Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Патопсихология турлер (2).docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186.08 Кб
Скачать

2. Патопсихологиялық зерттеу құрлымының (құрудың) принциптері.

 

1. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері.Патопсихологиялық зерттеу тәсілдеріне методологиялық сипаттама беру.  Патопсихологиялық эксперименттің ерекшеліктерін анықтау. Патопсихологиялық лабороторияларда қолданған әдіс - тәсіл принциптерін түсіну.              

2.Сандық өлшеу әдісі.

Сандық өлшеу әдісін түсіндіру.Қолдану тәсілдерін меңгеру.

 

Психологиялық ғылымның барлық саласы сияқты, потопсихология эксперимент әдісін қолданады. Патопсихологиялық зерттеу тәсілдері, олар негізделетін жалпы психологиялық принципті (негізді) теориялық мақсаттарға байланысты болады. Сондықтан психологиялық зерттеудің нақты жолдарын таңдап алу тек әдістемелік қана емес, сонымен бірге методологиялық сипатта да болады. Патопсихологиялық эксперименттің ерекшеліктерін түсіну үшін жалпы психологияның зерттеу әдістеріне бірнеше сөзбен тоқталып өту қажет. Эксперимент әдісі психологиядағы танымның жалғыз жолы болып табылады. Ол психологияның даму шамасы бойынша дәл ғылым ретінде және оның жалпы теориялық ережелерімен байланысы ретінде басым болды.

Бәрімізге белгілі, психология - рационалистердің зейіні адам психикасында жекелеген «Шын жүректен шыққан қабілетін» шектеуге бағытталған, олардың әрқайсысын сырттан алынған материалды өз бетінше қайта өңдейді. Психология осы мүмкіндіктерді суреттеу жұмысына алып барады.

Адамның ішкі дүниесін ойша суреттеу өз көрінісін тек психология-рационалистте алған жоқ.Ол психологияны түсінетін деп аталатын өкілдерден өз орынын тапты.(Ә. Шпангер, В.Дильтей).Психиканың жекелеген процестерге немесе қызметтерге ұсақталуын (бөлінуін) жоққа шығара отырып, бөлінбейтіндігін, психологиялық бірлестігін (түтастығын) мойындай отырып, осы бағыттың өкілдері, егер табиғатты түсіндіруге болатын болса, онда психиканы тек түсінуге болады, деп есептей отырып, психикалық ғылыми зерттеуден бастартады.Түсінетін психологияның бұл ережелері өз көрінісін психолог-экзистенциалистер концепциясында тапты.

Тәжірибеде бұл, психология бар болғаны субъектіні өткізуді бақылау, оның айтқандарын және өзі бақылағандарың тіркеуі және эксперименттен бас тарту, сол  немесе басқа процестің ағыны тәуелді болатын жағдаймен

қызметті өзгерту мүмкіндігінен бас тартуы тиіс екендігін білдіреді.Мәні басқаша, психолог-экзистенциалист құбылысты суреттеуге ұмтылады, бірақ оның мәніне үңілмеуге (байлауға)ұмтьілады.Рационалистікпен алмасуға әкелген эмперикалық психология зерттеу әдісінің басқаша түсінігін алып келеді. Эмперикалық психологияның дамуымен, психофизалогияның дамуымен психологияға невралогия және психатрия тәжірибесінен енген (кірген) эксперимент әдісі қолданыла бастады (В.Вундт,Г-Әббин - Ә.Гауз. Титчеенер).Ірі емханаларда (Ленинградтағы В.М.Бахтеревтың, Лейпцигтегі Ә.Крепеилнаның,С.С.КорсакованыңМәскеудегі)психологиялық лабарато риялар ашылды.

Лабороторияларда қолданған әдіс - тәсіл принциптері әртүрлі.Оларға қысқаша тоқталып өтейік.Ұзақ уақыт бойы емханаларда Вундтың психологияға сүйенген (негізделген) әдіс психикасының процестерді сандық өлшеу әдісі үстемдік етті.Туа біткен мүмкіндіктер сияқты, тек даму кезінде ғана өзгеретін психологиялық процестерге көзқарас, өлшеу психологиясын құру мүмкіндігі туралы идеяға алып келеді.                                   Психикалық процестерді эксперименттік зерттеу оның тек сандық сипатын белгілеуге, дәлірек айтқанда, жекелеген психикалық мүмкіндіктерді өлшеуге алып келеді.

Туа біткен мүмкіндіктерін сандық, өлшеу принципі психиатриялық және неврологиялық емханаларда зерттеудің психологиялық әдістері негізіне жатқызылды.Қандайда бір (фукциялардың) құлауын зерттеу оның қалыпты стандарттан сандық ауытқу деңгейін белгілеуге болады.

191 Ож көрнекті невропатолог Г.И. Россолиио, оның пікірі бойынша, жекелеген психикалық функцияның субъектінің психологиялық процесін (белгілеугее) анықтауға мүмкіндік беретін сияқты психологиялық эксперименттің жүйесін жасады.Автордың пікірінше, мидың әртүрлі патологиялық жағдайы психодинамиканың өзгеруі белгілі бір типтік процесін тудырды. Бұл әдістің негізінде туа біткен оқшауланған мүмкіндіктердің болуы    туралы   эмперикалық   психология   концепциясы жатыр.Бұл жалған теория да солай, психикалық қызметтің бұзылуын талдауға жеңілдетілген сандық тәсіл сияқты, клиникалық тәжірибенің барабар сұраныстарын,әдістемелерді қамтамасыз ете алады, психологияны клиникалық міндеттерді шешуге жақындатуға әрекет қылудың өзі, өз уақыты үшін прогресивті болады.

Жекелеген психикалық функцияларды сандық өлшеу әдісі,басында ақыл-ой мүмкіншілігін анықтау деңгейіне бағытталған - Бин-Силонның тест зерттеуде көрінуге қол жеткізді.Оның тест зертеуі, баланың ақыл-ой мүмкіндікті фатальды бөлінген тұқымқуалаушылық факторлармен бөлінген деңгейде оқу мен тәрбиелеу деңгейіне тәуелді болады. Әрбір балаға белгілі бір, көп немесе азырақ тұрақты жасқа сай интелектуалды коәффицент (ЬСО тән.

Балаға ұсынылған міндеттер, өзін шешу үшін белгілі бір білімдерді, дағдыларды талап етті және жақсы жағдайда олардың ақыл - ой қызметінің сапалы ерекшеліктерінің құрлымы туралы емес, білімдердің саны туралы талдауға (пікір айтуға) мүмкіндік берді.

Осыған ұқсас, таза сандық өлшеуге бағытталған зерттеулер баланың әрі қарай дамуын болжауға мүмкіндік бермейді.Ал осы тестің арасында кейбіреулерде, туа біткен «Қабілетті» сияқты,басқалардан туа біткен мүмкіншіліктерден тәуелді деп жарияланған балалар бөлімшесі кейбір елдерде өткізілді және қазірде өткізіледі.Тестер әдісі біздің елдерде де балаларды мектептерде педагогикалық зерттеулер деп аталадын зерттеулерде қолданылады. Оларға ОК ВКП (б)-ң 4 шілде 1936ж қаулысымен жалған ғылыми әділ баға беріледі.

Сандық өлшеу әдісі қазіргі уақытқа дейін шетелгі көптеген клиникалық психологияның еңбегінде негізгі болып қалады. Ауруларды экспериментальды -психикалық зерттеуге арналған соңғы жылдары жарияланған көптеген монографиялармен мақалаларда есептеп шығаруға дейін осыған ұқсас тесттік зертеулер өткізіледі.

Ауруларды функцияналды өлшеуге бағытталған әдістер мен зерттеу кезінде ақыл-ой қызметінің ерекшеліктерінде бұзылудың сапалы емес жағыда талдау клиникалық міндеттерді шешу кезінде соншалықты қажетті, орнын толтыру мүмкіндігі де ескеріле алмайды.

Өлшеу жолымен тек жұмыстың соңғы нәтижесі ғана айқындалады, ал оның процесінің өзі, зертеушінің тапсырмаға қатынасы, зертеушінің сол немесе басқа іс -әрекет тәсіліне (оятатын) түрткі болатын мотивтер, жеке адамның мақсаты, тілегі - бір сөзбен айтқанда, зертеуші қызметінің сапалы ерекшеліктерінің көптүрлілігі байқалмауы мүмкін.

