- •Тақырыбы. Патопсихология және психопатия түрлері
- •1. Патопсихология дамуының қысқаша тарихы.Психиатрия, неврология
- •2. Патопсихологиялық зерттеу құрлымының (құрудың) принциптері.
- •2.Сандық өлшеу әдісі.
- •1Агнозия:
- •2.Деменциядағы псевдоагнозия
- •6. Ақыл-ой қабілетінің бұзылуы
- •1.Ақыл-есі бұзылған адамдардың психикалық ауытқулары .
- •3.Ақыл-ойы кем жеткіншектердің даму мәселесі.
- •7. Көру қабілетінің мотовациялық компонентінің бұзылуы.
- •2.Т.Фиткин ұсынған бағыттары.
- •10. Интеллектісі бұзылған мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері.
- •2.Ақыл есі кем балаларды отандық тәрбиелеу мен білім беру жүйесі .
- •12.Қояншық
- •1.Балалар қояншығы
- •2.Емдеу жолдары және алдын алу
- •14. Сананың бұзылуы
- •1. Псевдодеменция.
- •2. Деперсонализация.
- •15.Тұтығуы бар балалардың сөйлеу тілі бұзылысының себептері мен теориялық жағдайы.
- •1.Психикалық-педагогикалық зерттеулердегі тұтығуы бар балалар мәселелерінің теориялық аспектілері.
- •2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалардың клиникалық сипаттамасы.
- •2. Мектепке дейінгі жастағы тұтықпа балалардың клиникалық сипаттамасы
2.Деменциядағы псевдоагнозия
Клиникалық және тәжірибелі психологиялық көрсеткіштер көрсеткендей көру қабілеті бұзылған науқастарды зерттеу барысында органикалық типтегі деменцияның байқаған ерекшеліктерді көрген науқастар суретті танымаған. Оған тағы бір ерекшелік қосылды, олардың қабылдауы (көру) диффузиялық дифференцияналды емес болған.
Бұл топтағы науқастардың көру қабілетінің бұзылуы картинканы көрсеткенде байқалған. Деменциямен ауыратындар сюжет қатар бірнеше феномендерді де танымаған. Сюжеттің мағынасын түсінбей, тіпті кейде Сюжетті көрмей ондағы затты суреттей бастаған. Суреттің кейбір бөлігі бірігіп, фонмен араласып заттардың көрінісін білінбей қалады. Г.В.Биренбауш айтқандай науқас затты өзі зейін ойған бөлігінен ғана тани бастайды. Қозықұйрықты науқас қызанақ дейді қалпағына қарап, ал егер зейіні аяғына түссе онда қияр дейді. Сондықтан науқасқа суретті көрсеткенде бәрі бір: оны жартыла ма бүтіндей ма.
Кейбір науқаста агнозия көріністің құрылысымен формасында дамуын тапқан. Г.В.Биренбауш 1948 ж. К. деген науқас жайында айтқан – онда органикалық деменциямен қатар көру агнозиясі формаларды қабылдауда бұзылуы байқалған. Үшбұрыш көрсеткенде: «Клин сияқты, бірақ атай алмаймын, үш клин көріп тұрмын, клин – үш клин шығар».
Төртбұрыш көрсеткенде ол: «Маған бұны атау қиын (саусағымен көрсетіп) түзу сызық, түзу сызық, түзу сызық және тағы түзу сызық».
Бітпеген жартылай дөңгелекті көрсеткенде «бұл жерде қандайда бір ойық бар дейді». Мысалы – крест көрсеткенде науқас «қалай қарасаңда түзу сызық дейді». Көбіне науқас затың формасын қабылдап бірақ бірден оның құрылысы бұзылады.
Биренбауш айтқандай агнозиямен ауыратын науқасты «оптикалық зейін» бұзылған деуге болады. Мысалы: картинканы көргенде, дөңгелегі шығып кеткен арба жанындағы шаруаны көргенде науқас: мына дөңгелек, ал мынау еркек, атты көрсетіп: «мынау бір құс» - дейді. Тәжірибеші: «ат қой десе», науқас: атқа ұқсамайды дейді. Бұл жерде тек мағыналы емес құрылыс компанентінде бұзылған. Арба мен дөңгелекті таныған науқас қорытында шығара алмайды. Бұл ат жегілген арба деп сонымен қатар аттың құлағын көріп бұл құс дейді. Науқас суреттің құрылысыменбөлшектерін дұрыс айтпағандықтан мағынасы да басқаша болды. Бұл ауытқу Пик айтқан «сенилді агнозияға ұқсайды». Науқас бөлек заттарды айтып оның жалпы мағынасын айта алмайды.
