Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
игпрк док.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.68 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

«КАЗГЮУ» АҚ

Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы

Ғылыми жоба

Пән атауы: Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы.

Тақырыбы: Кенесары Қасымұлының жүргізген реформалары.

Орындағандар: Күнтуаров М.

Яшев С.

Мұратбай Н.

Көкишева Л.

Ғылыми жетекші: з.ғ.д., доцент Спанов А.Қ.

Астана, 2017

Жоспар:

I. Кіріспе 2

1. Хан Кененің ұлт үшін бейбітшілік жолындағы күресі 4

1.1.Қазақстан XIX ғ. 20 – 40 жылдарында 5

1.2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс 6

1.3. Кенесары хандығының ішкі құрылысы 9

2. Кенесары Қасымұлының құқықтық реформалары 10

2.1. Кенесары ханның басқару жүйесінде жүргізген реформалары 10

2.2. Кенесарының сот және сот жүргізу ісі жүйесінде жүргізген реформалары 11

2.3. Кенесарының салық жүйесінде жүргізген реформалары 15

2.4. Кенесарының әскер жүйесінде жүргізген реформалары 17

II. Қорытынды 20

III. Пайдаланылған әдебиеттер. 22

  1. Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанда егеменді мемлекет мәртебесін алу барысында нарықтық экононмикаға көшу, экономика арқылы қоғамды демократияландыру, демократиялық және саяси көптеген реформалар жүргізілді. Мемлекет тәуелсіз бола алады, егер оның құрылуы кезінде бірнеше реформаларды жүзеге асырылса. Қазақ мемлекеттілігі өзінің қалыптасу кезеңінде Қазақ хандығы қалыптасқаннан бері небір сынақ кезеңдерінен өтті. Қоғам дамуының кез келген сатысында мемлекетке қол сұғылмауын күшейтетін және одан әрі дамытуға серпін беретін тарихи жағдайларға сәйкес келетін бірнеше реформалар қабылданған болатын. Егер қазақ қоғамындағы реформалардың тарихи тәжірибесіне жүгінсек, қазақ хандарының Қасым, Есім, Тәуке, Кенесары реформалары мемлекеттілікті қалыптастыру процесінде маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, Ресей империясының қазақ жерін отарлау жағдайында өткізілген Кенесары реформаларының тәжірибесі ерекше. Кенесары билікті орталықтандыру идеясын көрсететін, заң шығарушы, атқарушы, сот органдарының дәстүрлі құрылымдарын қалпына келтіретін саяси бағдарламаны ұсынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс пен ханның жүргізген реформалары туралы мәліметтерді тарихи, саяси және құқықтық жағынан зерттеп зерделеу.

Осы мақсатқа жету барысында орындалатын міндеттер:

  1. Кенесары Қасымұлының жеке басы, бастаған көтерілісі туралы мәліметтер жинақтау;

  2. жинақталған мәліметтерге талдау жүргізу;

  3. көтерілістің барысына шолу жасау;

  4. Кенесары көтерілісін зерттеген ғалымдардың еңбектерімен танысу;

  5. Кенесары жөнінде жазылған әдеби шығармаларды қарау;

  6. мәліметтер жинау барысында кітаптармен қатар интернет ресурстарын пайдалану;

  7. Кенесарының жүргізген реформаларымен танысу;

  8. реформалар жөнінде кеңірек материалдар іздеу;

  9. басқару жүйесіне, сот және сот ісін жүргізуге, әскер мен салық жүйесіне енгізілген реформаларды бөліп қарастыру;

  10. жүргізілген реформалардың тарихи маңызын анықтау.

Ғылыми жобаның жаңалығы Кенесары Қасымұлының жүргізген

құқықтық реформаларына қатысты мәліметтерге жан – жақты зерттеу жүргізілді. Жүзгізілген реформалардың Кенесары құрған мемлекеттің ішкі құрылысына тигізген елеулі өзгерістері көрсетілді.

Ғылыми жобаның құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі бөлімнен, бөлімдер 3 – 4 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады.

Қазақстандық ғалымдар: Х.Досмұхаммедұлы, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Тебегенов, Е. Бекмаханов, Э. Валиханов, Ж. Қасымбаев, Е. Ділмұхаммедов, А. Рязанов, К. Хафизова, Ә. Жанысбеков, Ұ, Тілепбаева, Ж.С. Әлдибеков, Л.М. Сатанова, Зиманов С.З.

XIX ғасырдың 40 – жылдарының аяғында Кенесары туралы М.И.Веню­ков, В.Потто, А.Г.Серебренников, барон Услар, П.П.Семенов-Тянь-Шаньс­кий, И.Ф.Баб­ков, И.За­валишин, Л.Мейер, М.Кра­совский, Н.Коншин, Н.Середа, А.К.Гейнс, А.Янушкевич секілді ресейлік ғалымдардың еңбектерінен көрініс тапты.

