- •Тақырыбы. Патопсихология және психопатия түрлері
- •1. Патопсихология дамуының қысқаша тарихы.Психиатрия, неврология
- •2. Патопсихологиялық зерттеу құрлымының (құрудың) принциптері.
- •2.Сандық өлшеу әдісі.
- •1Агнозия:
- •2.Деменциядағы псевдоагнозия
- •6. Ақыл-ой қабілетінің бұзылуы
- •1.Ақыл-есі бұзылған адамдардың психикалық ауытқулары .
- •3.Ақыл-ойы кем жеткіншектердің даму мәселесі.
- •7. Көру қабілетінің мотовациялық компонентінің бұзылуы.
- •2.Т.Фиткин ұсынған бағыттары.
- •10. Интеллектісі бұзылған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері.
- •2.Ақыл есі кем балаларды отандық тәрбиелеу мен білім беру жүйесі .
- •12.Қояншық
- •1.Балалар қояншығы
- •2.Емдеу жолдары және алдын алу
- •14. Сананың бұзылуы
- •1. Псевдодеменция.
- •2. Деперсонализация.
- •15.Тұтығуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылысының себептері мен теориялық жағдайы.
- •1.Психикалық-педагогикалық зерттеулердегі тұтығуы бар балалар мәселелерінің теориялық аспектілері.
- •2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалардың клиникалық сипаттамасы.
- •2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалардың клиникалық сипаттамасы
6. Ақыл-ой қабілетінің бұзылуы
1.Ақыл-есі бұзылған адамдардың психикалық ауытқулары .
Ақыл-ой қабілетінің бұзылуының бірнеше көріністері.
2.Ақыл-ой кем балалар мен жеткіншектердің өзін-өзі бағалауы. Ақыл-ой кем балалар мен жеткіншектердің өзін-өзі бағалау деңгейінің даму факторлары.
3.Ақыл-ойы кем жеткіншектердің даму мәселесі.
Жеткіншектерде психикалық аурулардың туындау себебі.
Ақыл-есі бұзылған адамдардың психикалық ауытқулары әлтүрлі болады. Психалогиялық зеріттеулердегі көбіне анализделетін таным процестері (әсіресе ойлау), ал жеке тұлғалық өзгерістерге аз ғана мөлшерде көңіл бөледі.
Бірақ психиканың танымдық және жеке тұлғалық аймақтарды анализдеу жеткілікті емес. Психиканың бұзылуының барлық түрлерін таным процестерінің жүйелерінің бұзылуына ғана сәйкестендіру қателік.
Аурулардың қатарында психологиялық эксперимент ұғымдардың, түсініктердің жүйесінің бұзылуын анықтамады; аурулар синтездеуді, жалпылауды, ассоциялауды талап ететін тапсырмаларды ойластырып, сонымен қатар аурулардың эксперимент жағдайына қарым-қатынасы өзгермеді. Сонымен бірге аурулар нақты жұмыста дұрыс әрекет етуды ұзақ уақыт сақтай алмады, қателіктер жіберді. Мұндай жағдайда аурулардын ақыл-ой қабілетінің бұзылғандығы жайлы сөз қозғауға болады.
Кең ауқымда бұл проблеманы зерттеуде Институт психолгтарының зерттеулерінде қарастырылған. Оралардың зерттеулерінде аурулардың еңбекке деген қабілетіне байланысты көптегенфакторларды анықтау. 1936 жылы В.М. Коганның пікірінше, аурулардың еңбек етуге деген қабілетінің төмендеуіне әсер ететін фактор болып, зейін көлемінің азаюы, әртүрлі сыртқы әсер етулерді бірдей аңғара алмау саналады. Бірақта аурулардың бір ана іс-әрекетті орындауға қажет дағдылар мен икемділіктерді сақтап қалған. Бұл факт зерттеулердің жаңа ерекше эксперименттік тәсілдерін іздестіруге негіз болады.
Іс-әрекет етуге қабілеттіліктің бұзылуына Э.А.Коробкованың зерттеулері арналған. өз зерттеулерінде ол әрекет ету қабілеттері ұзақ уақытты жүйеленген қоғамға пайдалы іс-әрекет деп көрсетіп, іс-әрекет қабілетінің бұзылуының көріністерінің классификациясын көрсетті: мақсаттылықтың бұзылуы, еркін іс-әрекет етудің, күш жұмысаудың көлемі мен реттелуінің және іс-қимыл динамикасының бұзылуы.
Біз іс-әрекетке қабілеттілікті кең ауқымда емес, тек қана ақыл-ой қабілетінің бұзылуына тоқталып өтеміз. Өткен өмірдегі дағды мен икемділіктері, интеллектуалдық операциялады сақталып қалады, сонда да ауру ойлау қабілетін және ұзақ күш жұмсауды талап ететін іс-әрекеттерді орындай алмайды.
Ақыл-ой қабілетінің бұзылуы бірнеше көріністерде көрініп және жеке процестердің (есте сақтау, зейіннің ауысуы) бұзылуынан көрінеді. Егер мұндай ауруларға 10 сөзді қатарынан жаттауды ұсынып және оларды қисық түрінде көрсетудің сұрасаң, соңғы әрекет оларда қиындық туғызады.
Ұқсас көрсеткіштер ауруларды Крепелин бойынша зерттеулерінде алынған. Қателер санының қисығы да сынықтар түрінде болды да, өнімділіктің үзілмелі және лабильді екенін көрсетеді.
Мұндай толқулар ауыр түріндегі психикалық ауытқуларды зерттеуде сонымен қатар сенсомоторлық реакциялардың темпін зерттеуде қолданады.
Г.М.Дульнев өзінің зерттеулерінде аса бір жоғарғы немесе керісінше ақыл-ой кем балалармен жеткіншектердің іс-әрекеттерінің төменгі деңгейін және эмоционалды-ерікті компоненттерінің алғашқы жіктеусіз деңгейң дамуындағы мағыналығының төмендеуін түсіндіріп өтеді. Сонымен қатар, талаптану мен өзін-өзі бағалау деңгейі арасындағы айырмашылықтың жоқтығын көрсетті.
В.Л.Варянин ақыл-ой кем балалар мен жеткіншектердің өзін-өзі бағалауын өзі қарым-қатынас жүйесінде қарастырады. В.Л.Варянин өзін-өзі бағалау деңгейінің келесі даму факторларына нұсқау көрсетеді:
балаларды оқытудың әр кезеңіндегіәрекеттеріндегі сапалы айырмашылық болуына;
жасына;
ақыл-ойының дамуына;
ұжымдық тәрбие деңгейіне;
оның ұзақ мерзімді болуына;
ұжымдық мүшелерінің тұлғалық сапаларына.