Таза сандық әдіспен қатар соңғы жылы шетел патопсихологиясында тек жеке тұлғаны анықтауға ғана бағытталған әдістемелерді пайдалануға тенденция байқалады.

Бұл бағыттың өкілдері өз зерттеулерінде негізгі жоба әдісін қолданады,зертеушіге ұсынылатын тапсырма, шешудің қандай да бір тәсілін қарастырмайды.Міндеттерді (тапсырмаларды) орындауға сәйкес белгілі бір шарттарды орындауды талап ететін тесттен айырмашылығы, протективті әдіс, зертеуші өз күйзелісін, өзінің жеке және өзгеше (сипатын) ерекшеліктерін көрсете алуына тек ыстау ретіне кез-келген міндеті қолданылады.

Нақты бір әдістеме ретінде белгісіз сюжеті бар Рошахтың ең ғажап (елес) түріндегі симетриялы орналасқан «Сия дақтары» атты әртүрлі конфигурациясы қолданылады.Сюжетті суреттеу үшін ұхынылатын картиналар, кейіпкерлердің іс-әрекеті . немесе позасы болып табылады.Зерттеуші картинаны (суретті) суреттеуі, онда ненің бейнеленгенін, бейнеленген кейіпкерлердің не туралы ойлап тұрғанын, неге күйзеліп (қандай күйді бастан кешіп тұрғанын әңгімелеп беру), бейнеленген оқиға алдында не болғанын әңгімелеуі тиіс.Мұндайда «прожективті әдістің»кейбір автордың пікірі бойынша, зертеушіні бейнеленген кейіпкермен белгілі теңдестіру болады.Француз психологы А.Омбреданың айтуы   бойынша,      жеке   тұлға  әкрандағы   объекті   сияқты,   осы   әдістің

көмегімен бейнеленеді (прожективті деген атта осы жерден шығады).Бұл әдісті «Сау адамның психикасына клиникалық тәсіл» деп жинақтайды.Демек, негіссіз жоба әдісі өз мәні бойынша өлшеу әдісінің антиподы болып табылатын,оның авторларының ойы бойынша зерттеушінің мінез - құлқына сапалы бағалау мүмкіндігін үхынуы тиіс.Егер тест әдісі жұмыс нәтижесін бағалауға бағытталған болса, онда прожективтік әдіс кезінде қате немесе дұрыс шешу мәселесі мүлде туындамайды.Негізгі жоба әдісті қолданушы, зертеуші, жіберілген қателерге немесе дұрыс шешімдерге емес, зерттеушінің жеке реакциясына, мұндайда пайда болатын сипатына көңіл бөледі.

Егер әңгіменің жеке адамның қандай күйзелісі және мақсаттары туралы болып отырғанына талдау жасау керек болса, онда зертеушілердің осы әдістің көмегімен аурудың санадан тыс, жасырын мотивтерімен қалауын ашуға тырысады деген сөз.Зертеушінің қабылдауының жекелеген ерекшеліктері (мысалы, ол қозғалып немесе тыныш тұрған объектіні көреді ме, ол Роршахтың дақтарды суреттеу кезіндегі суреттің ірі немесе ұсақ деталдарына және т.б. көңіл бөле ме)жеке ерекшеліктерінің көрсеткіші ретінде түсіндіріледі.

Демек,бұл әдіс жекеленген функцияларды қарама - қарсы сандық өлшеуге жеке тұлғаны толығымен сапалы талдауға мүмкіндік береді. «Негізсіз жоба» әдісте бар тиімді түйірі сөзсіз қолданылуы тиіс.Бірақ оның көмегімен күйзелістерді, ерекшелеуді анықтау оның мотиві мен қажеттіліктерінің тұрақты иерархиясының, жеке тұлға құрылымының индекаторлары бола алмайды.Прожективті әдістердің өз зертеу объектісі болуы тиіс.

Кеңес патопсихологиядағы эксперименттік -психологиялық зертеу принциптеріне тоқталайық.Материалистік пихологияның психикалық процестер туа біткен (мүмкіндіктер)қабілеттер болып табылмайды.Олар өмір бойы қалыптасатын іс - әрекет (қызымет) түрлері болып табылады, деген ережесі психологиялық эксперименттің психикалық бүзылыстарды іс -әрекеттің  бұзылуы  ретінде  зерттеу     мүмкіндігін  беруді  талап  етеді.Ол психиканың құлауының әртүрлі формаларын сапалы талдауға, бұзылған қызметтердің механизімін ашуға және оны қалпына келтіру мүмкіндіктеріне бағыталуы тиіс.Егер әңгіме таным процестерінің бұзылуы туралы болатын болса, онда эксперименттік тәсілдер, аударудың өмір тішілік әрекеті процесінде қалыптасқан ойлау операцияларының қалай құлайтынын жаңа байланыс табу процесі қалай өзгеретінін,ескі, бұрынға байланыс тәжірибелерде құрылған жүйелерді пайдалану мүмкіндігінің қандай формада бұрмаланатынын көрсетуі тиіс. Бұдан шығатыны барлық психикалық процесс белгілі динамика мен бағытты меңгерген, эксперименттік зерттеуді ол осы параметрлердің сақталғандығын немесе бұзылғанын көрсететіндей етіп, жасау керек.Демек, эксперимент нәтижесі тек сандық емес, психика қулауының сапалы сипатын беру тиіс.

Өз-өзінен түсінікті, алынған эксперименттік мәліметтер сенімді болуы тиіс, материалды статистикалық өңдеу қойылған міндет мұны талап ететін жерде қолданылуы тиіс,бірақ сандық талдау эксперименттік мәліметтердің сапалы сипатын ауыстырмауы, тартпауы тиіс.Сандық талдау айталық мәліметтерді мүдият сапалы психологиялық квалификациялау өткізілген кезде болады.Өлшеуге кіріспес бұрын, ненің өлшенетінін белгілеу керек.

Психологиялық эксперимент жасаудың негізгі принципі аурудың психикалық процестердің барт болғаны олардың бір сандық өлшеу міндетіне қарама - қарсы (обрз) даму ерекшеліктерін сапалы талдау болып табылады.

Бір және сол потопсихологиялық белгісі әртүрлі механизимдермен байланысты болуы,ол әртүрлі жағдайдың индикаторы болуы мүмкін.Мысалы, жанама естің бұзылуы немесе тарылулардың тұрақсыздығы аурудың бұзылған ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігінің салдарынан пайда болуы мүмкін (бұның әртүрлі органикалық генездің астения кезінде орны бар), ол мақсатқа бағытталған мотивацияның бұзылуымен шартты болуы мүмкін (Мысалык, мидың маңдай бөлігі бұзылған     кезде),  ол  іс-әрекеттің     автоматтандырылуының бұзылуының

психиканың құлауының әртүрлі формаларын сапалы талдауға, бұзылған қызметтердің механизімін ашуға және оны қалпына келтіру мүмкіндіктеріне бағыталуы тиіс.Егер әңгіме таным процестерінің бұзылуы туралы болатын болса, онда эксперименттік тәсілдер, аударудың өмір тішілік әрекеті процесінде қалыптасқан ойлау операцияларының қалай құлайтынын жаңа байланыс табу процесі қалай өзгеретінін,ескі, бүрынға байланыс тәжірибелерде құрылған жүйелерді пайдалану мүмкіндігінің қандай формада бұрмаланатынын көрсетуі тиіс.Бұдан шығатыны барлық психикалық процесс белгілі динамика мен бағытты меңгерген, эксперименттік зерттеуді ол осы параметрлердің сақталғандығын немесе бұзылғанын көрсететіндей етіп, жасау керек.Демек, эксперимент нәтижесі тек сандық емес, психика қулауының сапалы сипатын беру тиіс.

Өз-өзінен түсінікті, алынған эксперименттік мәліметтер сенімді болуы тиіс, материалды статистикалық өңдеу қойылған міндет мұны талап ететін жерде қолданылуы тиіс,бірақ сандық талдау эксперименттік мәліметтердің сапалы сипатын ауыстырмауы, тартпауы тиіс.Сандық талдау айталық мәліметтерді мүдият сапалы психологиялық квалификациялау өткізілген кезде болады.Өлшеуге кіріспес бұрын, ненің өлшенетінін белгілеу керек.

Психологиялық эксперимент жасаудың негізгі принципі аурудың психикалық процестердің барт болғаны олардың бір сандық өлшеу міндетіне қарама - қарсы (обрз) даму ерекшеліктерін сапалы талдау болып табылады.