  1. Хан Кененің ұлт үшін бейбітшілік жолындағы күресі

1.1.Қазақстан XIX ғ. 20 – 40 жылдарында

XIX ғасырдың бірінші ширегі Ресей империясының Еуропаның жандармы ретінде ұлт – азаттық қозғалыстарды аяусыз жаншып, саяси қысым жасаумен, күш қолданудың нәтижесінде ірі отарлық мемлекетке айналған кезі. Кіші және Орта жүздердің басты аймақтарын отарлап алғаннан кейін патша үкіметі Ұлы жүзді басып алуды, Оңтүстік Қазақстан аймағы арқылы әліде дербестіктерін сақтаған Орта Азияға шығуға, сөйтіп осы стратегиялық аймақта үстемдігін орнатуды ойластырды. Осы мақсатқа жетуге кедергі Орта жүздің басты өңірінің әлі де болса тәуелсіздіктерін сақтағаны еді. Шын мәнінде XVIII ғасырдың соңғы ширегі, XIX ғасырдың басында Ресейдің саяси билігі тек қана Жайық, Есіл, Ертіс өзендері бойында салынған отарлаудың тірегі – бекіністердің төңірегінде 100 – 150 шақырым қашықтықта ғана жүретін. Елдің түпкірінде көшіп – қонған ауылдар ғасырлар бойы қалыптасқан әдет – дәстүрлерін сақтап, ру – руға жіктелген иеліктерін көшпенді мал шаруашылық мүддесіне пайдаланды. Американ тарихшысы Марк Раевтың «Қазақ даласы сол кезеңде Ресейдің мемлекеттік шекарасы болмаған» деп қорытындылауында жөн бар [1].

Ресей мемлекетінің кең байтақ қазақ жеріне көз тігуінің тағы да бір себебі осы елдің экономикалық мүддесінің шет аймақты отарлаумен байланыстылығы. Өсіп келе жатырған Ресейдің өнеркәсіп тауарларын сіңдіретін жаңа да, арзан да, кең де рынок қажет болды. Завод, фабрикалық бұйымдар мен күнделікті өмірге, шаруашылық мұқтажына қажетті өнімдер қазақ ауылының өзінде жасалынбауы бірте – бірте қазақ руларын шекаралас өңірдегі Ресей жәрмеңкелеріне, Хиуа, Бұхара, әсіресе, Қоқан хандықтарына тәуелділігін күшейтті.

XIX ғасырдың бірінші ширегінде отарлаудың тірегіне айнала бастаған бекіністер, олардың төңірегіне Сібірден, Алтайдан, алыстағы Орал өңірінен келген орыс – казак шаруалары қазақ ақсүйектерінің қарсылықтарына пысқырып та қарамады, олар біртіндеп рулардың қауымдық меншігі – жайылымдық жердің табиғи түрде пайдалануына қысым жасады. Жазғы көш кезінде жүздеген шақырым тіпті оданда аумақты жерді малымен, семьяларымен көшіп өтетін ауылдардың жағдайы тіпті ауырлады. Енді қайда барса да орыс бекіністері алдан шығып отырды, бұрынғы емін – еркін жайылатын жерлер тарылып, патшаның отаршылдық шеңгелі барған сайын алқымнан сығымдап бара жатты.

Отарлық империяның экономикалық мүдделері, царизмнің Орта және Орталық Азиядағы стратегиялық саясаты, қазақ даласының Ресейге іргелес орналасқандығы – өлкені жаулап алуды біршама тездетті. Бұған қолайлы саяси алғы шартта қалыптасты. 1817 жылы Бөкей ханның , 1819 жылы Уәли ханның өлімі Орта жүзде жалпы хандық билеуді жоюға жол ашты. «Бөліп алда билей бер» дегенді негізде ұстаған царизм Ұлы жүзде ханды сайлаған да жоқ, тағайындаған да жоқ. Үкімет Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Ресей өкіметінің басқару жүйесіне жақындаған жаңа әкімшілік билеу жүйесін іске асыруға бет алды [2. 5 – 7 б.].

Қазақ даласына бiртiндеп енген орыс әскерлерiнiң күшi мен олардың кең байтақ далаға сала бастаған бекiнiстерi халық наразылығын туғыза бастады. 1822 және 1824 жылдардағы Патша Жарлықтары кең далаға күшпен енгiзiлiп, халықты өзiнiң туған даласында қатты қыспаққа алған жағдай болды. Отаршылдыққа қарсы қазақтардың iрiлi – ұсақты ұлт – азаттық көтерiлiстерi басталды. Осындай көтерілістердің бірі 1837 – 1847 жылдар аралығын қамтыған, Кенесары Қасымұлының бастаған көтерілісі еді.