- •Келісімшартта мынадай сұрақтар қамтылуы тиіс:
- •Бизнесті біріктіру қаржылық есепте көрсетілгенде мына деректер ашылуы керек:
- •Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатып заңды немесе жеке тұлға.
- •Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана:
- •Жалга берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс:
- •Лизинг түрлері:
- •Қехс мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді.
- •Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:
- •Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану:
- •2. Бағалау міндеттемелері :
- •3. Жалгерліктің есебі
- •2.Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі
- •1.Есептік кезеңде кез келген заңды тұлғаның қызмет нәтижесін ашу керек, өйткені қаржылық есеп беруде келтірілген сандар (цифрлар) болған оқиғаның себебін толық аша бермейді.
- •3. Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындаған болып ұсынылатын қаржы есептілігі.
- •Перейти в конец истории
- •1. Инвестициялық меншікті есептеудің балама әдістері
- •№ 9 Емтихан билеті/ экзаменационный билет № 9
- •1.Кәсіпорындарды біріктіру құны.
- •2.Сатып алынған ұйымдардың активтері, міндеттемелері
- •3.Сатуға арналған айналымнан тыс активтер (қехс (ifrs) 5)
- •2.Шетелдік қызметтер мен шетелдік компаниялардың консалидацияланған есебі
- •3.Оң және теріс курстық айырмашылықтар.
- •1. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер танылуы және жіктеу
- •2. Инвестициялық меншікті есептеудің балама әдістері.
- •2. Бағалау міндеттемелері : компанияның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда;
- •Пайда мен залал туралы жиынтық есептілік
- •«Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» сұрағына жауап беріңіз
- •1: Есеп саясатындағы өзгерістер.
- •3: Ассоцияланған компанияларға инвестициялар
- •Қаржылық инвестициялардың есебі "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған "Акциялар", "Облигациялар" және "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.
- •3. Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.
- •2.«Шоғырландырылған бухгалтерлік баланс» сұрағына жауап беріңіз
- •3.1.Пайда мен залал туралы жиынтық есептілік
3. Жалгерліктің есебі
Қаржылық жал – активті иелік етумен байланысты барлық тәуекелдіктер және пайдалардың елеулі аударылуы болатын жал түрі. Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны, жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі, жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері, жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және тағы басқалары қарастырылады. Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондыктан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады. Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады. Жалға жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана:
- кандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;
- жалга берушініи рүксатымен;
- жалдауды кабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.
Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы кұқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез - келген өзге де кезеңдер.
Жал мерзімінің сонында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса, жал қаржылық болып табылды. Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал төленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе, егер ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталган құнымен жазылады.
Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты жөне қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.
№ 4 ЕМТИХАН БИЛЕТІ/ ЭКЗАМЕНАЦИОННЫЙ БИЛЕТ
1.Бағалау міндеттері: танылуы және бағалануы
2.Үлестік қатысу әдісінен шегерімдер. Бөлек қаржылық есептілік
3.Есеп саясатындағы өзгерістер.
1.Бағалау міндеттемелері:
(а) компанияның бұрынғы оқиғалар нәтижесіндегі ағымдағы міндеттемелері (заңды немесе тәжірибеден туындайтын) бар болғанда
(b) міндеттемелерді өтеу үшін мүмкін болып табылатын экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажеттілігі туындағанда (яғни мүмкін емес болғаннан, мүмкін болуы ықтимал);
(с) міндеттеме сомасы шынайы бағалануы тиіс. Сенімді бағалау тек сирек жағдайда ғана мүмкін емес.
Кейбір жағдайларда, мәселен, сотта қарағанда, компанияның ағымдағы міндеттемелерінің бар-жоқтығы анық болмайды. Мұндай жағдайларда бұрынғы оқиға, есептік күніне ағымдағы міндеттемелердің болу ықтималдығы осындай міндеттемелердің болмау мүмкіндігінен асып түскен жағдайда барлық бар куәліктерді ескере отырып, ағымдағы міндеттемелердің пайда болуына алып келеді деп есептеледі. Жоғарыда сипатталған мойындау критерийлері орындалған жағдайда, компания осы ағымдағы міндеттемелерді бағалау деп таниды. Міндеттемелердің болмау мүмкіндігі оның бар болуынан жоғары болған жағдайда, компания экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болған жағдайлардан басқа, шартты міндеттемелерді ашады.
Танылған бағалау міндеттемесінің сомасы есепті күні болған міндеттемелерді орындау үшін қажетті шығыстардың ең жақсы бағасын білдіруге тиіс, басқаша айтсақ, есептік күніне міндеттемелерді өтеу үшін немесе осы күні үшінші тарапқа осы міндеттемелерді беру үшін дұрыс пікірді негізге ала отырып, компания төлейтін сома.
Бағалау міндеттемелерінің сомасын анықтау кезінде компания:
(а) тәуекелдер мен белгісіздікті есепке алуы қажет. Бірақ белгісіздік шамадан тыс бағалау міндеттемелерін жасауды немесе міндеттемелерді әдейі көтеруді ақтап ала алмайды;
(b) ақшаның және шығындарды есептік бағалауда көрінбейтін міндеттемелер үшін ерекше тәуекелдердің уақытша құнын ағымдағы нарықтық бағалау көрінетін салыққа дейін дисконтталған ставканы (ставкаларды) қолдану арқылы бағалау міндеттемелерін ақшаның уақытша құны елеулі түрде дисконттайды. Дисконттау қолданылғанда уақыттың ағынымен бағалау міндеттемелерінің өсуі пайыз төлемдеріне шығыстар ретінде танылады;
(с) заңнамаға өзгеріс және технологиялық өзгерістер сияқты олардың болуына жеткілікті түрде объективті негіздемесі бар болашақ оқиғаларды есепке алады; және
(d) күтілген шығару бағалау міндеттемелерінің пайда болуына себеп болатын оқиғалармен тығыз байланысты болса да активтердің күтіліп отырған шығуынан түскен пайда есепке алынбайды;
Компания бағалау міндеттемелерін реттеу үшін қажетті кейбір немесе барлық шығындарды (мәселен, сақтандыру шарты арқылы, залалдарды өтеу немесе жеткізушілердің кепілдіктері туралы келіссөздер) өтеуді күтуі мүмкін. Бағалау міндеттемелері әрбір есептік күнде қайта қаралуы және ағымдағы ең жақсы есептік бағалауды көрсету үшін түзетілуі тиіс. Міндеттемені реттеу үшін экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығару қажет болмаған жағдайда бағалау міндеттемелері жойылуы тиіс.
Бағалау міндеттемелері бастапқыда танылған шығындар бойынша ғана пайдалануы тиіс. Бағалау міндеттемелері мойындау және өлшеу бойынша жалпы талаптар сияқты үш ерекше жағдайда қолданылатынын түсіндіреді: болашақ операциялық залалдар; міндет жүктелген шарттар; және қайта құрылымдау.
Компанияның міндет жүктелген шарты болған жағдайда осындай шарт бойынша ағымдағы міндеттеме бағалау міндеттемелері ретінде танылуы және өлшенуі тиіс. Міндет жүктелген келісім-шарт дегеніміз міндеттемелерді орындау көлемі ол бойынша алатын экономикалық пайдадан асып түсетін шарасыз шығындарды талап ететін келісім-шарт.