Қатты болмаған суретті көрмеген науқас диффузиялық ойға беріліп суреттің анық түстері арқылы жаңылысады, ойға бой сұңбай көріп айтасалу ол диффузиялық болады, оның құрылысы тез бұзылады, суреттің керек элеметтері ерекшеленіп сурет тануда адастырады. Деметті науқастарға тіпті көрсеткен суретті теріс теріс қойсан олар тани алмаған. Мысалы: мысықтың суреті көрсетіледі теріс қойғанда науқас: бір, ескерткіш дейді. Ал егер дұрыс қойса, енді тура ескерткіш дейді! Мысық. Бәтенке суреті керісінше қоқыс салғыш дейді, ал егер аударса тез таниды. Егер затты ұзақтатса деменциялды аурулар олардың көлемін ұмытып қалады.
Сонымен Биренбауш деменциялдық науқастан байқағаны перцептивті қызметтің басты факторы болып табылады.
Сезімнің алдануы
Галлюцинация (елес). Көңікүйдің бұзылуынан көбіне галлюцинация байқалады.
Психиатрияда галлюцинацияны өтірік көру дейді. Науқас жоқ заттарды көріп, ешкім айтпаған дыбыстады естиді, жоқ иістерді сезеді.
Галлюцинация әртүрлі моделде болуы мүмкін. Е.Эскироль галлюцинацияны – адамның бірдеңені сезетіні жайында сенімді болады, бірақол сыртқы әлемде болмаған жағдай. В.А.Гилеровск Эскирольдың бұл анықтамасы галлюцинация ешқандай қоздырғышсыз болады деген клинитарлық түсінікке негізделеді. Қоздырғыштың бар болуы немесе жоқтығы сезімнің алдануын галлюцинацияға жатқызады. Галлюцинацияның мағынасы әртүрлі: олар неитралды болуы мүмкін, науқас оған жай ғана әсер етеді. Галлюцинация императивті болуы мүмкін: науқасқа бір үн бірдеңені істе деп бұйрық береді. Мысалы бір науқас үн (дауыс) киімдерді жандыр деп бұйрық берген, екінші бір науқасқа ақшаларды таста деген; дауыстар өте қорқынышты болады: олар тіпті өлтір деген бұйрық береді. Дауыстың әсерінен науқастар не бұйрық етілсе соны орындаған (киімдерді жаққан, ақшаларды лақтырып тастаған).
Науқастар галлюцинациялық бейнеге шынайы қараған. Науқастардың іс-әрекеті жалған көрумен байқалған: көбіне науқастар галлюцинация екенін жоққа шығарады бірақ олардың іс-әрекеті білдіріп қояды. Дәрігермен сөйлесіп отырған науқас бірден дауысқа жауап береді. Кедергі келтірме, көрмей тұрсынба мен бос емеспін дейді. Кейбіреулері қолында жүрген тышқандарды қуа бастайды. Иісті сезу галлюцинациямен ауырғанда науқас тамақ ішуден бас тартады: бензин, керосин сасып тұр деп.
Науқас галлюцинациялық бейнені шынайы бейнеден ажырата алмайды. Ол бұл бейне оң жақта тұр «машина терезе алдында тұр» деп айтды. Галлюцинацияық бейне сезіммен боялған: науқас дауыс тембрін еркек немесе әйел екенін ажырата алады, ашық, тұйық түстер, үлкен немесе кішкента жануарларды көреді. Бұл ашық сезімталдық галлюцинациялық бейне мен шынайы өмірдегі зат бейнесін біріктіріп адастырады. Галлюцинациялық қалыпқа адамдар өз еркімен келмейді және өз еркімен кете алмайды ол тылсым бір күш.
Галлюцинациялық бейне өзін басқарудың жоқтығынан туады. Науқасты галлюцинациялық бейненің жоқ екендігіне сендіріп болмайды. Науқас дәрігерге сіз қалайша көрмей тұрсыз оң жақ бұрышта құлақтары тікірейіп ит тұр ғой деп сенімді айтады және сіз қалайша естімей тұрсыз маған бір темекі шегетін еркектің даусы (қолынды көтер) деп айтып жатыр ғой дейді. Галлюцинациянтты сендіру қиын ол тек жалпы жағдай түзелгенде ғана жақсарады.
Галлюцинация жайында өз еліміздің және шетел психологтары көптеген еңбек жазған. Бірақ бұл жұмыстардың бәрінде Ю.Ф.Поляков айтқандай психикалық қызметтің соңғы қорытындысының нәтижесі жазылған; ол бұл өнімді шығаратын процесс жайында ештене айтылаған қарастырылмаған.
Психологтарды қатты қызықтыратыны сезімнің алдануы. Қандай да бір сыртқы объектісі болмаған заттың бейнесі елестеуі мүмкін бе? Психологиялық және әдістемелік маңызы бар қиындыққа С.Я.Рубенейтиннің тәжірибелік зерттеуге арналған, оған төменде толығымен тоқталамыз.