Бір және сол потипсихологиялық белгісі әртүрлі механизимдермен байланысты болуы,ол әртүрлі жағдайдың индикаторы болуы мүмкін.Мысалы, жанама естің бұзылуы немесе тарылулардың тұрақсыздығы аурудың бұзылған ақыл-ой жұмысқа қабілеттілігінің салдарынан пайда болуы мүмкін (бұның әртүрлі органикалық генездің астения кезінде орны бар), ол мақсатқа бағытталған мотивацияның бұзылуымен шартты болуы мүмкін (Мысалык, мидың маңдай бөлігі бұзылған     кезде),  ол  іс-әрекеттің     автоматтандырылуының бұзылуының көрінісі болуы мүмкін( мидың қан тамырларының өзгерісі кезінде әпилепция кезінде).

Бұзылу сипаты патогномикалық болып табылмайды, яғни сол немесе басқа ауруға тәщол бар болғаны олар үшін типтік болып табылады және біртұтас патопсихологиялық зерттеудің мәліметтерімен комтексті түрде бағалауы тиіс.

Психологиялық зерттеу емханада «Функциональды сынама»-медециналық тәжірибеде кеңінен қолданған және қандай да бір органикалық қызметін зерттеуден түратын әдіске теңестірілуі мүмкін.Психологиялық эксперимент жағдайда «Функциональды сынама»ролін мынадай эксперименттік міндеттер, яғни адам өз тіршілік әрекеттерде қолданатын ойлау операциясывг белсенді алуға шамасы бар, оның осы қызметіне түрткі болатын мотивтері атқара алады.

Патопсихологиялық эксперименттердің тек ауруларды ойлау операциясын ғана өзекті етуі тиіс емес, сонымен бірге жеке қарым -қатынасты да өзекті етуі тиіс екендігін атап өту керек.1936ж В.Н.Мясшцев бұл мәселені өзінің «жеке тұлғаның еңбекке қабілеттілігі және ауруы» деген мақалада қозғады. Ол психикалық және психопатологиялық құбылыстың адамның оның мотиві мен мақсаттарының жұмысқа қарым-қатынасын, өзіне-өзінің қарым-қатынасын, өзіне талап қою, еңбек нәтижесі және т.б. негізінде түсінікті болуы мүмкін екендігін көрсетеді.Психологиялық көрінулерге мүндай тәсіл, В. Н.Мясшцев айтқандай, біліммен жеке тулға психологиясын зертеуді талап етеді.

Бұл тәсіл психикалық қызыметтің детерминациясын дұрыс түсінумен де айтылады.Психикалық детерминация механизімі туралы айта отырып, С.Л.Рубинштейн сыртқы жағдайлардың, адамдардың мінез-құлқымен іс-әрекеттерін тікелей анықтамайтынын, себептің «ішкі жаағдайлар арқылы» әсер ететін атап көрсетті.Бұл,тарылулардың, адам қылықтары, іс- әрекеттері сыртқы тітіркеніштерге тікелей реакциясы болып табылмайды, олардың, оның   мақсатымен,   мотивациясы,қажеттіліктермен      жанама   болатынын

білдіреді.Бұл мақсаттар өмір бойы тәрбиемен оқытудың әсерімен жасалады,бірақ, қалыптаса отырып олар сау және ауру адамның іс -әрекеттерімен қалыптасатынын анықтайды.

Адамның қарым—қатынасы жеке адамның құрылымымен, оның қажеттіліктері мен әмоциональды және ерікті ерекшеліктерімен байланысты.Соңғы психология процестерін қарастырғанына қарамастан, олар мәні бойынша жеке адам құрылымына кірістірілген болып табылады.Адамның материалдық және рухани қажеттіліктерінде оның қоршаған әлеммін адамдармен байланысы көрсетіледі.Адамды бағалай отырып біз, ең алдымен оның мүдделерінің аясын, оның қажеттілігінің мазм^нын сипаттаймыз.Біз адам туралы оның қылықтарының мотивтері болып оның өмірлердің қандай құбылыстарына селсоқ екендігін, оның неге қуанатынына, ойлары мен тілектері неге бағытталғаны бойынша сипаттаймыз.

Жеке тұлғаның потологиялық өзгерісі туралы біз, аурудың әсерінен адамдағы қызығушылық азайған, қажеттіліктердің ұсақталған кезде, оны бұрын қызықтырған нәрсеге алшақ қараған кезде, іс-әрекеті оның мақсатқа сай бағытылығынан айырғанда, қылықтарын ойланбай жасайды, адам өз мінез-құлқын реттей алмаған кезде, өз мүмкіндігін барабар бағалай алуға шамасы болмаған кезде, оның өзіне және қоршаған ортаға қарым - қатынасы өзгерген кезде айтамыз.

Мұндай өзгертілген қарым-қатынас өзгертілген жеке тұлғаның индикаторы болып табылады.

Бұл өзгертілген қарым - қатынас аурудың тек жұмыс қабілеттілігінің әлсіреуіне, оның ақыл-ой өнімдерінің нашарлауына ғана алып келмейді,сондықтан бұл өзі психопотологиялық синдронымының құрылуына қатыса алады.

Ең алдымен, мынаны атап өту керек, эксперимент жағдайында аурулардың мінез-құлықын өзі бақылауы ауруды емханада бақылаудан сапалы   ерекшеленеді.Мәселе мынада, емханадағы психологиялық зерттеу

жағдайын, ереже бойынша, аурулар олардың ақыл - ой мүмкіндігін зерттеп реттеп қабылдайды.Сондықтан эксперимент ситуацияларының өзі оған белгілі қарым — қатынасты актуализация (өзекті) етуге алып келеді:Мысалы, кейбір аурулар, оларды есте сақтау қабілетінің нашар екендігі білініп қалуынан сақтана отырып, өздерің сөзді нашар ести сақтайтынын айтады.Басқа жағдайларда есептеу операциясын орындау қажеттігі арифметиканы үнемі ұнатпағанын айтып ілікпе сөзді тудырады.Сондықтан, ауру тапсырманы қабылдағанан кейін оның жеке мақсатарының барабарлығы немесе барабар еместігі туралы растауы мүмкін.

Тапсырманы орындаудың тәсілімен сапасының өзі, қателіктерінің саны, жұмыс қарқыны, мысалы шизофрения мен сау адамда бірдей болуы мүмкін.Оның үстіне аурулардың эмоционалды реакциялары, әсіресе қате шешімдер пайда болған кезде,өте әртүрлі.

Емханадағы психологиялық зерттеулердің тағы бір ерекшелігін атап өту керек.Тапсырманы орындау процесінің өзі қандай да бір өзін-өзі бақылаудың болмай қалмайтын сезімін тудырады аурулар өз есін өзі тексерген қызықты екендігін жиі айтады.Аурудың жұмыс процесінде өз ақыл есінің жеткіліксіздігін алғаш рет мойындауы жиі болады.Фразалар: «Мен, өзімнің есім нашар деп ойланыппын»,Мен нашар түсінемін деп ойламаппын»- жиі болып табылады.

Мұндай «ашудың» өз бетінше, ауру үшін күйзелудің қайнар көзі болып табылатыны белгілі (рас).Сондықтан аурудың мінез-құлқы мен айтқандарын бақылау оның жеке көрінулерін талдаудың материалы болып табылады.

Жеке тұлғаның өзгеруін зерттеудің басқа әдістемелік жолы - бұл олардың таным процестерінің бұзылуын талдау арқылы жанама айқындау жолы.

Мидың маңдай бөлігі жарақаттанған аурулар, оларда интелектуалды операцияларды салыстырмалы түрде сақталып қалғандығына қарамастан, бірнеше қарапайым тапсырмаларды орындай алады.

Таңдауды, жоспарлауды, бақылауды талап ететін кез-келген қарапайым тапсырманы мүндай аурулар орындай алмас еді, және керісінше, бұл жағдайларды сақтау талап етілмейтін неғұрлым күрделі тапсырмаларды олар жеңіл орындады.Демек, тапсырмаларды қате шешу ойлаудың логикалық құрылымының бұзылуының салдары емес, субъектіге қалай болса солай қарауының нәтижесі болып табылады.