Осы зерттеуді жүргізу арқылы, ақыл-ойы кем оқушылардың өзін-өзі бағалауын дамытуды 4 деңгейге бөлуге болатындығы анықтады: 1-3 сыныптарда – балалар негізінен мұғалімнің бағасына көбірек көңіл бөледі; 4-5 сыныптарда - өзін-өзі бағалауы жоғарылайды, 6-7 сыныптарда - өзін-өзі бағалауында шынайы баға беру қасиеті дамып, бала өзіне-өзі сын көзбен қарай бастайды, 8-9 сыныптарда - өзін-өзі бағалауы тұрақталады. Сонымен, автор ақыл-ойы кем балалар мен жеткіншектердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін кемістікті жүйесімен байланысын анықталады. А.В.Варянин өзін-өзі бағалауының дамуы қалып қою себебі, өмір тәжірибесінің таяздығында, өзін өзгелермен салыстыра білмеуінде, сыныпталдығының төмендігінде, мінез-құлықтың бұзылуында және оқыту-тәрбие жұмысының жеткілікті ұйымдастырылмағандығында деп түсіндіреді.
Алғашқы рет көмекші мектеп оқушылардың тұлғасын толық зерттеген Ж.И.Намазбаева. автор тұлғаның негізгі компоненттерінің құрылымының өзгешелігін ашты (эмоционалды даму, сана-сезім, өзінің іс-әрекетінің нәтижелерін ойлау, мектепке деген қарым-қарынас, қызығушылықтар және т.б.) сонымен қатар, ақыл-ой, тәжірибелік, еңбек іс-әрекет барысында, ақыл-ойы кем балалар мен жеткішектердің тұлғасының қалыптастыру жолдарын анықтады.
Осылайша, жоғарыда аталып өтілген ғалым-дефектологтардың зерттеулері мінез-құлқында бұзылуы бар ақыл-ойы кем жеткіншектердің тұлғасының әр түрлі компоненттерінің өзіндік дамуын көрсетті. Дегенмен де, жалпы олардың тұлғасымен мінез-құлқының дамуына қарамастан зерттеушілер жалпы және көмекші мектеп оқушыларының тұлғалық заңдылықтарының бірлігін және мінез-құлқында бұзылуы бар ақыл-ойы жеткіншектердің тұлғасының әлеуметтік кеелдену құрылымы келешекке деген мүмкіншіліктерін анықтады. Алайда әдебиеттердің талдауында мінез-құлықтарында бұзылуы бар ақыл-ойы кем жеткіншектердің тұлғасының дамуы, жан-жақты психологиялық зерттеумен қарастырылмағанын көрсетті.
Отандық көптеген ғалым-дефнктологтардың, яғни Л.С.Выготский (1931-35) И.М.Соловьев (1935), Н.Г.Морозова (1965), В.И.Пинский (1962-1981), Н.Л.Коломинский (1970), Ж.И.Намазбаеваның (1986) және т.б. экспериметтік зерттеулерінді ақыл-ойы кем оқушылардың тұлғасының даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары қамтылған. Бұл берілген мәселенің күрделілігі және жан-жақтылығы оның толық жетілмегендігінің және қазіргі таңдағы оның маңыздылығын ескертіп өтеді. Сонымен қатар, авторлар келесі реттегі мәселелерді, яғни ақыл-ойы кем оқушылардың тұлғасын қалыптасуы мен дамуындағы өзін-өзі бағалаудың рөлі, ақыл-ой мен күшті әсер арасындағы қарым-қатынас, ақыл-ойы кем балаларды дамыту және оқыту процесінде олардың өзгеруі, өзін-өзі бағалаудың дамуының ерекшеліктері және даму динамикасы; ақыл-ойы кем балалар мен жеткіншектердің мамандықтарды талдауында талаптануы деңгейінің дамуының өсуі; ақыл-ойы кем оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынастардың қалыптасуына және мінез құлықтарына күткен бағаның әсер етуін зерттеген.
Тұлғаның даму көрсеткіштері оның өзін субъект ретінде таңдау деңгейімен қоршаған ортадан өзінің бөлінуі болып табылады. Тұлғаның интегративті қасиеті бола отырып, сана сезім өзіне, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін, ұжымдағы өзінің жағдайын, орнын жете түсіну, яғни тұлғасын әлеуметтік жағдайын енгізеді. өйткені осы мәселе оның тұлғасының толық даму дәрежесі, өзіндік сана сезімі, еңбек даярлығы, адамдармен қарым-қатынасы, өзара байланысты дұрыс орнату, ұжымда өзінің орнын анықтау көрсеткіші болып табылады.
Л.В.Занковтың «Ақыл-ойы кем баланың психологиясы» атты еңбегінде, Дефектологиялық институттың психологиялық зертханасында И.М.Соловьев және оның әріптестері, ақыл-ойы кем оқушылардың ақыл-ой және тәжірибелік тапсырмалар орындау барысындағы мінез-құлықтың және эмоционалдық-ерік-жігер сферасының өзіндік ерекшеліктерін зерттеген. Жетістікке жету және жетпеу қамын бақылай отырып, олардың жетістікке жетпеу қамы айтарлықтай дәрежеде дамуы байқалды. Жалпы зерттеулердің нәтижесінде аұқыл-ойы кем оқушылардың өзін-өзі бағалау сипаттамасы оқыту мен тәрбиелеу барысында айтарлықтай өзгеруі байқалды және мінез-құлқымен ішкі құрылымы жағынан бастауыш сынып оқушыларымен жоғарғы сынып оқушылары арасындағы өзін-өзі бағалаудағы айырмашылықтар көрсетілді.
И.Л.Коломенский көмекші мектебінің 5-7 сынып оқушыларының математика, орыс тілі, кәсіптік еңбек оқу пәндері бойынша тапсырмаларды орындау барысында олардың өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейін зерттеді. өткізілдгкен зерттеулер нәтижесінде И.Л.Коломенский ақыл-ойы кем баалалар мен жеткіншектердің өзін-өзі бағалау деңгейі жеке пән түрінде әр түрлі болып келеді деген шешім қабылдады. Сонымен қатар, автор 7- сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау деңгейінің 5 – сынып оқушылырымен бара—бар екендігін көрсетті.
В.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев өз еңбектерінде объектіні өмірді бейнелеу процесінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік танымы, сана сезімімен бірлестікке іске енетін – тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп белгіленген. Сонымен қатар, тұлға сезімдік қасиеттерімен бірлікте, демек индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуын көрсетеді.
Индивидтің табиғи қасиеттерімен ерекшеліктері тұлғада, оның әлеуметтік элементі ретінде көрініп отырады. Мысалы, ми патологиясы биологиялық себепшілермен түсіндірілсе, ал оның тудыратын мінезі тұлға ерекшелігі болып қаралады. Демек, тұлға арқылы сыртқы ықпал индиваид психикасында өзінің туындысымен байланысты болады деп С.Л.Рубенштейн қарастырған.