Галлюцинация механизмі жайында сұрақтар қайта-қайта қойылады. Кейбір авторлар галлюцинацияны рецепторлардың бұзылуы салдарынан туатын өнім дейді; кейбірі ОШШ бұзылуы салдарынан галлюцинация туады деді; ал кейбір көрініс инденсификацииясынан галлюцинация механизімін көрді. Ең соңғысына жақын болған Е.А.Попавтың концепциясы, ал галлюцинацияның тежегіштік теориясын ұсынған.
Бұл теорияға И.М:Павловтың галлюцинация гипнозтикалық парадоксальды фаза туады деуі негіз болды. Шынында да науқасты тенгистік жағдайдың бар болуын кеменикалық фактілер дәлелдейді. Анық болғаны галлюцинациялық бейне ұйқыға кеткенде, оянғанда күшие түседі екен, бір жағынан кофейн, фенамин дәрілері галлюцинацияны әлсіздендіреді. Сонымен қатар егер бром қабылдаса галлюцинациялық қабілетті пройесті күшейтеді.
Парадоксальды фаза барысында әлсіз қоздырғыштар күшейгендіктен Паповтың ойынша елес шынайы зат болып көрінеді.
Бірақ Рубенштейн байқағандай галлойдтық фразаны күшейту ешқандай нәтиже бермейді. Өйткені рефлекторлы процестен тыс мынандай көрініс болуы мүмкін емес. Диалектикаматериалдық теория психикалық қызметті шындықтың көрінісі ретінде қарастырады. Адамның сансыз қызмет формасы түрлі шынайы қоздырғыштардың салдарынан болатының автор анық көрсеткен галлюцинациялық объект арасындағы байланысты түзу мүмкін болмағандықтан оның жоқтығын дәлелдейді. Рубенштейннің айтуы бойынша объекті мен көрініс арасында қиын бір байланыс бар, бірақ әрбір психикалық актінің алғашқы салдары сыртқы қоздырғыштардан болады, оған анализатор қызметінің бұзылуына кіреді. өз гипотезасын дәлелдеу үшін Рубенштейн келесі әдісті қарастырады. Науқастарға магниттік лентасында жазылған (су дыбысы, қағаз үні) ұсынылды.
Сау адамдар оны тез ажырата білді бірақ науқас немесе бұрын галлюцинациямен ауырған ажырата алмайды. Бірақ науқас қағаздың шықырлағаның естігенде, сен жамансың деген дыбысты естігенің Рубенштейн жазады. Кейбіреуі жазылған дыбыс естиді: бұрын теңізші болған науқас теңіздің үнін естиді. Науқастардың іс-әрекеті қимылы үнді өтірік қабылдауда жауапты болады. Қорыта келе Рубенштейн галлюцинацияның қалыптасуына дыбысты дұрыс таңдай алмағандықтан, танымағандықтан фотогенетикалық деңгейде тұратынын айтады.
Сезімнің алдануы сау адамда галлюцинацияның тууына әкеледі. Әдебиетте галлюцинацияның тууы туралы жазылған:
сенсорлық деффецеттен (жетіспеушіліктен)
нашар көріп, нашар естігендер (бірақ соқыр – кереңдерде меңіреуде емес).
Бұл дәйектер жақсы естіп жақсы көруде қиналдыратын жағдай галлюцинацияның тууына себеп екенін дәлелдейді. Көзбен көрудегі галлюцинация гепнезінде сенестоватия, оптиковестибуляторы, хоро-прио және интерорикцеция бұзылуы ролб атқарады. Абрамович бір науқас жайында жазған оның басы үлкейіп, оң көзі үлкейіп бара жатқан сияты көрінген; көз галлюцинациясы туғаның білдіреді.
Сонымен қиын фотогенез галлюцинациясы кезінде ішкі және сыртқы анализаторы қызметінен өзгеруі үлкен роль атқарады. Рубенштейн өз тәжірибесінде галлюцинация ішкі және сыртқы қоздырғыштар болмай сезімнің алдануын жоққа шығарып еңбегін реттеді. Рубенштейннің тәжірибелі қорытындысы уақытысында Бехтерев жүргізген тәжірибеге сай келеді. Есту галлюцинациясын ауыратын науқастарға Бехтерев монотонды үндік қоздырғыш қолданған нәтижесінде алынғаны:
Галлюцинация осы проекциясын қоздырғыш жаңаға қарай ауыстырып тұрған;
Қоздырғыштар кейде галлюцинациялық құбылыстарды қоздырған;
Науқастар шынайы қоздырғыштарды көреде естиде алмаған. Бұның бәрі Рубенштейн айтқан сезімнің алдану фотогенезіне алып келеді.
