Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шамшатов Еркеблан.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.58 Кб
Скачать

1.2 Карлаг лагерінде болған ғалымдар тағдыры

Тұтқында болғандардың адам төзгісіз, қайғылы қиын жағдайлары туралы олардың кейіннен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған естеліктері мен мұрағаттар қорында сақталған құжаттардан айқын көрінеді. Қарлагта тұтқындар өз міндеттерін саналы түрде түсінулері үшін олармен саяси-тәрбие жұмыстары жүргізілді. Тәрбиелік іс-шаралардың жан-жақтылығы сонша, ол: дұрыс тамақтандырудан бастап «әлеуметтік қорғаудың ең жоғарғы шарасы» – атуға дейін қамтыған. Сондай-ақ, социалистік жарыс, әртүрлі үгіт-насихат жұмыстары да қарастырылған. Қарлагта отырғандар Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Елінің әскери экономикасын дамытуда айтарлықтай үлес қосты. Қарлагта мерзімдерін өтеу үшін өте ірі оқымыстылар отырған. Олар кейіннен Қарағандының мекемелері мен оқу орындарында ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін құрған. XX ғасырдың ғажап істерінің бірі Қарлагта азап шеккен Кеңес елінің және шет елдер мәдениеті мен ғылымының жүздеген қайраткерлері Қарағандыдағы алғашқы Мәдени ошақтарын ашқандар болды. Олар өмірлерінің ең бір қисылтаяң, қайғылы, ауыр жағдайларына қарамастан арттарында өнердің өте сирек кездесетін бірден-бір туындыларын қалдырды. 50-ші жылдардың басында Қарлагта екі жүзден астам лагер бөлімдері мен нүктелері болған. Олар негізінен ауылшаруашылығымен айналысқан.  1959 жылы Қарлагты таратқанда онда «саясилардан» ешкім қалмаған.  Қазір «Қарлаг» жай жырынды қылмыскерлердін түрмесі.[5]Карлагта отырғандар Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес елінің әскери экономикасын дамыта отырып ғылымның жүздеген қайраткерлері Қарағандыда алғашқы мәдени ошақтарын ашкандарда барлығымызға белгілі.

XX ғасырдың ұлы оқымыстысы, академик Александр Леонидович Чижевскийдің зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша таза ауаның тірілткіштік, жандандырғыштық күші теріс зарядты оттегі молекуласында деп анықталған. Бұл ғылыми қорытынды кең қолдау тауып, Чижевскийдің идеясын бүкіл әлем мойындаған. Ол 30 университеттің, академиялар мен ғылыми қоғамдардың толық және құрметті мүшесі болып сайланған. 1939 жылы Нью-Йоркте өткен биофизика және биокосмология туралы халықаралық конгрестің құрметті президенті болып сайланған. А.Л.Чижевский жан-жақты дарынды адам болған: ғалым, ақын, жазушы, суретші, тарихшы, дәрігер және өнертапқыш. 1942 жылы Москвада тұрып жатқан А.Л.Чижевский ешқандай дәлелсіз 8 жылға каторгаға айдалған. Осы жылдардың көпшілігін Қарлагта өткізген. Қарағанды мұрағаттарында А.Л.Чижевскийдің түрмеде болған кездердегі жеке іс қағаздары сақталған.[6] Әлемге аты әйгілі ірі оқымысты А.Л.Чижевский өмірінің 8 жылын ГУЛАГ, Қарлаг лагерлерінде өткізген.Лагерден босаған А.Л.Чижевскийді Қарағандыға қоныс аудартады. Осы жерде 1950 жылы 25 қаңтарда ССРО МҚКомитетінің Қарағанды басқармасы оның үстінен екінші рет іс қозғайды. Тағдырдың қаншама қиыншылықтарың көріп, азап шексе де рухы күшті оқымысты өзінің ғылыми еңбектерін тоқтатпайды. 1947 жылы 12 желтоқсанда Қарлагтың ОУРЗ бастығы Матросов Чижевскийдің"Электр тәсілімен барынша төзімді бетон алу" туралы ғылыми еңбегін Москваға жібереді. Одан кейінде бірнеше еңбектер жазылған, өкінішке орай осы уақытқа дейін еңбектері басылып шықпаған. Спасск лагерінде А.Л.Чижевский тұтқын П.Г.Тихоновпен (математик) бірге микроскоп арқылы зерттеп қан элементтерінің құрылысын, оның электроқозғалысын анықтаған. Осы еңбегі "Қан қозғалысына құрылымдық талдау" (Структурный анализ движущейся крови) кітабына негіз болып, ол 1959 ж. жарық көрген. 1950 жылы Спасск лагерінен босап шыққан А.Л.Чижевскийге Қарағанды қаласында тұруға ұлықсат береді. Мұнда ол облыстық онкодиспансерде меңгеруші, облыстық клиникада кеңесші, КНИУИ-да ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Осы кезде атақты"Чижевский люстрасы" құрастырылған. "Шамның" ауаны иондау тәжірибесі №38 шахтада өткізілді. Ғылыми советтің ұсынысы мен тәжірибе №70 шахтада да өтті.1959 жылы А.Л.Чижевский жұбайымен бірге Москваға тұрақты тұруға қоныс аударады .Карлаг далада, Орталық Қазақстанның елсіз мекендерінде құрылды деген сөз дұрыс емес. Лагерьге бөлініп берілген ұланғайыр аймақта қазақтардың, орыстардың, немістер мен украиндардың елде мекендері болатын. Тарихтан белгілі, қазақтар бұл жерді ғасырлар бойы мекендеген, ал немістер, орыстар мен украиндар бұл жерге 1906-1910 жылдары қоныс аударған. Ақмола губерниясының 1909 жылғы 10 желтоқсадағы қаулысы бойынша Долинка ауылы дербес поселке атағына ие болған. 1911 жылы мұнда 2630 адам тұрған, олардың ішінде немістер, орыстар және украиндар болған. КарЛаг, яғни Қарағандының еңбекпен түзу лагері КСРО халық комиссарлары кеңесінің 1930 жылғы мамырдағы қаулысы бойынша құрылған. Патшалық Ресейді «халықтар түрмесі» деген атқа ие болды. Д. Шаймұханов пен С. Шаймұханованың «КарЛаг» атты еңбегінде 1930 жылдан 1953 жылға дейін котрреволюциялық қызметі үшін айыпталғандардың қатары 3 млн 778 мың 254 адам деп көрсетіледі. Солардың бәрі қара жұмысқа жегілді, азаптан көз жұмды, 788 мыңы атылды. Карлаг-та Отанын сатқандардың әйелдері 12 мыңнан асып түсті.