Бұл туралы педагогикалық психология саласындағы психологиялық зерттеулерді дәлелдейді.Л.И.Божович пен Л.С.Славинаның еңбегі, мектептегі көптеген балалардың оқу үлгерімі олардың таным процестерінің бұзылуымен емес, балалардың өзгерген қарым - қатынастарымен, оның өзгерген позициясымен байланысты екендігін көрсеткен.

Жеке адамды және оның ауытқушылығын жанама зерттеу жолы шексіз.

Ә.А Явлахева зерттеулері тіпті қарапайым сурет сюжетін суреттеу сияқты қарапайым тапсырмалардың өзі, зерттеушінің әмоциональды сферасының деңгейіне байланысты.Мұнымен, миының маңдай бөлігі зақымдалған балаларда суреттің әмоциональды мазмүнына реакцялардың жеткіліксіздігі байқалды.

Зерттеушілердің ереже бойынша, сурет сюжетіне өз қарым - қатынасы байқалды.Мысалы: «Маған оның бет жүзі ұнайды», «Адамның байсалды адамдар қатарынан елес екендігі көрініп түр». Бұл ойланған сүйкімді жүзді адам т.б.

Осы әдістеменің көмегімен шизофрениямен ауыратындардан алынған мүлде басқа мәліметтер болып табылады.Бұл аурулардың суреттерді суреттеуі фактілерді таза формальды көрсетуге алып келеді. «Екі ер кісі», «Ер кісілер әңгімелесіп отыр», «Адамдар стол басында отыр».

Аурулардың есептерді (тапсырмаларды) шешудегі тағы бір ерекшелігі байқалды.Дені сау зерттеушінің кейбір экспериментальды тапсырмаларды орындау деңгейі (заттарды жіктеуі, шығару әдісі және т.б.) ереже бойынша, оған   жеке   қарым   -   қатынасына   байланысты   болады.   Мысал   ретінде

К.Левиннің шәкірті Ф.Хоппенің психологиялық әдебиетте танымал «Талаптану деңгейін зертеу»сияқты әдістемесін көрсетеміз.Оның мәні мынадай болады:3ерттеушіге күрделілік деңгейі бойынша ерекшеленетін бір қатар тапсырмалар берілді (18 -ге жуық).Тапсырма мазмүны олардың күрделілігінің өсу тәртібімен орынын карточкаларда берілді.Бұл әдебиет, өнер,математика салаларындағы білімдерді талап ететін тапсырмалар болуы мүмкін.Басқа сөзбен айтқанда тапсырма мазмүлы зерттеушілердің білім деңгейіне, олардың мүдделеріне, мақсатына сәйкес келуі тиіс.Тек осы жағдайда ғана зертеушілерде эксперимент ситуациясына салмақты қарым -қатынас жасалады.

Нұхқау берілді: сіздердің алдарыңызда артқы беттерінде тапсырма белгіленген карточкалар жатыр. Карточка нөмірлері тапсырма деңгейінің күрделілігін білдіреді. Әрбір тапсырманы шешуге сіздерге белгілі, белгілі бір уақыт берілген.Мен оны секундномер көмегімен бақылаймын.Егер сіздер берілген уақытта тәртіппен орналастырмасаңыздар мен тапсырма орындалған жок деп есептеймін.Тапсырманы сіздер өздеріңіз таңдауларыңыз керек, сөйтіп, зертеушіге тапсырмалар күрделілігін өзі таңдауға құқық беріледі.Зертеуші (Эксперимент алушы)өз шешімі бойынша тапсырманы орындауға берілген уақытты көбейте не азайта алады.

Ф.Хоппенің зерттеулері, табысты шешулерден кейін талаптану деңгейінің өсетінін, зерттеушінің неғұрлым күрделі тапсырмаға ұмтылғанын: және керісінше, сәтсіздіктен кейін талаптану деңгейінің төмендейтінін көрсетеді, зерттелуші неғұрлым оңайын таңдайды.

Талаптану деңгейінің орын алмасу заңдылықтары (Ф. Хоппе белгілеген),М.Юкнаттың «Жетістіктер, талаптану деңгейі және сана-сезім» атты зерттеуінде тексерілген.Ф.Хоппедегеі сияқты, бірнеше тапсырмалардың орынына, бірнеше өзгертілген әдістеменің көмегімен,ол Лабиринттің есептер сериясын жасады.Бірінші серия (10 лабиринтті тапсырмалар табысқа жетуге кепілдік берді, яғни зерттеушілер әрқашанда есепті шеше алады.

М.Юкнат зертеушілердің екі тобын зерттеді.Бірінші топ жұмысқа, табысқа жетуге кепілдік берген сериялардан бастады, екінші топ екінші сериядан бастады (табыссыздық сериясы).Бірінші сериядан бастаған зертеушілер, екінші серияны неғұрлым жоғары деңгейде бастады, және керісінше, «табыссыздық» сериялар тапсырмасын орындаған зертеушілер, жұ-мысын жеңіл тапсырмалардан бастады. ( тіпті 14 күннен кейін) олармен басқа тапсырма түрімен қайталау тәжірибесі өткізілген кезде. «Табыс» сериясын орындаушы зерттеушілер, екі аптадан кейін күрделі тапсырманы таңдады.Сөйтіп, М.Юкнат, «талаптану деңгейінің»қалыптасуы алдыңғы тәжірибемен байланысты екендігін көрсетті.

Бірақ онда да, Ф.Хоппедегі сияқты, талаптану деңгейі өзін қоршаған адамдармен шынайы қарым-қатынастан, орындалған қызмет (жұмыс) мазмұнынан мүлде оқшауланған болып шықты.

Кеңестік авторлардың зерттеулерінде талаптану деңгейінің жұмыс мазмүлына тәуелділігін көрсетуге әрекет жасалды.Мұндай зерттеуге мен Е.А.Серебрякова М.С.Неймарктың жұмысы жатады.

Хоппеннің әдістемесін негізге ала отырып,Е-А.Серебрякова атқарған жұмыстың ролін ғана белгілеп қойған жоқ, сонымен бірге қоршаған ортаның өзін бағалауы мен өзіне - өзінің сенімділігін қальщтастыруды да белгіледі.Егер Ф.Хоппе өз әдістемесінде шынайы өмір жағдайларынан шекті абстрактыландырылса, Е.А.Серебрякова оған барынша жақындауға тырысты.Өз зерттеулерінің нәтижесінде Е.А.Серебрякова өзін-өзі бағалаудың бірнеше түрін белгіледі:

1.  Тұрақты барабар өзін-өзі бағалау.

2.           Өзін барабар емес төмен бағалау.

3.           Өзіне барабар емес жоғары баға беру.

4.           Өзін-өзі түрақсыз (тиянақсыз)бағалау. Е.А.Серебрякованың    қызыметтерінің    жұмысымен осы әдістеменің

көмегімен    қояншық ауруымен ауыратын    балаларды жеке    ерекшелігін анықтады.

Біздің лабараторияда суреттелген зерттеу әдістемесінің әртүрлі варианттарының көмегімен әртүрлі психикалық ауруы бар адамдардағы талаптану деңгейінің қалыптасуын зерттеу өткізілді.Экспериментальды жұмыс ретінде зерттеушілерге орындалуы кейбір «мәдени деңгейдің»көрсеткіш ретінде қолданыла алатын тапсырмалар үхынылды.

Біздің экспериментшілердің нәтижелері Ф.Хоппе мен Е.А.Серебрякованың зерттеу нәтижесін растады.Дені сау адамдардың тапсырманы таңдауы алдыңғы тапсырмаларды ойдағыдай орындау немесе орнындамауына байланысты болады.

Мүлде басқа нәтижелер бұл әдістемені жүру процесі баяу шизофрения (жеңіл түрі)аурулармен ауыратын ауруларды зерттеу кезінде алынды.Б.И.Бежаншивмидің мәліметі бойынша, 30 аурудың 26-да тапсырманы таңдаудың алдыңғы шешімдерінің табысты немесе табысты орындалғандығына байланысты емес екендігі байқалды.Талаптану деңгейі оларда қалыптаспады; өз мүмкіндіктерін барабар өзі бағалауда байқалмады.Аурулардың айтқандарында ешқандай әмоциональды бояулар болмады; Аурулар реніш білдірмейді, тіпті тәжірбиеші олардың сәтсіздіктерін айтса да.

