- •Хан Кененің ұлт үшін бейбітшілік жолындағы күресі
- •1.1.Қазақстан XIX ғ. 20 – 40 жылдарында
- •1.2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс
- •1.3. Кенесары хандығының ішкі құрылысы
- •2. Кенесары Қасымұлының құқықтық реформалары
- •2.1. Кенесары ханның басқару жүйесінде жүргізген реформалары
- •2.2. Кенесарының сот және сот жүргізу ісі жүйесінде жүргізген реформалары
- •2.3. Кенесарының салық жүйесінде жүргізген реформалары
- •2.4. Кенесарының әскер жүйесінде жүргізген реформалары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
Қорытынды
Тәуелсіздікті нығайту барысында реформалар жүргізу керектігін Кенесары хан өте жақсы түсінді. Дегенмен, Ресей мен оның орасан зор әскеріне қарсы тұру қиын болды. Қазақ хандығы XIX ғасырдың 40-шы жылдарының басында Қазақ хандығын қалпына келтіру, қазақ қоғамының дәстүрлі табиғатын ескеріп, Кенесары реформасы қазақ мемлекеттілігін одан да дамыған түрде жаңғыртуға ұмтылды. Кенесары XIX ғасырдың 40-шы жылдарының басында Қазақ хандығын қалпына келтіруге, өз реформаларымен қазақ мемлекеттілігін дамытып, жаңғыртуға ұмтылды. Реформалар қазақ қоғамының өмірінің барлық қырларын қамтыды және қоғам дами бастады. Жалпы алғанда, Кенесары құрған мемлекет мұқият әрі жан – жақты зерттеуді қажет етеді, тақырыптың кейбір түсініксіз қырлары мен қайшы тұстары бар. Ұлтымыздың бастан өткізген реформаларының барлығы қазақтардың тәуелсіздігін күшейтуге, қазақылықты және қазақ қоғамының тұрақтылығын сақтауға, яғни, ұлттық мүдделерімізді қорғауға бағытталған. Кенесары тұсында елді басқару белгілі бір жүйеге келтіріліп, мемлекеттік аппарат жеке салаларға бөлінді, әр атқарушы белгілі бір мемлекеттік қызметке ие болды. Кенесары мемлекеттік аппаратты реформалауы өкіметтің орталықтануы белгілі бір дәрежеде игі әсер етті.
Кенесары хандығының ішкі саяси құрлысына талдау жасауды аяқтай келе, өзара тартыс пен барымтаның, патша өкіметінің орталық саясаты және Қоқан мен Хиуа езгісінің ауыртпалығын бастан кешкен халықтық қалың бұрқасы халық күшін біріктіріп, топтастырып өкімет билігінің қажеттігін ертеден – ақ түсінгенін айта кету керек. Кенесары ханнын дипломтиялық саясатшыл қабілеті азаттық көтерілісінің басында – ақ пайда болған.
Кенесары хан қазақ халқының біртұтастығын Ресей империясының қарамағында егеменді ел дәрежесінде сақталуын көкседі. Ол ақ патшаны, Ресейді бейбіт өмір сүруге шақырды. Тарих тәуелсіздік жолы – қиын жол екендігін дәлелдеді. Тек санасы жоғары, бірлігі бар, өнерлі де, өнегелі болған елде ғана тәуелсіздік баянды болады. Хан Кененің өмірі, оның өсиеті осының көрнісі.
Қорыта келгенде, айтарымыз Кенесары Қасымұлы қылмыс пен жаза мәселесінде үлкен жаңашылдықтар енгізе алған мемлекет қайраткері болып табылады. Жоғарыда айтылған негізгі деректерге қарайтын болсақ Кенесары ханды аса ірі реформатр, саясатшы, қолбасшы, дипломат ретінде көруге болады. Оның теңдесі жоқ қасиеттері тоталитарлық жүйенің өктемдігі жағдайында жылдар бойы ескерусіз қалдырылып келсе де, халық жадында берік сақталған. Кенесары Қасымов хан өз дәуірінің ұлы қайраткерлері шоғырында лайықты орын алады. Орыс халқының тәуелсіздігін жат жерліктердің шапқыншылығынан қорғаған қолбасшылар Дмитрий Донской, Михаил Кутузов және басқалар сияқты Кенесары хан да Қазақстанның дербес мемлекет ретінде оқшаулануын сақтау жолында жеке басының тендесі жоқ касиеттерін көрсетіп, өз өмірін соның жолында құрбан етті.
Хан Кененің елді біріктірудегі және хандық жүйені нығайтудағы көреген саясаты қазіргі кезге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біздің ұсыныстарымыз:
1. Кенесары билер сотының орнына хандық сотты енгізді және де Жоғарғы сот билігін өз қолына шоғырландырды.
2. Арнайы қаржы тобын құрды. Бұл мекеме алым-салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысты.
3. Салық жинайтын қызметкерлер тобын ұйымдастырды. Салық саясатындағы негізгі өзгеріс – жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін бірыңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан « зекет », ал егіншілерден «ұшыр» салығын сақтап қалды. Сонымен бірге, ол ауылдар бойынша ерекша салық және әр түрлі дәстүрлі сый – сиапат ретіндегі сайлықтар алып отырды.
4. Ірі феодалдардан алынған мал мен дүние мүлікті бөлу тобын құрды.
5. Хандық Кеңестің қабылдаған шешімдерінің орындалуын қадағалап отыратын, Кенесарының үндеулерін таратуға жауап беретін басқару ісін сайлады.