Ахико Тецуро – Қарағанды облысына қарасты Ақтас дейтін аядай ауылдың тұрғыны. Ұлты – жапон. 11 немере, 5 шөбере сүйіп отырған ақсақалдың көзі тірі тарих екенін көпшілік біле бермейді. Ахико Тецуро 15 жасында тағдырдың айдауымен ГУЛАГ-тың Қазақстандағы ең ірі лагері – КАРЛАГ түрмесіне түседі. Он бес жастағы бала тергеушілердің қинауына шыдай алмай, ақыры өзіне тағылған «жапон тыңшысы» деген жалған айыпты мойындайды. Сөйтіп, КАРЛАГ-қа, қара түнекке оранған тозақ апанына түседі. КАРЛАГ-та еліміздің сүт беті қаймақтары – ғалымдар, оқымыстылар отырғаны, олардың адам төзгісіз қинау, зорлық көргені сталиндік қуғын-сүргін кезеңінің қанды беттерінен белгілі. Жазықсыз жала жабылып, қапасқа қамалған Ахмет Байтұрсынов пен Сәкен Сейфуллиннің әкесі Сейфолла Оспанов та зобалаң күндерін Ахикомен бірге өткізеді. Жастық шағы КАРЛАГ-та өткен жапон жігіті 10 жылдан соң рақымшылыққа ілігеді. Түрмеде әбден азапталған 25 жастағы Ахико бостандыққа қу сүйегін сүйретіп шыққан. КАРЛАГ-тан шыққанда жас жігіттің салмағы небәрі 24 келі болған екен. Осыдан-ақ, кеңестік идеология құрбаны болған арыстарымыздың қандай азапты күн кешкенін ұғуға болады. [6]

КАРЛАГ түрмесін көрген тағдыр иелерінің өмірін, атышулы лагерьдің қазаққа, өзге ұлт өкілдеріне әкелген қасіретін дәл мұндай тереңдікте сезіндіре алған, жанға салған жазылмас жарасын, санада қалдырған кедір-бұдырын дәл мұндай көркемдік деңгейде көрсеткен қойылым қазақ сахнасында бұған дейін қойылмаған, біз білсек. Сондықтан, ең әуелі, идея авторлары – М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл мен ұзақ жылдар бойы КАРЛАГ-ты зерттеген ғалым, «Қарағанды облысындағы жапон әскери тұтқындары» атты еңбектің авторларының бірі, Мәжіліс депутаты Нұрлан Дулатбековтің бастамашылдығын ерек атап өтуге тиіспіз. Олардың Ахико Тецуроның тағдырын сахналық туындыға арқау етсек деген ұсынысын іліп әкетіп, Ақтасқа арнайы барып, Ахико ақсақалдың аузынан жазып алған тарихи шындықты бас-аяғы жұмыр, көркемдік бояуы қанық, тілі мөлдір шығармаға айналдырған драматург Мәдина Омарованың және пьесаға сахналық ғұмыр берген режиссер Асхат Маемировтің еңбегі ерен.

ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі болып табылады. Әкімшіл жазалаушы жүйе еңбектеген сәбиді де, еңкейген кәріні де, болмысы нәзік әйелді де аяған жоқ. Әлемге аты әйгілі ірі оқымысты А.Л.Чижевский өмірінің 8 жылын ГУЛАГ, Қарлаг лагерлерінде өткізген.Басқада ғалымдар,суретшілер,өнертапқыштар Карлагта болғаны белгілі.

ПРЕМИРОВ Лев Михайлович, 1912-1978 ж. Суретші және график. Қарағандыдағы суретші-безендіруші. Саратовта туған. Әкесі орта мектепте физика пәнінің мұғалімі болған. Мәскеуге барып, көркемөнер институтына түседі, бірақ 1934 жылы тұтқындалып, түзету еңбек лагерлерінде 6 жылға сотталғандықтан, онда екі жыл ғана оқиды. Екінші рет КомиАКСР сотымен 1942 жылы 58-10 б. бойынша – «Кеңес үкіметінің саясатына жала жабу» ату жазасына кесіліп, құқықтарында ұтылып 5 жылға түзету еңбек лагерлерінде 10 жылға ауыстырылды. Мерзімін СтепЛАГ-те өтеп, кейіннен Балқаш қаласына жер аударылады. 1948 жылы айдаудан босатылып, тіркеуден шығарылып, Қарағандыда қоныстанады. Л.М. Шемиповтың 37 суретті лагерлік күнделіктері сақталған. 50-ші жылдары «Ухта» сурет полотносы аяқталады. 70-ші жылдары ол ГУЛАГ тақырыптары бойынша графикалық және суреттік полотнолар, сонымен қатар автопортреттер сериясын жасайды. Оның туындыларының бір бөлігі КОМИИ-да, ал тағы біразы – Қарағандының жеке жинақтарында.ФРИЗЕН Павел Петрович, 1887-1978 ж. Жоғары білікті суретші-педагог. Украинада туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Харьковта және Мәскеуде көркем білім алады. Краснодарда және Мелитопольде сурет мұғалімі болып жұмыс істейді. 1935 жылы сотталып, КарЛАГ-қа жіберіледі, онда 11 жыл болады. КарЛАГ-тың Қарабас, СХОС сияқты бөлімшелерінде суретші болып жұмыс істейді. Мерзімін өтеп болған соң Қарағандыда қалып, онда көптеген жылдар бойы КМС жанындағы қалалық бейнелеу студиясына жетекшілік етеді. Қайтыс болғаннан кейін суреттік туындыларының көп бөлігі КОМИИ-ға берілген.АНТИПОВ Петр Николаевич, 1887-1987 ж. Өнерпаз суретші. Инженер-құрылысшы. Түменде туған. КарЛАГ-тың тұтқыны ретінде 1940 жылдан 1945 жылға дейінгі кезеңде жазасын өтей жүріп, лагерь тұрмысының құжаттық құнды суреттерін орындаған. Ол қайтыс болғаннан кейін осындай суреттері бар бірнеше альбомдары оның ұлы – суретші И. Антиповқа мұраға қалған.ЕРМОЛАЕВА Вера Михайловна, 1893-1937 ж. Танымал суретші. Кітап графигі. Саратов губерниясының Ключи селосында туған. Ақсүйектер отбасынан шыққан. Ленинградта арнайы суретшілер курсын бітіреді. Витебскіде УНОВИС суретшілер тобын ұйымдастырушылардың бірі болған. Ленинградта ИНХУК-тың ғылыми қызметкері болып жұмыс істейді. 1935 жылы тұтқындалып, «әлеуметтік қауіпті элемент» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен еңбекпен түзету лагерлерінде өтеумен 3 жыл мерзімге сотталады. Мүгедек: екі аяғы сал болып, балдақпен жүрген. 1937 жылы мерзімі аяқталған соң КарЛАГ-та атылған. Сурет жұмыстары Санкт-Петербургта Мемлекеттік Орыс мұражайында және басқа да жинақтарда сақтаулы.СОКОЛОВ Петр Иванович, 1892-1937 ж. Суретші. Жоғары білімді Иркутскіде, Парижде, Петроградта (1917 ж.) алған. 30-шы жылдары Мәскеуге қоныс аударады. КСРО Үлкен театрының Бас суретшісі болып қызмет етеді. 1935 жылы НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен 3 жылға сотталады. Мерзімін КарЛАГ-та, Долинка кентінде өтейді. Оның Долинка кентінің орта мектебінде сурет пәнін оқытқаны белгілі. 1937 жылы астаналарда тұру құқығынсыз босатылады, бірақ Мәскеуге келіп, онда ұсталып, атылады.