Бұл жағдай өте маңызды, өйткені қызметтің нашарлауын дәлелдейді. Міне сондықтан, психопатологиялық құбылыстың қорытындысы жалпы психология пайдалы болуы мүмкін, психопатологиялық өзгеріс процесі көрсеткендей, бұл процестерге қымет формасы ретінде қарау керек. Псевдогаллюцинация психологияда аса көп қызығушылық тудыратын галлюцинация ол псевдогаллюцинация. Ол алғаш рет орыс психиаторы Кондинский және француз психиаторы Киерасбомен толық жазылған «псевдогаллюцинация кітабында Конндинскии псевдогаллюцинацияның шынайы айырмашылығын жазады, сонымен қатар есте сақтау қабілетімен ойдан шығару туралы да: бас миының сенсорлық бөлігін қоздыру нәтижесінде санадағы трі әрі сезімтал бейнелер шынайы галлюцинациялық бейнеден айырмашылығы бар бірақ соңғысының объективті түрі жоқ бірақ субъективті ретінде саналаді, сонымен қатар аномальді, шынайы естеліктермен фонтазиядан күшті.
Псевдоголлюцинацияның голлюцинациядан айырмашылығы ол ішкі үнмен жүзеге асу, науқас құлағының ішімен естігендей болады. Науқас үшін голлюцинацияның өзі шындық болса, псевдоголлюцинацияның субъективті құбылыс ретінде дайындайды, науқас оған әртүрлі қарайды. Сонымен қатар Конндинскии жазған науқас Лошков псевдоголлюцинациялық арыстаннан қорыққан жоқ. Оның аяғының тигенін сезседе оны денесімен емес рухани жан дүниесімен көрген. Науқастың айтуы бойынша егер арыстан шынайы голлюцинация кезінде келқгенде ол қорқып қашып кетер едім дейді. Голлюцинация секілді псевдоголлюцинациясы әртүрлі сезімдік жағдайда болуы мүмкін: тактилді, кинестетикалы, дәм сезгіш секілді болуы мүмкін. Псевдоголлюцинация науқасқа тәуелді емес: олар өздігінен санадан кете қоймайды. Бұл кезде ойшыл қиалшыл адамдар еске алып отыратындай, өзіндік белсенділік, қызмет жоғалтады. Көбіне псевдоголлюцинация мәжбүрлік сияты болады, оларды біреу жасаған: науқас оған суретті сорлықпен көрсетіп жатқанын айтып шағымданады, тілмен әрекет етеді өзі айтқысы келмеген сөздерді айтады, қол, аяқ бүкіл денесімен біреу басқарып отырғандай. Гиперсанализация бастамада өзінікі өзгенікі болып көрінеді. М. М. Элгазина бір науқас жайында жазған ол тура өзінің ойын біреу алып орнына басқа біреудің ойын қосқандай. Ол тағы бір науқас жайында жазады оның шынайы голлюцинациясы псевдоголлюцинациямен сәйкес ұштасады: ол шынайы дауыспен басының ішіндегі дауысты естиді: оған жаман ойлар салады, ол өз ойын басқара алмай қалады: оған жаман жүрісті бұйырады – ол қолын созып жүреді бүкір кейіпте. Псевдоголлюцинацияның бұл түрі синдром деп аталады дейді Конндинскии. Конндинскии синдромының басты радикалы – ой жеке тұлғаның ойының өзіне бағынбауы бұл синдромның үш түрі бар:
идеаторлы – ойының ашықтығы, мәжбүрлік науқаста өз ойын есту псевдоголлюцинациясы туады. Жағымсыз «іштей анық сезім туады»
сенсорлық сезіну
мотарлы – іс-әрекетінің істелуі.
Бұл синдром толығымен зерттелген. Псевдоголлюцинацияны түсіндіру үшін А.А.Меграбиянның гностикалық сезім, оның күйселіске түсуін түсіндіре алады. А.А.Меграбиянның айтуынша бұл күрделі психопатологиялық құбылыстың астарында өз психикалық жағдайын, бөтенсу, өзіне деген сезімнің бұзылуы жатыр. Псевдоголлюцинация психологтар аз зерттеген. Сонымен қатар синптомды зерттеу санамен өзін-өзін тануда үлкен үлес қосар еді. Тек Кмимушевтің жұмысын көрсетуге болады. Конндинскии синдромымен ауыратын науқастарды зерттеуден Клерамбо қосқан. Автор гностикалық сезімнің патологиялық гипотезасын синдромның негізі болып табылады. өзі қабілдау қабілетінің бұзылуын тәжірибеде дәлелдей түседі. Тәжірибе барысында бұл ауруды жүзеге асыратын жағдайлар анықталды. Ол мәжбүрлікті субъективті сезіну. Ойна жұмыстардың қысыммен орындалуы, мұнда қиындылығымен қателігі науқастың өзіне білінеді.