Басқа картина психопаталогияның «талаптану» деңгейлерін зерттеу кезінде байқалды. Әрекет деңгейі оларда өте тез қалыптасты және ереже бойынша, өте жоғары болды. бірақ ол тез сынғыштық (нәзіктік), тұрақсыздықпен ерекшеленді сәл ғана сәтсіздікке де ол өте өзін тастап жіберді және дәл солай, табысты шешулер кезінде тез көңіл-күйі көтерілді. Л.В.Вукулованың зерттеулерінде олигофрен - балаға тән, әрекеттердің деңгейлерінің динамикасының өзіндік сипаты байқалды. Оқу жұмысының материалында (арифметика бойынша есептер сериясы, тарих, география және әдебиет бойынша сұрақтар), сол сияқты қолдану кезде және эксперименттік әдістемесінен, олигофрен - балаларда талаптану әрекетінің не өте баяу болатыны, өте қиындықпен және ақырғы жағында, не болмаса мүлде    болмайтыны     көрсетілген.     Бұл     бағалы    тапсырманы    тавдау

ойсыздықпен жиі сипатталады, алдыңғы тапсырмаларды ойдағыдай орандаған, орындамағанын келесі таңдауға әсер етпейді. Жұмыстағы сәттілік пен сәтсіздікке бірдей қарым - қатынаста болады.

Яғни олар үшін бәрі-бір, еш уайым жоқ. Осы уақытта, олигрефен балалардың эксперименттік бағалауын өте сезімталдықпен қабылдайтыны, әсіресе теріс бағалауға, белгілі болды.

Патопсихологиялық эксперименттің тағы бір ерекшелігіне тоқталып өту қажет. Оның құрылымы тек өзгертілгеннің құрылымын байқауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге аурудың психикалық қызметінің қалған сақталаған формаларын да ұсыну қажет. Мұндай тәсілдің қажеттігі бұзылған қызметтерін қалпына келтіру мәселесін шешу кезінде маңызды.

А.Р.Лурия, күрделі психикалық қызметтерді қалпына келтірудің табысты болуы, қалпына келтіру жұмыстарының психикалық қызметінің сақталған звеноларына қаншалықты сүйсінетініне байланысты екендігі туралы өз пікірін айтты: ол психикалық қызметтің бұзылған формасын қалпына келтіру функциональды жүйелерді қайта жасау типі бойынша өтуі тиіс деп атап көрсетті. Мұндай тәсілдердің жемістілігін көптеген кеңестік авторлар дәлелдеді.

Кеиіс функциясын қайта жасау (қалпына келтіру) сақталғанын дамытумен тығыз комплексте өтеді. Авторлар, қалпына келтіру жүжысының сақталып қалған білімін тірілтуге негізделуі тиіс деп сендірерлікпен көрсетті. Қалпына келтіру жү_мысы кезінде (бұл жағдайда сөйлеуін қалпына келтіру) байланысының адамдық мақсаттарының барлық жүйесі өзектелуі тиіс.

Сау адамның психикасын зерттеуге бағытталған, яғни жалпы психологиялық тәртіптегі мәселелерді шешуге бағытталған эксперименттің тағы бір қатар ерекшеліктерін атап өту керек.

Сау адаммен эксперимент өткізген кезде, олар тәжірбиешіні зейінмен тыңдайды, нұхқауды орындауға тырысады, тапсырманы қабылдайды, ал психикалық аурулар тапсырманы орындауға ұмтылмақ түгілі, тәжірбиені кері түсінеді немесе  белсенді түрде нұхқауға қарсы тұрады.  Сау адам

тәжірбиешінің айтқан сөзіне өз зейінін бағыттаса психикалық, ауру адам оны белсенді түрде тыңдағысы келмейді.

Кейде тәжірбиешіні өзіне «гипноздау» әдісімен әсер етіп отыр деп есептейтін, яғни тәжірбие жасауға тура келеді.

Экспериментальды - психологиялық зерттеуді емханада жасау әдеттегі психологияылық тәжірбиеден тағы бір ерекшелігімен: көптүрлілігімен, қолданған әдістеменің санының көптігімен ерекшеленеді.

Психикалық жағынан жетілмей қалу немесе ауруы кезінде (баяу немесе бұрмаланаған болса да) бала әрі қарай дами береді.

Психикалық эксперимент ауру баланың психикалық процестердің құ-рылымын деңгйеін белгілеумен шектеліп қоймауы тиіс, ол ең алдымен баланың потенциалды мүмкіндіктерін анықтауы тиіс.

Бұл нүхқауды 30ж. Л.С.Выготский алғаш рет өзінің жақын даму аймағы туралы ережелерде айтылды.

Қазіргі уақытта балалар жасындағы патопсихологиялық патологиялық құ-былыстарды түзету әдісі жасалуда. Бұл түзету жолын табу баланың тек жасқа сай ерекшеліктерін білуді ғана емес, сонымен бірге олардың ауытқушылықтарында, баланың психикалық даму барысың бақтауды да талап етеді. Осындай түзету әдісінің бірі ретінде ойын алынады. Бұл түзету тәсілдері бір мерзімде диагностикалық мақсатқа да қызмет етеді.

 

3. ПСИХОПАТИЯ  ТҮРЛЕРІ

 

1.Тұрақсыз  тип. 

Тұрақсыз  психопатия  тип  белгілерін түсіндіру.

 2.Истериялық  типтің 

Истериялық  типтің  негізгі  белгілерін анықтау.  

 3.Психатеникалық  тип.   

Психатеникалық  типтің көрінуі.

 4.Шизоидты  тип. 

 Шизоидты  типтің алғашқы белгілері.

       

 

Психопатиялық  түрлері  балалық  шақтан  қалыптасады.  Жасөспірімдерде психопатия  белгілері  біліне бастайды  да,  ал  кемеліне  келген  адамда  ол  әбден  толысады.  Психопатия – ауруға  қаттысы  жоқ  «патологиялық  мінез».  Осындай  мінезді  адамдарда  ақыл-ой  мүмкіндігі  қалыпты  не  қалыптан  астам  болады.  Психопатияның  бірнеше  түрлері бар.

Қызба  тіпті   балада  психопатиялық   алғашқы  білгілер  2-4   жас  арасында,  басқаша  айтқанда,  бірінші   жастық  дағдарыс  кезінде  білінеді.   Бұл  кезде   бала  құрдастарына  қарағанда  қозғалғыш,  қозғы,  ызақор  келеді  (ыза  болһғанда  төңірегіндегілерді   ұрып,  тырнап,   тістейді).   Олар  тым  қиқирланып,  айтқанын  істемесе  еденге  жатып,  басын  соғып  жер  тырмалап,  бақырып  жылайды.  Ондайлар  басқамен  сыйыспай,  бірден  төбелесе  тастайды.   Бірінші  класта  мұндай  әрекеттер  сирек  ұшырасады.  Психопатия  қыздарға  қарағанда,  ұлдарда  жиі  байқалады,  олар  төбелескіш,  сабақта  жиі  тәртіпбұзады.  Оларға  ескерту  жасасаң,  наразылық  білдіріп,  мектептен  не  үйден  қашып  кетеді.  Сабаққада  дайындықсыз  келеді,  ақыл-ойының  мүмкіндігі  орташа  болса  да,  нашар  оқиды.  Жазадан  қорқып  үйден  қашады,мектеп  ұжымынан   безеді.  Оның  себебін  отбасындағы  және  мектептегі  даудамайдың  болуымен  түсіндіреді.  Мұндайлардың  көңіл-күйі  де  аумалы-төкпелі  болады.  Наразылық  жасауға,  тәуесізденуге,  топталуға  бейім  тұрады,  сөйтіп  ұрлық,  қылмыс  жасауға  дейін  барады.  Ұзақ  уақыт үйінен  безіп, басқа  қалаларды  паналап  не  өздерінің  сыбайластарымен  бірге  темекі  шегуге,  арақ-шарап  ішуге  машықтанады.  Қыр  көрсету  ретінде  қолының  тамырын  кесіп,  таблеткалар  ішіп,  ине,  шеге,  шыны  жүтып,  өзін-өзі  өлтіруге  әрекет  жасайды.  Жыныстық  қатынастыда  ерте  бастайды.    Бұл  жастағы  балалар  мен   жасөспірімдердің  вегетативтік  жүйке жүйесінің  бұзылу  белгіілері  бетінің  қызаруынан,  тыныс  алуы  мен   жүрек  соғысының  жиілеуінен  және  т.б. физиологиялық    симптомдардан  білінеді.