СТЕРЛИГОВ Владимир Васильевич, 1904-1973 ж. Танымал суретші және әдебиетші, мемуаршы. Варшавада туған. Әлеуметтік жағдайы – қызметкерлерден шыққан. Мәскеуде 20-шы жылдары әдеби курстар мен жеке бейнелеу студияларында оқиды. 1935 жылы Ленинградта «әлеуметтік қауіпті элемент» бабы бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылады. 1938 жылға дейін КарЛАГ-та болады, сосын – суретші болып жұмыс істей жүріп бір жылдай уақыт Қарағандыда айдауда болады. 1941 жылы соғысқа кетіп, онда жарақаттанып, Алма-Атаның госпиталінде емделеді. 1942 жылдан 1945 жылға дейін Алма-Аталық суретшілер училищесінде сабақ береді. Ленинград облысы Петергофқа қайтып келеді. Е. Ковтун жариялаған КарЛАГ туралы құнды қолжазбалық естеліктер қалдырған. В. Стерлиговтың рухани-діни тақырыптағы акварельдері белгілі.ГРИГОРЬЕВ Александр Владимирович, 1891-1961 ж. Танымал суретші. Марийлік АССР Пертнура селосында туған. Қызметкерлер отбасынан шыққан. Арнайы білімді Қазанда және Мәскеуде алады. Мәскеуде АХРР ұйымдастырушыларының бірі болды. Суреттердің экспозицияларының жинақтаушысы болғандықтан 1938 жылы сотталғанға дейін Тау-кен Марийлік өлкетану мұражайы оның есімімен аталған болатын. Халық білімі бөлімінің меңгерушісі, 1918 жылдан 1938 жылға дейін БКП(б) мүшесі болып табылған. «Антисоветтік террористік ұйымдарға қатысушы» бабы бойынша КСРО НКВД жанындағы Ерекше кеңеспен сотталған. өзінің мерзімі – 10 жылды КарЛАГ-та өтеген. Босатылған соң 1949 жылы Калуга облысындағы Тарусуға қоныс аударған. Оның лагерлік автопортреттері сақталған.ГРУНИН Юрий Васильевич, 1921 ж.т. Танымал жезқазғандық суретші-безендіруші, график, ағаш ұстасы, нақыштаушы, сәулетші, ақын, КСРО Жазушылар одағының мүшесі (1991 жылдан бастап). Волгада Симбирск қаласында (Ульяновск) дүниеге келген. Қазан көркемөнер училищесінде оқыған (1937-1941 жж.). 1-ші сыйақысын қалалық газеттің әдеби конкурсында алған (1936 ж.). Ульяновск әскери училищесінде суретші болып жұмыс істейді (1941 ж.). Солтүстік-Батыс фронтында жарақат алғаннан кейін тұтқынға түседі. Немістердің әскери тұтқындарға арналған майдан жанындағы лагерінде жол жөндеу жұмыстарында істейді. 1945 жылы тұтқыннан босатылғанна кейін НКВД СибЛАГ-ке, сосын СтепЛАГ-ке жібереді, одан 1956 жылы босап шығып, Жезқазғанда жұмыс істеуге қалады. 1992 жылдың мамырында «ГУЛАГ-тағы қарсыласу» атты Халықаралық конференция жұмысына қатысады (Мәскеу).СООСТЕР Юло-Ильмар Йоханнесович, 1924-1970 ж. Жоғары білікті суретші және график. Эстон КСР-да Хайумая уезінде, жұмысшы отбасында дүниеге келген. Жоғары білімді Таллин қаласында Мемлекеттік көркемөнер институтында алады. 1949 жылы тұтқындалып, 58 баптың 2-ші «антисоветтік ұлтшылдық сатқындық топқа қатысқаны үшін» тармағына сәйкес лагерлерде өтеумен 10 жылға сотталады. Мерзімін Қазақстанда: ПесчанЛАГ-те, СпасскЛАГ-те, КарЛАГ-те өтейді. Клубтар жанында суретші болып жұмыс істейді. 1956 жылы босатылады. Бір жыл Қарағандыда тұрады, сосын отанын көріп, отбасымен бірге Мәскеуде қоныстанады. Лагерлік жұмыстарының, КарЛАГ тұтқындары портреттерінің бірқатары сақталған, олар Тарту қаласының (Эстония) мұражайында сақталған.[7] Тұтқында болғандардың адам төзгісіз, қайғылы қиын жағдайлары туралы олардың кейіннен мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған естеліктері мен мұрағаттар қорында сақталған құжаттардан айқын көрінеді.Осы ғалымдардың барлық енбектері қазіргі танда бізде мәдени ошақтардын дамуына үлкен әсер етті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]