Тұлғаның жүйелі қасиеті ретінде пайда болуы, индивид басқа индивидтермен біріккен әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, жеке тұлға дәрежесіне жетеді (Л.И.Леонтьев). Сонымен қатар, тұлға белсенділігімен сипатталынады, яғни субъекті өз шетеуімен тыс шығу ынталылығымен өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегіне тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік , қауіп қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеледі, демек ұстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер – қызығушылықтар, сенімдер, көз қарас және т.б. жүйелермен сипатталады.
Оқушылардың тұлғасының дамуы, механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді. Л.С.Выготскийдің «баланың психикасы әлеуметтік табиғатқа ие...» - деген пікірі осыған негізделеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, баланың тұлғалық дамуы, ойын дамуындағы әлеуметтік жағдайлармен байланысты.
Ақыл-ойы кем, мектеп оқушыларының тұлғасының даму ерекшеліктерін түсіну үшін, Л.С.Выготскийдің – жеке тұлға даму процесіндегі күшті әсер мен ақыл-ойдың өзара байланысы мен өзара әсері жөніндегі зерттеуі өте маңызды болып табылады. Ақыл-ойы кем және қалыпты мектеп оқушылырынің арасындағы дамуының айырмашылығы әртүрлі іс-әректтерде байқалатын өзіндік психикалық өмірдің екі сала арасындағы қарым - қатынасқа түйінделеді. Бұл баланың ақыл-ойымен күштің әсер арасындағы тәуелді қарым-қатынас, оның іс-әрекет түрі және мазмұны тұлғаның психикалық саладан педагогикалық салаға өтуі кезінде дұрыс, жағымды қасиеттердің жеңіл қалыптасуына мүмкіндік береді. Яғни ақыл-ойы кем мектеп оқушыларының тұлғалық қасиеттері белсенді бағытқа даму мәселесіне ауысады. Ақыл-ойы кем жеткіншектердің мінез-құлқымен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің қалыптасуымен оның даму деңгейін және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті жұмыстарды, сонымен қатар, тәрбиесі қиын балалар менн ақыл-ойы кем оқушылардың ақаулы мінез-құлқын түзету-тәрбиелеу шараларын ұйымдастыруға болады.
Кезкелген адам өмірге келген кезінде «адам» болып келеді. Дүниеге келген сәбидің дене құрылысы оған болашақта – жүруді, ми құрылыс интеллектісін дамытуды, қолдың құрылысы болашақта әрекет жасап, еңбек етуге мүмкіндік береді. Бірақ әр түрлі жағдайларға байланысты болашақта бұл баланың қоғамның толық мүшесі, жеке тұлға болатынына көптеген кедергілер туындауы мүмкін. Мысалы, психикалық дамуының аратта қалуы, түрлі психикалық патологиялық ауытқулар, тума пайда болған зақымдар, жүре туындаған мидың, орталық жүйке жүйесінің түрлі зақымдалуларынан пайда болатын әр түрлі жағдайлар.
Сол себепті болашақта баланың толық қоғам мүшесі болуына психикасын дұрыс дамуына, жеке тұлға болып қалыпсасу үшін, мұндай ауытқулардың алдын алып, ал егерде орын алған жағдайда ертерек диагностикалып, емдеудің, коррекциялаудың жолдарын қарастыру қажет. Ол үшін ең алдымен ауытқулардың смптомдарын, қандай жағдайда белгілі беретінің қалай коррекциялау керектігін білу керек.
Осы менің жұмысым айтылған талаптарды орындау үшін бағыт-бағдар береді.
Психопатия – бұл адамдардың өзі немесе оны қоршаған орта зиян шегетін, мінездің аномалиясы. Ерте жаста немесе туыла пайда болатын адамның жеке тұлғалық қалыптасуының дисгармониясын туғызып, дамдардың әлеуметтік адаптациясына кедергі болады. Психопатия адамдардың психикалық кейпін жасайды, бүкіл жан дүниесінде із қалдырады, өмір бойы өзгерістерге ұшырамай адамдардың қоршаған ортаға бейімделуіне кедергі болады.
Психикасының диагностикасы орыс психиатры П.Б.Ганнушкин ұсынған негізгі үш белгі бойынша анықталады:
мінездің патологиялық белгілерінің тотальдылығы;
мінездің патологиялық ббелгілерінің тұрақтылығы – ең алғаш жастақ шақта немесе жасөспірімдік шақта белгі береді.
мінездің патологиялық белгілерінің адаптацияның бұзылуы.
Психопатия ерте жаста тума пайда болатын жүйке жүйесінің жетіспеушілігі және қоршаған ортаның жағамсыз әсерлерінен болады. Сонымен бірге психопатия балалық шақтағы дұрыс емес тәрбие мен педагогикалық қарым- қатынастықтан ғана болмайды. Тек қана сыртқы факторлардың әсері психопатияның туындауына жеткіліксіз. Психопатияның негізінде нақты жүйке жүйесін жетіспеушілігі жатыр.
Психопатия секілді бұзылулар
Психопатия секілді бұзылулар аурулардың әсерінен, мысалы, бас сүйек ми зақымдануынан туындағын психикалық бұзылулар, орталық жүйке жүйесінің инфекциялық ауруларына, маскүнемдік, токсикомания, кейбір эндокриндік бұзылулардан т.б. болады.
Басқа аурулара қараған психопатия даму және жеке тұлға бұзылуына әсеретпейді.
Психопатияның туындау себептері көп. Балаларға контитуциялық тұқымқуалаушылық факторлар әсер етеді – психопатиямен ауыратын ата-аналарда осындай патологиясы бар бала дүниеге келеді. Мұндай психопатиялар конституционалды, генуидты немесе «ядролық» деп аталады.
Бұл психопатияның ең қиын вариянты, оны баланы дұрыс тәрбиелеу арқылы да туралауға да мүмкін емес.
Ата-аналардағы маскүнемдік және нашақорлық баладағы психопатияның пайда болуына жиі әсер ететін себеп. Сонымен өқатар аурудың пайда болуына, анасының жүкті кезіндегі зиян келтіретін жағдайлар, әсіресе әйелдің ішімдік қолдануы, шылым шегуі, баланың дамуында кері әсер ететін дәрі дәрмек қолданған болса психикалық зақымданулар немесе инфекционды аурулар орын алуы әсер етеді. Жүкі әйелдің тамақтануы нашар бола, қиын токсикоздар жүктілікті тоқтату қауіпі және планцентаның бөлінуі және басқада факторлар балаға кері әсер етеді. Дүниеге келу кезіндегі түрлі зақымдар асфиксия баланың өміріне қауіп төндіретін жағдайлар – бұлардың балығы псхопатияның пайда болуына әсер етеді.
