр кезеңі максималды түрде қалыпқа жақындауына тырысу қажет.
Ақыл есі кем балаларды оқыту кезінде психикалық әрекет дамуының генетикалық даму принципін, соның ішінде танымдық және тәжірибелік принципін ескеру керек.
Түзету жұмысының келесі маңызды принципі оқытуды дамытушы түрі болып саналады. Дамытып оқыту жастың ерекшелігі сияқты, бұзылыс құрылымының ерекшеліктерін ескереді. Ол түзету-тәрбиелік жұмыстың ерте кезден бастау мүмкіндігіне, даму темпін жылдамдатуға және дамудағы ауытқушылықты алдын алуға бағытталуы қажет. Оқыту баланың жақын даму аймағын ескерген жағдайда ғана дамыта алады. Жақын даму аймағы дегеніміз не және ол оқыту мен тәрбиелеуде қалай қолданылады? Жақын даму аймағы бала өз бетінше орындай алмайтын, тек ересек адамның көмегімен орындайтын, баланың потенциалды мүмкіндіктерін білдіреді.
Жақын даму аймағын дұрыс қолданғандағы мысалға мектепке дейінгі арнайы мекемеге жаңадан түскен интеллектісі бұзылған балаға жуыну дағдысын қалыптастыру жатады. Ол, ереже бойынша, жуына алмайды және тіпті үлкендерге еліктеп те өз бетінше үйрене алмайды. Алайда, олардың даму ерекшеліктерін есепке ала отырып оқытуды арнайы ұйымдастыру кезінде бала бұл дағдыны тез және дұрыс игеріп кетеді. Осымен бірге басқа да күрделі дағдыларды игеруге дайындығы құрылады, яғни жақын даму аймағы кеңейеді.
Дамытып оқыту сондай-ақ дамудың сензитивті кезеңімен тығыз байланысты. Л. С. Выготский баланың дамуында берілген процесс, берілген функция жылдам және толық қалыптасатын кезеңдері бар екендігін көрсетті. Бұл кезеңдерді ол сензитивті деп атады, яғни белгілі бір функцияның, процестің, әрекеттің дамуына сезімтал болып келеді. Сонымен, мысалы, қалыпты дамыған баланың сөйлеу дамуы үшін сензитивті кезең бұл 1 жастан 3 жас аралығы. Егер де бұл кезеңде сөйлеу дамымаса, оның қалыптасуы алдағы уақытта маңызды қиыншылықтармен жүргізіліп, және ол арнайы оқытуды талап етеді.