Қозба  мінезі  аяқ  асты  көтерілетін  жасөспірімдерді  тәрбиелеу  қиын ,  әтседе  мүмкін іс.  Бұл  жағдайда  арнайы  педагогикалық  тәсіл  қолданған  жөн.    Уақытты  босқа  өткізбеу  үшін қатал  редим  керек.  Олардың  іс-қиымыл  белсенділігін  еске  ала  отырып,  қажет  деген  спрот  түрлерімен шұғылдануға   кеңес  беріп,  падалы  іске  бағыттаған  дұрыс.   Сондай-ақ   мұндай  балалардың  отбасының ахуалын  жақсарту  да  өз  жемісін  береді.  Қозба  мінезді  жасөспірімдер  арасында  ішімдік  ішудің,  есірткілермен  улы  заттарды  пайдаланудың  алдын   алу қажет.  Арақ-шарап  олардың  бұзық  адамдармен сыбайласуына  себепші  болады.    Олардың  жүріс  тұрысымен  сөйлеген  сөзіне  еліктейді,денесіне  нешетүрлі   әшекей суреттер салғызуға  әуестенеді.  Психопатияның  осы  тобына   кейбір  ерекшеліктері  ұқсас  қояншықпен  ауырған  адамда  болатын  эпилептоидты  тип  жатады.  Бұл  тип  қояншық  ауруы  бар   отбасыларда  кездесетіндіктен, генетикалық  жақындығы  бар  деп  есептелеі. 

Психотатиның  қызу     қанды   тобына  кейбір  авторлар  гипертимдік  типті  жатқызады.  Гипертимдік  белгісі  бар  адамдардың  көңілі  ылғида  көтеріңкі,  денсаулығы  жақсы,  сергек,  тәбетмен   ұйқысы  жақсы,  қимыл  қозғкалыс  жасауға  бейім,  көп  сөйлегіш,  бөспе,көңілді,  мінезі  аяқ  асты  өзгергіш  келеді.   Оларға  жеңілтектік,  тәртіпсіздік,  тентектік  тән.   Бастаған  ісін  аяқсыз  қалдырады.  Айналадағыларға  үнемі  наразы,  топтануға  құмар,  сәнді  киінуді  ұнатады,  ыңғайын  таауып  әлеуметке  қарсы  әрекеттерді   де  жасайды.

Тұрақсыз  тип.  Тұрақсыз  психопатия  типінің  белгілері  11-12  жаста  білінеді.  Негізгі  белгсі – жас  балардың  қалыпты  психикасы  ретінде  білінетін  эмоциялық  тұрақсыз  ерік.     Тұрақсыз  психопатиялы  адамдардың  жоғары  ерікті  қызметі  жетілмегендіктен,  өзінің  сол  сәттегі  тілегі   мен  әуестігін  тежей   алмайды.   Олардың  әрекеттері  белгілі  бір   мақсатпен,  міндетпен,  қарызбен  байланысты  болмайды,  тұрақсыз  және  өзгермелі  ақыл-ойы  дұрыс  не  кемелді  болмағанмен,  істері  жеміссіз  не  аяқсыз   қалады.  Олардың  білімдері не  үстірт,  не  таяз  келеді.  Себебі   олар  оқығандарын  жылдап  ұғынғанымен,  ықылассыз   тез  жоғалтады.эмоциялары  тұрақсыз  болғандықтан  дос  болуы  да,  қастасуы  да  тез.  Оларда  келешегін  ойламайтын  қамқорсыз,  бейқам,  қарыз   бен  жауаптылық  сезімі   жетілмеген,  ал   кейбіреулері  мақтаншатыққа,  асыра  сілтеулікке  бейім  тұрады.

Тұрақсыз  психопатия  белгілері  көбінесе  жыныс  жетілгенге  дейін  не  ол  жетілген  кезде,  кейде  балалық  шағында  білінуі  мүмкін.  Бұл  белгілер   жеңілтек  қозғалғыш,  сөз  саптау  мәнері  қимыл  жүрісінде  көрініп,  ересектермен  емін-еркін  қаарым-қатынасқа  итермелейді,  «сәтсіз  махаббатта»  болған  жағдайда  өзін-өзі  өлтіруге  әрекет  жасайды.  Бұл  типті  тек  міндетті  түрде еңбекпен  тәрбиелеу  керек.

Ұйымдасқан  еңбек  пен бақылаужағдайында,  дұрыс  тәрбиенің  арқасында  мінездің  патологиялық  ерекшеліктері  түзелуі   мүмкін.  эмоционалдық,  елігушілік,  тұрақсыздық  жасқа  байланысты   бәсеңдейді.  35-40  жаста   адам  кемеліне  келіп,  сабырлы  болады.  Мұндай  өзгеріс  тиімді  жағдайда  ғана  өтеді.  Тиімсіз  жағдайда  бұл  типтегі  адамдар  өмірге  бейімделе  алмай,  не  маскүнемге,  не   нашақорға  айналады.  Дер  кезінде  қолданған   емдеу  мен  тәрбие  шаралары  айтылған  өзгерісті  болдыртпайды.  Ауруы  емдеп,  қайтым  болмаған  (демомпенсация)  жағдайда   ауру  адамды  психиатриялық  ауруханаға  жатқызып  емдеу  керек.

Истериялық  типтің  негізгі  белгісі – айқын  дарашылдық,  қайткен  күнде  де  айналасындағылардан  ерекшелену,  біріншілікке  ұмтылу.   Истериялық  пихопатия  барлық  жұртты  мойындатуды   тойымсыздықпен  көксеу   тән.  Неміс  психиатры  Шнейдер  мұндай  адамдарды  «мойындатуды  көксейтіндер»  деп  атады.   Истериялық  психопатия  жыныстық  жетілмеген  және  жетілген  кзде,  кейде  жас  балаларда  да  кездеседі.  Псиопатияның  осы  түрі  әйелдерде  жиі,   кейде  еркектерде  де  кездеседі.  Мұндай  адамдардың  дарашылдығы  мойындатуды  көксеумен,  жасандылықпен,  қоқиланумен,  қыр  көрсетумен  бірге өтеді.  Бұл  әлеуметтік  жағынан жетілмеуі,  жігерсіздігі,  ынтасының,  қабілетінің  болмауы,  еңбекке  немқұрайдылық  ретінде  білінеді.  Олардың  көңіл-күйі  ауыспалы,  тұрақсыз.   Олар  біреулерге  жұмсақ,  мейірімді,  ал   енді  біреулерге  дөрекі,  қатігез  және  мейірімсіз  болып,әрбір  іс-әрекеті  айналасына  күшті  ықпал  етуге  құрылады.  Мұндай  балалар  әуелі  бала  бақшада,  кейін  мектепте  өзгелерді  билеп - төстеуді   жақсы  көреді.   Олар  ән  айтып,  өлең  оқып,  билегенді,  төңірегіндегілерден  ерекнеленіп  көріну  үшін  жарқырап,  сәнді  киінгенді,  жарқыраған  далаптар  мен  әшекейлі  заттарды  пайдаланғанды  ұнатады.  өзінің  негізгі  мақсатын  орындау үшін  ол  назарын өзіне  аударып,  үлкен  қажырлылық  танытады.  Олардың  талаптану  дәрежесі  жоғары  болады,тілегімен  мүмкіншілігі сәйкес  келмесе  де,  ойлаған  мақсатына  жету үшін  әр  үрлі  айла-шарғы  жасайды.  Күншіл  мен  қызғаншақ  келеді.  Болмаған  жағдайды  ойдан  құрастырады,  тіпті  ата-анасы  бола  тұра,  көшеде  кездескенде  олардың  өліп  қалғанын  не  тастап  кеткенін  айтады.   Сөйтіп  өзіне  аяушылық  сеніміне  кіреді.  Жұрттың   назарында  болу  үщшін  небір  қияли  шытырман  оқиғаларды  ойлап  шығарады.  Кейде  сол  қиялына  өзі  сене  бастайды.   Айталық,  бейтаныс    біреулерді  «ата-анамыз  шет  мемлекетке  кеткен,  ол  жақтан  әр  түрлі  заттар,  бұйымдар  мен  киімдер  жібереді»  деп  сендіреді.  Мысалы,  8  жасар  қыз  нағашысының  (өзінің  де)   сүйетінің,  бір  бала қару-жарақ,  нағыз  зеңбірек  тауып  алғанын,  оны  үйдің   жанына  көміп  тастағанын  айтқан.  Ер  балаларда  ұрлыққа  қатысқаны  туралы  жалған  айтанындары  да  жиі  кездеседі.