Сонымен қатар жағымсыз әсерді орталық жүйке жүйесінің аурулары немесе баланың 2-3 жасында болған ұзаққа созылмалы аурулар бас сүйек ми зақымдары, ми инфекциялары (миненгит, миненгоэнцефолия, вирусты арулар), баланың бірінші 4 жылда болған уланулар тигізеді. Жоғарыда аталған аномалиялар байқалған психопатиямен ауыратын баланың дамуына қоршаған ортаның кері әсерлері көбіне тәрбиенің жетіспеушілігі үлкен әсер етеді.
Егерде , баланың тәрбиесімен оны коррекциялаумен ешкім айналыспайтын немесе көңіл бөлмейтін отбасында өссе, мысалы ата-анасы ішімдікке беріліп кеткен болса, немесе әкесі алькоголик, ал анасы тек қана әкесімен қарсыласумен ғана айналысатын болса, немесе отбасында әрдайым ұрыс – керіс орын алатын болса, немесе ата-анасы баланы апасына, әжесіне тәрбиелеуге берген, ал олар өз кезегінде баланы шипер қамқорлық негізінде тәрбиелейтін болса – онда баланың аномалиялары одан әрі күшейе түседі. Ал егер баланы ерте жастан-ақ ата-анасы дұрыс тәрбиелеп, өзін ұжымда қалай ұстау керектігін үйретіп, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екендігін түсіндіріп тәрбиелесе, онда баланың мінезін түзетуге мүмкін болады, ол психопатияға тән эгоцентрикалық мінез-құлықтан айрылып, адамдармен дұрыс қарым-қатынаста өмір сүре алады.
Балалардағы психикалық дамудың тежелуі
Бұндай ауытқулар интеллектінің жетіспеушілігінде, психиканың артта қалушылығында көрініс табады. Негізінде бұл жеңіл ауытқулар, оның негізінде
Психикалық даму темпінің тежелуі жатыр. Ол қалыпты дамыған интеллект пен олигофренияның ортасындағы жағдай болып сипатталады.
Психикалық даму темпінің тежелуі уақытша болуы мүмкін. сонымен қатар тума пайда болған интеллектінің жетіспеушіліктің түрлері бар, мұндай баларды конститусионалды – ақымақ деп атайды.
Психикалық дамудың тежелуі әр түрлі инфекционда аурулардың әсерінен, ми - бассүйектің зақымдалуынан, тәрбиенің жетіспеушілігінен болуы мүмкін. сонымен бірге сезім мүшелерінің дефекілеріне (зағип, керең, мылқау) – мұндай жағдайда бала олық дамуына қажетті информацияны толық алмайды.
Баланың психикалық функцияларының даумы белгілі ір жас аралығын да болады. Егер осы жас аралығында бала қажетті информацияны алмаса, оның даму тежеледі.
Баланың қалыпты дамуы үшін тәрбиелеу жағдайларыда үлкен әсер етеді. Психикалық дамудың тежелуінің белгілері әртүрлі интеллектуалдық жетіспеушілікпен қатар психиканың артта қалуы тәртібінің ауытқуы және невротикалық симптомалары көрініс береді.
Шекаралық интеллектуалдық жетіспеушілікте психикалық тежелудің келесі ватианттарын көрсетуге болады:
психикалық инфантилизм;
тума пайда болған субдебилділік;
дамудың ерте кезеңдерінде орын алған мидың органикалық зақымдануларынан болатын дамудың тежелуі;
ерте жаста информацияның жетіспеушілігінен туындайтын дамудың психогендік тежелуі;
сезім мүшелерінің зақымдануларынан пайда болған интеллектуалдық жетіспеушілік.
Психикалық инфантилизм – (латынның «infantilis» - балалық) – бұл психикалық және физиологиялық дамудың тежелуімен сипатталады, мұнда ересек адамда жас балаға тән қимыл әрекеттер көрініс береді.
Ең алғаш «инфантилизм» терминің ұсынған француз ғалымы Е.Лисег, инфантилизмнің негізгі үш белгісін бөліп көрсеткен.
Белгілі психиатр Г.К.Ушаков психофизикалық инфантализмге мынадай сипаттама берген: балалық, шектеулік, қызығушылықтардың аздығы, өзіндік әрекет теуге қабілеттің жоқтығы.
Инфантилизмнің туындауына эндокриндік жүйенің аурулары , ішік ағза мүшелерінің ауруынан пайда болған мидың зақымдары себеп болады.
Тума пайда болған субдебилдік – бұл білімнің аздылығымен , қызығушылық деңгейінің төмендігімен, ойлаудың шектеулілігімен сипатталатын шекаралық ақыл-ойының жетіспеушілі.
Мұндай балаларға мектеп бағдарламасын меңгеруге шамасы жетпейтін дарынсыз балаларды жатқызуға болады.
Тума пайда болған субдебилдік котегориясын конституционалды ақымақ тулғалады жатқызуға болады. Бұл вариантты ең алғашқырет Э.Блейлер «die Unclaren» деп қарастырған. Мұндай адамдарға ассоциациялардың жұпындылығы ғана емес, сонымен қатар ұғымдардың түсініксіздігі.
П.Б.Ганушкиннің аутуы бойынша не норма, ненің нормадан тыс екенін көрсеті мүмкін емес. Бұл балалардың көбінде есте сақтау қабілеті жақсы, олар мектепте сабақты жақсы оқып, институттыда жақсы бітіруі ықтимал, бірақ көп жағдайда олардың өз иницитивасын білдіру қажетболып, алған білімдерін практикада қолдану керек болған жағдайда олар мүлдем мардымсыз болып қалады.
Мидың органикалық ерте зақымдалуынан туындаған дамудың тежелуі
Психиканың осындай тежелу түрі интеллектінің ретсіз тежелуімен зейіннің, есте сақтаудың, психикалық белсенділіктің дамуымен сипатталады. Интеллектуалдық жетіспеушілік тез шаршағыштықпен, эмоциялық тұрақсыздықпен, қазудың тездігімен, қимыл-әрекеттің тоқталуымен қатар жүреді. Мұндай балалардың сабақ үстіндегі зейіні шашыраңқы болады. Егер ата-аналар әрдайым балалармен жұмыс жасамаса, онда олар барлық пәндерден артта қалып, екінші-үшінші оқу жылына қалып қоюы ықтимал.
Сенсорлық депривация жағдайындағы дамудың тежелуі
Сенсорлық депривация (зағип, саңырау, мылқау) жағдайында да психикалық дамудың тежелуі көрініс береді.
Естімеушілік жағдайындағ психикалық тежелу басқа адамдардың сөзін түсінбеушіліктен, яғни информацияның аздығынан туындайды. Интеллектуалдық жетіспеушілік эмоциялық – еріктік жетілмеушілікпен, сенушілікпен, т.с.с. жағдайлармен қатар жүреді. Бұзылулар балаларда мектепте оқу басталғаннан бері айқын көрініс бере бастайды. Көзі көрмейтін балаларда психикалық тежелумен бірге қимыл-әрекетінің бұзылуы білінеді.
