- •Хан Кененің ұлт үшін бейбітшілік жолындағы күресі
- •1.1.Қазақстан XIX ғ. 20 – 40 жылдарында
- •1.2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс
- •1.3. Кенесары хандығының ішкі құрылысы
- •2. Кенесары Қасымұлының құқықтық реформалары
- •2.1. Кенесары ханның басқару жүйесінде жүргізген реформалары
- •2.2. Кенесарының сот және сот жүргізу ісі жүйесінде жүргізген реформалары
- •2.3. Кенесарының салық жүйесінде жүргізген реформалары
- •2.4. Кенесарының әскер жүйесінде жүргізген реформалары
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер.
2.3. Кенесарының салық жүйесінде жүргізген реформалары
Кеңес бір ауыздан хандыққа жататын елден салық алынсын деп шешті. Салық екі түрлі болсын делінді. Бірі мал салығы – «зекет». Екіншісі егін салығы – «үшір». Зекеттің мөлшері «қырық қараға дейін салық салынбасын, қырықтан жүзге дейін малы бар адам бір қара, ал жүзден артық малы бар адам, жүзден әр қырық қарасынан бір бас беретін болды. Ал «үшір» салығы жайында, осыншама әскерді асырау үшін әр егіншінің жылда алатын бидайының оннан бірін хандықтың қоймасына қойылсын деп шешті. Егін салығына келгенде кеңесте бірталай сөз көтерілді. Кенесары қарамағындағы Торғай, Ырғыз, Сырдария, Сарысу, Іле өзендерінің бойы мен көптеген көлдердің жағасын жайлайтын елдерден бұдан былай қарай егін шаруашылымен қатты шұғылдануын талап етті.[]
Салық саясатындағы негізгі өзгеріс – жекелеген феодалдар жинайтын алымды хан қазынасына түсетін біріңғай салықпен ауыстыруға Кенесарының талаптануы деу керек. Бұл феодалдық алымды, мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұқар хандарына салық төлеуден және орыс өкіметіне түтін салығын төлеуден, әлбетте, құтылған еді. Бұл қазақтардың алым – салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті. Алайда соғыс уақытының талабы Кенесарыны хан қазынасына түсетін әр түрлі салықтармүдде соқты.
Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан “зекет”, ал егіншілерден “үшір” салығын сақтап қалды. Сонымен қатар ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретіндегі сыйлықтар алып отырды.
Зекет салығын жинаған кезде Кенесары белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан салық мүлдем алынбады, 40 бастан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан әрі әрбір 40 бастан 1 бас алынып отырды. Өзіне қарсы рулардан Кенесары зекетті киім, қару – жарақ, ер – тұрман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеуге жұмсалды.
Ауыл басынан алынатын ерекше алым туралы көптеген куәгерлер әңгімелейді.
Мысалы, арғын Даңғар Надырбеков тергеу кезінде Кенесары жасауылы Сейілханның басқаруымен салық жинауға бөлінген 20 шақты адамның құрамында болғандығын, «Қыпшақ руының 2 ауылынан бір – бір жылқыдан салық алғанына қатысқанын» айтқан.
Жаппас руының қазағы Иманқұл Сарыбаев Орынбор Шекара комиссиясына берген көрсетуінде, өзінің Арғын руында болған кезінде, Кенесарының 130 төлеңгіті «әр ауылдан бір жылқы, бір шапаннан зекет жинауға келгенін» хабарлайды.
Архивтік құжаттардан зекетпен қатар қазақ рулары өз еріктерімен зекет көлемінен де асып түсетін жылу жинап отырғанын байқаймыз. Мұндай «ерікті жәрдем» шын мәнінде қосымша салық болды. Мысалы, «Кіші орда қазақтары Кенесарыға көп мөлшерде ұн әкеліп отырды».
Урядник Лобановтың хабарына қарағанда, «Хиуалық және Орынборлық алшындар Кенесары мен байланыс жасап, оны хан санаған, оған астық және мал беріп отырған».
Зекетпен қатар “ұшыр” салығы да жиналды. “Ұшырды” тек егіншілікпен айналысатын рулар ғана төледі. Олар салық жинаушыларға қырмандағы асықтың 1/10 бөлігін беріп отырды. Бұл уақытта Кенесары жақтастарының біршама бөлігі Сырдария, Сарысу, Іле өзендері жағалауларында, Ырғыз бен Торғай өзендерінің тармақтары бойында егіншілікпен айналысқан. Барлық жиналған салық әдетте жалпы мемлекеттік қазынаға түсті және көтерілісшілер мұқтажы мен әскерді ұстауға жұмсалды.
Қаржы мекемесі алым – салық жинаумен және керуендерден баж салығын алумен айналысқан. Бұл мекемені Кенесары туысы Сейілхан басқарды. Өзінің бір хатында Кенесары былай деп жазды: «Рахымбайға, Әбілжапарға, Қажыбай, Шақғазыға, молда Арғынбайға және Ьұқар иелігіндегі барлық көпестерге ескертемін, зекет жинау үшін сұлтан Сейілханды, Шоқпар биді және молда Ғадулсаттарды жіберіп отырмын, сіздер әр қостың оннан бір бөлігін беруге тиіссіздер». Жалпы алғанда, Кенесары салықтарының ауыртпалығы арта түсті, бірақ Кенесарының салық саясаты өзі құрған мемлекеттің нығаюына көмектесті. Бұрын әрбір ру феодалы салық жинай алатын, мұның өзі мемлекеттік биліктің әлсіздігінің басты себептерінің бірі болған еді. Ал, енді салықты тек жоғарғы өкімет қана жинай алды және ол өкіметтің материалдық беріктігін күшейтті.
Алым – салық жүйесін тәртіпке келтіруде, Кенесары үлкен жаңашылдықтар енгізе де білді. Бұл негізінен жалпы алым-салықтың түрлеріне қатысты болған жоқ. Өйткені, Кенесары жүйелеген алым-салықтар қазақ даласында бұрыннан белгілі болатын және қазақтың мемлекеттілік тарихында, әр кезеңде қолданылып отырды. Алым-салық ісіндегі Кенесарының негізгі жаңалығы да, әрі реформалық қадамы да, алым-салықтың түрлерін нақтылап, оның мөлшерін белгілеп, оны қолданудың тетіктерін айқындауы болып табылады. Жалпы қазіргі кезеңде біз білеміз, алым – салық мемлекеттің негізгі белгілерінің қатарына жатады. Мемлекет және құқық теориясында алым-салыққа мемлекеттің белгісі ретінде мынандай түсінік берілген: “Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болды. Ол қорды жасау үшін мемлекет салық-алым белгілейді және жинайды”. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттің өмір сүруінің бірден-бір негізі осы алым-салықтан құралады [19].
Қорыта келгенде, Кенесарының алым-салық саясаты, дәстүрлі қазақ қоғамында бұрыннан келе жатқан алым – салықтарды жаңғыртуға негізделген саясат болып табылды. Ол біздің ойымызша, мынандай алым-салық түрлерін енгізіп, жүзеге асырды:
отырықшы елдерден жинайтын салықтар;
мал шаруашылығына негізделген қауымнан алынатын алым-салықтар;
сауда және сауда керуендерінен алынатын алым-салықтар;
ерікті түрде халықтың өзі беретін садақа түріндегі алымдары;
хан сотын жүзеге асырғаны үшін алынатын ханлық алымы.
Кенесарының алым-салық мәселесі бойынша жүргізген реформасы бүгінгі таңдағы Қазақстанның салық саясатын жетілдіруде тарихи берері мол, тәжірибенің бірі болып табылады.