Истериялық  психопатия  адамға  дарашылдық,  басқалардың  тілектерімен  санаспау,  биікке  талпыну,  қызғаншақтық,  күншілдік,  өзімшілдік,  төңірегіндегілердің  көңіл күйін  құбылту  тән.  Даулы  жағдайда  қатты  жазалау, жөнелту,  құсу,  даусын  жоғалту,булығу,  бейберекет  қимылдар  жасау  т.б.  истериялық  әрекеттер  туындайды.   Жыныстық  құштарлығы  бұзылғандықтан,  жыныстық  қарым-қатынас  ауытқып,  беймаза  күйге  душар  болады.  Шынында  ауруы  бар  жасөспірімдер, әсіресе  қыз  балалар,  әйелдер  кейде  ауруын  уайымдап,  өздеріне  көңіл  аударуды  талап  етеді.  Жасөспірімді  ең  алдымен  олардың  қабілетімен  көңіліне  сәйкес  үнемі  еңбектенуге  дағдыландыру  қажет.  Ата-анасы,  мұғалім  мен  дәрігер  жұмылып  біріккенде  одан  нәтиже  шығаруы  кәміл. 

Психатеникалық  тип.  Бұл  негізінен  ересек  адамдарда  кездеседі.  Бірақ  кейбір  психатеникалық  белгілер  жас  кезінде  де  білінеді.  Мұндай  бала  секемшіл,  көңілшек,  барлық жаңалықтан қорқатын,  сезімі нәзік  келеді.  Мектеп  жасындағы  балалар  өте  мазасыз,  тез  өзі  туралы  емес, жақындары,  әсіресе  шешесі  туралы  күмәнденады.  Олар  бір  жаманшылық  болама  деп  қорқады,  ырым-жырымға  сенеді,  бақытсыздықтан  сақтану  үшін  салт,  жөн-жора  жамайды  (мысалы, мысық  жолын  кесіп  өтсе  ештеңе  болмас  үшін  орамалының  шетін  түйеді  т.б.).  балалық  кезде  қорқақ,  күмәншіл,  жасқаншақ,  ұялшақ,  тартыншақ,  біреуге  сенбейтін,  көңілшек,  мазасыз,  өкпешіл,  тұйық  және  сонымен  қатар  бауырмашыл,  ақпейіл,  мінезді  болады.

 «Бірнәрсе  болып  қала  ма?»  деген  ой  үнемі  мазалайды,  содан  қорқады,  өзіне-өзі  сенбейді,  бұл  өзінің  жай-күйін   толық  сапалы  еместігін  көрсетеді.  Қазіргі  кезге  қарағанда,  болашақта  қауіп  пен  сәтсіздікті,  азапты  сезінеді.  Мұндай  балалардың  интеллектісі – жоғары.  Бірақ  олардың  оқуы  нашар,  себебі  ауызша  жауап  бергенде  өте  мазасызданып,  білетінің  дұрыс  жеткізе  алмайды.    Жазбаша  тапсырмаларды  адал,  ұқыпты  орындауға  тырысқанмен,  тартыншақтық  жасап,  өзін  қайта-қайта  тексерудің  салдарынан,  соңғылардың  бірі  болып  орындайды.  Ондай  балалар  өз  режимін,  класын  ауыстыруды  жаратпайды,  өмірдегі  өзгерістен  қашады.  Олардың  тілегі  өздері  дұрыс  жасаған  затты  немесе    бір  нәрсені ұмітпау   үшін  қайта-қайта  тексереді.  Мінезінің  жұмсақтығына,  адалдығына,  көпшілдігіне  қарамай,  олар  жаңа  танысымен  оңайлықпен  үйлесе  алмайды,  болашақ  жамандықтан  және  төбелестен  қорқады,  өзінен  жасы  кіші  балалардың  тобында  ойнағанды  жақсы көреді.  Жақсы  көретін  жолдастарынан  және  жақындарынан  ажырасқанда  қатты  қайғырады.

Мінезінің  психастеникалық  белгілері  бар  жасөспірімдер  мұғалімдердің,  ата-аналарының,  үлкендердің  қойған  талаптарына   жауапты  қарап,  олардың  үмітін  ақтауға  тырысады.  Психопатияның  психастеникалық  типінеұқсас  астеникалық  түрі  болады.

Сужүректік,  қорқақтық,  қараңғыдан,  жалғыздықтан  қорқу,  жүрексіздік,  ұялшақтық,  өзінен  кішілермен  ойнау,  тыныш  ойындар,  сурет  салу,  айтқанды  тыңдау – астеникалық  типке  тән  белгілер.  Осы  типтегі  балалар  шулы  ойындардан  қашып,  үзіліс  кезінде  оқшауланып,төбелеске  жоламайды.  Олар  тырысып  оқиды,  бірақ жауап  бергенде  ұялады,  ынталы  оқушы  болудан  именеді,  көптің  арасынан  ерекшеленбеуге  тырысады,  өзіне  артық  назардың  аумауын,  белгісіз  болып  қалуды  және  ешкімнің  тиіспеуін  қалайды.

Психастеникалық типтің  астеникалық  типтен  айырмасы  сол:  олар  «бір  нрсе  болып  қалмасын»  деп  мазасызданады,өздері  күтпеген  бақытсыздыққа  ұшырамасын деп  мазасызданады.  Болған  оқиғадан  гөрі  олар  болатын  бақытсыздықтан  қорқады.  Ылғи  күмән  тумас  үшінбойтұмар  тағып,  әдет-ғұрытарға  сенеді.

Шизоидты  тип.  Бұл – патологиялық  тұйық,  айналадағылармен  қарым-қатынасжасауға  ынта-ықыласы  жоқ,  оқшау  жүретін  ішкі жан  дүниесі  бай,  бірақ  сырт  келбеті   кедей   адам.Бұларға  тәртібі  мен  эмоциялық  қайғы-қасіреті  арасындағы  қарама-қайшылық  тән.П.В.Ганнушкиннің  айтуы  бойынша,  олардың  эстетикалық  сезімінәзік,  принциптік  және адамдық  мәселелерге  сезімтал,  сөйте  тұра  қасындағылардың  қайғысы  мен  қуанышына  ортақтаспай,  тіпті  түсіндейді.