Зағип балаларға невротикалық симптомдар патологиялық қиялдау, жалғыздыққа талпыныс, өз денсаулығына деген шектен тыс зейін тоқтатуы, сонымен қатар барлық адам дар оған жамандық ойлайды деген ойлар тән. Бұл соқырлардың депривациялық синдромы деп аталады.
Ақыл-ойы кем жеткіншектердің даму мәселесі
Ақыл-ойы кем жеткіншектердің тұлғасын зерттеу мәселесі әсіресе қазіргі әлеуметтік жағдайда маңызды орын алады. Біздің қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі, қоғамның барлық саласындағы қоғайтын істерін қайта құрумен әлеуметтік - саяси экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен сипатталады. Бұл қазіргі кезеңдегі оқушының әлеуметтік жағдайдағы дамуына үлкен өзгерістер келтіреді, яғни, оның тұлғасының қалыптасу процесіне әсер етеді. Сондықтанда, мақаланың негізгі мақсаты, ақыл-ойы кем жеткіншектердің тұлғасының зерттеу мәселесінің дамуының тарихы және қазіргі кездегі аспектілерінің дамуын айқынырақ көрсету болып табылады.
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы, әрекет барысында белсенді түрде өзгеріп және әрекеттіде өзгертетін, табиғат, әлеуметтік орта және сол тұлғаның күрделі ара катынысы арқылы жүріп жатады. Өзгерту барысында әсіресе еңбек әрекеті процесінде, адамдар бір –бірімен белгілі қоғамдық байланыс және қарым-қатынасқа түседі. Адамның тұлға ретінде қалыптасуы, негізінен, қоғамда қалыптасқан жүйесімен анықталып, сол тұлғаның осы қатынас шартына орай әрекетінің қалыптасуына, ойын сол қоғамның басқа мүшелерімен қарым-қатынасының қалыптасуына байланысты болады.
Адамның тұлға ретінде қалыптасуы жаратылыспен қоғамның, сонымен бірге әлеуметтік күрделі арақатынасында қалыптасып жатады. Тұлғаның адамгершілік қасиеттері реттелген әрекеттен туындалып, қоғамдық қарым-қатынас ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Адамның қоғамдық қатынас жүйесіндегі орны мен әлеуметтік ортаның ықпалының өзі, адамның жас ерекшелігіне қарай қолданылады. Бұл, өскелен жеке тұлғаның мақсаты бағытпен қалыптастыру жағдайын ұйымдастыруды қажет етуін анықтайды. Адамның тұлға ретінде қалыптасуында жеткіншектік кезең маңызды орын алады. Бұл жас езеңнің адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы ерекше маңыздылығы, 10-16 жастағы баланың дамуындағы саналы өзгерістерге байланысты. Бұл жастағы бала, жаңа әлеуметтік тәжірибесін меңгеріп, жаңа қоғамдық қатынасқа жэәне байланысқа түсе бастайды. Қатынас жүйесіндегі жеткіншектің орны өзгеруі әрекеттің жаңа аспектілері, осы жас кезеңнің ерекшелігіне тән жаңа өзара байланыс, қарым-қатынас жүйесін тудырады.
Дегенмен, психикалық дамудың әр кезеңіндегідей жеткіншек үшін маңызды болып әрекеттің негізгі типі саналады. Жеткіншектің тұлғалық дамуының қайнар бұлағы негізгі әрекетпен ғана шектелгенімен, сол негізгі әрекет оның бойында маңызды өмірлік қажеттіліктерді қалыптастырып, өскелең ұрпақтың бейнесін анықтайды.
Сонымен, тұлға – бұл біріншіден, әлеуметтік қатынаспен саналы әректтің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық енуімен анықталы жәнеде біріккен әрекетпен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Отандық психолгияда адамды тұлға деп – қоғамның субъектісі ретінде оның қарым-қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
Сондықтанда, қазіргі кезде, осы жеткіншектердің тұлғасын толық зерттеу қажеттілігі талап етілуде.
Біздің қоғамымыз бллашақта жан—тән сау ұрпақты жалғастыру үшін көптеген жұмыстар қолға алынуы тиіс. Көптеген психикалық аурулардың себебі, баланың аналарының ішімдікке салынуы, нашақорлық, шылым шегу, секілді жаман қылықтары әсер етеді. Психикалық аурулардың туындауына мидың орталық жүйке жүйесінің зақымданулары себеп болады, бірақ көптеген психиканың бұзылулары тума пайда болады, бұл ананың денсаулығының қажетті дәрежеде еместігінің көрсеткіші. Яғни болашақ ұрпақтың дені сау, психикалық даму деңгейі дұрыс болуы үшін ең алдымен ананың денсаулығын күту керек.
Ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуы
Ақыл-ойы кем аурулардың психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі сипаты бар. Психологилық зерттеулерде талдауға ереже бойынша, таным процестерінің бұзылуы (негізінен ойлаудың) тартылады, жұмыстың азғана бөлігі жеке адамның бұзылуын талдауға арналған.
Бірақ психиканың бұзылуын танымдық және жеке сфераның параметтерінде талдау сарқылмайтының атап өту керек. Психикалық бұзылудың барлық көп түрлілігін таным процестері жүйесінің өзгеруінің немесе мотивтердің бұзылуына табыстыру (жалғастыру) дұрыс емес.
Бір қатар ауруларда психологиялық эксперимент түсініктің өзгертілген жүйесін таппады; аурулар синтездеуді талап ететін тапсырмаларды, қорытындыларды ұғынды, ауру адамдардың ассоциациясы барабар сипатта болды, ауру кісінің тәжірибе жағдайында қарым-қатынасында өзгертілген жоқ. Сонымен бірге аурулар нақты жұмысты іс-әрекеттің дұрыс тәсілін ұзақ уақыт бойы ұстап тұралмады, қателіктер жіберді. Бұл жағдайларда аурудың ақыл-ойы жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуы туралы айтуға болады.
Бұл мәселенің неғұрлым кең жоспарында аурудың еңбек қабілеттілігінің бұзылуы негізінде жатқан әр түрлі факторларды анықтайтын еңбекке қабілеттілігін сараптау институтының психологтың зерттеулері арналған.
1936 ж. В.М.Коган көптеген ауруда еңбекке қабілеттілігі төмендететін негізгі фактор оның зейінің көлемін арылту болып табылатының туралы бірнеше ортаның әсер етуін бір мезетте есепке алудің мүмкін еместігі турал ережені қорғады. Мұнда негізінен аурулардың бір реттік ақыл-ой іс-әрекеті үшін қажетті дағдылар мен шеберліктерін сақтапқалған болып шықты. Бұл дерек зерттеудің ерекше экспериметтік тәсілін іздеудің негізі болды.
Еңбекке қабілеттілігінің бұзылу мәселесіне Э.А.Коробкованың қызықты зерттеуі арналған.
Адамның өткен өмірдегі дағдыланған әдеттері, оның иентеллектуалды (зияткерлік) операцияларды жиі сақтап қалады, оның үстіне ауру адам ұзақ және тұрақты күштерді талап ететін ақыл-ой тапсырмаларын орындай алмайды.
Ақыл-ой еңбекке қабілеттілігінің бұзылуы жекелеген процестердің: ес – зейіннің өзгерісінен (тербелісі) көрінеді. Егер мұндай ауруға он сөзді айту және айтылған сөзінің санын қисық түрінде бейнелеу ұсынылса онда соңғысы сынық сипатта болады.
Осыған ұқсас нәтижелер ауруларды крепшин сынамасыме зерттеу кезінде алынды. Жіберілген қателіктеодің санын бейнелейтін қисықта,
аурулардың өнімділігінің үзілуімен лабильділігінің дәлелдей отырып, сынық сипатта болады.
Осыған ұқсас өзгерістер психикасының қызметтің күрделі формаларын зерттеу
Кезі сияқты, оның қарапайым көрінулерін талдау кезінде де, мысалы сенсомо торлық реакциялық қарқынын зерттеу кездерінде де байқалады.
Диплом иесі В.И.Васильева сенсомоторлық реакциялардың қарқының кркешеліктерін анықтау үшін сандарды «Шульт таблицасынан» іздеу әдістемесін қолданады. Ауру адамға жүйелі түрде 5 таблица ұсынылды, онда 1-ден 25-ке дейінгі сандар ретсіз берілген. Ауру кісі сандарды рет-ретімен көрсетуі және атауы тиіс.
В.И.ВАсильева ауру кісінің тапсырманы берілген уақытта орндай алғанын, оның тапсырманы орындау қарқының баяулығын атап кетті.
Санды іздей отырып, ереже бойынша, қалыпты тез қарқынмен, аурулар кенеттен, кезекті манды жоғалтып алады; яғни оған қарап тұрады және оны кзрмейді, тіпті кейде ондай сан таблицада мүлде жоқ дейді.
Аурулардың сенсомоторлы реакцияның өзгерісінің басқа сезімтал индикаторын көру моторлы координацияларын зерттеу кезде алған мәліметтері болды. Бұл зерттеуді С.Я.Рубинштейн өзі жасаған әдістердің көмегімен өткізді, оның мәні мынада: зерттеуші берілген қозғалысты көзбен бақылап жүзеге асыру үшін өзінің қысымын резеңке грушаға өте дәл есептеуді үйренуі тиіс. Қозғалыс килограф лентасына сиямен жазылып алынды.
Кленикалық (мінез-құлқында) сипатында артеростероздық генездік психикалық бұзылуы байқалған ауруладың (түрткі болу) қозғау салатын сипатта екендігі анықталды.
Аурулар өздеріне берілген қозғалысты күші мен жылдамдығы бойынша дұрыс жүзеге асырады, бірақ олардың қысымы сазды (ырғақты) болмады.
Іс-әрекет деңгейінің осыған қсас өзгерулерінің заттарды жіктеу әдісінің көмегімен мысал келтірейік. К-ва деген ауру адамдар, өсімдіктер тобын дұрыс бөлді және сол жерде қоңыз қонып тұрған гүлді бөлек қояды да дәлелдейді:
«ол әрқашан да гүлде отырады». Дәл осылай жиһаздар тобын бөле отырып, оған бөтелкемен стаканды жатқызады: «Олар шкафта тұр». Тәжірибе алушының мынадай ескертулеріне: «Ойлаңыз» - стаканды жиһаздан бөледі: «Бұл ыдыс»-дзейді. өзі қоңызды гүлдер тобына алып тастайды, оны жануарлар тобына қосады, былай деп түсіндіре отырып: «Мұнда балықтар мен құстарды да жатқызуға болады»-бұлардың бірі тірі ағзалар ғой.
Басқа ауруларда қате шешімдер олардың ұмітшақтығымен пайда болады. Мысалы, К-ва деген ауру жеміс-жидектер де гүлдерде,көкөністер де кіретін «өсімдіктер» тобын бөліп ала отырып, сол жерде өсімдіктердің тағы бір тобын бөле бастайды, ағзаны жіберген қате тәжірибешінің мұқият ескерту бермеуі тапсырмаларды дұрыс орындамауға алып келеді.
Аурулурдың ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігінің өзгерісі оларды тапсырмаларды дұрыс шешпеу мен тарылуға алып келеді. Бірақ соңғылары кезеңмен пайда болады және аурулардың ақыл –ой процесінің тұрақты төмендеуі, олардың синтетикалық қызметінің, құлауы туралы расталады.аурулардың ойлаудағы қателігі жекелеген дұрыс пікірлердің соңына дейін жеткізілмеген себебін пайда болады; олар үзіліп кетті;жекелеген кезеңді ұмытылып қалдыжәне пікірлердің бір тұтас кескінді тізбегіне жиналады.
Осыған ұқсас бұзылулар түсініктердің жүйесінің бұзылуымен түсіндіріле алмайды, олар динамикалық сипатта болады; аурулуа тарылу барысын дұрыс белгілейді, бірақ уақытта алдын ала белгіленген бағдарлама барысында жасалады, бірақ ауру он мықтап ұстап тұра алмайды, осыған ұқсас тітіркендіргіштер іс-әрекеттің бұл барабар бағдарламасын бұзады.
Осыған ұқсасөзгерістер аурулардың психикалық процестердің тез әлсіреуінің көрінісі болуы мүмкін. бұл әлсіреудің өзіндік сипаты бар, оны әдетегі әлсіреуден, яғни біз сау адамнан байқаған әлсіреуден ажырата білуіміз керек. Соңғы жағдай да жұмыс қарқыны бәсеңддейді; тәжірибенің соңына қарай қателіктің саны көбейеді.
Бұл туралы дені сау зертеушілерге (балалар мен ересектерге) жасалған тәжірибелер растайды. Егер дені сау зертеуші шаршаса, ол заттарды жіктеуді баяу орындайды, бірақ оны ол үшін барабар деңгейде орындайтын болады.
Біздің аурулардың психикалық процесінің әлсіреуін олардың ақыл-ой жетістіктердің өздерінің сапасының уақытша өзгеруі, олардың ақыл-ой іс-әрекеттердің деңгейін шартты етеді.
Бұл тежелу жағдайы функционалд жағдайда болады, бірақ олбәрібір адамның еңбекке қабілеттілігінің уақытша әлсіреуіне алып келеді.
Жеке оқшауланған психикалық процесінің бұзылуы рет көрінетін бір қатар клиникалық белгілер, мәні бойынша еңбекке қабілеттіліктің бұзылуының әртүрлі безендірілген көрінісі болып табылады. Мысалы, аурулар оқығанын ұмытып қалатыны , тапсырманы орындауда ұмытып кететініне шағым айтатын болса, бұл есте сақтаудың бұзылуы рет көрінеді. Ол аурулар қосалқы (жанама) аз білінетін деректерді (көршінің әңгімелесуі, ақырын сөйлеп тұрған радио) оның жұмыс істеуіне кедергі келтірсе, бұл зейіннің «тозаңдауы» ретінде көрінеді
Шын мәнәнде, бұл белгілердің бәрі бір бұзылудың көрінісі шамадан тыс жеңіл болатын, ақыл-ойы еңбекке қабілеттілігінің өзгеруіне алып келетін әлсіреу болып табылады.