Шизоидты  (аутикалық,  ауто – мен,  аутизм - өзімен    ауналысу)  деген  атау  психопатияда  шизофренияның  кейбір  ерекшеліктерінің  байқалуына  байланысты  қойылған.  Психопатияның  басқа  типтеріне  қарағанда,   шизоидты  психопатияның  белгілері  бала  кезінде  жақсы  білінеді.  Ол  басқа  типтерден  гөрі  сирек  ұшырасады,  оның  өзіндеұлдарда  байқалады,  мұндай  типті 24  жастағы  балардың  мінез-құлқы  құрдастарынан  ерекшеленіп  тұрады.  Ата-аналары  олар  туралы  былай  дейді:   «Басқалардай  емес,  тыныш,  алғыз  ойнаушы  еді,  бір  ойнаған  ойыншығынан  басқа  ештеңе  сұрамайтын, еркелеуді  ұмытпайтын».  Мектепке  дейінгі  жаста өз  құрдастарынан   тасаланып,  бірге  ойнаудан  қашады.  Бұл  жаста  организмде  үйлесімдік  болмағандықтан,  мидың  дамуы  жылдамдап,  қозғалыс  қызметі  нашар  жетіледі.  Үлкендердің  көмегінсіз  оқуды  ерте  үйренеді,  бірақ  бәтенкесінің  бауын  байлай  алмайды.  Сөйлескен  кезде  олардың  білімінің  жасына сәйкес  емес  екенін  (ересек  адамдарды  таңқалдыратын  көптеген  сұрақтар  қойып),  білуге  құмарлығын  көрсетеді.  Олар  дерексіздікке  жоғары  ынта  танытып,  әлемнің  пайда  болуы,  табиғат  пен  өлім  туралы  сұрайды.  Мектеп  жасында  белгілі  бір  пәнге  қызығып,  жақсы  оқи  бастайды  (мысалы,  математиканы,  астрономияны,  психология  мен  пәлсапсны).  Ақыл-ой  дарындылығыбола  тұра,  икемсіз,  өздерін-өздері  күте  алмайды,  киім   кигенде  не  тамақ  ішкенде  салақтық  білдіреді.олар  аз  қимылдайды,  шулы  ойындарды  жаратпай,   ортаға  тез  бейімделе  алмайды.  өз  қайғысын  ешкімге   атпағандықтан,  басқалармен  қарым-қатынасы  оңайлықпен  қалыптаспайды.  Сырт  көзге  салқын  тәрізді   көрінгенмен  кейбір  адамдарға  сезімталдық,  инабаттылық  танытады.жақындармен   дұрыс  қарым-қатынаста  бола  алмаса  да,  отасындағы  ұрыс-керіске  қатты  қайғырады.  Кітапты  көп  оқиды,  өзімен-өзі  болғандықтан,  уақытын  тиімді  пайдалана  алмайды.  Олар  ерініп  бір  жұмыстан  екіншісіне  оңай  ауыса  алмайды,  үнемі  кешігеді,  класта  жақсы  оқушы  қатарында  саналғанмен,  нәтижесі  төмен  болады.  Жыныстық  жетілу  кезінде  барлық  белгілері  айқын  білінеді.  Мысалы,  кейбірінде  тұйықтық,  өкпешілдік,  ренжігіштік  сезімі  айқындалса  («сензитивтік»  не  «стеникалық»  деп  аталатындар),  ал  келесісінде  табандылық,  қажырлық  байқалады  («экспансивті,  «стеникалық»  делінетіндер).  Қолайсыз  жағдайлар  әсер  еткенде  шизоидтарда  ерекше  психогенді  (психикалық  зақымның  әсерінен)  әрекеттер  бақалады,  яғни  ренжу  сезімі  күшейіп,  өзіне-өзі  разы  болмай,  іштей  қайұғырады.  Осы  кезде  олар  қатты  науқастанған   жақындарына  да  немқұрайдылық  танытады.  Шизоидты  балалар  қиялға  бейім  келеді,  пайдалы  іспен  шұғылдануға  (электр  тізбегін  құрастыру,  кәкүр-шүкір  жинау,  көне  тарихпен  шұғылдану),    тіршілігі  бір  сарынды  болады.  Айналысқан  ісінде  жетістікке  жетуі  әлеуметтік  бейімделудің  арқасында  іске  асады.

Психопатиялық  балалық  пен  жасөспірімдіқ  кезінен  қалыптасуын  біз  жоғарыда  айттық.  Психопатия  негізінен  ересек  жаста  қалыптасады.  Психопатия  әсіресе  айналадағы  ортаның  жағдайына  байланысты  өзгеріп  отыруы  мүмкін.  психопатиялық  адамдардың  ішінде  жоғары  интеллектісі  кездескенмен,  дарындалары  аз.  Бірақ  эмоциялық  ерекшеліктерге  ьайланысты  мұндай  адамдардың  отбасы мен  ұжым  арасында бейімделуі  қиындыққа  әкеп  тірейді.  Егер  айналадағы  жағдай  дұрыс  болса,  олардың  психикасының  қалыптасуы  мүмкін.

Психопатияларды  емдеу  (балалар  мен  жасөспірімдерде)  негізінен  педагогикалық  шаралар  арқылы  жүргізіледі.  Бұл  жағдайда  дәрігер  мен  педагогтың   эмоциялық  ықпалы  негізінен  емдеуге  көмегін  тигізеді.  Емдеу   педагогикасы  арнайы  және    адамға  не  топқа  арналған   тәрбие  мен  педагогтық  тәсілдерден  құралған.    Психикалық  ауырпалықтардың  ерекшеліктері  мен  психопатиялардың  әр  түріне  тән  мінездің бұзылуына  сәйкес,    жасөспірімдерді  білім  мен  еңбекке дағдыландыру  үшін  емдеу  педагогикасы  педагогтік  әне  тәрбиелік   жұмыстарды   жүргізуді  ұсынады. 

Жасөспірімдердің  жүрген  ортасын  (отбасы,  мектеп)

Сауықтыру  өте  маңызды  мәселе.  Аурухана  жағдайында    емдеу  мен  тәрбие  шараларын  педагогтар,  тәрбиешілер,  медицина  қызметкері  жүргізуге  міндетті.  Педагогтік   жұмыс  емдейтін  дәрігердің  басшылығымен  өткізіледі,  ал  емдеу-түзету  шараларының  жоспарын  дәрігер  мен  педагог  бірігіп  жасайды.  Түзету  жұмысында  отьасының,  мектептің  және  емдеуші  мекеменің  күші  бірігу  керек.  Түзеті-тәрбие  шараларын  жүргізгенде  еңбек    пен  тынығудың  кезектігі  қатты  қадағалануы  қажет.  Еңбекке  баулу  және  тәрбие  ісінде  жасөспірімнің  жеке  басының  ерекшеліктерін,  оның  ықыласы  мен  мүмкіншілігін  еске  ала  отырып,  емхана  жағдайында  жүргізілетін  жұмыстар  ата-аналардың  тәрбие  ісіндегі  кемшілігін   дұрыстауға,  отьасындағы  қарым-қатынасты  жөндеуге  бағытталу  керек.

Дәрігер  мен  педагогтың  психогигиеналық  жұмысы  ата-аналардың баласының  сабақта  алған  бағаларына  дұрыс  қараумен,  балаға  қойылған  талаптың  оның   мүмкіншілігінен  асатынын  түсіндіруімен,  нашар  баға  алған  баланы  ұрып-соғуға  тыйым  салумен  сипатталады.

Емдеу-түзету  жұмысы  психотерапиямен  және  дәрігер  арқылы  емдеумен  сабақтасады.  Психотерапия  әдісін  таңдау  психикалық  жағдайға,  жеке  адаммен  не  топпен  өзкізуге  байланысты.  Емдеуде  тәртіпті  түзететін  дәрілер  қолданылады.

 

5. Қабылдау  қызметінің  бұзылуы

 

1.Агнозия

Агнозияның түрлері, анықтама беру.  

2.Деменциядағы  псевдоагнозияның .

Деменциядағы  псевдоагнозияның байқалуы.

3. Сезімнің  алдануы

Галлюцинацияның алғашқы белгілері. 

 

Психикалық  ауруы   бар  адамдарда   қабылдау  қызметінің  бұқзылуы  әр  түрлі  болып  келеді.  И.М.Сеченов  айқандай – актіссі  афферентті  және  эфферентті  механизмнен  тұрады.  Көзьен  қабылдау  қабілетігнде  тоқталған  ол  көз  әлеміндегі  затты  ұстап  көреді    оның  ұстан  көруі  көз  бұлшық  еттерінің  проприоцентивті  сигналмен  байланысына  кіреді.

И.М.Сеченов  көзқарасы  көптеген  физиологтар  мен  психологтардың  еңбектерінің   бастамасы  болды.  (Р.Гранит,  Е.К.Соколов,  В.П.Зинченко,  А.В.Запоротец,  Я.А.Венгер)қабылдау (көру)  қабілеті  адамның  бұл  өмірдегі  бейімделуінің  негізгі  екені  көрсетілген.

А.Н.Зиненконың;  Ю.Б.Гиппнрейтердің  теориясынан,  адамның  қабылдау  қабілеті  оның  өмірлік  қызметінің  тапсырмасынан  туып,  ұштасатыны  байқалады.  Жалпы  психологияда  зерттеу  үшін  қабылдау  (көру)  қабілетін  адамның  психологиясындағы  белсенділік  пен  құштарлық  спецификасында  құрастыру  керек.

С.Р.Рубенштейін    болса  адамның  қабылдау  қабілеті  жалпыламалы  және  ол  жеке  тұлғаның  бағытына  тәуелді.   Сонымен  қабылдау  қабілеті  жалпылама   мен  мтивациялық  негізінде  перцептивті  қызмет  ретінде  қарастыру  керек.  Соңғы  жылдары  шетел  авторлары  адамның  қабылдау  (көру)  қабілеті  оның  жеке  тұлғалық  ерекшеліктеріне  байланысты  екенін  көрсеткісі  келеді. (Д.Ж.Бруннер,  Ш.А.Твиткин).

Сондықтан  қабылдау  (көру)   қабілеті - әр  түрлі  қызметтен   бұзылуы  мүмкін  екендігін  мойындау  керек.  Бұл  ауытқулар  сезімнің  алдануының  дұрыс  таналмағандықтан,  бірденкені  танымада,  ұнамаудан  туады.  Солардың  біріне  тоқталайық.