Ақыл-ой еңбекке қабілеттілігі сол сияқты өзінің пайда болу бойынша әлсіреуге жақын, бірақ бірі бір өзінің басқа психологиялық сипаты бар, тез «мастану» саладарынанда бұзылу мүмкін.
Мастану белгісі шаруамен бацланысты емес. Шаршау еңбекке қабілеттілік және аурулур туралы көп жазылады. Бірінші ьолып бұл мәселені Э.Крепшин қозғады.
Еңбекке қабілеттілігінің бұзылу мәселесі (емхана) клиника мен педагогиканың тәжірибелік міндетін шешу кезінде үлкен маңызы бар.
Сананың бұзылуы
Сананың бұзылуы көбірек қарастырылған сұрақтардың бірі. Психиатрия кітаптарда сананың бұзылуы әртүрлі түсініктер жазылғанмен ол қиындыққа соқтығысады. Бұған себеп психиатриядағы сана түсінігі философияға психолгиялық түсініктерге жүктелмейді.
Сана әр түрлі аспектіде қаралуы мүмкін. философияда оның маңызы зор, шынайы мен материалды бір-біріне кері қою жоспарында қолданылады.
Сана – түсінігі адамның, өмірлік, әлдеуметтік тұрғыда шынайы қарастырылған көрініс (түрі). Марксизи адам санасының тууын (пайда болуын) маймылдың адамға айналуындағ еңбек процесімен байланыстырады. Еңбекк және шынайы әңгімелесуде өзіндік ойы (сана) пайда болыд, оның қоршаған ортамен қоғамдық (әлеуметтік) өмңрмен байланысты екенін түсінді, қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өз орынын түсінді. Адам санасы объективті әлемді ғана көрсетіп қана қоймай, оны жүзеге асырады.
Психологияда сана түсінігін шешуде өзіміздің ғалымдар марксисті-лениндік философияға жүгінген. Сана жоғарғы ми функциясының сөзбен байланысы рктінде қарастырылған.
Психологияда сана түсінігіне Рубенштейн басты назар аударған. Сана бұл, «субъектінің объектілік шындығын мойындау» процесі объектінің субъктіге қарсы келу білімі деп айтқан. Сана мен қызмет байланысына Леоньтевта аса назар аударған. Санасы «субъективті өнім ретінде, қоғамдық қарым-қатынасьтағы зат әлеміндегі адам қызмктінің ерекшеленген түрі ретінде» - түсінуге болады. өнімде көрініс емес қызмет есептеледі, объектив ретіндегі заттай мағына.
Сана тек қоршаған орта жайлы ған емес, өзі жайлы да білімді енгіздіреді - өзінің жеке тұлғалық қасиеті жайлы Леонтьев, «өзіндік сана» терминін өзінің жеке тұлғалық қасиетін мойындау мағынасында қолданған. өзіндік сана және өзіндік «мен» санасы қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі мойындау және басқа ештеңені меңземейді.
Сана түсінігі психиатрияда философия және психологиямағынасымен сай келмейді. Ол жұмысшы болып табылады. Психиатрия Снежневский айтқандай егер санаға философиялық тұрғыда қарасақ, онда біз әр бір психикалық ауруларда жеке көрінісі миымызда бұзылады деп айтуымыз керек. Сондықтан клиницистер бұл терминді нақты бір ауытқу формаларында қоладанады.
Бұл көзқараспен Роубенштейн де келіседі, оның айтуынша психикалық бұзылысмен сана бұзылуы арасында спецификалық белгілер бар.
Снежневскийдің сана туралы бұл түсінігі неміс психиаторы Ясперстің көзқарасымен бағаланады ал сананы әртүрлі психикалық фенрмендер болып жатқан көрініс ретінде қарастырады. Көңіл-күй бұзылу салдарынан сана психикалық қызметке тәуелсіз болуы мүмкін және керісінше де болуы мүмкін. Ауру тарихында мынадай сөйлемдерді кездестіруге болады, науқас саналы түрде болымсыз нәрселерді айтады, саналы түрде ойлау қабілеті бұзылады т.б. Сананың анықтығымен тұмандану Ясперс енгізген. Ясперстің соңынан сана тұмандауының критериясы ретінде:
уақыт, мекен, жағдайдағы бейімсіздік;
қоршағанды анық қабылдаудың (көрудің) жоқтығы;
айдың әртүрлі дәрежедегі байланыспауы;
субъекті құрылыс аруы мен болып жатқан жағдайды еске түсіруде қиналу алынады.
Сана тұмандану анықтауда атап өтілген барлық берілгендердің шешуші маңызы бар. Бір немесе бірнеше белгілердің сана тұмандануына дәлел емес (Тиляровский, Снежневский).
Сананың естіместей жағдайы, кеңінен таралған сана бұзылуының синдромы болып сананың естіместей жағдайда болуы синдромы, олкөбіне ОЖЖ бұзылуында нифекциялық ауруладда, улануда кездеседі.
Сананың естіместей жағдайда олуы сыртқы қоздырғыштарға кедергі сияқты болады. Науқас сұраққа зорға жауап береді, күрделі, қиын сұрақтарды түсінбейді. Қимылында жайбырақаттық, сөйлеместік, қоршаған ортаға қатысы, жоқтығы байқалады. Науқасқа бәрібір болады. Ұйқысы тез келеді. Қоршаған ортаға бейімділігі байқалмайды. Бұл жағдайда 1 мин. бірнеше сағатқа созылады.
Сана делериозды тұмандануы. Бұл жағдайдың айырмашылығы тез байқалады. Қоршаған ортаға бейімденудің бұдада байқалады, бірақ ол әлсіздіктен болады. Бейімсіздік қана емес уақыттағы жалған бейімділік туады.
Сана делериозды жағдайда иллюзия, галлюцинация байқалады. Меңіреу науқастарға қарағанда делерия науқастары сөзшең болады. Делерия өскен сайын сезім алдануы көрініске сай болып қалады: мимика бақылап отырған көрермен сияқты болады. түрі қорқып немесе қуанып тұрғандай болады, мимика біресе қорқынышты, біресе қызығушылықты білдіреді. Көбінесе делерия жағдайында науқастар қоып тұрады. Ереже бойынша делерия түнге қарай күшейеді. Делериозды жағдай көбінесе бас миының жарақат алған, инфекция алған науқастарда байқалады.
Сананың онероидты (түс көру) жағдайы. Алғаш рет Мейэр Гросс шынайы өмірмен санадағы қияли көріністердің қосндысын жазған. Науқастар планетарлық саясат жасайды, Марс тұрғындарының арасында болады. Көбінесе ауқымды қиялы көріністер көрінеді: науқастар «қала өніміне қатысқанын, зәулім мұнаралардың құлағанын», метроның істен шыққанын т.б. көреді.
Кейде науқас өз қиялын тоқтата алады, бірақ көп уақыт өтпей оның санасында, өзіне байқалмастан осы сияқты қйялдар тағы да туа бастайды, өзі көрген, естіген, оқыған тәжірибелердің басқаша құрылуы арқылы.
Заманауи зерттеуші Меграбен деперсонализация қиындығын ерекше гностикалық сезім ауытқысы мен байланыстырады.
Меграбен бойынша гностикалық сезім келесі қасиетті байқатады:
нақты – сезім формасында, зат пен сөз білімін талқылайды;
мен деген бізді психологиялық сезімділік қасиеттіілігін қамтамасыз етеді;
қандайда бір түстегі эмоциялық ырғақ кіреді.
Патологиялық жағдайында гностикалық сезім рай тану және өзіне тануда ерекше сезіледі. Гностикалық сезімнің бұзылуы өзіне тану ауытқысына ғана емес, жеке тұлға өзгеруіне де әкеледі. Бұл Белозерцева диссертазациясында сенімді көрсетілген. Бехтерев мектебінің жұмыс материалдарында автор айтқандай науқас ми қызметінің өзгеруі жаңа субъект қызметін - өзіндік көру (қабылдау) қызметін тудырады. Бұл қызмет адам үшін маңызды орын алды. Науқастар бұрынғы істерін тастап ештеңе ойламайды.
Бехтерев келтірілген көптеген ауру тарихында өзіндік қабылдау қорытындыларына ұмытылу науқастық сандырақ жағдайға жеткізеді. Оларға әсер етіп жатқан дұшпанды іздеу барысында науқас қоршаған ортаны бақылайды, олармен қарым-қатынасын қорытындылайды, ұсынылып жатқан гностикалық жағдайдан босау мақсатында шынайы әрететтер жасайды және тағы да өз жағдайымен «дұшпан әрекетін» қорытындылайды.
Ос қызмет барысында және шынайы қарым-қатынаста сандырақ психикалық сферада жаңаша түсінікпен әсер етуде.
Белозерцеваның қорытындысы, енгер сау адамда өзінің сезінуі жеке мінездемесіне қатыс балмаса оны алдыңғы жоспарға қояды. Жеке тұлға тәуелсіз адам қалайды ма оны, қаламайды ма оны мағыналы
Болып қалады. Басты мотивтің мақсатқа жылжуы байқалады. Сау субъектіге тән ағза жағдайының қызметіне байланысты үзілу бұзылады. Патология жағдайында биология басқа рай атқарады.
Бұл ауру биологиялық ретінде иерархия мотивімен жеке тұлға қызметін қайта құруда детерминациялайды. өзіндік бақылау қызметінің мотиві мүмкін еместі мойындау өзінің психикалық сезінуінің өзгеруімен туады.
Ауру жеке тұлға бірден емес оның, адамның әлеуметтік дамудың меңгеру қызмкті арқылы тарайды.
Жеке тұлға потенциялық өзгерістері өзіндік санасы қалыпты дамуда жүзеге асады антогенездегідей, субъектінің практикалық қызметінде, оның шынайы қарым-қатынасының қайта құрылуында - бұл жағдайда өз жағдайының сандырақтық интерпретациямен жүзеге асады.
Бір уақытта науқас психиаторлық клиникадамын және онымен дәрігердің сөйлесіп жатқанын айтады. Шынайы және қияли болмыстық барлығы байқалады. Ясперс бұл жағдайды жаза отырып, шынайы өмірдің бөлек жағдайлары қияли фрагметтерге бейімделетінің айтқан, бұл жағдайда сананың түбегейлі ауытқуынан болады деген. Науқас бейімсіздік танытып қана қоймай, қоршаған орта жайл қияли интерпретация тудырады.
Егер делерия кезіндегі науқас шынайы өмірден бөқлек бір элементтерді айтса, анероид науқастары шынайы жағдайда не болып жатқанын түсінбейді, ести алмайды.
Сананың қараңғылық жағдайы. Бұл синдром ғайыптан туып, ұзаққа созылмай тез тоқтап қалады. Сондықтан оны транзиторлы келуші деп атайды. Сананың қараңғылық жағдайы терең ұйқылы аяқталады. Белгілері амнезия. Естеліктер толығымен жоғалады. Бұндай жағдайда науқастар әдеттеліп қалған жағдайын істей береді. Мысалы, науқастың көзіне пышақ түссе ол кесе турай бастайды, ол әрекеті бойынша іс-әрекет жасайды – оған бәрібір нан ба, қағаз ба, адамның қолы ма айырмашылығы жоқ. Бұндай жағдайда галлюцинацияда байқалады. Бұндай жағдайда науқас қауіпті іс-әрекеттер де жасауы мүмкін.
Галлюцинациясыз, эмоциялық өзгеріссіз өткен қараңғылық жағдайы «амбулаториялық автоматизм» деп аталады. Бұндай ауытқумен ауыратын науқастар, үйден қандай да бір мақсатпен шығып белгісіз себептермен қаланың басқа бұрышынан табылады. Санасыз бұндай саяхатқа олар жолдан өтіп көліккеде отыра береді.
Сананың қараңғылық жағдайы қысқа болуы мүмкін, олabsence (жоқ) деп аталады.
Псевдодеменция. Сананың қараңғылық жағдайының бір түрі псевдодеменция болып табылады. Бұл ОЖЖ ауыр деструктивті өзгерісінен тууы мүмкін. науқас заттың атын ұмытады, бейімсіз болады, сыртқы қоздырғыштард зорға қабылдайды. Жаңа байланыс құру қиын,қозғалыстағы тұрақсыз галлюцинация, иллюзиялық жалған көрулерді айтуға болады.
Науқас өте көңілшек, ақкөңіл болады. көбінесе кішкентайларды еске түсіреді. Ақылды науқас, аяғында қанша саусағын бар десе, нәскиін шеіп санайды. Біз сананың бұзылуындағ кейбір формаларына тоқталдық. Шын мәнінде бұл көрініс клиникада әртүрлі, бірақ біздің мақсатымыз клиникада жазылатын сана бұзылуымен оқырмандарды таныстыру еді.
Әр түрлі сана бұзылуымен қатар клиникада өзін танудағы бұзылу формасы – деперсонализацияда байқалады.
Деперсонализация. Бұл өз ойының «с-әрекетінің өзіндік «менің» өзгерулерден қабылдау. Көбіне бұл дене схемасының бұзылуынан болады. ол біздің санамызда өз дене мүшеміздің қалыптасуындағы көрініс бұзылулары.
